Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 3 страница

Оныншы негізгі айналманы майлау үшін майды тарту келесі жолмен жүзеге асырылады: май тоғызыншы негізгі мойнақтың сыртқы жағынан тесіктер арқылы М қуысына мойнақтың ішіне, кейін оныншы негізгі мойнақтағы тесіктер арқылы жұмысшы жағына шығады. М қуысын тығыздау үшін, бітеуіш 16 орнатылған, ол білікке бұрандалармен 15 бекітілген және парониттік төсеммен 17 тығыздалған. Бұрандалар 15 қос-қостан сыммен оралған. Төлке кілтектерін 11 майлау үшін, май бірінші негізгі мойнақтан Ж тесіктері арқылы К қуысына жүргізіледі.

Жоғары сапалы құрыштан соғылған K6S310DR (2.39 сурет) дизелдің иінді білігінде жеті I-VII негізгі (диаметрі 240 мм) және 1-6 бұлғақтық мойнақ (диаметрі 210 мм) бар. Бұлғақтық мойнақтар беттермен 25 және екі көрші негізгі мойнақпен бірлесіп үш жазықтықта бұрышы 120˚ орналасқан көлденең біліктер бар айналшақты (иін) құрайды. Негізгі мойнақтан беттерге қарай бір қалыпты өтпе (радиусы 12 мм) жасалған. Салмақты азайту үшін, негізгі және бұлғақтық мойнақтар іші бос болып әзірленген. Мойнақтар қуыстары (жетінші негізгіден басқа) екі жағынан қақпақтармен 21 жабылған, сұқпалармен 22 тартылған. Қақпақтар мойнақтардың жонған жерінде орнатылады және алюминий сақиналармен нығайтылады.

2.39 сурет. K6S310DR дизелінің иінді білігі:

I-VII-негізгі мойнақтар; 1-6-бұлғақтық мойнақтар; 7-тартым генераторының зәкірі; 8,27-ернемек; 9,13,24-бұрандалар; 10-тарату білігі жетегінің бөлікке ажыратылған корпусы; 11-жылжымалы қиылыс; 12-жылжымайтын қиылыс; 14-қамыт; 15-тартушы бұранда; 16-ажыратылған тістегеріш; 17-сұлбалы белдеме; 18-призма кілтек; 19-теңсалмақ; 20-қысымды бұранда; 21-қақпақ; 22-сұқпа; 23-штифт; 25-бет; а,б-тесіктер; в-көлбеу арна.

 

Негізгі және бұлғақтық мойнақтарда диаметрі 18 мм а және б радиалды тесіктер жасалған, ал беттерде негізгі мойнақтан бұлғақтық мойнаққа май өту үшін, сондай диаметрімен көлбеу арналар в бұрғыланған, екінші негізгіден-екінші бұлғақтыққа және т.б. Жетінші негізгі мойнақта радиалды тесіктің орнына диаметрі 12 мм және тереңдігі 15 мм жетінші негізгі айналманың төменгі ішпегі үшін құрылғы астына бұрғыланған. Теңгестіру үшін иінді білікті он екі теңсалмақпен жабдықталған (контржүк). Салмағы 42 келі әрбір теңсалмақ, бетке бастары сымдармен байланған, екі қысым бұрандамен 20 бекітілген.

Жетінші негізгі мойнақтың сұлбалы белдемесінің сақиналық жонбасына тарату білігі жетегінің ажыратылған тістегеріші конус тәріздес кемершік кіреді (тістер саны 74). Бұл тістегеріш иінді білікке призма кілтегімен 18 және екі бұрандамен 15 тартылған екі бөліктен тұратын қамытпен 14 бекітілген. Конусты үстімен қамыт тістегерішті 16 иінді біліктің белдемесіне 17 қарай қысады.

Білік көлемді цилиндрлік ернемекпен 8 аяқталады, онда тарту генераторының зәкірімен қосу үшін бұрандалар 13 астына он екі тесік, штифт 23 үшін бір тесік және оймасы М20 сығу бұрандалары астына екі тесік бұрғыланған. Ернемек 8 тарату білігі жетегінің ажыратқыш корпусындағы 10 тесік арқылы өтеді.

Майдың қуыстан ағып кетпеуі үшін, жылжымайтын және жылжымалы қиылыстардан тұратын арнайы тығыздама қарастырылған. Жылжымалы қиылыс 11 ернемекке 8 ішкі жағынан сақиналық жонбасымен салынатын және оған он алты бұрандамен 24 бекітілетін алюминий сақинадан тұрады. Жылжымайтын қиылыс 12 ажыратылатын етіп жасалған және тарату білігі жетегі корпусының сыртқы бүйіріне он екі бұрандамен 9 бекітіледі. Тығыздау арқылы өткен май жылжымайтын қиылыстың ішкі жағындағы сақиналық арнашасына келіп түседі, оның төменгі жағында тарату білігі жетегі корпусындағы тесікке сәйкес келетін бұрғылама жасалған, сөйтіп корпусқа бекітілген трубка арқылы дизель рамасына ағады.

Иінді біліктің алдағы ұшында антидірілдеткішті бекіту үшін, ернемек 27 бар. Білік бүйіріне сегіз бұрандамен сорғы жетегінің тістегеріші және қосалқы агрегаттар жетектерінің тізгіндік білігі бекітілген.

Иінді білік айналмаларға тіреледі. Тепловоз дизелдерінде көбірек ажыратқыш айналмалар қолданылады. Домалау айналмалары бар дизелдер кездеседі, бірақ иінді білік меншікті жүгінің жоғарылауы кезінде күрделі бөлшектеу құрылымының сенімсіз болуына алып келеді. Негізгі немесе бұлғақтық мойнақтардың құрылысы бірдей. Әрбір айналма ішпектерге ортадан бөлінген, кесілген төлкені (2.40 сурет) көрсетеді. Иінді біліктің негізгі мойнақтары төменгі ішпектерге төселеді және жоғарғы ішпектермен жабылады. Осыдан негізгі айналма шығады. Осы жолмен бұлғақтық айналма құрылады. Мойнақтары тозған иінді біліктерді ауыстыруға қарағанда, тозған ішпектерді ауыстыру оңай және арзан. Сондықтан ішпектер үйкелесу коэффициенті төмен және жылу өткізгіштігі жоғары материалдардан (баббит, қола және т.б.) жасалады.

2.40. сурет. 10Д100 дизелі иінді білігінің негізгі айналмаларының ішпектері:

а-тіректі айналманың; б- тіректі-таянышты айналманың; 1-майдың жүруі үшін тесік; 2-штифт; 3,5-сақиналық жыраша; 4-тіректі белдемелер.

 

Баббиттердің қорытпасында үйкелесу коэффициенті өте төмен, сондай-ақ ол жұмсақ және жеңіл балқиды. Айналмаға үлкен үлесті жүктеулер әсер етсе, онда антифрикциялық қорытпа ретінде, үйкелетін жағы жұқа қалайы қабатпен жабылған қорғасыны бар қола пайдаланылады, ал білік мойнақтарының үсті азотталады.

Баббиттердің төмен үйкелесу коэффициентін пайдалану үшін, ішпектер қоладан әзірленеді, ал олардың білік мойнағына жақындайтын үстіне жұқа (0,5-0,75 мм) баббит қабаты құйылады. Осылай дизель жұмысы барысында мойнақ пен айналма арасындағы саңылауда пайда болатын май «сыналарында» білік мойнағының «қалқып шығуын» қамтамасыз етеді, ал осы «сына» төмендегенде және иінді біліктің кіші айналымдарында жартылай құрғақ үйкелістер пайда болғанда, мойнақтардың қажалуы ескертіледі.

10Д100 типті дизелдің жоғарғы және төменгі иінді біліктерінің негізгі айналмасының (бугель) әрбір тірегінің бөлігі тік көлденең қалқасына дәнекерленген, онда жоғарғы және төменгі ішпектер орнатылған. Содан соң, бугельге ішпегі бар негізгі айналманың қақпағы қондырылады және екі сұқпамен немесе бұрандалармен бекітіледі (2.41 сурет). Ішпектер орнатылатын тіреу ұяларының ішкі жақтары төсеніштер деп аталады.

Төсеніштерге ішпектерді орнату процессі ерекше назар аударуды талап етеді. Айналманы жинаған соң, төсеніш оларды тартып орауы үшін, төсеніштің ішкі диаметрі ішпектің сыртқы диаметрінен аз болады, әйтпесе қысым ішпектен төсеніштің тіректі жағына толық берілмейді, ішпектерге жоғары кернеу әсер етеді және айналма бұзылады.

2.41. сурет. 10Д100 дизелі төменгі иінді білігі негізгі айналмасының тіректері:

1-негізгі мойнақ; 2 және 6-арналар; 3-тірек (бугель); 4- май тарту; 5-жоғарғы жұмыс істемейтін ішпек; 7-бұранда; 8-қақпақ; 9-төменгі жұмысшы ішпек.

Қатты тартылған кезде ішпектің формасы едәуір бұзылады, ал шамалы тартылған кезде-босайды. 10Д100 дизелі үшін әрбір ішпектің тартылу мөлшері 0,08-0,11мм.

Жинау кезінде ішпектің жайы штифттермен (10Д100 дизелі) немесе тиісті тереңдігі немесе тірек қималарына кіретін шығыңқылармен (ПД1М) орнықтырылады. Майды жүргізу үшін, ішпектердің орталық бөлігінде сақиналық жыраша жасалады.

Әрбір иінді білікте дизель бойының осі бойынша тасымалдауын шектеуші бір тіректі – таянышты айналма бар. Д100 типті дизелде тіректі-таянышты айналма он бірінші болып саналады, ал ПД1М типті дизелдерде білік ернемектеріне тірелетін белдемелері бар, жетінші болып саналады.

10Д100 дизелінің негізгі ішпектерінің бабиттік құймасы қоладан жасалған. Иінді біліктердің жоғарғы және төменгі негізгі тірегі қақпақтарында арнасыз ішпектер орнатылған, ал блок төсеніштерінде – жоғарғы иінді білік мойнақтарына май өтетін екі тесік және ішкі жағында май жыралары бар арналық ішпектер. Блоктарға орнатылатын жоғарғы және төменгі иінді біліктердің он бірінші негізгі тіректерінің ішпектері тіректі-таянышты болып табылады. Екі иінді білік негізгі тіректерінің қалған ішпектері - тіректі.

K6S310DR дизелі үлгісінде бұлғақтық айналманың құрылымына назар аударайық (2.42 сурет). Бұлғақтың төменгі басы 2 қақпағымен 1 бірге иінді біліктің айналшағымен бұлғақты қосатын, бұлғақ айналманың ажыратқыш корпусын құрайды. Ажыратқыш корпуста екі антифрикциондық (мыс және қорғасын) қабатпен жабылған, екі құрыш ішпек тартып орнатылады. Төменгі ішпектің 13 ішкі жағында жоғары ішпектің 10 екі қысқа арнашаларымен жинау кезінде қабысатын ені 16 мм сақиналық арнаша жасалған. Арнашалар ұшында диаметрі 12 мм радиалды тесіктер жасалған, ал ішпектер бүйірінде – тоңазытқыштар. 10 және 13 ішпектердің сыртында олардың орнын бекітетін бұлғақтық бұрандалардың өтуі үшін, қасқалдар жасалған.

Жоғарғы иінді біліктің төменгісіне айналуын беру, олардың жұмысын үйлестіру үшін және белгілі жұмыс процессімен қамтамасыз ету мақсатында, Д100 типті дизелдерде арнайы құрылғы қолданылған: тарту генераторы жағындағы дизель блогының он екінші тік бөлігінде орналасқан конус тәріздес тісті доңғалақтары бар тік беріліс.

Иінді білік ұштарында орнатылған үлкен конус тәріздес тісті үлкен доңғалақтар (2.43 сурет) ернемектерге он екі бұрандамен бекітіледі, оның ішіндегі алтауы аумақмаңылық. Тісті доңғалақтар 4 жоғарғы және төменгі біліктерде орнатылған конус тәріздес тістегершік 3 ілікпесінде орналасқан.

Жоғарғы 6 және төменгі 13 біліктер радиалды-таянышты айналмаларда және роликті тербеліс айналмаларында орнатылған.

2.42. сурет. K6S310DR дизелінің бұлғағы және бұлғақтық ішпектері:

1-қақпақ; 2-бұлғақтың төменгі басы; 3-бұлғақ өзегі; 4,9-доға тәріздес арнаша; 5,7 және 17-радиалды тесіктер; 6 және 15-тоңазытқыштар; 8-бұлғақтың жоғарғы басының айналмасы; 14 және 16-сақиналық арнашалар; 10 және 13-жоғарғы және төменгі бұлғақ ішпектері; 11-штифт астына ойық; 12-қасқал.

 

Торсиондық білік, төлке және төменгі білік сомындардың өзара тасымалдануынан бекітіледі де, бұрандармен мықталады. Торсиондық білік жоғарғы және төменгі иінді біліктерді байланыстырып қана қоймай, өзінің пішінін серпімді өзгерту қабілетімен бұлғақтық-поршендік топты, иінді біліктерді, цилиндрлік төлкелер мен дизель блогын келесі жұмыс тәртібінде бұзылудан сақтайды: гидравликалық және пневматикалық соғылыстар, таратулар, бұзылған отын аппаратурасымен жұмыс істеу кезінде дизелдің тұрақсыз жұмысы.

Төлкенің жалғастырғышпен және торсионды білікпен кілтектік қосылуы, төменгі иінді біліктің алға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және торсионды білік ұзындығының өзгеруі, бұралуы немесе жылулық кеңеюі кезінде өзара біліктік тасымалдануға жол береді.

2.43. сурет. Тік беріліс:

1 және 7-төменгі және жоғарғы корпустар; 2-торсионды білік; 3-конус тәріздес тістегеріш; 4-конус тәріздес тісті доңғалақ; 5-керме төлке; 6,13-төменгі және жоғарғы біліктер; 8,12-қыспақты ернемектер; 9-күпшек; 10-кілтекті төлке.

 

Тепловоз дизелдерінің барлық түрлерінің жұмысы барысында иінді біліктің бұрама тербелістері шығады. Иінді біліктің беріктілігін қамтамасыз ету үшін, оның бос ұшында айналым жиілігінің жұмысшы диапазонында, яғни көп бұрама тербелістері пайда болатын жерде антидірілдеткіштер мен демпферлер қондырылады.

Техникада тербеліс амплитудасының қатты өсуімен сипатталатын өте қауіпті құбылыспен жиі кездесуге тура келеді. Бұл құбылыс ұйытқытушы күштің жүкке өзінің меншікті жиілігі тең жиілікпен жақындағанда байқалады.

Дизелдің иінді білігі өзінде орналасқан бөлшектерімен бірге алғанда тегершіктер орнатылған созылмалы білік ретінде қарастырсақ болады. Мұндай білікке меншікті тербелісінің бірнеше жиілігі тән. Егер оны үнемді жылдамдықпен айналдырса және бір уақытта тегершіктерді қосымша айналдырса, онда біліктің кейбір қималары айналма тербелістер жасайды.

Күштердің келесі қимылдарынан айналма тербелістер пайда болады: бұлғақтық-айналшақтық механизм серпінді күші мен газ қысымы, олардың үзілісті қимылдарынан айналу моменті үнемі ауысады. Әркелкі айналу моментінің әсерінен иінді біліктің бөліктерінің формасы бұзылады (бұралады және тарқатылады).

Иінді біліктің айналу жиілігі бар, бұрау тербелісі мен меншікті тербеліс амплитудасы сәйкес келсе, онда резонанс пайда болады. Мұндай жиіліктер сынды деп аталады. Иінді біліктің мұндай сынды жиіліктерінде, кернеу біліктің сынуына алып келейтіндей, кенет өсуі мүмкін. Иінді біліктің қауіпті айналу жиіліктері есеппен анықталады.

10Д100 типті дизелдің иінді білігінде, айналым жиілілігі жұмыс интервалына жақын диапазонында (400-850) бес сынды айналым жиілілігі бар (айналымдар саны): 330,470,550,825 және 1100 айн/мин. Дизелдерде резонансты жою үшін, маятниктік антидірілдеткіштер қолданылады.

2.44. сурет. Маятникті жүктерді ілу сұлбасы:

1-саусақ, 2-маятникті жүк, 3- диск.

 

Д100 типті дизелдердің иінді біліктерінің маятниктік антидірілдеткішінде екі нүктелік ілініс қолданылған (2.44 сурет). Антидірілдеткіш резонансты жоюға біліктің төрт сынды айналу жиілігінде икемденеді, дәлірек: 470,550,825 және 1100 айн/мин. Сондықтан оның сектор тәріздес жүктерінің төрт жұбы антидірілдеткіш күпшегіне сүйенетін саусақтарға ілінген. Күпшек төменгі біліктің алдағы ұшымен қатты қосылған, күпшектегі және жүктердегі тесіктердің диаметрі саусақ диаметрінен артық. Сондықтан жүктер, маятниктерге ұқсап төменгі біліктердің икемденген белгілі жиілілікті бұрау тербелістері пайда болғанда, саусақтарда ауытқып тұрады.

Құрыш күпшек тесігіне 1 еркін (саңылауымен) он алты саусақ салынған, 2,4,5 және 6 тоқтату тақтайшасымен біліктік бағытта шектелген. (2.45 суретті қараңыз) Саусақтарға, сондай-ақ екі қатар сегіз біркелкі жүк 3 орнатылған. Күпшіктің жартылай осінде кілтекте 7 агрегаттар жетегінің тістегеріші орнатылған.

Антидірілдеткіш саусақтарының топтамасы тек сыртқы диаметрімен ерекшеленетін төрт типті саусақтан тұрады. Саусақтар диаметрі дизель иінді білігінің меншікті жиілігіне қарағанда, антидірілдеткішті бұрау тербелістері жиілігінің белгілі тәртібіне бағыттайды.

Бір күйге келтіру тәртібіндегі саусақтар саны - 4. Күпшіктердің А және Б шеткі дискінің сыртқы цилиндрлік жазықтығына күпшік тесіктерінде саусақтарды дұрыс орнатуды қамтамасыз ету үшін, әрбір тесіктің қарама-қарсысына сол саусақтың типіне сәйкес келетін және осы тесікке орнатылатын 3,4,6 және 7 сандары жазылған, саусақ бүйірлерінде сондай-ақ саусақ типіне сәйкес келетін сандар жазылған. Иінді біліктің бұру тербелістері саусақтар мен күпшігі бар жүктердің мүшеленуіндегі саңылау шегінде антидірілдеткіштің маятникті жүгінің тербелісін тудырады. Д49 типті дизелде силиконды демпфер мен маятникті антидірілдеткіштен тұратын силиконды демпфер және құрама агрегат қолданылады. Құрылымы және қызметі жөнінен 10Д100 дизель иінді біліктерінің антидірілдеткішіне ұқсас.

2.45. сурет. Антидірілдеткіш:

1-күпшік; 2,4,5,6-саусақтар; 3-жүк; 7-кілтек, 3,4,6,7 дөңгелектердегі сандар-таңбалар; А және Б-дискілер

 

Силиконды демпфердің герметикалық корпусында еркін айналатын тегершік бар, ол иінді біліктің ұшына бекітілген. Корпус пен тегершік арасында жабысқақ қабілеті бар силиконды сұйықтық бар. Иінді біліктің біркелкі айналу кезінде, сұйықтықтағы үйкелесу күштерінің әсерінен тегершік білікпен бірге бірдей айналу жиілігіне шығады. Иінді біліктің пайда болатын бұрау тербелістерінің энергиясы корпусқа беріледі, корпус арасында және тегершіктің серпінді салмағы арасында пайда болатын жабысқақ үйкелесуде сіңіріледі.

Құрама антидірілдеткіш 2.46 суретте көрсетілген. Саусақтардағы антидірілдеткіш күпшегінің тесігінде алты маятник (жүк) ілінген, олардың төртеуі антидірілдеткіштің гармоникаға 2,5 мөлшерде және екеуі гармоникаға 3,5 мөлшерде бейімделуін қажет етеді. Антидірілдеткіш бөлшектерін майлау үшін, май иінді білік қуысынан түседі. Жабысып үйкелу демпфері 6 маховиктен, 4 қақпақты 5 корпустан тұрады. Маховик пен корпус арасындағы кеңістік жоғары жабысқақты силиконды сұйықтықпен толтырылады.

Қуаты 2200 кВт және одан жоғары дизелдерде аса күрделі құрама антидірілдеткіштерді пайдалану құрылымы жағынан тиімді, өйткені бұрау тербелістерінен кернеудің төменгі деңгейі қамтамасыз етіледі. Сөйтіп қуаты 2200 кВт 16ЧН 26/26 дизель-генераторларда силиконды демпфердің орнына құрама антидірілдеткіштерді пайдалану бұрау тербелістерінен болатын кернеуді 1,5 есеге төмендетеді.

2.46. сурет. Құрама антидірілдеткіш:

1-күпшек; 2-саусақ; 3-маятник (жүк); 4-қақпақ; 5-корпус; 6-маховик.

 

Сондай-ақ K6S310DR дизелінде маятникті 0-835 айн/мин антидірілдеткіш орнатылған, соның салдарынан дизель иінді білігінің айналу жиілігі диапазонында, иінді білікке резонанс қауіп төндірмейді. Біліктің айналу жиілігінің осы қатардағы үш түрінде, ұйытқыту күші әрекетінің жиілілігі иінді біліктің меншікті тербелістерінен бірнеше сан есе кем, яғни ұйытқыту күші әрекетінің басталуы біліктің бұрау тербелістері кезеңінің басталуына дәл келеді. Иінді білік бұрау тербелістерінің амплитудасы осындай күштің әсерінен жоғарылайды, бұл біліктің қажуынан бұзылуына әкеледі. Осындай қауіпті бұрау тербелістерін сөндіру үшін, иінді біліктің алдағы ұшына орналасқан антидірілдеткіш қызмет етеді.

Антидірілдеткіш салмақ түсетін дисктен 3 және дискке саусақтармен 2 еркін ілінген төрт маятниктен 1 тұрады. Салмақ түсетін диск он бес бұрандамен 10 иінді біліктің 5 алғы ернемегіне бекітілген. Маятник бүйір жақтарына дәнекерленген өзара өзек пен қондырманың (проставка) арасында қосылған, қалыңдығы 34 мм екі құрыш бүйірден әзірленген. Әрбір маятниктің салмағы 17,6 кг.

Маятниктер бүйірлерінде және салмақ түсетін дискте диаметрі 72 мм тесіктер жасалған, олар құрыш ауысымды төлкелермен 7 престелген және 8 ішкі диаметрі 60 мм. 7 және 8 төлкелер престеу кезінде борттарымен салмақ түсетін диск пен бүйірлік бунауына тіреледі. Салмақ түсетін дисктерге төлке кезекпен бір жағынан және екінші жағынан престеледі. Олар төлкелердің үстінен жонылған жырашаларға кіретін сақиналармен қосымша тежеледі.

Маятниктер ілінген 2 құрыш саусақтар 7 және 8 төлкелер арқылы еркін өтеді. Саусақтардың біліктік тасымалдануы бүйір бунауларына кіретін және он екі М8 бұрандасымен бекітілген қақпақтармен шектеледі. Саусақтар диаметрі төлкенің ішкі диаметрінен кем.

K6S310DR дизелі білігінің айналу жиілігінің үш түрінде қауіпті бұрау тербелістері пайда болғандықтан, төрт маятниктен екеуі бірдей жиілікке келтіріледі; сол үшін оларды диаметралды және қарама-қарсы диаметрі бірдей 53,75 мм саусақтарда салмақ түсетін дискке іледі. Антидірілдеткіш төлкелері мен саусақтары маймен майланады, май сорғы жетектері тегершіктерін майлау үшін, төменгі май коллекторынан келіп түседі.

Қауіпті бұрау тербелістері болмаған жағдайда маятниктер тербелмейді, маховик тәрізді салмақ түсуші дискпен бірлесіп айналады. Иінді біліктің ұйытқытушы күш және қауіпті бұрау тербелістері пайда болатын айналым жиілігінде, осы жиілікке келтірілген маятник шайқала бастайды және иінді білік тербелісін сөндіре бастайды, оның меншікті жиілігі ұйытқытушы күш әрекетінің жиілігіне тең.

2.47. сурет. Антидірілдеткіш:

1-маятник; 2-саусақ; 3-салмақ түсетін диск; 4-бірінші негізгі айналманың тірегі; 5-иінді білік; 6-бірінші иінді білік қақпағы; 7 және 8-төлкелер; 9-қақпақ; 10-бұранда; а-өзек; б-қондырма; в-бүйір.

 

2.5. Дизелді үрлеу жүйелері

 

2.1. тармағында үрлеумен дизелдің қуатын көтеру принциптерін қарастырдық. 10Д100 дизель цилиндрінде жаңа ауа зарядын беру үшін, екі сатылы үрлеу жүйесі қолданылады. Бірінші саты екі ТК34Н-04С типті жеке турбосығымдағыштан, ал екіншісі редукторы бар жетекті ауаүрлегіштен тұрады. Үрлеу жүйесіне сондай-ақ екі ауасуытқыш және ауа құбыржолдары кіреді. Атмосфералық ауа ауатазартқыштар арқылы турбосығымдағыштармен жұтылады және қысым астында дизелдің екі жағында орналасқан, құбыржолдар бойынша ауаүрлегішке беріледі, бұл жерде ауа қосымша сығымдалады және ауасуытқыштар арқылы ауа ресиверіне, әрі қарай дизель цилиндрлеріне түседі.

Турбосығымдағыш жұмысының принциптерін қарастырайық (2.48 сурет).

Жұмыста қолданылған газдар қозғалтқыш цилиндрлеріне шығару жинақтары арқылы 13 газ қабылдау корпусының арналарына және әрі қарай 12 саптама аппаратурасына түседі. Саптама аппаратынан өте, газдар кеңееді, қажетті бағыт пен жоғарғы жылдамдық алады, жұмыс доңғалағы күрегіне өз энергиясын бере отырып, бағытталады. Турбинаның күректік тәжісінен, газдар шығару корпусы арқылы атмосферада жойылады. Ротордың айналуы кезінде сығымдағыш корпусының кіру арналарымен атмосферадан сығымдағыш доңғалағына сорылады, онда оған кинетикалық энергия беріледі, ортадан тепкіш күштер есебінен ауа қысымы жоғарылайды. Сығымдағыш доңғалағынан кейін, ауа диффузорға 4 өтеді және сығымдағы корпусының спиральді арнасына (қаптама) 1 түседі. Диффузор мен спиральді арнада ауаның кинетикалық энергиясы потенциялдыға айналады, яғни жылдамдықтың азаюы есебінен қысымның келесі көтерілуі жүз береді.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 2 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 4 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1087; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.008 сек.