Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 4 страница

Сығымдағыштан ауа кіргізу жинағышымен жетек ауаүрлегішіне және әрі қарай ауатазартқыштан кейін дизель цилиндрлеріне беріледі.

2.48 сурет. ТК34Н-04С турбосығымдағышының бойлық қимасы:

1-сығымдағыш корпусы; 2-сығымдағыштың жұмысшы доңғалағы; 3-қоспа; 4-диффузор; 5-резеңке сақина; 6-ротор қаптамасы; 8-саптама аппараты қаптамасы; 9-турбинаның жұмысшы доңғалағы; 10-шығару корпусы; 11-сырғалы тесік; 12-саптама аппараты; 13-газқабылдағыш корпус; 14-тіректік айналмиа; 15-айналма қақпағы; 16-штуцер; 17-келтеқұбыр; 18-экран; 19-қаптама ернемегі; 20-ұстамтірек; 21-штифт; 22-компенсатор; 23-тіректі-таянышты айналма; А-Д,Ж,И,К,М-саңылаулар.

 

Турбосығымдағыш қаңқасын құраушы үш корпус (газқабылдағыш 13, шығарғыш 10, сығымдағыш 1) өзара дөңгелек ернемектермен қосылған және отырғызу белдемелерімен центрленген. Қаңқаның құрылымы осындай болғандықтан, әрбір 30˚ сайынғы айналымымен өзара әр түрлі тұрған корпустарды жинауға болады, яғни бір бөлшектерден оң және сол үлгілі турбосығымдағыштар жасауға болады. Қаңқаның барлық бөліктері-алюминий қорытпасынан сұлбалық құймалар. Ыстық газдармен жуылатын газқабылдағыш және шығару корпусының су жейдесінде дизелдің суыту жүйесінен су айналады. Газқабылдағыш 13 және сығымдағыш 1 корпусының орталық бөлігінде қақпақтармен 15 жабылған, айналма қуыстары орналасқан. Шығару корпусының ернемектеріне дизелде турбосығымдағышты орнататын табанша түрінде ұстамтірек 20 орналасқан.

Жылу оқшаулағыш қаптама ротор білігін ыстық газдардың жылулық сәулеленуінен қорғайды және сығымдау қуыстарын турбинаның ыстық қуыстарынан оқшаулайды, ал саптама аппаратының қаптамасымен бірге арна құрайды, осы арна арқылы газдар шығару тесігіне қарай жүреді.

Ротордың пісірілген білігі турбина доңғалағы мен оған дәнекерленген жартыбіліктен тұрады. Турбина доңғалағының жұмыс күректері 9 бұзылу жағдайларында кейбір күректерді ауыстыру мақсатында, дискке елочными құлыптармен бекітілген. Турбина доңғалағының дискі мен күректері арнайы ыстыққа төзімді құрыштан әзірленген. Алюминий қорытпадан сығымдағыш доңғалағы білікпен кілтектермен қосылған, ал центрленуді қамтамасы ету үшін тартып біліктің тегіс мойнағына отырғызылған.

Сығымдағы доңғалағы дискінің ішкі жағынан еспелер жасалған, олар өздері тектес еспелермен ажыратпалы диск-лабиринтте шағын саңылаумен кездеседі, сөйтіп шығару корпусының газ қуысында сығымдалған ауаның шығуына кедергі болатын лабиринтті тығыздаулар құрылады. Дизелдің нақтылы қуатпен жұмысы кезінде турбосығымдағыш роторы 7 17000-19000 айн/мин жылдамдықпен айналады. Сондықтан әзірлеу кезінде ротордың дәл динамикалық теңгермесі қажет. Сығымдағыш жағынан ротор 7 жұмысшы үсті шыныққан бесінші үлкен жазықтық тығырық түрінде аяқталады, сығымдағыштан турбинаға қарай бағыттағы әрекет етуші ротордың біліктік күші арқылы тіректі-таянышты айналма бүйіріне 23 беріледі. Сомынмен бекітілген тығырық ротордың 7 біліктік саңылауын шектейді. Білікке қатысты табан мен тығырының бұрылуына штифт 21 кедергі жасайды.

Турбинаның жұмысшы күректер алдында орналасқан жылжымайтын күректік тәжі саптама аппаратын 12 құрайды. Саптама аппаратының күректік тәжісі ішкі сақинамен дәнекерлеп қосылған кейбір секторлардан жиналған. Саптама аппараты ішкі сақинаға газ қабылдағыш корпусына бұрандалармен бекітіледі. Саптама аппараты мен турбина доңғалағы сыртынан шойын қаптамамен жабылған, бұл турбинді доңғалақтан радиалды бағытта газдың шығуына жол бермейді, сондай-ақ турбина күректері үзілген кезде қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Саптама аппаратының қаптамасы 8, саптама аппарат секілді газ қабылдағыш корпусына 13 арнайы бұрандалармен бекітіледі.

Турбосығымдағышта тор құраушы күректері бар диск тәрізді күректік диффузор орнатылған. Тордың арқасында 2 сығымдағыш доңғалағынан 1 сығымдағыш корпусының ирек арнасына дейінгі ауа бөлшектері қимылдау жолын біршама қысқартады, бұл үйкелесу шығынын азайтады, сондықтан күректі диффузоры бар сығымдағышта 4 кпд жоғары. Диффузор 4 қоспа 3 мен созылмалы резеңке сақина 5 арасына қысылған және бұралмау үшін штифтпен 21 мықталған.

Турбосығымдағышта сырғанау айналмалары қолданылған. Газ қабылдағыш корпустың турбина жағынан орталық бөлігінде жоғары қалайыланған қолдадан жасалған төлкемен престелген құрыш корпустан тұратын тіректік айналма орналасқан. Сығымдағыш корпусының орталық бөлігінде тіректі-таянышты айналма 23 орналасқан. Айналманың тіректі бөлігі бұралмауы үшін штифтпен бекітілген, жұмысшы бүйірінде майлау жырашалары бар, жоғары қалайыланған қоладан жасалған жеке жазық өкшеастынан тұрады. Өкшеастының металл табақшалар топтамасы және олардың арасындағы май қабатынан тұратын, серпінді элементі тораптарды орнату және пайдалану кезінде болатын тіректі бүйірдің ауытқуын жояды. Айналма төгу арналары төменде орналасатындай етіп қондырылады. Май айналмаға қозғалтқышты майлау жүйесінен штуцер 16 бойынша жіберіледі (2.48 сурет). Айналма орналасқан қуыс агрегаттың ішкі қуыстарынан тығыздаушылармен бөлінген.

Сығымдағыш жағындағы тығыздаушы майды айналма қуысынан сығымдағышқа әкетуге кедергі етеді. Ол жалдардың білікке ішкі айналуынан пайда болған поршендік және лабиринттік серпінді 2 сақинадан тұрады (2.49 сурет). Сақиналар мен дроссельдер арасында дроссель арқылы дизель ресиверінан ауа жүреді. Меншікті серпінділігінің әсерінен ротор айналуы кезінде сақиналар төлкеге жабысады және кейін жылжымайды.

2.49 сурет. Тіректі-таянышты айналма және ТК3Н-ОС сығымдағышы жағынан тығыздау:

1-тоқтату бұрамасы; 2-айналма төлкесі; 3-тығырық; 4-сомын; 5-құлып табақшасы; 6-айналма корпусы; 7-табақша; 8- өкшеасты; 9-тоқтату сақинасы; 10-өкше; 114-импеллер; 12-лабиринт; 13-сақина; 14-штифт.

 

Ротор табанында орнатылған импеллер (радиалды күректері бар диск) айналма қуысынан майды әкетуге кедергі болатын қосымша гидродинамикалық тығыздау жасайды. Турбина жағындағы тығыздама саптама аппараты мен турбина доңғалағы арасындағы ыстық газ артық қысымына айналма қуысына шығуға жол бермейді, сондай-ақ майдың айналма қуысынан біліктің жылытылған бөлігіне түсуіне кедергі келтіреді, бұл жерде олар кокстеледі және ротордың еркін айналуына кедергі болатын саңылауларды толтырады. Тығыздау екі серпінді сақина және екі лабиринт тобынан құралған, олардың арасынан сығымдалған ауа дизель ресиверінен газ қабылдаушы корпус пен төлкедегі сыртқы құбыржол және арна бойынша жүргізіледі.

Сақиналардың екі жағынан қысымды теңестіру үшін және газдар мен ауаның айналмаға, әрі қарай май ағызатын құбыржолмен қозғалтқыш картеріне түсуіне жол бермеу үшін, турбосығымдағыштарда дренаж жасалады, осы дренаж арқылы лабиринттер мен серпінді сақиналар арасындағы ауа атмосфераға жойылады.

Дизелдер мен тепловоздарда турбосығымдағыштарды орнату үшін, жылудың еркін кеңеюімен локомотив жүйелері және дизелдермен құбыржолдардың солқылдақ қосылғыштары қажет. Бұл үшін мыналар қарастырылады:май және су құбыржолдары, сондай-ақ картер желдеткіші құбыржолында дюриттік жалғастырғыштар түріндегі солқылдақ компенсаторлар, ауақабылдағыш келтеқұбырдың тепловоз ауатазартқышымен иілгіш буын (компенсатор) арқылы қосылуы; бөлшектердің жылудан созылуы және жинаудағы дәлсіздіктерді жабу үшін, сығымдағыш және турбосығымдағыш корпустарының шығару мойынтесігінің жылжымалы ернемегі; дизелдің шығарушы жинағыштарының газөткізуші құбыржолдарын турбосығымдағыштың газ қабылдағыш корпусына сильфондар түріндегі (қырлы құбырлар) жұмсақ компенсаторлар арқылы қосу; шығару құбыржолының тепловоз шанағымен қатаң қосылыстарының жоқтығы; турбосығымдағыш құрылғысының биіктігін өкшеастындағы төсемдер биіктігімен реттеу.

Редукторымен бірге II сатылы ауаүрлегіш жоғарғы иінді біліктен торсионды білік арқылы айналуға келтіріледі. (2.50 сурет). Алюминий қорытпасына әзірленген сықағыш доңғалағы редуктор төменгі білігінің 38 кілтегінде нығайтып қондырылған және сомынмен 31 бекітілген. Білік 38 цилиндрлік тістегерішпен біртұтас болып әзірленген. Өткізуші келтеқұбыр арқылы ауа ауаүрлегіш доңғалағына келіп түседі және сығымдаудан кейін күректік диффузордан 35 және сықағыш корпусының қаптамасынан 33 өтеді.

Доңғалақ қуысынан сығымдалған ауаның редукторға шығып кетпеуі үшін, он төрт жіңішке сақинадан тұратын саңылаусыз арнайы тығыздау қарастырылған, жіңішке сақиналары 25 жұп-жұбымен қондырма сақиналардан 24 пайда болған ойықтарда орналастырылған. Жіңішке сақиналар шағын саңылаулы (0,06-0,13 мм) төлкелерді 27 қамтиды. Тіректі айналма мен тығыздаушы арасында айналмалы май тепкіш 19 орнатылған.

2.50 сурет. II сатылы ауаүрлегіш (ортадан тепкіш сықағыш)

1-құбыржол; 2-реттеуші төсем; 3-тіректі-таянышты айналма; 4,31-сомын; 5-табан; 6-тістегерішті аралық білік; 7-торсион саптамасы; 8-торсионды білік; 9-редуктордың жоғарғы қақпағы; 10-иілгіш тістегеріш; 11-жоғарғы білік жалғастырғышы; 12-бүйірлік қақпақ; 13-тоқтату сақинасы; 14,15,27-төлкелер; 16-тоқтату тақтайшасы; 17,23,30-бұрандамалар; 18-тістегеріш; 19-тепкіш; 20-көтеру қапсырмасы; 21-ернемек; 22-сақина; 24-қондырмалы сақина; 25,36-тығыздаушы сақина; 26-таянышты сақина; 28-корпус қақпағы; 29-тіректі айналма; 32-ауа жеткізуші келтеқұбыр; 33-сықағыш корпусы; 34-сықағыш сақинасы; 35-күректік диффузор; 37-редуктор корпусы; 38-төменгі білік.

 

Күректік диффузор 35 мен қақпақтың 28 қиысқан жері бір-біріне дәл келтірілген: сыры бойынша тексеру кезінде аудандағы шектесуі 80 %-дан кем емес. Сырғанау айналмалары 3 және 29 А09-2 алюминий қорытпасынан әзірленген. Айналмалардың жоғары жағында үстіңгі тірегінің ұзындығы бойынша май таратушы жыраша бар.

Білік осі 38 тіректі-таянышты айналмамен 3 орнықтырылады. Сонда қыздырылған құрыш табан тіректі-таянышты айналма кесігіне тіреледі. Табан 5 сомынмен 4 бекітілген, ал сығымдағыштың жұмыс доңғалағы мен қақпағы 28 арасындағы осьті саңылау төсемдер 2 жиынтығымен реттеледі. Барлық айналушы бөлшектерімен жиналғанда, білік 38 динамикалы теңгеріледі. Теңгерілгеннен кейін доңғалақ пен білікке жалпы нөмір қойылады. Сықағыш редукторында жалпы таратқыш саны і=10 цилиндрлік тістегеріштің екі жұбы бар.

Бастаушы тістегеріште айналу жиілігі кенеттен өзгеру кезінде тістегеріш 10 тістеріне соққы күшін жұмсарту үшін, жұмсақ серіппелі жалғастырғыш қойылған. Айналмалар мен тістегеріштер дизелдің жоғарғы май жинауышынан қысыммен келіп түсетін маймен майланады, ал құбыржолдан-кейбір құбырлар бойынша тікелей майлау нүктелеріне. Тістегеріштерді қарау үшін редуктор корпусының төменгі жағында екі люк бар. Редуктор корпусы ажыратылмайтындай етіп алюминий қорытпасынан әзірленген.

Дизель цилиндрлеріне үрлеу жүйесімен берілетін ауа ІІ сатылы ауаүрлегіш редукторынан екі жақта блок кесігінде орнатылған екі ауасалқындатқышта салқындатылады. Әрбір ауасалқындатқыш жылжымалы тығыздаушы 7, 2 және 9 қақпақты құбыр тақтайларында ішке айналдырылған ұшы бар салқындатушы құбырлардың дәнекерленген корпусынан 8 тұрады (2.51 сурет). Қақпақтарда 6 және 10 резеңке төсемдері бар 5 және 11 қалқалар жасалған.

2.51 сурет. Ауасалқындатқыш:

1,12-келтеқұбырлар, 2,9-қақпақтар; 3-салқындатушы құбыр; 5,11-қалқа; 6,10-резеңке төсемдер; 7-жылжымалы тығыздау; 8-корпус

 

Су төменгі қақпақтағы келтеқұбыр 12 арқылы, ауасалқындатқыш құбырларында қалқаларды үш оралып, жоғарғы қақпақтағы келтеқұбыр 1 арқылы шығады. Үрленген ауа ІІ сатылы ауа үрлегіштен жылжымалы тығыздау жағындағы ауасалқындатқышқа келіп түседі және салқындатушы қырлы жағын орап, салқындайды және дизелдің ауа ресиверіне блок кесігіндегі әйнек арқылы түседі.

Қолданылған газдар цилиндрлерден турбосығымдағыштардың газ қабылдағыш бөлігіне тартылады, содан соң шығару жүйесі арқылы атмосферада жойылады. Қолданылған газдар цилиндрлердің екі жағына шығару қорапшаларына түседі, одан шығару жинаушылармен 6, шығарушы келқұбырлармен 9 қорғаныс торлары 11 және компенсаторлар 7 арқылы екі параллельді ағыспен турбосығымдағыш газ қабылдағыш корпустарына түседі. Турбосығымдағыштардағы қолданылған газдар шығару құбыржолдары арқылы атмосфераға жойылады. Шығару жинағыштары мен келтеқұбырлары арасында салқындатушы су айналатын қос қабырғамен әзірленген. Жинағыштардың сыртқы және ішкі қабырғалары өзара қатаңдық және беріктілік бонктарымен байланысқан. Цилиндр төлкелерінің шығару әйнектерін қарау және тазарту үшін шығару жинағыштарында 6 люктар орнатылған.

Дизелдің оң жағындағы осы люктардың қақпағында 4 цилиндрлердің қолданылған газдарының температурасын өлшейтін термобуды орнату үшін, ұялар жасалған. Шығарушы жинағыштардан 6 және келтеқұбырлардан 9 шыққан су крандар 10 және тығындары бар тесіктер 3 арқылы төгіледі. Дизелдің шығару жүйесінен жанбаған отын мен майды жою үшін, дренажды тесіктер 1 мен тығындары бар тесіктер 5 жасалған. Сильфонды типті компенсаторлар шығару келтеқұбырының жылудан кеңеюін және жинаудағы дәлсіздіктерді жұмсартады. Сильфонды қолданылған газдар ағынының тікелей әсерінен қоршау үшін сильфондардың ішіне цилиндрлік келтеқұбырлар орналасқан. Поршендік сақиналар кездейсоқ бұзылып қалса, қолданылған газ ағындарының бөлшектерін шығару және олар саптама аппаратына, турбинаның жұмыс доңғалағының күрегіне түсуі мүмкін. Осыны болдырмау үшін, шығару келтеқұбырларында 9 сыйымдылық (қақпан) 2 құрылған, ал компенсаторларда конус пішінінде пісірілген сақиналар жинағы түрінде қорғаныс торлары 11 орнатылған.

2.52 сурет. Шығару жүйесі:

1-дренаж тесігі; 2-қақпан; 3,5-тығындар; 4-қарау люгінің қақпағы; 6-шығару жинағыштары; 7-компенсаторлар; 8-қаптама; 9-шығару келтеқұбырлары; 10-кран; 11-қорғау торы.

 

Д49, ПД1М және K6S310DR типті төрт актілі дизелдерде қарастырылған 10Д100 дизелінің турбосығымдағыш құрылымына ұқсас құрылымды турбосығымдағыш орнатылған.

 

2.6. Газтаратқыш механизм

 

Дизель цилиндрлерінің ауамен немесе отынмен қоректенуін бұзу және оларды қолданылған газдан тазарту отынның толық жанбауына, соның салдарынан қоршаған табиғат ортасын уландыруға, улы газдар және күйенің пайда болуына және үнемдеуді төмендетуге алып келеді. Күйе дизель бөлшектеріне отырады, дизель қызады, қуаты төмендейді, отын шығыны ұлғаяды. Басқа да ұнамсыз құбылыстар пайда болуы мүмкін.

Тура-саңылау үрлеуі бар екі тактілі дизелдерде (мысалы, 10Д100 дизелінде) қолданылған газдар цилиндрлерден әйнектер арқылы цилиндр төлкелерінде жойылады.

Әйнектер төменгі поршендерде ашылады. Клапанды-саңылаулы үрлеуі бар екі тактілі дизель цилиндрларында қолданылған газдар (мысалы, 14Д40, 11Д45 дизелдерінде) шығарушы деп аталатын шығарушы клапандармен шығарылады. Д49, ПД1М және K6S310DR типті төртактілі дизелдерде пайдаланылған газдар цилиндрлерден шығарушы клапрандармен де жойылады.

Д49, ПД1М және K6S310DR типті төртактілі дизелдерде цилиндрлер, кіргізу клапандармен жабылатын цилиндр қақпағындағы арналар арқылы, таза ауамен толтырылады. 14Д40, 11Д45, 10Д100 екі тактілі дизелдерінде ауа цилиндрлерге цилиндрлік төлкелердегі әйнектер арқылы кіреді; әйнектер поршеннің өзімен ашылады және жабылады (Д100 типті дизелде жоғарғы поршенмен). Кіргізу және шығару органдарының жұмыстарын басқарушы механизм, газтаратушы деп аталатын осы дизелге белгіленген цилиндр жұмысының тәртібіне сәйкес, ауа мен отын беруді қамтамасыз етеді. Осылай, дизелдердің газтаратушы механизмінің құрылысы дизель тактілігімен белгіленеді, ал екі тактілі дизелдерде – үрлеу түрімен.

2.53 суретте ПД1М типті дизелдер клапандық механизмінің ең қарапайым сұлбасы көрсетілген, ЧМЭЗ тепловоздары дизелдерінің клапандық механизмінің сұлбасы да осындай. Мұндай дизелдердегі клапандардың ашылуы, тісті беріліс арқылы иінді біліктен айналуға келтірілетін, таратушы білікпен жүзеге асырылады. Төрт тактілі дизелдің әрбір цилиндрінің жұмыс циклы иінді біліктің екі айналымында жүзеге асқандықтан, тарату білігі иінді біліктен екі есе баяу айналады. Соның салдарынан жетектегі тісті доңғалақтың тістері жетекші тісті доңғалақтың тістерінен екі есе көп.

2.53 сурет. Клапан механизмі жетегінің қарапайым сұлбасы:

1-тарату білігі; 2-жұдырықша (шығыңқы); 3-ролик; 4-итергіш; 5-штанга; 6-иінтірек; 7-серіппе; 8-клапан.

 

Таратушы біліктің айналуы, тазарту диаграммасына сәйкес, әрбір жұмыс цилиндрындағы кіргізуші және шығарушы клапандар ашылуының тапсырылған ұзақтылығын алу үшін, белгілі бейіндегі жұдырықша (немесе тығырық) клапандарының үдемелі қозғалысына қайта өзгереді, яғни жұдырықшаның дөңес жері қаншалықты кең болса, оларды басқарушы клапан цилиндрге таза ауа өтуіне немесе цилиндрден пайдаланған газдардың шығуына жол беру үшін, соншалықты көп уақыт ашық тұрады.

ПД1М дизелінде алты цилиндр бар, сондықтан тарату білігінде кіргізуші клапандар үшін алты жұдырықша, шығару білігі үшін алты жұдырықша орналасқан, олар дизель цилиндрларының жұмыс тәртібі бойынша клапандарды ашады және жабады: 1-3-5-6-4-2. Сол үшін білікте жұдырықшалар осыған байланысты орналасқан. Итергіш роликтері, кіргізуші және шығарушы клапандарды иінтірегімен ашатын және жабатын, штангаларын кезеңімен көтеріп және түсіріп, жұдырықшалардың 2 қисық жағында домалайды (2.53 суретті қараңыз). Клапандар жетегінің иінтіректері 6, цилиндрдің әрбір қақпағында жайласқан клапан қорапшасында орналасқан.

Цилиндрлердің екі қатарына бір тарату білігі орнатылған, ал екі қатардағы цилиндрлердің әрбір жұбының клапандары мен отындық сорғылары, иінтіректегі шар ұяларына тірелуші, штангалар арқылы берілетін, жұдырықшалы тығырықтардың бір жинағымен келтіріледі.

Бұл құрылымның жетістігі - бөлшектер мен айналмалар санының аздығында, сондай-ақ клапан жетегіндегі серпін күшінің төмендігінде және үйкелесудегі шығынның аздығында. Д 49 типті барлық модификациялы дизелдердің механизмі де осындай.

Механизмнің негізгі бөлшегі, цилиндр блогында орнатылған, арнашық болып табылады (2.54 сурет). Арнашықта ажыратпалы алюминий айналмаларда 8 тарату білігі 9 айналады. Ернемек жағындағы бірінші айналма таянышты, арнашықта ол 7 штифтпен орнықтырылған. Қалған айналмалар тіректі. Жұдырықшалық тығырықтарға күш цилиндр қақпағының клапандарына кіргізуші 3 және шығарушы 4 иінтіректер және 10 және 11 штангалар арқылы беріледі. Осьте айналатын ролик ішінде, жүзуші типті екі төлке орнатылған, бұл бір-біріне қарағанда роликтің, төлкенің және осьтің сырғанауын азайтады, солай үйкелу жағының тозуын төмендетеді. Сонымен қатар, жұдырықшалық тығырықтар мен роликтердің байланысатын жерінің өзара қисаюын төмендетуші, май сынасының (маймен толтырылған бөлшектер арасындағы саңылау) санын көбейтеді. Бұл түйіспе желісінің ұзындығы бойынша қысымын реттейді және тығырықтар жұбы-роликтің жұмыс қабілетін ұлғайтады. Иінтірек 12 осьте шайқалады. Тозуын төмендету үшін ось цементтелген, ал иінтірек ішінде қола төлке қондырылған. Арнаша иінтірегінен күш цилиндр қақпағының иінтірегіне 10 және 11 құрама штангалары арқылы беріледі. Штанга ұзындығының өзгеруімен иінтірек механизміндегі жылу саңылауы реттеледі.

2.54 сурет. Д49 типті дизелдің газтаратушы механизмі бар арнаша:

1,2-арнаша корпусы; 3,4-иінтіректер; 5-жетек төлкесі; 6-редукциялық клапан; 7-штифт; 8-таянышты айналма; 9-тарату білігі; 10,11-штангалар; 12-иінтірек осі; 13-бұранда; 14-иінтірек ролигі; 15-ролик осі; а-әйнек; б-арнаша ернемегі; в;г;д;е;к;л-арналар; и-қуыс; м-арнаша.

 

Дизель жүйесінен механизмді майлау үшін, май құбырмен редукциялық клапан арқылы орталық арнашаға түседі. К арнасынан е арнасымен май тарату білігі айналмаларын майлау үшін, г арнасымен – тарату білігі жетегін майлау үшін, л арнасымен-отын сорғыларының итергіштерін майлау үшін, г арнасымен – тарату білігі жетегін және тарту генераторын суыту желдеткішін майлау үшін, 13 бұранда мен арнаша арасындағы саңылаумен, м арнашасымен, 12 осьтегі каналмен, 3 және 4 иінтіректегі арнамен - клапан жетектері механизмінің бөлшектерінің барлық үйкелетін жағын майлау үшін түседі. Штангадағы 10 және 11 арналар бойынша май су итергіштері мен цилиндр қақпағының бөлшектерін майлау үшін келіп түседі. Арнашадан май цилиндр қақпағындағы а әйнегі арқылы, әрі қарай дизель картеріне ағады.

Арнашаға түсетін май саны редукциялық клапанмен 6 реттеледі. Редукциялық клапан 6 өтпелі қимасының ауданы, аршаға келіп түсетін май саны автоматты түрде реттеледі. Серіппе әсері мен клапанға түсетін май қысымынан клапан жылжиды. Клапан арқылы аққан май д арнасымен арнаша ағады.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 3 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 5 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 809; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.008 сек.