Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 5 страница

Д49 типті дизелдің тарату білігі (2.55 сурет) 8 білікке престелген 7 тісті төлкелер арқылы иінді біліктен айналуға түседі. 7 төлке тіректі-таянышты, ал 12 төлкелер 8 біліктің тіректі мойнағын құрайды. 2 кіргізуші, 3 шығарушы 12 төлкелер және 4 отындық 4 жұдырықшалық тығырықтар, 8 білікте 8 сомынмен және 5 қима сомынмен бекітілген екі бөліктен тұрады. 9 кілтек күш элементі болып саналмайды, ол біліктегі тығырықтардың жайын орнықтырады. Күш тығырықтары мен сомындардың конусты жағымен 8 біліктегі тығырықтарды қысу есебінен болатын үйкелесу күштерімен беріледі. 8 білік қоспалы құрыштан әзірленген, жылумен өңделген, 11 төлкелер - қоспалы құрыштан әзірленген және тозуға беріктігін көтеру үшін азотталған. Тығырықтар мен роликтердің жұмыс жақтары цементтелген және шынықтырылған. Тығырық жұбы-роликтің түйіспелік беріктігін көтеру үшін, роликтердің жұмыс жағы күбі тәрізді болып жасалған. Тарату білігі мен жалпы механизмнің құрылымы жұдырықшалық тығырықтарды арнашадан әйнектер арқылы білік ойығысыз ауысуына жол бермейді.

2.55 сурет. Д49 типті дизелдің тарату білігі:

1,5-сомындар; 2-кіргізу жұдырығы; 4-отын жұдырығы; 6-сым; 7-жетек төлкесі; 8-білік; 9-кілтек; 10-айналма; 11,12-тіреу төлкелері

 

Төлке тығырықтарының жартысы 11 және білік айналмалары 10 бір реттік нөмірмен белгіленеді. Оларды тек жинағымен ауыстыруға болады. Сомындарды тартқаннан кейін, білікке тығырықтар мен төлкелерді орнатқаннан кейін, түйіспедегі саңылауды (0,03мм кем емес) бақылау қажет, бұл біліктегі төлкелер мен тығырықты тартудың талап етілген дәрежесін қамтамасыз етудің бірден-бір шарты болып табылады.

Механизм жетектері дизелдің әр түрлі механизмдерінің иінді біліктен қажетті айналу жиілігімен айналуға келтіреді. Жетектердің барлық құрылғылары цилиндр блок бүйірінде корпустың тербеліс айналмасы бар арнайы тісті берілістерді білдіреді. Осьті бағыттағы жетектер көлемін азайту үшін, цементтелген қоспалы құрыштан жасалған және тістің жұмыс жағы шыңдалған, тіктісті цилиндрлік тістегершіктер пайдаланылған.

Тіс ойықтары шыңдалғаннан кейін, майысуға беріктілігін жоғарылату үшін өңделмейді. Жетектер жеке тісті берілістер түрінде жасалған, өйткені оларды жөндеу қажетті тексерулермен және дизель түбінде реттеумен жүргізілуі тиіс, оның үстіне бір торап айдап әкелусіз ауыстырылуы мүмкін.

Түрлі модификациялы дизелдердің тарату біліктерінің жетектері қуатын талдау ернемегі жағындағы цилиндр блоктарының бүйірінде орнатылған. Олардан, тарату білігінен басқалардан, айналу жиілігінің реттегіші, шектеуші сөндіргіш, дизель білігінің айналу жиілігін өлшеу тахометрлері, тарту генераторының желдеткіші, стартер-генератор, тарту генераторының қозғаушысы қимылға келтіріледі.

Серпін күші клапанның жабылу учаскесінде роликті, онымен бірге газтаратушы механизмнің басқа да бөлшектерін жұдырықшаның үстінен жұлып алуға тырысады. Сондықтан жұдырықша мен клапанның тығыз байланысын қамтамасыз ету, яғни жетек бөлшектерінің соққысыз жұмысын, клапанның жұдырықшаның кейіпіне сәйкес жабылуы және серпін күштерін жеңу үшін, клапан өзектеріне екі серіппеден (үлкен диаметрімен сыртқы және кіші диаметрімен ішкі) қойылады.

Дизелдің қалыпты жұмысы үшін, цилиндрлерде отынның жануы кезінде газдар шықпайтындай және сығу кезінде ауа шықпайтындай, әрбір клапан жабық күйінде өзінің отырған жеріне тығыз жабысуы қажет. Сол үшін клапан мен цилиндр қақпағындағы отыру орны мұқият өңделеді және оларға арнайы пасталар жағады.

2.56 сурет. K6S310DR дизелінің жұмыс клапаны:

1-цилиндр қақпағы; 2,3-сыртқы және ішкі серіппе; 4-сухарь; 5-кіргізу (шығару) клапаны; 6-тоқтату сақинасы; 7,8-құрыш және резеңке сақина; 9,10-жоғарғы және төменгі тарелкалар; 11-бағыттағыш төлкелер; а,б,г-тарелка, өзек және клапанның құлып жағы; в-арнаша.

 

K6S310DR дизелінің жұмыс клапандарының құрылысына назар аударайық (2.56 сурет). Әрбір цилиндрлік қақпақта, арнайы ыстыққа төзімді құрыштан соғылған екі шығару 5 клапаны және екі кіргізу клапаны орнатылған. Барлық клапандардың құрылымы мен көлемдері бірдей, шойын бағыттағыш 11 төлкеде 0,1-0,25 мм саңылаумен орын алмастырады. Әрбір клапанның жүрісі 25 мм.

Клапан а тарелкасынан, б өзегінен және г құлыптың жоғарғы жағынан тұрады. Тарелка 45˚ бұрышпен орындалған фаскамен цилиндр қақпағының конусты жонбасына жанасқан. Жанасу белдікшесінің ені 3-4 мм. Тарелкалардың бүйірлерінде, клапанның қақпаққа жанасуы үшін, М6 оймасы бар екі тұйық тесік бұрғыланған. Әрбір клапан ұяға, хромванадийдан жасалған, ажарланған екі серіппемен жабысқан. 2 сыртқы серіппеде – 7,25 орам, ал ішкісінде – 3-10 орам, оның үстіне орамдардың бағыттары қарама-қарсы. Серіппелер екі тарелка арасына орнатылған.

Төменгі тарелка 10 1 цилиндр қақпағының жонбасына кіреді және 11 бағыттаушы төлкенің сақиналық ернеуіне тіреледі, ал 9 жоғарғы тарелка клапанның құлып жағында кеспелі конусты сухармен бекітілген. Сухарды клапанға қою үшін бунау жасалған, оның астында ені 1,3 мм арнаша жонылған. Оған құрыш қима сақина орнатылады, ол клапанды цилиндрға түсіп кетуден (мысалы, серіппе сынған жағдайда) сақтайды және клапанды ыңғайлы орнатуда пайдаланылады.

Клапанды цилиндр қақпағына орнатуда, 9 тарелкаға 5 клапанды кигізу үшін, 2 және 3 серіппелер алдын-ала сығылады. 4 Сухарды орнына қойғаннан кейін 2 және 3 серіппелер сығудан босатылады. Екі серіппенің әсерінен 9 тарелка 4 конусты сухарды қысады және клапанда орнықтырады. Клапан жұмысы кезіндегі шуды азайту және 5 клапан 6 өзегімен майдың ағуын шектеу үшін, 4 сухарь төбесіне 7 құрыш және 8 резеңке сақиналар қойылады, олар тарелкалардың 6 сақиналық бунауында орнатылған, сақиналармен тежеледі.

Дизель клапандарына қойылатын басты талап: ауаның кіруі және газдың шығуына ең жақсы жағдайлар жасау. Егер ауа кіргізу кезінде, бір клапаннан өтуде, үлкен кедергі сезсе, онда цилиндрдегі ауа заряды мен қысым сығымдаудың басында төмендейді, бұл жұмыс сапасына кері әсерін тигізеді. Шығыру кезінде, шығару клапанының өтпелік қимасы аз болса, цилиндр пайдаланылған газдардан тазарып үлгірмейді. Міне, сондықтан клапанының өтпелік қимасы мүмкіншіліктері жоғары болып жасалған. Бұл мақсат екі клапанды орнатқанда жүзеге асырылады. Тек бір шығару клапанының диаметрін ұлғайтсақ, онда мұндай жағдайда клапан тарелкасының температурасы жоғарылайды, өйткені жылу шығу жағдайлары нашарлайды, яғни клапан тарелкасының термоқарсыластығы жоғарылайды. Кейбір тепловоз дизелдерінде бір цилиндр қақпағына алты клапан салады: үш кіргізуші және үш шығарушы. Алайда, бір кіргізуші және бір шығарушы клапандары бар дизелдер де кездеседі.

Клапандар қатты қызу жағдайларында тұрады (600-700˚С-қа дейін). Әсіресе шығару клапандары қатты қызады, өйткені олар қолданылған газдармен жуылады. Сондықтан бұл клапандар ыстыққа төзімді құрыштан әзірленеді.

Жабық клапанда оның қақпақшасы мен клапанды жылжытушы иінтірек соққышы арасында шағын саңылау қалдырылады, ол қызу кезінде қауіпті майысуды болдырмау үшін, дизелдің суық күйінде 0,4-0,5 мм-ге тең. Саңылау үлкен болған жағдайда, соққыш клапан қақпақшасына қатты соғылады, бұл жетек бөлшектерінің тез тозуына алып келеді.

11Д45, Д49 дизелдерінде саңылаудың жетек бөлшектерінің температурасына қатысты, саңылаудың қажетті көлемін ерекше құрылғы автоматты түрде ұстап тұрады, ол – газтаратушы механизмнің жұмысында шуды азайтатын, гидроитергіш. Гидроитергіштің жұмысшы денесі ретінде, дизелдің май жүйесінен қайтпайтын клапан арқылы ағатын, май қызмет етеді. Гидроитергіш клапан механизмі бөлшектерінің жылумен кеңеюі кезінде қалыңдығы автоматты түрде өзгеретін, иінтірек пен клапанның арасында май қабатын құру жолымен клапанды механизмнің саңылаусыз жұмысын қамтамасыз етеді.

 

2.7. Дизелдерді реттеу жүйелері

 

Тепловозды пайдалану процессінде кейбір себептермен дизелге түсетін жүктеме бірден нөлге түсуі мүмкін. Цилиндрлеріне отын бұрынғы мөлшердегі түсетін, дизелдің иінді біліктерінің айналу жиілілігі ұлғаюы мүмкін («дизель жұмысының бұзылуы»). Қайтару-келу массаларының серпінді күші мен айналушы бөлшектердің ортадан тепкіш күштерінің айтарлықтай ұлғаюынан қоғалтқыш бұзылуы мүмкін.

Осындай жағдайлардан сақтау үшін дизелдер қауіпсіздік реттегішімен жабдықталады (айналымдардың шектеулі санын реттеуші), 10Д100 дизелінде ол иінді білік айналымы жиілігінің шектен тыс жоғарылауы кезінде, 940-980 айн/мин, отын беруді тоқтататын иінтірекке әсер етеді. Ол отын сорғыларының рейкаларын нөлдік беріліс қалпына ауыстырады. 11Д45А дизелінде отынды беру 840-870 айн/мин сөндіріледі, 5Д49 дизелінде – 1150-1200 айн/мин.

ПД1М типті дизелдерде 840-870 айн/мин кезінде механизм іске түседі, ол жоғарғы шет жағында отын сорғыларының итергіштерін тежейді. Иінді біліктің үнемі айналу жиілігін қолдап отыру үшін, жүктеме өзгерісінен тәуелсіз, қауіпсіз реттегішінен басқа дизелдер айналу жиілігінің реттегішімен жабдықталады.

Дизель иінді білігігінің айналу жиілілігін тепловоз машинисі контроллермен поездың салмағына, бейініне және телімдегі орнатылған қозғалыс жылдамдығына қарай белгілейді. Дизель білігіне контроллермен тапсырылған айналу жиілігіне сәйкес келетін қуат мөлшері тепловозға қуат берумен автоматты түрде орнатылады. Қозғалыс жылдамдығының өзгеруімен, дизелге түсетін жүктеме өзгереді, бірақ отын үнемі берілген кезде, дизель әртүрлі қуатын ұлғайтады, өйткені оның кпд қоршаған орта, май, су температурасы, отын аппаратурасының жағдайына қарай өзгереді. Сондықтан дизель білігінің айналу жиілілігі, отынды үнемі беру кезінде, дизелдің қалыпты жұмысын бұза отырып, өзгереді.

Демек, жүктемесін өзгертіп, отынды илиндрлерге беруді өзгертетін құрылғы қажет: жүктеме ұлғайған жағдайда, цилиндрлерге отын беруді көбейтсе, ал азайтса – төмендетсе.

Сондықтан тепловоз дизелдері, шектегіш реттегіштен басқалары, иінді біліктің айналу жиілілігін реттегішпен жабдықталады. Дизель шығаратын қуат пен жүктеме сәйкес келмеген кезде, реттегіш, отын беру мөлшеріне әсер ете отырып, отын сорғылары рейкаларын керекті мөлшерге ауыстырады және жүктемеден тәуелсіз дизелдің иінді біліктерінің тапсырылған айналу жиілілігін қолдайды.10Д100, 11Д45, Д49 дизелдерінде айналу жиілілігін ғана реттеп қоймай, дизель қуатын да реттейді.

2.57 сурет. Тікәрекетті ортадан тепкіш реттегіш жұмысының сұлбасы:

1-тісті доңғалақтар; 2-иінді біліктен; 3-жалғастырғыш; 4,7-жүк; 5-диск; 6-серіппе; 8-отын сорғысының рейкасы.

 

Тікәрекетті ортадан тепкіш реттегіш жұмысының принциптерін қарастырайық. Оның қимылы, ортадан тепкіш күштердің, жүкті айналдырудың түрлі жиілілігінде пайда болатын өзгерістерге негізделгендігінен, ортадан тепкіш деп аталады. Реттегіште осындай айналушы дене траверс (диск) болып табылады (2.57 сурет). Ол 2 дизель иінді білігінен 1 тісті беріліс арқылы айналуға келеді. 5 диск шеттеріне 4 пен 7 бірдеу жүгі бар екі иінтірек топсалармен бекітілген, олар реттегіш дискімен бірге тік осі төңірегінде айналады және жоғарыға немесе төменге еркін ауысатын, сырғанақ жалғастырғышқа 3 топсалармен байланыстырылған.

Бұл торап дизельдің иінді білігінің айналу жиілігін өлшеуші деп аталады, бұл реттуіштің негізгі шығыс органы. Реттеуіштің серіппесін алдын-ала тарту белгіленген айналу жиілігіне сәйкес келеді, яғни жүктің ортадан тебу күшінен тік құраммен теңестіріледі. 6 серіппені тарту күші машинист басқаратын контоллерден беріледі. Дизелдің иінді білігінің айналу жиілігін өзгерту үшін, арнайы механизм 6 серіппенің тарту күшін өзгертеді. Егер отынды цилиндрге беру дизелдің жүктемесіне сәйкес келсе, иінді білік тұрақты жиілікте айналады және реттеуіштің барлық жүйесі тепе-теңдікте болады.

Жүктемені азайтқанда, дизель білігінің жиілігі отынды дәл солай бергендегідей артады, осыған сәйкес 5 реттеуіш дискісінің айналу жиілігі артады, демек онымен байланысқан 4 және 7 реттеуіштің жүктері ортадан тепкіш күштерінің әсерінен бөлініп кетіп, 6 серіппенің күшін жеңіп өтіп, 3 жалғастырғышты ілестіріп алып жоғары көтеріледі. 3 жалғастырғыштың жағдайы дизель иінді білігінің айналу жиілігі өзгерген сайын өзгеріп отырады. 3 жалғастырғыш жаңа күйге ауысқанда, реттеуіш отын сорғысы рейкаларының ауысуына қажетті күшті тудырады. Дизелге жүктеме азайғанда және жалғастырғыш ауысқанда, АОВ иінтірегі отын сорғысының рейкаларына әсер ете отырып отынның дизелдің цилиндріне берілуін азайтады, яғни иінді біліктің айналу жиілігі төмендейді. 4 және 7 жүктердің ортадан тепкіш күштері 6 реттегіштің серіппесінің күшімен теңестірілгенше, осылай бола береді.Мұндай реттегіш жүктеме азайғанда, дизель иінінің айналу жиілігін үнемі тұрақтыға жуық қылып белгілейді. Жүктеме артқанда дизель иінді білігінің айналу жиілігі азаяды, 4 және 7 реттегіштердің жүктері жақындайды, 3 жалғастырғыш төмен түседі және АОВ иінтірегі 8 отын сорғысының рейкаларының орындарын ауыстырып, тепе-теңдік орнағанға дейін отынның цилиндрге берілуін көбейте береді.

Мұндай реттегіш тура әсер еткіш реттеуіш деп аталады, себебі отын сорғысының рейкаларына тікелей әсер етеді, яғни оның реттегіші 8 рейкамен қатаң байланған. Бұл реттегіштің кемшілігі қуатты дизелдерге (736 кВт және одан да жоғары) реттеу кезінде ауыстырылуға тиісті бөлшектердің салмағы бірнеше келіге жетуіне байланысты отын сорғысының рейкаларын ауыстыруға көп күштің қажеттігінде. Реттегішті отын сорғысымен байланыстырушы иінтіректердің біріктіргішінде бөлшектердің үйкелісіне кедергі күш пайда болады. Аса үлкен ортадан тепкіш күшті құру үшін 4,7 жүктердің мөлшерін үлейту қажет. Реттеуіш рабайсыз үлкен болып кетдеі, оның сезімталдығы азаяды, сондықтан реттеу сапасы да нашарлайды. Сондықтан мұндай реттеуіштер тепловоз дизеліне қолданылмайды.

Тура әрекетсіз ортадан тепкіш реттеуіштің құрылымын қарастырайық. Реттеуіштің ауыстыру күшін көбейту үшін бұрынғы жүктерді сақтап қосымша күшейткіш құрылғы сервомоторды (сервоқозғалтқыш) қолданады, яғни бұл 2 күш поршеньді цилиндр (2.58 суретті қараңыз), оның сояушы 8 отын сорғысының рейкаларымен жалғасқан (2.57 суретті қараңыз). Сервоқозғалтқыштың поршені 4 цилиндрде майдың қысымымен пропорционалды қозғалады. Мысалы, 10Д100 дизелінің реттегішінде майдың қысымы 0,58-0,68МПа (6-7 кгс шаршы см²). Май реттегіштің тістегеріші арқылы айдалады. Поршеннің қозғалысын 3 жеңіл реттығын басқарады, оны қозғалту көп күшті қажет етпейді. 7 реттығын толығымен теңгерілгендіктен, оны орта күйге келтіру үшін ретттеуіштің бұрынғы ортадан тепкіш жүктері тудыратын күш жеткілікті. Енді реттегіштің 5 жалғастырғышы 1 отын сорғысының рейкаларын емес, 3 реттеуіштің 5 жалғастырғышымен байланысқан 3 сервоқозғалтқыштың 2 күш поршенін басқарушы шағын 7 реттығынды қозғалысқа келтіреді. Реттығын 7 қысыммен майа түсетін камерада еркін қозғалады.

Терезе арқылы 7 реттығын 3 сервоқозғалтқышың 4 цилиндрімен байланысады. Мысалы, 2.58 суретте терезенің 7 реттығынмен жабылуы көрсетілген, яғни 3 сервоқозғалтқышың 4 цилиндріне түспейді.

2.58 сурет. Сервоқозғалтқышты тура әсер етпеуші реттеуіштің сұлбасы:

1-отын насосының рейкасы; 2-күш поршені; 3-сервоқозғалтқыш; 4- цилиндр; 5-жалғастырғыш; 6-екі иінді иінтірек; 7-реттығын; 8,10-май жеткізуші; 9-май төгуші.

 

Демек, дизелдің цилиндріне түсетін май оның жүктемесіне сай, ал мұнда 7 реттығын орташа жағдайда болады. Дизелдің жүктемесі мен қуатының арасындағы сәйкестік бұзылғанда, 5 жалғастырғыш жылжиды, онымен бірге 3 сервоқозғалтқыштың 4 цилиндрінің қуысына майдың ағуына жол ашып 7 реттығын да ортаңғы жағдайдан ауысады. 5 жалғастырғыш төмен жылжығанда, өзінің соңынан 7 реттығынды ілестіреді, одан жоғарғы терезе ашылып, май 3 сервоқозғалтқыш 2 поршенінің үстіндегі қуысқа құйылады, сол мезетте ол төменгі терезені ашып майды төменгі қуыстан шығарады. Және керісінше, жоғары көтеріліп 7 реттығын майдың төменгі қуысқа ағуына жол ашады және оны жоғарғы қуыстан шығарады. Нәтижесінде 7 реттығын басқаратын 2 күш поршені жоғары және төмен ауысады.

Отын сорғысының рейкасының қозғалуына күшті реттеуіштің ортадан тепкіш күштері өздері емес 3 сервоқозғалтқыш тудыратындықтан, ондай реттеуіш тура әрекетсіз реттеуіш деп аталады. Отын сорғысының рейкасын жаңа жүктемеге сәйкес қойғаннан кейін, 2 сероқозғалтқыштың 2 күш поршенін тоқтату қажет, сондықтан 7 реттығынды алғашқы, ортаңғы күйге қайтарып терезені реттығынды төлкемен жабу керек. Ол үшін реттеу процесі ақталғаннан кейін, реттеуіш иінтірегінің В нүктесі үнемі бір жағдайда болуы керек.

2.58 суретте келтірілген сұлба аталған талаптарды қанағаттандырмайды, себебі жүктеме ұлғайғанда, дискінің айналу жиілігі азаяды, реттегіш жүктері тоғысады және 7 реттығын төмен ауысады. Май 3 сервоқозғалтқыштың жоғарғы қуысына түседі, ал оның сояуышы төмен түсіп, отынның берілуін көбейтеді Иінді біліктің айналу жиілігі артады, себебі 7 реттығын жоғарғы терезені ашады, 3 сервоқозғалтқыштың 2 поршені төмен ең соңғы жағдайға дейін ауысады. Отынның берілуі қажеттіліктен асады, дизельдің айналу жиілігі артады да реттеуіш жүктері бөлінеді. 7 реттығын майдың 3 сервоқозғалтқыштың төменгі қуысына түсуіне жол ашады, оның 2 поршені жоғарғы соңғы жағдайға ауысады. Біліктің айналу жиілігі кенет түсіп 7 реттығынның жаңадан төмен түсуін тудырады. 7 реттығын 2 сервоқозғалтқыштың поршені сияқты үздіксіз жоғары және төмен қозғалады, біліктің айналу жиілігі ауысады, яғни реттеу процесі тұрақсыз.

Реттығынның тербелісін тежеу үшін 3 сервомотордың күш поршені қажетті күйге келгенде және дизельдік отын өзгерген жүктемеге сәйкестелгенде В нүктесін (258 суретті қараңыз) қандай да болмасын бір әдіспен реттығын орташа күйге келетін жағдайға қайтару қажет.

2.59 сурет. Қатаң кері байланысты реттегіш сұлбасы:

1-отын сорғыш рейкасы; 2-күш поршені; 3-сервоқозғалтқыш; 4-цилиндр; 5-жалғастырғыш; 6-екі иінді тегершік; 7-золотник; 8,10-май жеткізу; 9-майды төгу.

 

АВ тегершігінің (2.59 сурет) А тербеліс нүктесі қозғалыссыз, сондықтан 7 реттығынның қозғалысы 3 сервоқозғалтқыштың 2 күш поршенінің қозғалысымен байланысты емес. Егер А нүктесін қозғалмалы етсе, 5 реттегіштің жалғастырғышы қозғалғанда, мысалы жоғары қарай, А нүктесі бастапқы кезде қозғалыссыз қалады, себебі 3 сервоқозғалтқыштың 2 поршені қозғалысқа үлкен кедергі келтіреді; 7 реттығын жоғары ауысады да 3 сервоқозғалтқыштың 2 күш поршенінің астындағы кеңістікке майдың енуіне және поршеннің астындағы кеңістіктен майдың шығуына жол ашады. 2 поршень сәл көтеріле бастағанда онымен бірге АОВ тегершігінің сол жақ ұшы да қозғалады (А нүктесі). Сондықтан 5 реттегіштің жалғастырғышының 0 нүктесінің маңында айналушы тегершіктің оң жақ ұшы төмен түседі де 7 реттығынды түсіреді. 7 реттығын біртіндеп орташа күйге оралады да 2 поршеннің астындағы кеңістікке майдың енуін тежейді. 2 поршень сорғылар отынның шамаға берілуін жүктеменің көбеюіне сәйкес қосқан кезде тоқтайды. Осыған сәйкес АОВ тегершігінің сол жақ ұшының 3 сервоқозғалтқыштың 2 поршенімен бірігуі В нүктесін нақты орнына қайтарады, бұл жағдайда 7 реттығын орташа күйде болады. 7 реттығынның 2 поршеньмен тура байланысынан басқа АОВ тегершігі арқылы 2 поршеннің 7 золотникпен кері байланысы, яғни қатаң кері байланыс пайда болады. Мұндай реттеуіш қатаң кері байланысты тура емес әрекетті реттеуші деп аталады, себебі АОВ тегершігі қатаң, ал кері болатын себебі 2 күш поршені АОВ тегершігі арқылы 7 реттығынға кері әсер етеді. Қатаң кері байланыстағы реттеуіштің кемшілігі жүктеме өзгерген кезде біліктің айналу жиілігі оның тұрақты болу қажеттілігіне қарамастан біраз өзгеріске ұшырайды. Бұл құбылыс былайша түсіндіріледі (2.58 суретті қараңыз).

Мысалы, жүктеме ұлғайған кезде реттеуіш жүктері төмен түседі, В нүктесі төмен түседі, 7 реттығын жылжиды да терезелерді ашады, отынның берілуі артады, ал дизельдің қуаты жаңа жүктемеге сәйкестеледі. Бірақ дизельдің қуаты сақталмайды, себебі реттегіш жүйесі В нүктесі бастапқы күйге келгенде ғана тынышталады, яғни реттығын орташа күйге оралып терезелерді жабады. Осылайша В нүктесі үнемі бастапқы күйге келеді, бірақ О және А нүктелерінің орындары өзгереді.

Жылудың берілісі ұлғайған сайын 2 поршень төмен түсіп 0 жалғастырғышты төмен түсіреді. 5 жалғастырғыштың және жүктің бұл жағдайы біліктің төмен айналу жиілігіне сәйкес болады. Осы себептен дизельге жүктеме артқан кезде қатаң кері байланыс реттеуіштерінде иінді біліктің айналу жиілігі азаяды.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 4 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 6 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 825; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.