Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 6 страница

Бұл кемшілікті кері қатаң байланысты икемді байланысқа ауыстыру арқылы жоюға болады. Ол үшін А нүктесі мен 1 сервоқозғалтқыштың арасына 2 цилиндршенің қарама-қарсы қуыстарын маймен байланыстыратын кішкентай мөлшерленген саңылаулары бар шағын поршеньді цилиндр қойылады (2.60 сурет). Қатаң кері байланыс арқылы 2 цилиндрше сервоқозғалтқыштың поршеніне, ал 2 цилиндршенің поршені АОВ тегершігіне қосылады. АОВ тегершігіне 3 серіппелі компенсатор бекітіледі. Осылайша кері қатаң байланыс серіппелі (икемді) байланысқа айналады. 4 кішкентай поршень және оның 2 цилиндршесі бірге қозғалатындықтан, қозғалғанға дейін және күш поршенінің 1 сервоқозғалтқышында алғаш қозғала бастаған кезінде реттеуіштің жұмысы кері қатаң байланыс реттеуіштің жұмысына ұқсайды, себебі 4 поршеньдегі кішкентай саңылаулардағы кедергілерге байланысты май бір қуыстан екіншісіне баяу ағады.

2.60 сурет. Кері икемді байланыс реттеуіштің сұлбасы:

1-сервоқозғалтқыш; 2- цилиндрше; 3-компенсатордың серіппесі; 4-саңылаулы поршень.

 

Майды 3 сервоқозғалтқыштың бір қуысына жібергеннен кейін (2.58 суретті қараңыз) 7 золотник қатаң байланыстағыдай 3 сервоқозғалтқыштың 2 поршенінің қозғалысын тоқтатып орташа күйге қайтып оралады. 7 реттығын орташа күйге қайтып оралғаннан бұрын 2 цилиндршедегі май 4 поршеньге әсер етуші 3 серіппелі компенсатордың әсерімен 2 цилиндршедегі кедергіні жеңіп бір қуыстан екіншісіне ауысады және 4 поршень алғашқы күйіне қайтып оралатын реттеуіштің 5 жалғастырғышының қозғалысын (яғни 2.60 суреттегі 0 нүктесі) тудырады (2.58 суретті қараңыз). Осыған байланысты жаңа жүктеме кезінде реттеуіш жүктері алғашқы күйіне қайтып оралады, бұл жағдайда тепе-теңдік орнап біліктің айналу жиілігі бұрынғы қалпына келеді. Тиісінше икемді кері байланыс болғанда түрлі жүктеме кезінде дизель білігінің айналу жиілігінің тұрақтылығы сақталады. Қатаң кері байланысты икемді байланысқа айналдырушы 2 цилиндршесімен және 3 компенсаторлы серіппесімен 4 поршень изодром, ал реттеуіштің өзі изодромды деп аталады. Ол өзгермелі жүктемеге сәйкес отынның жұмыс цилиндрлеріне берілуін автоматты түрде азайта немесе көбейте отырып дизельдің жылдамдық режимін тұрақты ұстап тұрады.

Бірақ электр машиналары орамаларының температурасының және тепловоздың қосымша қажетті қуаттың ауытқуы дизельдің жүктемесіе біршама бүзады, күш құрылғысының жұмыс режимін бұзады, бұл дизельдің жұмыс процесіне және тепловоз қозғалысының төмендеуіне әсерін тигізеді.

Бұл кемшілік 10Д100, 11Д45, 14Д40, 5Д49 дизельдері үшін (2ТЭ10В, ТЭП60, М62, 2ТЭ116 тепловоздары үшін)бір торапқа жалғасқан айналу жиілігін және дизельдің жүктемесін бірігіп реттеуішті жояды.

Егер жылу сорғыштар рейкалары дизельдің цилиндріне отынды көп мөлшерде беру жағдайында тұрса, ал дизельге жүктеме рейканың осы жағдайда алуға болатын жүктемесінен артса, бұл жағдайда айналу жиілігін реттеуіш дизельдің жылдамдық режимін тұрақты ұстамайды, себебі цилиндрге жылу беруді ұлғайту резерві таусылған, рейкалар тірекке жеткен.

Асқын жүктеменің салдарынан иінді біліктің айналу жиілігі төмендейді, түтіндеу артады, себебі дизель жоғары температурада тиімсіз және цилиндрдегі қысыммен жұмыс істейді. Тарту генераторына да, дизельге де жүктемені арту үшін реостатты генераторды қоздырушы ораманың тізбесіне қосып, реостаттың жылжымасы арқылы кедергіні азайту қажет. Өндіргішке жүктемені азайту үшін реостаттың жылжымасын оның кедергісі көбейген жағына қарай жылжыту қажет. Қосымша құралдардан дизельге жүктеме артқан жағдайда біріккен реттеуіш те осылай әрекет етеді. Соған байланысты жылу беру білігіне белгіленген жүктеме мен жиілікте цилиндрге отынның сорғыштармен берілуі өзгермейді, себебі тарту өндіргіші мен қосалқы құралдың арасындағы жүктемені қайта бөлу дизельдің қызметіне әсерін тигізбейді, ал біріккен реттеуіштің арқасында дизельдің бар қуаты қозғалыстың түрлі жағдайында тепловозды тартуға пайдаланылады.

Егер серіппе тартылысының электр пневматикалық механизмін аса сезімтал және шағын мөлшерлі электр гидравликалық механизмімен ауыстырса, аса жеткілікті реттеуіш пайда болады (2.61 сурет). Бұл мехнизмнің электр бөлігі 1-4 төрт тарту электр магнитінен тұрады, оның үшеуі үш бұрышты табақшаның бұрыштарына қарама-қарсы орналасқан; механизмнің гидравликалық бөлігінде 9 сервоқозғалтқышты 5 басқару реттығыны бар, ол серіппені тартуды басқарады.

2.61 сурет. Біріккен реттегіштің барлық режимдік серіппесі тартуының электр сұйыққағыш механизмінің сұлбасы:

1-4-тарту электр магниттері; 5-сервоқозғалтқышты басқару золотнигі; 6-майды жеткізу; 7-үн бұрышты қақпақша; 8-поршень; 9- серіппе тартуын басқару сервоқозғалтқышы; 10-тарту; 11,12-тегершік механизмі; 13-серіппе; 14-саңылау; 15-серіппемен басқарудың золотниктік төлкесі; а-арна.

 

1-4 электр магниттері кезек бойынша және контроллердің тұтқасын түрлі комбинацияға ауыстыру арқылы іске қосылады және ағытылады. 7 табақша іске қосылған электр магниттері зәкірлерінің әсерінен кеңістіктегі қалпын өзгертеді, осы себептен 7 табақша кеңістіктік деп аталады. 7 табақша төменге ауысқанда сервоқозғалтқышты басқару 5 реттығыны тарту тегеріші арқылы 15 реттығын төлкесіне 14 саңылауды ашады, осының арқасында май а арнасы арқылы 9 сервоқозғалтқыштың поршень үстіндегі кеңістігіне түседі, 9 сервоқозғалтқыштың 8 поршенін барлық режимдік серіппенің тартылысының жеті сатысының біріне жылжытады. Тарту сатысының санын ұлғайту үшін 7 үш бұрышты қақпақшаға емес, 5 басқару реттығынына қатысты жылжу мүмкіншілігін іске асыру үшін 15 золотниктік төлкеге әсер етуші төртінші электр магниті ескерілген. Төртінші электр магниті іске қосылып тұрғанда 15 төлке төмен жылжи келе өз саңылауын ашады да, май 9 сервоқозғалтқыштың поршенінің үстіндегі кеңістіктен реттеуіш астуына шығады (суретте көрсетілмеген), бұл кезде барлық режимдік серіппенің тартуы босаңсиды. Төртінші электр магнитін іске қосу қалған үш электр магнитінің әрекетіне қарсы әрекет тудырады, нәтижесінде барлық режимдік серіппенің тағы жеті сатысына қол жеткізіледі, яғни дизельдің иінді білігінің айналу жиілігінің 14 сатысы пайда болады, ал бос жүріп тұрған реттегіш дизельдің иінді білігінің айналу жиілігінің 15 сатысын құрайды.

Электр гидравликалық жүйесімен басқарудағы мұндай реттеуішке (шартты белгі 9Д100) индуктивті анықтағыш жаңа құрылғысын енгізді, онымен тікелей электр түйіспелі сым реостатының кемшіліктерін жояды: жылжыманың сым орамамен түйіскен жерінде электр кедергісінің мөлшерінің еркімен өзгеруі, бұл жүктемені реттеу сапасын бұрмалау.

Индуктивті анықтағыш- құрыш зәкірлі орама. Мұндай ораманың орамасынан ауыспалы ток өткен кезде оның кедергісі зәкірдің ораналасуына қарай өзгереді: зәкір орамаға неғұрлым терең кірген сайын, соғұрлым оның кедергісі арта түседі, және керісінше. Сондықтан индуктивті анықтағыш тепловоздардың дизель-генераторларының қуатын қосымша реттеу үшін пайдаланылады. Ауыспалы токпен қоректенетін индуктивті анықтағыштың орамасы түзеткіш құрылғысы арқылы (көпір) генераторды қоздырғыш сұлбасына қосылады, ол тарту генераторының қоздырғыш жүйесі үшін ауыспалы токты тұрақты токқа айналдырады. Жүктемені реттеушінің сервоқозғалтқышымен біріккен индуктивті анықтағыштың зәкірі сервоқозғалтқыш қозғалған кезде өз жағдайын өзгертеді.

Түйіспесіз индуктивті анықтағыш реттегіштің сенімділігі мен реттеудің нақтылығын арттырады. 10Д100 типті мұндай реттеуіште тепловоз кертайғанда индуктивті анықтағышты ең төменгі қоздыру күйіне қоятын бесінші электр магниті бар.

2.8.Отын жүйесі

Жылу жүйесі отынды сақтауға, жылытуға, тазартуға және дизельдің цилиндріне беруге арналған. Жүйеге отын сауыты, отынды жылытқыш, отын басқылау сорғысы, ішінара және толық тазалау сүзгісі, жоғары қысымды отын сорғыштары, бүркігіштер, қақпақшаны реттегіштер мен құбыр жолдары кіреді.

Отын жүйесі отынды механикалық қоспалардан тазартуды, оны майдалап шашыратып жұмыс цилиндрлеріне бүрку мен беруді және ауамен жақсы араласу үшін бүркілген отынды жану камерасына жаппай таратуды, сондай-ақ цилиндрге енетін отынның мөлшерін реттеуді қамтамасыз етеді. Тек түзу отын аппаратурасы болған жағдайда ғана дизель үнемді, тұрақты, үздіксіз жұмыс істей алады және қажетті қуатты тарата алады.

Отын жүйесін (2.62 сурет) 2ТЭ10 типті тепловозы үлгісінде қарастырайық. Тепловоздың отын қоры ортаңғы бөліктегі негізгі белдікке ілінген 13 сауытта сақталады.

Отын сауыты құрылымының беріктігі және тепловоздың қозғалысы кезінде тербелісті сөндіру үшін іштей қалқаланған құрыш табағынан құйылған. Сауыттың төменгі бөлігіне тұндырғыш дәнекерленген, бүйірінде ішкі қуыстарды жууға арналған люктер бар. Магистральді тепловоздардың отын сауытының сыйымдылығы 6000-7000 л дейін жетеді.

Отын сауытқа 10 жинау құрылғысымен айналуды жанастырғыш арқылы электр қозғалтқыштан алатын отынды тартып сору сорғысымен сорылады. Сорғы тістегеріш тәрізді. Сорғының саңылаусыз болуы сальфон типтес тығыздама арқылы қамтамасыз етіледі. Сорғыны сығымдау қысымы артық отынды сауытқа 0,25 МПа (2,5кгс шаршы метр) жоғары қысымда лақтыратын сақтандырғыш қақпақшасы арқылы шектеледі. Жоғары қысымды сорғыға түсетін отын тазартудың екі сатысынан өтеді: отын басқылау сорғысында орнатылған 19 ішінара тазалау сүзгісінде және отын құбырының сығымдау бөлігіндегі 6 толық тазалау сүзгісінде.

2.62.2ТЭ10 типті тепловозының отын жүйесінің сұлбасы:

1-10Д100 дизель-генераторы; 2-отын жинаушы;3-айналдыра өткізу қақпақшасы; 4,5-толық тазалау сүзгісіне дейінгі және одан кейінгі отын қысымы манометрлері;6-отынды толық тазалау сүзгісі; 7-демпфер; 8-сақтандырғыш қақпақша; 9-отын жылытқыш; 10-жинау құрылғысы; 11-ауаны жүйеден шығару бұрамасы; 12-отынды өлшеу сүңгіші; 13-отын сауыты; 14-тұнбаны төгу тығыны мен қақпақшасы; 15-16-бұрамалар; 17- құю алқымы;18-апатты жағдайда отынмен қоректендіру қақпақшасы;19-ішінара тазалау сүзгісі; 20-отын басқылау агрегаты.

 

Саңылаулы, екі секциялы отынды ішінара тазарту сүзгісі корпустан, корпусқа серіппемен қысылған және әрқайсысы қорпусқа сұқпамен және қысу құрсауымен бекітілген, қақпақтармен жабылған екі сүзгі секциясынан тұрады. Паронитті аралық төсем тұрқының сыртын және қақпағын тығыздау қызметін атқарады.

Сүзу секциясы арнайы бедерлі латун таспасы байланғанішкі және сыртқы екі қырлыметалды стаканнан тұрады. Байланғанжағдайда таспа шығыңқы жақ бетінен бірдей қашықтықта таралымдардың арасында ені 0,07-0,09 мм сүзу саңылауын түзеді.

Отын сүзу саңылауы арқылы өткенде саңылаудың көлемінен асатын механикалық тұнбалардың бөлшектері стакандардың үстіңгі бетінде қалып қояды. Екі сүзу секциясы бір мезгілде жұмыс істеп тұрады.

Тепловоздың отын жүйесінде 9 отын жылытқыш жұмыс істейді, сондықтан суық кезде оны жіберген кезде парафин отынға бөлінбейді. Ыстық су дизельдің суыту жиектігінен отынды жылыту құбырлары арқылы өтеді.

Отын 9 отын жылытқыштан жинақтау құрылымына ( 16 вентиль ашық, 15 вентиль жабық) немесе бакқа келіп түседі (15 вентиль жабық, 16 вентиль ашық).

20 отын басқылау агрегаты істен шыққан кезде отынмен апатты жағдайда қоректендіру ескерілген. Бұл жағдайда отын жоғары қысымды сорғыға 18 апатты жағдайда қоректендіру қақпақшасы арқылы 19 ішінара тазарту сүзгісін айналып өтіп бактан сорылады. Апатты жағдайда қоректендіру дизелінің қуаты 2/3 номианалға тең.

Отын жүйесінің жұмысы 6 толық тазалау сүзгісіне дейін және кейін орнатылған 4 және 5 манометрлар арқылы бақыланады. Жоғары қысымды сорғының жұмысына тән отынның бүлкілін тегістеу үшін манометрлердің алдына 7 вентиль типтес демпферлер орнатылған.

Отын тепловоздың отын жүйесінен дизельдің таза отын жүйелерінен және ласталған отынды төгу жүйелерінен тұратын дизельдің отын жүйесіне келіп түседі. Таза отын жүйесіне келесілер жатады: 6 толық тазалау сүзгісі, 2 отын жинағыш, итергіштерімен жиырма отын сорғысы, жиырма бүркігіш, жоғары қысымды құбырлар, айналдыра өткізу арнасы, сондай-ақ жеткізуші және кері әкету құбыр жолдары. Отын толық тазалау сүзгісі арқылы дизельдің екі жағында орналасқан 2 отын жинауышқа, одан кейін отын сорғыларына түседі.

Жоғары қысымды отын сорғысы дизельдің тісті берілісімен иінді білік арқылы біріккен жұдырықты біліктің жұдырығы арқылы іске қосылады. Төрт тактілі дизельде отын сорғысының жұдырықты білігі иінді біліктен екі есе баяу айналады, ал екі тактіліде сол жылдамдықпен айналады. Жұдырықтың дөңесі сорғының плунжеріне айналып келгенде, ауыса келе отынды айдаушы түтікше арқылы бүркігішке итереді, одан бірнеше жүз атмосфералық қысыммен дизельдің жану камерасына бүркіледі. Отын сорғысы мен бүркігіштен бөлшектердің арасындағы саңылауларға өтіп кеткен отынды төгуге арналған түтікшелер шығады.

Әр цилиндрге екі отын сорғысы қызмет етеді. Сорғы жоғары қысымды түтікше арқылы отынды бүркігішке айдайды.Артық таза отын айналдыра өткізу қақпақшасы арқылы отын багына жіберіледі. Жинауышағы қысым 0,13МПа (1,3 кгс шаршы см) төмен түскен кезде айналдыра өткізу клапаны одан отынның шығу жолын жауып тастайды. Дизельді жіберер алдында отын жүйесінен ауаны шығару үшін құбырға тығын орнатылған.

Ласталған отынды төгу жүйесіне келесілер енеді: бүркігіштер мен сорғылардан отын төгіндісін жинаушы, қалқаншалар мен төгу құбырлары.Сорғы элементтерінің арасына өтіп кеткен отын құбырлар арқылы төгінді жинаушының тамызғысына ағады да құбырлар жүйесі арқылы төгу құбырларына шығарылады. Отын сорғысының ішкі қуыстарының ауамен байланысы және өтіп кеткен отынның жақсы төгілуі үшін жинаушының әр тамызғысында арнайы терезе бар.

Плунжер типтес жоғары қысымды отын сорғысы (2.63 сурет) отынды бүркігішке беруге арналған. 15 сорғының корпусының жонуында белгілі бір жағдайда 21 бекіту бұрамасымен қысылатын сорғы элементі бар (13 плунжерден және 12 төлкеден). Сорғы элементі прецезиялық парды білдіреді. Сорғы элементін тек топтамасында ғана ауыстыруға болады. Плунжердің тілігіне 14 тістегеріш кигізілген, ол 2 реттеуіш рейкасына ілектірілген.

Корпустың жоғарғы бөлігінде 14 тістегерішті біліктік қозғалыстан шектеуші 16 сақина орналасқан. 11 айдаушы клапан сорғының төменгі бөлігінде орналасқан және айдаушы отын құбырын плунжер асты қуысынан бөлу қызметін атқарады. 11 қақпақша 10 ұяға 7 серіппе арқылы қысылады. 13 плунжер корпустың отын сорғысы бекітілген итергіш арқылы алға жылжиды. Төмен қарай жылжығанда плунжер астыңғы жиегімен 12 төлкедегі төмен қысымды қуысты плунжер асты қуысымен жалғастырушы терезені жабады.

Осы кезден бастап плунжердің астындағы отынның қысымы көтеріледі және отынның қысым күші айдаушы клапанның серіппесінің тарту күшінен және оның астындағы қысымнан артқан кезде, қақпақша ашылады да, отын айдаушы құбыр арқылы бүркігішке өтеді. Отынды айдау плунжердің бұрама жиегі төлкедегі терезені ашқанға дейін жалғасады.

2.63 сурет. Жоғары қысымды отын сорғысы:

1-реттеу бұрандамасы ; 2-реттеу рейкасы;3-бұрандама; 4-бағыттағыш; 5-төсем;6-ернемек; 7-қақпақшаның серіппесі; 8-қысу штуцері; 9-қақпақша төсемі;10-қақпақша ұясы; 11-айдау қақпақшасы; 12-плунжердің төлкесі; 13-плунжер; 15-плунжердің тістегеріші; 16-серіппенің сақинасы; 17-серіппе табақшасы;19-бекіту сақинасы; 20-тығыздау сақинасы; 21-бекіту бұрамасы; 22-төсем.

 

Плунжер одан әрі төмен жылжығанда отын плунжер асты қуысынан плунжердің тік қобы мен төлкедегі саңылау арқылы төмен қысымды қуысқа ағады. Мұнда 13 плунжер астындағы қысым кенет төмен түседі, ал айдау қақпақшасы серіппенің әсерінен және құбыр мен 13 плунжер астындағы қысымдардың түрлі болуынан 10 ұяға түседі. 13 плунжер жоғары қарай жүргенде отын төмен қысымды қуыстан плунжер асты қуысына түседі. 13 плунжер беретін отынның мөлшері плунжердің бұрамалы жиегінің төлкедегі терезеге қатысты орналасуына тәуелді және 14 тістегерішпен және 2 реттеуші рейкамен 13 плунжердің оның білігінің айналасында бұрылуы арқылы өзгереді.

Итергіш (2.64 сурет)-жоғарғы жағы жуан құрыш сырық. 7 итергіштің сырғалы тесігінде 4 доңғалақшаның 2 білігі орналасқан, онда 3 жүзгіш қола төлке және 4 құрыш доңғалақша айналады. Итергішті 4 доңғалақшаның 2 білігінің айналасында айналып кетуден сақтау үшін 1 бағыттаушы саусақ қойылған, оның құйрығы 7 итергіштің 5 корпусының көлденең қобына кіреді. 7 итергіштің бос ұштығына тығыздалған 9 ұштық отын сорғысының плунжерінің сыртына тіреледі. Итергіштің 6 серіппесі 4 доңғалақшаны отын сорғысы білігінің жұдырықшасына қысады. Отын сорғысының білігі айналғанда 4 доңғалақша жұдырықшаны айналады, 7 итергіш ерсіл-қарсыл қозғалады.

Жабық типті бүркігіш шашыраған отынды жану камерасына бүрку қызметін атқарады.

Отынның тамшыларының диаметрі неғұрлым кішірек болса, олар соғұрлым тезірек қызады, ыстық ауамен тез араласады, бұдан олардың жануы жақсарады.

Бірақ кіші тамшының кинетикалық энергиясы да азғантай болады. Бұл отын бөлшектерінің бүркігіштің қашық жерлеріне лақтырылуын қиындатады. Отынның аса тиімді бүркілу деңгейі дизельдің әр түріне жеке анықталады. Қуатына қарай тепловоз қозғалтқышының цилиндріне цилиндрдің санына және иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты бір циклда 0,07-ден 1,0 г отын бүркіледі. Дизельдің цилиндріне бүркілетін отынның ағыны көптеген ұсақ тамшыларға бөлініп, шаң тәрізді бұлтқа айналады.

Тозаңдату секундтың мыңнан бір бөлігі (0,002-0,008с) ішінде сығымдалған ауаның тығыздалған ортасына жүргізілу керек. Егер тозаңдатудың басы мен аяғы нақты, шапшаң болмаса отын бүркігіштің саңылауларынан ақырындап ағып кетеді. Мұндай жағдайда отын нашар жанады да күйеге айналады, ол бүркігіштің тозаңдату саңылауларының айналасына қонады да отынның бүркілуін және оның ауамен қосылуына қиындатады, нәтижесінде дизельдің жұмысы нашарлап, жағар майдың шығыны артады.

Отынды аз уақыт ішінде тозаңдату үшін ол 19,6-117 МПа (200-1200 кгс шаршы см) жоғары қысыммен бүркігіш арқылы беріледі. Осындай қысымның арқасында отын тозаңдату саңылаулары арқылы тез ағады және тез бүркіледі. Бүркігіштен шығатын отынның ағынының жылдамдығы 250-350м/с жетеді. Үлкен жылдамдық ағынның жану камерасында ұсақталуына ықпал етеді және отынның жеке бөлшектерінің алысқа ұшуын ұлғайтады, тығыз сығымдалған ауада ауаның бөлшектері камераның барлық көлеміне тарайды. Бүрку қысымы ағынның цилиндрдің қабырғасын суытып алмауына және ағынның алысқа жетуіне сәйкес есептеледі. Осы себептен дизельдің цилиндріне отын беруші сорғылар жоғары қысымды құрайды.

2-64 сурет Итергіш:

1-бағыттау саусағы; 2-доңғалақша білігі; 3-доңғалақшаның төлкесі; 4-доңғалақша; 5-тұрқы; 6-итергіш серіппесі, 7-итергіш, 8-серіппе сақинасы; 9-ұштық.

 

Әр цилиндар екі бүркігішке қызмет етеді. Бүркігіштің 9 құрыш корпусының жонуында тозаңдатушы, 11 иненің көтерілуін 10 шектеуші, 8 саңылаулы бүркігіш және 4 серіппенің 3 стаканымен тартылған 13 саптамалы ұштық орнатылған.

Прецизионды параларды білдіретін тозаңдатқыш бір – бірімен бүркігіштің қуысын жану камерасынан бөлетін жабу конусы арқылы жанасқан 12 корпустан және 11 инеден тұрады. Тозаңдатқышты топтамада ғана ауыстыруға болады. Серіппе стаканына 4 серіппенің тартылуын реттеуші 1 тығын кигізілген, ол 5 тарелка мен 6 итергіш арқылы жабу конусының 11 инесін 12 тозаңдатқыштың корпусына жақындатады. Қысу тығыны 2 контргайкамен қысылған.

8 саңылаулы сүзгі- шағын саңылаулы 9 корпусқа орнатылған құрыш цилиндрлі сырық(2.65 суретті қараңыз).

Сүзгіде жиырма төрт көлденең қобы бар, оның он екісіне отын жіберіледі, ал басқа он екісінен шығарылады. Ол 8 саңылаулы сүзгіш пен 12 корпустың арасындағы саңылаудан аққанда сүзіледі. Сорғымен айдалған отын 8 саңылаулы сүзгінің сақиналы ағысынакеледі, одан өтіп 12 корпустың арналары арқылы тозаңдатқыштың жабу конусының үстіндегі қуысқа түседі. Б инесінің үстіңгі жағына әсер етуші отынның қысым күші серіппенің тарту күшінен асқанда ине көтеріліп отын саптамалы ұштықтың саңылаулары арқылы жану камерасына бүркіледі. Серіппенің тартылуы отынның 21,01 МПа (210 кгс шаршы см) қысымда бүркіле бастауын қамтамасыз етеді.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 5 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 7 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1075; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.