Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 7 страница

Отынның сорғы арқылы берілуін тоқтату отынның қысымын түсіреді және ине серіппенің әсерімен өз конусымен тозаңдатқыштың қорпусындағы ұяға отырады.

Төрт секциялы қағаз сүзгі элементтерінен тұратын толық тазалау сүзгісі (2.66 сурет). Сүзгінің 2 корпусында төрт ауыстырмалы қағаз сүзгілі 5 элемент орнатылған, олардың әрқайсысы 6 сырыққа бекітілген және 4 қалпақпен жабылған. Сырық пен қағаз элементінің арасындағы саңылау 9 серіппе арқылы 11 гайкамен қысылған май мен бензинге шыдамды резеңкеден жасалған 7 сальникпен тығыздалған. Қалпақтар корпусқа 13 гайкамен тартылған. Корпус пен қалпақтың сырты 3 паронитті төсеммен тығыздалған. 15 тығын 5 қағаз сүзгі элементтерін ауыстырғанда тұнба мен отынды төгу қызметін атқарады. 11,13 гайкалар мен 15 тығын мыс төсемдермен нығыздалған.

2.65 сурет. Бүркігіш:

1-тығын; 2-корнтргайка; 3-серіппе құтысы; 4-бүркігіш серіппесі; 5-серіппе құтысы; 6-итергіш; 7-нығыздау шығыршығы; 8-саңылаулы сүзгі; 9-тұрқы; 10-иненің көтерілуін шектеуіш; 11-ине; 12-бүрку корпусы; 13-саптамалы ұштық; 14,15-төсемдер; 16-аспалы ернемек; А-қуыс; Б-үсті.

2.66 сурет. Отынды толық тазалау сүзгісі:

1-штуцер; 2-корпус; 3,12,14-төсемдер, 4-сүзгінің қалпағы: 5-сүзу элементі; 6-сырық; 7-сальник; 8-сальник сақинасы; 10-стакан; 11,13-гайкалар; 15-тығын.

2.9. Май жүйесі

2ТЭ10 типті тепловозының (2.67 сурет) майлау жүйесі арқылы дизельдің, алдыңғы және артқы айыру редукторларының үйкелетін тетіктеріне және су құбырының конусты редукторына, суыту камерасының желдеткішінің сумен жалғастырғышы мен суыту камерасы автоматикасының пневматикалық жетегіне үздіксіз май беріледі.

Тағайындалуына қарай жүйені шартты түрде 5 контурға бөлуге болады: бас контур (майды дизельге беру контуры), майды тепловоздың қосымша механизмдеріне беру контуры,толық тазалау сүзгісінің контуры, ортадан тепкіш сорғысы мен май көтеруагрегаты.

Бас контур. 21 сорғы (2.67 суретті қараңыз)майды картерден алады да суыту үшін құбыр арқылы 51 сулы- майлы жылу алмастырғышқа береді.

Суытылған май саңылау типтес 46 ішінара тазалау сүзгісіне түседі. Сүзгі дәнекерлеу корпусына қойылған қатарымен іске қосылған он сүзу секциясынан тұрады, сүзу секциясы орталық сырыққа кезекпен кигізілген аралық және жұмыс тақташаларынан тұрады. Қалыңдығы 0,15 мм тақташа сүзілетін саңылаудың көлемін білдіреді. Сүзу секциясы арқылы өткен май мөлшері жұмыс тақташарларының арасындағы саңылаудың мөлшерінен асатын қоспалардан тазарады және сүзілгеннен кейін дизельдің май жинаушыларына беріледі.

Жүйенің жұмысы бақылап өлшеу құралдары арқылы реттеледі:

1)май сорғысынан құрылатын қысым -дизельдік жайдың 7 құралдар қалқанында орнатылған 8 манометрмен;

2)дизельдің жоғарғы май жинаушысының соңындағы қысым-өз секциясындағы 31 манометрмен және соңғы секциялардың басқару пультіне орнатылған 24 манометрмен,

3) майдың дизельден шығардағы температурасы-өз секциясындағы 28 термометрмен және соңғы секциялардың басқару пультіне орнатылған 23 термометрмен;

4)температураның ең жоғарғы шегі- 19 температура релесімен (температура жоғарғы шектен асқанда дизельден жүктеме алынады);

5)қысымның ауытқуы-11 және 13 маномтерлермен (ішінара тазалау сүзгісінің ластану деңгейі анықталады).

Ортаңғы секцияның басқау пультінде 31 май қысымы манометрі мен 28 термометр орнатылған.

Майды тепловоздың қосымша механизмдеріне беру контуры.Тепловоздың қосымша механизмдеріне май негізгі контурдағы қысым 0,07-0,07 МПа (0,7-0,8- кгс шаршы см) асқанда 44 сақтандарғыш клапан арқылы ішінара талдау сүзгісінен тазаратылып беріледі. Клапан редукторлар мен су өткізгіштің дизель тоқтағанда және жүйені май басқылау сорғысымен басқылағанда маймен толуына жол бермейді. Алдыңғы және артқы айыру редукторларына және су өткізгіштің конусты редукторына май 25 және 45 редукторлы қақпақшалар арқылы беріледі.

Контроллердің 15 позициясында майдың берілген қысымы 0,07-0,07 МПа(0,4-0,7 кгс шаршы см) асқан жағдайда редукторлы клапан ағынды азайтады. Оның қысымының түсуі редукторлы қақпақшаның ашылуын және май ағынының өсуін тудырады. Берілген қысымның тұрақтылығы осылайша қамтамасыз етіледі. Май айыру редукторларынан дизельдің картеріне май редукторларда орнатылған ағызу сорғылары арқылы жеткізіледі. Қақпақшалар істен шыққан қалған жағдайда майдың редукторларға берілуін тоқтату және қажетті қысымды ұстау үшін 37 және 50 вентильдер орнатылған.

2.67 сурет. 2 ТЭ10 типті тепловозының майлау жүйесінің сұлбасы:1-желдеткіштің су жетегі; 2-желдеткіштің су жалғастырғышының автоматты жетегі; 3,53-дросселдер; 4-толық тазалау сүзгісі; 5-май бұру құбыры; 6-ауа шығару тығыны; 7-құралдар қалқаны; 8-сорғыдан кейінгі майдың қысымы манометрі;9,26-алдыңғы және артық айыру редукторларына түсетін майдың қысымы манометрі; 10-сол жақ құбыр сығымдағыштан кейінгі майдың қысымы манометрі;11-ішінара тазарту сүзгісіне дейінгі майдың қысымы манометрі; 12- оң жақ құбыр сығымдағыштан кейінгі майдың қысымы манометрі;13- ішінара тазарту сүзгісіне дейінгі майдың қысымы манометрі;15-ортадан тепкіш сүзгісіне дейінгі майдың қысымы манометрі; 16-жылу айырғыштан кейінгі майдың температурасы термометрі;17-басқылаудан кейін ауа шығару шүмегі;18-сумен жалғастырғышқа дейінгі майдың қысымы маномерті; 19-қыздыру релесі; 20-ортадан тепкіш сүзгі; 21-дизельдің май сорғысы; 22-10Д100 дизелль генераторы; 23-тепловоздың жетекші немесе ортаңғы секциясынан шығарда майдың температурасын өлшеуге арналған жүргізу секциясының пультындағы электр манометр;24- жетекші немесе ортаңғы секциядан шығарда майдың қысымын өлшеуге арналған жүргізу секциясының пультындағы электр манометр; 25,45-редукциялық қақпақша; 27-майды толық тазалау сүзгісінен құйып алуға бұрама;28-дизельден шығарда майдың температурасын өлшеу электр термометрі;29-майдың су жетегіне берілуін сөндіруге бұрама( және жабу қақпақшасы істен шыққанда майды су жетегіне беруге апатты ретінде);30-басқару пультындағы құралдар қалқаны; 31-жетекші секция дизелі майының қысымының манометрі;32-құю алқымы;33-құбырдағы майды май сорғысынан төгуге бұрама;34-сүңгі; 35-май басқылау агрегаты; 36,39,43-шлангілер; 37-майды артқы айыру редукторына беруден үзу бұрамасы;38-қайтарымсыз қақпақша; 40-майдың сынамасын алуға шүмек;41-сынапты термометрге арналған қалта; 42-қыздыру релесінің құбыршасына сезгі; 44-сақтандыру қақпақшасы;46-майды ішінара тазалау сүзгісі; 47-жоғары қысымды сорғы; 48-майды картерден ағызып алу бұрамасы;49-9,4МП (4 кг шаршы см) түсіру қақпақшасы; 50-майдың алдыңғы тарату редукторына берілуін үзу бұрамасы;51-жылу алмастырғыш; 52-жабу клапаны.

Суыту камерасының желдеткішінің сумен жалғастырғыш жетегіне май 52жабу клапаны арқылы келеді, ол сумен жалғастырғыш іске қосылмай түрғанда (жалюздер жабылғанда) майдың сумен жалғастырғышқа берілуін болдырмайды (желдеткіш доңғалағының қалған айналымын төмендету үшін). Жабу контуры істен шыққан жағдайда сумен жалғастырғыш ашық тұрған 29 вентильден қоректенеді, мұнда қысымды 53 дроссел ұстап тұрады.

2 сумен жалғастырғыштың автоматты жетегінің сервомоторына май 20 ортадан тепкіш сүзгісі контурынан келеді де ортақ ағу құбырына беріледі. Қосымша механизмдерді майлау жүйелеріндегі майдың қысымын 9,18 және 26 манометрлер бақылайды.

Толық тазалау сүзгісі контуры. Бас контурдың 4 пайызға дейінгі майы 4 толық тазалу сүзгісі арқылы қағаз сүзгі секциясынан өтеді, онда мөлшері 20-30 мкм бөлшектер бөлінеді. Қатырма қағазға кигізілген сүзгі қағаз шиыршықталып түтікшеге оралған және цилиндрің үстіне жолақшамен желімделген. Сүзілген май дизельдің картеріне құйылады. Сүзгідегі қысым дросселмен реттеліп, манометрмен өлшенеді.

Ортадан тепкіш сүзгі контуры. Жалпы майдың көлемінің 4 пайызы қосымша толық тазалауды 20 ортадан тепкіш сүзгіден өтеді. Май дизельдің картерінен артқы айыру редукторындағы жетекпен 47 тістегеріш типті май сорғысы арқылы беріледі. Ортадан тепкіш сүзгіде (2.68 сурет) май 13 біліктің арнасы мен 10 ернемек арқылы 11 ротордың ішкі қуысына, одан әрі білік пен 7 қорапшаның арасындағы саңылаумен 10 түтікшеге өтеді де 17 ұштықтың саптамасы арқылы бір-біріне қарсы бағытталған ағынмен 12 корпустың қуысына лақтырылады.

Ағынның жылдам әрекеті роторды 83-100 с (минутына 5000-6000 айналым) жиілікте айналуға мәжбүр етеді және осы кезде туындаған ортадан тепкіш күш майдың ауыр бөлшектерін ротордың ішкі қабырғаларына лақтырады, олар онда жинала береді. Тазартылған май корпустан 19 алқым арқылы дизельдің картеріне құйылады. Ағынның ротордың саптамасынан ағуына қажетті жылдамдықты жасау үшін май сүзгіге 49 түсіру клапаны арқылы ұсталып тұрған 0,8-1,04 МПа (8-10 кгс шаршы м)қысыммен әкелінеді (2.67 суретті қараңыз), артық май бас клапанға лақтырылады. Ортадан тепкіш сүзгіге дейінгі майдың қысымы 15 манометр арқылы бақыланады(2.67 суретті қараңыз).

Дизель үстіңгі жағының тозуы мен сырылуын азайту, оның иінді білікті айналдыруға қажетті қуатын төмендету үшін жіберер алдында май басқылау агрегатының контуры арқылы маймен басқыланады. Май дизельдің картерінен тістегеріштік май басқылау сорғысымен көтеріледі де ішінара тазалау сүзгісіне беріледі, одан әрі дизельдің май жинаушыларына беріледі. Бір мезгілде маймен бас контурдың құбыры мен жылу алмастырғыш толтырылады. Дизель жұмыс істеп тұрғанда май басқылау сорғысының контуры қайтарымсыз контурмен жабылады (2.67 суретті қараңыз).

2.68 сурет. Ортадан тепкіш сүзгі:1-тығын; 2,9- төсемдер; 3-қақпақ; 4,16-мойынтірек төлкесі;5-сұқпа; 6-айналғы қақпағы; 7-қорапша; 8-сүзгінің қақпағы; 10-түтікше; 11-ротор; 12-сүзгі тұрқы; 13-ротор иіні; 14-гайка; 15-ернемек; 17-саптамалы ұштық; 18-штуцер; 19-алқым.

ТАРАУ.

Тепловоздардың қосалқы жабдықтары

3.1.Дизельді салқындату құрылғылары және су, май, ауаның температураларын автоматты реттеу жүйесі.

 

Дизель бөлшектерін салқындату. Ең сапалы дизельдер 40-45% жуық отын энергиясын пайдалы жұмысқа айналдырады, ал қалған энергияны басқа газдармен, бөлшектерді жылытуға және үйкеліс күшін жеңу үшін жоғалтады.

Ыстық газдар бөлшектермен қатынаста болған жағдайда қызып кетпеу үшін, оның механикалық беріктілігін сақтауына дизельді қалыпты жылу жағдайында ұстау керек. Ол үшін бөлшектерді су және маймен салқындату керек, ал дизельді қажетті қуатпен қамтамасыздандыру үшін температураны төмендету керек.

Дизель бөлшектерін салқындату үшін арнайы жылу-алмасу тоңазытқыштары колданылатын өзге секциялардың (3.1 сурет) әр қайсысы сопақ түтіктер комплектінен тұрады. Түтіктін салқындату бетін ұлғайту мақсатында барлық биіктігіне латуньнен жасалынған жұқа тілімдер(қырлар) салынған. Түтіктер шахматты немесе коридорлық тәртіппен қойылады. Олардың бас-аяғына сәйкес түтікті торларды дәнекерлеп тұрғызылады. Олар торлармен түтікті коллекторлар құрады. Жоғары жылу өткізгіштік үшін тілімдер(пластиналар) мыстан жасалады. Оның қалындығы 0,08-0,1 мм. Тілімдердің бір-бірімен тар аралығымен бөлінуі (2,3 мм), жалпы сыртқы бетінін бір секциясын салқындатуын ұлғайтады және түтіктердін қажетті қатаңдығын береді. 2ТЭ10 типті тепловоздың тоңазытқышында түтіктің бір су секциясына 1040 тілім кигізілген. Су 68 істерлік түтік секциясынан өтеді.

Өткізбелі сопақ түрлі түтіктер тоңазытқыш секцияларынын аэродинамикалық қарсыласуынан азайтады. Жалпы ауа өткізгіш бетінін секцияларына суды салқындату үшін дизельді тепловоз 2ТЭ10-ға шамамен 547 м2 тең. Су секцияларынын бетін есепке алғанда, суды салқындату үшін жылуды майдан шығаруға қолданылады және үрлемелі ауанын дизелі(салқындатқышта), ауа өткізгішінің жалпы ауданы 1602 м2 жетеді.

Жылу мен сұйықтық тасушыларды салқындату қажет, себебі олар, беттерінен өткізетін жоғары температуралы дизель бөлшектері және жылуды тартып ала отырып, оның өзі қызады. Ыстық су атмосфералық ауамен тоңазытқыштардың су секцияларында салқындатылады. Жылуды қарқынды түрде шығару үшін оны әдейі ауамен бір немесе бірнеше желдеткішпен үрлетеді. Ауа тоңазытқыш секцияларынан өткізіледі және сыртқа 8-10 м/с жылдамдықпен шығарылады.

3.1.Сурет. Су секциясының құрылысы:

1 – түтіктің бірінші қатары

2 – жоғарғы коллектор

3 – жоғарғы түтік қорабы

4 – көлденең тілімдер (пластиналар)

5 – түтіктің сегізінші қатары.

Тоңазытқыш көлемін азайтқанда су температурасын, дизельді салқындататын, 80-95 0С-қа, ал салқындататын жабық жүйелерде – 105-110 0С көтереді. Жабық деп су артық қысымда болатын, қайнау температурасы 100 0С-тан аспауын тоқтататын салқындатқыш жүйені айтады. Су дизельге насоспен секцияларға және қайта беріледі.

Дизельді жібергенде су насосы(орта тепкіш күш типі) тізе дуалымен қосылған тістегершік жетек іске қосылады. Салқындатылған су секциялардан насоспен дизельге жіберіледі, дизель бөлшектерін салқындатып және, қызып, тоңазытқыштардың су секцияларына түседі. Су температурасы 2-10 0С-қа төмендеуі дизельдің жүктемесінен және тоңазытқыш желдетпесінің жұмысынан тәуелді.

Су, орта тепкіш насоспен жіберілетін қысымы 0,314 МПа (3,2 кгс/мс2) дизельдің номиналдық жұмыс уақыты 10Д100, яғни 850 айн/мин тізе дуалымен қосылған тістегершік су қуыстарына түсетін екі шығармалы патрубкалар 4.

Цилиндірлі төлке сумен орта бөлімінде салқындатылады. Төлкенің бір бөлігі, ауа ресивері қуысжайда тұрғандықтан, аздау жылиды, сондықтан сумен салқындатылмайды, ол үрлемелі ауамен салқындатылады.

Қызған су су коллекторына түседі. Ол дизель бойында орналасқан. Бұл коллектордан ыстық су құбыржолмен үстінгі коллектор тоңазытқышына барып 1(3.3 сурет) және жазық түтіктің су секцияларына бүректерге бөлініп түседі 2. Су үсті астына секциялармен аға отырып түтік қабырғаларымен тілімдер жылуды үрлемелі ауаға жібереді. Секция түтіктерінен салқын су төменгі тоңазытқыш коллекторына түсіп, сонда су насосымен 9 дизель бөлшектерін салқындатуға қайта сорады.

Тепловоз шатырынын астында, яғни дизель және су секцияларынан жоғары, кеңігіш күбішек 3 орналасқан. Сондықтан су көлемі өзгеруіне қарамастан су жүйесі әрқашан күбішектен толып тұрады.

Су жүйесінде аз диаметрлі құбыржол бар. Ол суды желдеткіш-жылыту агрегат(3.3 сурет), отын жылытқыш 8, термореттілік 11 гидрожетек 10 желдеткішін айналуын қамтамасыз ете ол су мен буды кеңігіш күбішекке шығарады.

Май салқындату жүйесінде атмосфералық ауамен үрлеткіш қолданылады. Мысалы суды салқындатуға маневрлі тепловоз ТЭМ2 қолданылады. Май секциялары су секциялар тәрізді құрылған. Бірақ су секцияларында түтіктер шахмат ретінде орналастырылған, ал май секцияларында коридор ретімен орналасқан. Май секцияларында түтіктер көп және көлденең ұзындықтары түтіктен дизель майын өтуін жеңілдету үшін үлкетілген. Атмосфералық ауамен үрленетін түтіктерде ыстық май 4-12 0С-қа салқындатылып дизельдің үйкелетін бөлшектеріне түседі.

3.2 сурет. Төлке дизель цилиндірімен коллектордың салқындату сұлбасы:

1 – жанған газдар

2 – су көйлегі

3 – су коллекторы

4 – шығармалы коллектор

5 – шығармалы қорап

Магистральді тепловоздарда ауа майды салқындатуға қолданылмайды.Төмен жылу алмасудан болатын жай жылдамдықтан түтіктерден өтетін, май тоңазытқыштарынын мөлшерлері олардың бірдей жылу өткізуімен бірнеше есе судан көбірек болады.Сонымен май секциялары пайдалануға беріктілігі төмен. Секцияларда май қысымы жоғары: дизельдің жұмыс істеуінде 0,588 МПа(6 кгс/см2) дейін, салқын дизельді іске қосқанда 0,98 МПа (10 кгс/см2) жетеді. Су секцияларында қысым 0,147 МПа (1,5 кгс/см2) аспайды. Үлкен тұтқырлық және төмен ағыс жылдамдығында түтіктерде май әрдайым қатып, түтіктерде температуралық деформация пайда болады.

Сондықтан магистральді тепловоздар майды су-май жылу алмасуының салқындатуына өтті. Жылу қарқындылығы майдан суға беруінен тым үлкен, судан майға қарағанда. Су жылу алмасу жеңіл және сыйымды. 3.4 суреттесу-май жылу алмасу 2ТЭ10 тепловозынын құрылысы көрсетілген. Су ішкі вертикаль түтіктер арқылы өтеді, түтік жолындағы суды жуа, май жылудың бір бөлігін береді.

3.3 Сурет. 2ТЭ10 типті тепловоз су жүйесінің схемасы:

1 – жоғарғы коллектор

2 – су секциялары

3 – кеңігіш күбішек

4 – шығармалы түтік

5 – термореле

6 – электртермометрлер

7 – желдеткіш-жылыту агрегаты

8 – отын жылытқыш

9 – су сорғылары

10 – гидрожетек желдеткіші

11 – термореттегіш

3.4 Сурет. Құрылысы және су-май жылу алмасуынын схемасы:

1 – төменгі жылжытпалы решетка(тақта)

2 – тасалар

3 – салқындатылған май

4 – қызған су

5 – жоғарғы қозғалмайтын решетка(тақта)

6,7 – қызған май

8 – салқындатылған су

 

Жылу айырбас бөлшектері қызғандықтан бір торының біреуі 5 (тақтаны) қимылдатпай орналастырады. Ал екінші түтікті тақтаны 1 бос жылжыту жылу айырбас корпусына қатысты температуранын түтікте өзгеруі. Түтікте температуралық өзгерістер болмауы май-ауалық секцияларына кері әсерін тигізеді. Тепловозды қолданғанда су-май жылу айырбас жоғарғы қуатқа ие.

Үрлемелі ауаны салқындату. Магистральді тепловоздарда үрлемелі ауа сумен салқындатылады. Су-ауа жылу айырбаспен айырмашылығы конструкциясы мен нәтижелі жылу айырбас, бірақ іскерлік принципіне ұқсас. Мысалы, үрлемелі ауа, дизельге 11Д45 былай салқындатылады. Түтіктің ішінде ауа салқындатқыш, шахмат ретімен орналасқан, суды айналдырады, қабырғалы түтіктер сыртынан ыстық ағыммен жуылады, үрлемелі ауанын қысымы 0,147-0,196 МПа (1,5-2кгс/см2)қүбырсықағышқа түсетін (2 үрлеудің сатысы). Бір бөлігі үрлемелі ауа суға беріледі. Салқындатылған үрлемелі ауа орта тепкіш жетекке түседі.Бұл жерден қысылған ауа дизель цилиндіріне бағытталады. Салқындатылған үрлемелі ауа су, өз кезегінде, су секцияларында атмосфералық ауамен салқындатылатын тепловоздың жалпы тоңазытқышында орналасқан.

Магистральді тепловоздарда су, салқындатқыш май және үрлемелі ауа бір нобайда қосылған. Су насосы, дизельден қосылатын,суды сықақтайды, салқындатылған су секцияларында, жылу алмасу үрлемелі ауаға. Қызып кеткен ауаны салқындатып, су майды суытуға бағытталады су-май жылу айырбасқа, сол жақтан ол құбыржолмен тепловоз тоңазытқыштың су секцияларына түседі, содан салқындатылған су қайта насосқа барады.

Келесі кезекте, 2ТЭ10М, ТЭП60, ТЭП70, 2ТЭ116 тепловоздарында екі нобайлы салқындатқыш су жүйесі бар: бірінші нобайда су жылуды дизель бөлшектерінен алады, ал екіншісінде – үрлемелі ауадан және қызған майдан алады (егер тепловоз су-май жылу айырбастық бар болғанда). Су алғашқыдан екінші нобайдан тепловоздың тоңазытқыш секцияларында жылу айырбастығында салқындатылады. Екінші нобай оның тым аз қолдауына қажетті, біріншіден гөрі, су температурасы (60-65 0C). Бұнымен үрлемелі су және май температурасын төмендетуге қажетті, яғни бөлшек және тепловоз дизелінің түйінің қатаңдығын жоғарлату үшін. Үрлемелі ауаның салқындауы отынның цилиндрлерде жануын жақсартады және дизельдің үнемдеуін жоғарлатады.

Екі нобайлы салқындату жүйесін 2ТЭ116 тепловозда мұқият қарастырайық (3.5 сурет).

Өтпелі жылуға, дизель генератор жұмыс істегенде шығатын, жабық типті тепловоздарда салқындату жүйесі қолданылған. Тепловозың 2 тәуелсіз салқындату нобайы бар, әрқайсысында өзінің құбыржолы, су насосы, тоңазытқыш секциялары және мотор-желдеткіш бар.

Дизельдің нобайлы салқындату төлкелерді, салқындатуға дизельдің цилиндр қақпақтары, қүбіркомпрессор корпусы және шығарма коллекторы қолданылады. Суық кезде салқындату сұйықтығын отынды жылытуға, машинист кабинасын жылытуға, күбішектің санитарлы құрылғысы суды жылытуға қолданылады. Бұл нобай жоғары температуралы және төмен температуралы салқындатуға қолданылады.

Сур.3.5. 2ТЭ116 тепловозының салқындату жүйесінің схемасы:

1-салқындату құрылғысы 2- қосылғыш ұшы 3- электромометрдің бонки 4- санузел суының күбішегі 5- отын жылтқыш 6- манометр штуцері 7- сынап термометрінің келтеқұбыры 8- реле деңгейі 9- кеңігіш күбішек 10- бу-ауа клапаны 11- су өлшегіш құрылғысы 12- реттеу сиректету штуцері 13- ағын суға арналғал тығын жетек сорғыш 14- Тығын ағын суға сорғыштардан 15- 1а-5Д49 дизель-генераторы 16- жылу желдеткіш агрегаты 17- ауа шығаратын штуцердің шұрасы 18- қайтарылмас клапандар 19- қол насосы 20,22- банкыға арналған анықтағыш-реле температура 21- радиатор секциялары 23-37- винтильдар


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 6 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 8 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1641; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.009 сек.