Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Электрлік тежегіштер

Тепловоздарда электр берілісі мен тартымдық электрлік қозғалтқыштың қоздырғышына тәуелсіз электрлік реостатты тежегіш қолданылады. Сондықтан тартымдық электр қозғалтқыш генераторлық режимге ауысады, ал пойыздың кенетикалық энергиясы жылулық, тежегіш кедергісі мен сорылатын энергияға айналады. Электр энергиясының шыққан бөлігін электр қозғалтқыштың өткізгіштегі күшін тежегіш кедергісінің салқындату желдеткішіне қолдануға болады. Тежегіштің екі жүйесі мен пойыздардың қозғалысының қауіпсіздігі артады. Электр тежегішінің қолданылуы тежегіш қалыптарына тозуын және қос доңғалақтың бандажын азайтады, тежегіш жабдықтармен қамтудың пайдалану шығымдарын төмендетеді, рельс жолдарындағы оқшаулағыш түйіспенің ластануын азайтады және жылжымалы құрамының тораптарын металл шаннан қорғайды, тежегіш қалыптар мен бандаждың қажалуы нәтижесінде пайда болатын.

Басқару жүйесі және реттеу кез келген тежегіш сипаттамасын электрлі реостат тежегішінің жұмыс режимінің берілген шегінде алуға мүмкіндік береді. Электр тежегішінің ұзақтығы уақытпен шектелген әсіресе тартымдық іске қосу кезінде білу маңызды. Электрлік тежегіш ауалықпен салыстыру бойынша аса жатық, қоршаған ортаның сыртқы әсерлеріне байланысты болмайды, желдеткіш күшін реттеуге колайлы; оған тез қозғалу тән.Тепловоздарда электрлік реостатты тежегіштің қолданылуықосымша электр жабдықтарының конструкциясын орналастыруды қиындатады және локомотивтің қосымша сызбасында күшті өзгерістердің болуын қамтамасыз етеді. Электрлік тежегіштің габариттер бойынша қатты шектеуін үлкен қуатын қамтамасыз ету үшін, тежегіш кедергісінің блогін қажет кезінде тірек қоюды. Осы үшін салқындатудың мотор желдеткіші қойылады. Әдетте қозғалтқыштың жүйелі қоздырғышы қолданылады, тежегіш кедергісінің бөлігіне қосылған. Мотор желдеткіштердің өнімділігі тежегіш кедергісіндегі бөлінген жылуға байланысты.

Жалпы тежегіш кедергісіне бірнеше тартымдық қозғалтқыштарды тәуелсіз қоздырғыш жүктемесі мен оларға әр түрлі таралады. Сондықтан тепловоздарда әрбір тартымдық электр қозғалтқышы өзінің тежегіш кедергісіне қосылады, ал тежегіш кедергінің тек қатар қосылған бөлігі, кернеудің төмендеуі салқындатудың мотор желдеткішін қоректендіру үшін қолданылады. Мысалы, ТЭП 70 жолаушы тепловоздарында электр сызбасы реостатты тежегіштің басқаруымен қамтамасыз етіледі: (4.28 сурет) алдын- ала тежеу 6 с. ішінде бірінші құрамның қысылуы үшін; қызметтік тежеу автоматты тежегіш күшін ұстаумен қойылған қозғалыс жылдамдығын сақтау үшін; аяқ астынан тежелу максималды тежегіш күшімен; апатты тежеу.

Электрлік реостатты тежегіш машинистің басқару пультінде орнатылған автоматты ажыратқыш пен немесе тумбілерінің, машинист контролерімен, тежегіш жағдайына алысатын, немесе машинист краны мен оны тежегіш жағдайға қойған кезінде. Тежегіштің талап етілген күші машинист контролері мен жабдық немесе басқышты (7 басқыштан кем емес) аспап бойынша бақылаумен, машинистің пультті басқаруында қойылған немесе контролерде басқыш бойынша белгіленген түрде қойылады.

Пойыздың қызметтік ауалы тежегішінде басу мәні машинист контролерімен анықталады және барлық диапазонда жылдамдықтың электр тежегішінің ауалы тежегіш жылдамдығымен ауыстырумен қолданады. Сондықтан 6 с. ішінде тежегіштің тежеу күшінің төмен мөлшерінде әсер етеді, құрамның жеткілікті тығыздалуы үшін, тартымдық электр қозғалтқыштың зәкіріндегі тоқ, сондай-ақ тартымдық электр қозғалтқыштың коммутациясындағы жағдай, тежегіш күшінің аса үлкен мөлшері қоздырғыш тоғын шектеудің тежегіш күшімен қойылады.

Электорлық тежегіштің тиімділігін төмендету жағдайында (пойыздың қозғалыс жылдамдығы 15кл сағаттан төмен) немесе оның электорлық реостатты тежегішінің сызбасы жөнделмеген автоматты түрде алынады, электор тежегішінің алауы мен ауысуы өтеді.

Пойыздың қызметтік тежелу уақыты кезінде электорлы реостатты тежегіштің тежегіш күшін ұстаумен ауалы тежегіштің қосылуы тепловоздардан электор пниматикалық тілектердің тосқалуымен жүзеге асады, ауа тепловоздың тежегіш стлиндерін толтырмайды.

Тепловоздардың экстринді және апатты тежегішінде электордың реостатты тежегіш тежелуімен аздаған күшпен шектелген сипаттама мен қосылады, ал ауалы тежегіш тепловоздың кенеттен болған тежелу кезінде ажырайды және апатты тежелу кезіне қосылады.

Егер электорлық тежегіш ажыратылған (нөлдік немесе контролердің тартымдық позициясы), бірақ электорлы реостатты тежегіштің автоматты қосылғышы қосылған машинистің пойыз кранын ауыстыру кезінде тежегіш жағдайға және труба өткізгішке ауа таратқыштан релеге ауаның қысымы 0,3-0,4 гс см кв мөлшерімен тартым режімі қысқарады, тартым режімінің электор сызбасы талқыланады, одан кейін электорлы реосттаты тежегіштің сызбасы тежегіш күшімен автоматты жиналады 50-70 пайызға тең болады.

4.28 сурет. Электр тежегішінің қыстартылған сызбасы:

МВ- тежегіш кедергісінің салқындату матор желдеткіші; ВУ – түзеткіш қондырғы; СГ- синхронды генератор; Р тежегіш кедергісі (резисторлар;) ОВ1-ОВ6 тартымдық электор қозғалтқыштың 1-6 қоздыру орамдары.

Контроолер тұтқасын ауыстыру кезінде нөлден тежегіштік позицияға тежегіш күші қойылады, контоллердің тежегіш позициясына сәйкес келетін. Кенеттен ажырату кезінде тежегіш магисралы электорлы реогсттаты тежегіште аса үлкен тежегіш күшіне қосылады машинис контроолерінің жағдайына қарамастан апатты пойызды режиімде тоқтатуда электорлы сызба автоматты түрде аперацияларды орындайды: тартымның режімінің қысқаруы; электорлық тежегіштің аса үлкен тежегіш күшіне қосылуы; құрамның шұғыл түрде пневматикалық тежегіштің тоқтауы; дыбыстық белгінің берілуі; екі арбаның алдыңғы осьіне құмның берілуі; жылдамдықтың 15 км/с төмендеуі кезінде электорлық тежегіш ажыратылады және пнивматикалық тежегіш қосылады. Бұл сызба жылдамдықты төмендету кезінде 10км/с дизель қозғалысын тоқтатады, тепловоздың пниматикалық тежегішін қосады, құмның берілуін және дыбыстық белгіні сөндіреді.

Пойызда ұзартылған динамикалық күшті азайту үшін тежегіш күшін ің өсу жылдамдығын кез келген режимде электорлық тежегіштің 4тс/С – дан аз емес болып қарастырылады. Сапарға шығар алдында міндетті түрде электорлық жұмыс қабілетін тексеру қажет: тежегіштің электорлық сызбасын жинау; тепловоздың пниваттикалық тежегіштің әрекетін тосқауылдау; тартымдық электор қозғалтқыштардың қоздыру тобының аса үлкен қоздыру тобын шектеу; электорлық тежегіштің пниматикалықпен ауыстыру зәкірдің тогынан өтпеген кезінде. (тежегіштің тогы және электорлық тежегіштің ажырауы; электорлық және ауалы тежегіштердің біріккен қозғалысында тепловоздардың басқаруын пойыздың тежегіш кранымен жүзеге асыру. Электродинамикалық-реостаттық тежегіштің қолданылуы покамативтік тақталарының манибірлік тепловоздарында жұмысшылардың ауыруын төмендетуге мүмкіндік берді өйткені станция жолдарында қолайсыз жағдайларда тежегіш қалыптарын жиі ауысуы қажеттілік туғызды.

 

ТАРАУ.

Рама, шанақ, магистральді тепловоз машинисінің кабинасы

5.1. 2ТЭ10М, 2ТЭ10У, 2ТЭ10МК, 2ТЭ116, 2ТЭ116К жүк тепловоздары

 

Тепловоздың рамасы мен шанағы күш және қосымша құралдарды орналастыруға, сондай-ақ локомотив бригадаларының жұмыс орнына арналған. Пайданалу кезінде рама мен шанаққа құралдың салмағының, отын мен жарақтау материалдары қорының, орнатылған агрегаттардың, жол мен құраманың ықпалының статикалық және динамикалық жүктемесі әсер етеді. Шанақтың құрылысы локомотив бригадаларына локомотивті жүргізу ыңғайлы болу және агрегаттардың жұмысына бақылау жасау үшін дұрыс жұмыс жағдайын жасауды, жұмыс қауіпсіздігі мен санитарлық-тазалық нормаларын сақтауды; күш және қосымша құралдарды орналастыруды; шанақты және күшпен соғу құралдарын орнатуды; шағын салмақтағы құрылмалардың беріктігін, қатаңдығын және ұзақ мерзім қызмет етуін; әзірлеген және жөндеген кезде құрылманың технологиялығын; қазіргі заманғы өндірістік әсемдік пен аэродинамика талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Шанақтың құрылмасы сондай-ақ локомотивтердің қуаттылығымен, қызмет түрі және пайдаланылуымен де анықталады. Көтергіш элементтердің құрылмасы мен тұтастығына және олардың ішкі жүктемелерді қабылдауға қатысуларына байланысьы шанақтың екі түрі анықталған: бас көтергіш рамамен және тұтас көтеруші.

Бас көтеруші рамамен көтеруші шанақтарда барлық ішкі жүктемелерді осы рама қабылдайды. Шанақтың бұл түрінің екі құрылымдық нұсқасы бар: жабық және қақпақты. Жабық шанақты тепловоздардың бүйір қабырғалары жылжымалы құрамның көлемін барынша пайдалану ескеріліп орналастырылған. Бұл күш агрегаттарына тепловоздан шықпай-ақ қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, құралдарды қоршаған ортаның әсерінен қорғайды, пойыздың аэродинамикасын жақсартады. Шанақтың бұл түрі барлық магистральді жүк тепловоздарына қолданылған.

Бас рама (5.1. сурет) дизель-генераторды, қосымша құралдарды, шанақ пен отын багін орнатуға, сонымен қатар электр қозғалтқыштар дамытатын тарту күшін раманың шүбесінен автотіркеуішке беруге, тежеу кезінде соққы мен күшті қабылдауға арналған. Тепловоз рамасы дәнекерленген қүрылысты. Оның қаңқасы 16 обносный швеллер мен бірқатар көлденең тіреуіштердің қос тавролы төменгі және жоғарғы сөрелеріне дәнекерленіп бекітілген 15 екі жоталы арқалықтан, 45Б2 қос тавросынан тұрады. Жоталы арқалықтың кеспесіне 8 тұтастыру жәшіктері байланған. Артқы және алдыңғы тартпа жәшіктерінің құрылмасы бірдей және тек жоталы арқалықтарды байланыстыру үшін емес, сондай-ақ оларды 1 күшпен тарту құралдарының ішкі қуысына арналған сұлбалы құйманыбілдіреді.Артқы тұтастыру жәшігінен басқа алдыңғысының төменгі жағына жол тазалағышты бекіту үшін 20 екі кронштейн дәнекерленген. Дизель генераторының дизель асты рамасының үстіңгі тірегі үшін жоталы арқалықтың жоғарғы белдігіне бір тегістікте өңделетін платиктер дәнекерленген, ал астыңғы жағына қос тавроның үстіңгі және астыңғы сөрелерін байланыстырушы қатаңдық қырлары орнатылған.

Біліктерлің аралықтарының арасына 9 кондуит төсемдері үшін және 10 электр қозғалтқыштарын суыту арналарын сығымдау үшін жырық көлденең қалқан табақтар дәнекерленген.

5.1 сурет. ТЭ10М типті магистарльді тепловозының бас тепловозының бас көтеруші рамасының сұлбасы:

1-күшпен соғу құралдары;2,3-масылдар; 4-домкратпен көтеру тіреуіші;5-отын багін бекіту тіреуіші; 6-аккумуляторлар үшін жәшік;7-науа; 8-тұтастыру жәшігі;9-кондуиттер; 10-сығымдау арнасы; 11-бекіту қақпақшасы;12-шүберік шығыршығы; 13-шүберік; 14-үдету белдеуі; 15-жоталы арқалық; 16-обносный швеллер; 17-обечайка; 18-құты, 19-тірек сақинасы; 20-жол тазалағышты бекіту тіреуіші; 21-қосымша масыл; 22-тепловоздың ортаңғы секциясының рамасының алдыңғы бөлігі.

16 обносный швеллер жоталы арқалықпен көлденең дәнекерленген тіреуіштер арқылы байланысқан. Жоталы арқалықтың сырқы жақ бетіндегі раманың ортаңғы бөлігінің оң және сол жағынан 5 екі тіреуіш дәнекерленген, оларға отын багі ілінген. Алдыңғы тіректің орналасқан жерінде (алдыңғы және артқы) тепловоздың шанақ үсті секциясын домкратпен көтеруге 4 төрт тіреуіш дәнекерленген. Әр тіреуіштің астына үстіңгі жағы қорап тәрізді қырлармен күшейтілген 16 обносный швеллерді жоталы арқалықтың төменгі белдеуімен жалғастырушы жуандығы 10 мм еңіс табақтар қойылған. 15 жоталы арқалықтың арасындағы раманың ішкі жағына құрыш құбырлар тәрізді болып келетін 9 кондуит дәнекерленген, олардың ішіне механикалық зақымдардан және майдың тиюінен сақтайтын күш сымдары мен тепловозды басқару тізбесі тартылады. 13 жоталы арқалықтың арасына шанақтың алдыңғы және артқы жағына жеке суытылған ауаны желдеткіштен тарту электр қозғалтқыштарына беру үшін сығымдау арналары да орнатылған. Раманың үстіне және астына құрыш төсем табақтары дәнекерленген. Дизель-генераторды орнату үшін тұғырық қойылған 13 жоталы арқалықтың аралығының ортаңғы бөлігінен басқа жоғарғы төсем раманың үстіне түгел төселген. Раманың асты 15 жоталы арқалықтың аралығындағы төсем табақтарымен жабылған. Дизель жүйесінен раманың төсеміне аққан су мен майдың ағып кетуі үшін дизельдің тұғырығында ағу құбырларын қосу үшін құбыршасы бар 7 екі науа ескерілген. Редукторлар мен сығымдағыштар орнатылған жерде төсем табақтары астыңғы жағынан дәнекерленген швеллермен және бұрыштамалармен күшейтілген. Раманың үстіңгі жағына аккумуляторларды қою үшін 6 жәшік дәнекерленген. Раманың құралмасы мен оның даярлау сапасы дизель жүйесінен өтіп кеткен отын мен майдың тарту қозғалтқыштарына тиюіне жол бермейді.

Бас раманың салмағы онда орналасқан бар құралдармен қоса сегіз резеңке металды тіректер (әр арбашыққа төртеуден) арқылы екі арбашыққа беріледі. Тепловоздың рамасындағы тірек орындары раманың бойлық белдігіне біршама бірдей мөлшерде одан 1067 мм қашықтықта орналасқан.

Қорапша тәрізді дәнекерленген тіреуіштің төменгі табақтарына 19 тірек шығыршықтары дәнекерленген, олардың төрт тіректен тұратын әр тобының үстіңгі беті бір қондырғыдан өңделеді, бұл тіректердің бір жазықтықта орналасуын қамтамасыз етеді. 19 сақинаның үстіңгі жағына 18 құты дәнекерленген, олардың түбі резеңке металды элементтерге тірек қызметін атқарады. Раманың төменгі жағына 13 екі шүберік дәнекерленген, олар жүктемені тікеден қабылдамайды, тек көлденең күшті (тарту, тежеу күші, бүір қысымы) беру қызметін атқарады. Тозуын азайту үшін 13 шүберікке үзік тігісімен сыртқы диаметрі 230 мм ауыстырмалы құрыш сақиналары дәнекерленіп орнатылған.

Соққыш тарту құралдары(5.2. сурет) 3 сіңіру аппаратары, 8 автотіркеме тепловоздың күшпен ұру құралдары болып табылады, олар тепловоздың бойлық білігіндегі раманың алдыңғы және артқы тұтастыру жәшігінде орналасқан. Олар локомотив секцияларының өзара және вагондармен байланысына, пойыз қозғалған және тежелген кезде әрекет етуші бойлық тартым және күш жүктемелерінің берілуіне және жеңілдетілуіне арналған. Автотіркемелер автоматты түрде біріктіріледі, ал оларды тіркеушінің секциялардың арасына кіруінсіз ағыту үшін ағыту тетігі орнатылған. Күшпен тарту құралдары келесі негізгі тораптардан тұрады: СА-3 автотіркемесінен; жегу және ортаға келтіру құрылғысынан; ағыту құрылғысының жетегінен.

5.2. сурет. 3ТЭМ10М тепловозының соққыш тарту құралдары:

1-тақтайша; 2-тарту қамыты; 3-сіңіру аппараты; 4-тірек тақтасы;5-тіреуіш; 6-тарту қамытының сынасы;7-шынжыр; 8-СА-3 автотіркеме; 9-ортаға келтіру арқалығы; 10- аспалы маятник.

8 автотіркеменің корпусында тіркеу механизмдерінің бөлшектері орналасқан. Корпустың құйрығы бос, соңында 6 жыраға арналған тесік бар. Жегу құрылғысы 8 автотіркемеден тепловоздың рамасына күшпен соғу берілісіне және ол әрекеттерді жұмсартуға арналған. Оның құрамына 4 тірек тақтасы, 3 сіңіру аппараты, 2 тарту қамыты, тарту қамытының 6 жыра кіреді. 8 автотіркеме қысылғанда 4 тақта күшті автотіркеме корпусынан 3 сіңіру аппаратына береді немесе 8 автотіркемені тартқанда белдігін тұтастыру жәшігінің алдыңғы тірегіне береді. 3 сіңіру аппараты пайдалану процесінде 8 автотіркемеге әсер етуші бойлық күштерді жұмсартуға арналған. 2 тарту қамыты тарту күшін 8 автотіркеменің тұрқынан 3 сіңіру аппаратына береді. 6 тарту қамытының сынасы 8 автотіркеменің құйрығын 2 тарту қамытымен қосады, тарту күшін 8 автотіркемеден 2 тарту қамытына береді. Тепловоз белдігінің тұтастыру жәшігінің үсті 4 тірек тақтасына алдыңғы тірек және 3 сіңіру аппартына артқы тірек, сондай-ақ бүйірден бағыттаушы қызметін атқарады. 1 тақтайша 3 сіңіру аппаратымен және 4 тіреу тақтасымен 2 тарту қамытына тірек болады. 1 тақтайша тұтастыру жәшігіне бұрандамен бекітілген.

Локомотивтер энергия сыйымдылығы 55000-65 000Н-м сіңіру аппараттарымен жабдықталады. Маневрлік және сұрыптау жұмыстары кезінде жылдамдықтың өсуіне, сондай-ақ локомотив бригадаларының қауіпсіз жұмыс істеулеріне, апатты соқтығыс жағдайларында құралдардың сақталуына талаптың жоғары болуына байланысты энергия сыйымдылығы аса жоғары сіңіру аппараттары әзірленген: фрикциялы-Ш-2-В энергия сыйымдылығы 65 000-78 000, Ш-4-Г энергия сыйымдылығы 104000Н-м толық жүрісте 160мм, энергия сыйымдылығы 100 000Н-м Га-100м гидрогаздық сіңіру аппараттары.

Ортаға келтіру құрылғысы тіркелген 8 автотіркеменің көлденең жазықтықта ауытқуын шектейді, сондай-ақ олардың ортада орналасуына қамтамасыз етеді. Ол 8 автотіркеменің корпусына және 5 тіреуішке бекітілген екі аспалы маятникке тірек қызметін атқаратын 9 ортаға келтіру арқалығынан тұрады.

Ағыту жетектері автотіркеме механизмін ағытуға және «дүм» жағдайына (тіркеу механизмін сөндіру) қоюға арналған. Ол ағыту иінінен және тіреуіштерді орнататын және қолдайтын 7 тізбектен тұрады. Ағытылған екі иінді иінтірек 7 тізбек арқылы автотіркеменің тіркеу механизмінің білігінің көтергішімен қосылған, ал екінші иін тіркеушіге тұтқа қызметін атқарады. Тіреуіште бастапқы жағдайда және «дүм» жағдайында ағыту иінтірегі айналып бекітіледі. 8 автотіркемені ағыту үшін иінтіректің тұтқасы бекіту тіркеуішінің қобынан жазық жерге шығарылып жоғары көтеріледі де автотіркеме механизмі ағытылған жағдайға келгенше сағат тіліне қарсы бұрылады, содан кейін иінтірек жазық бөлігі қобына кіру үшін тұтқа бастапқы жағдайға қойылады. Нәтижесінде механизм 8 автотіркеме айырылғанға дейін ағытылған жағдайда тұрады. Қабыстырылған 8 автотіркеменің ағытылуы 8 автотіркеменің тұрқысынан тіркеу механизмінің құлыбының белгі беру өсімінешығуымен анықталады. 8 автотіркеменің механизмін «дүм» жағдайына қою үшін иінтірек ағыту кезіндегідей айналдырылады да иінтірек өзінің жазық жағымен тіреуіштің кішкене сөресіне жатқанға дейін өзінен иінтіректің өзегіне қарай ауыстырылады. Бұл жағдайда ағыту жетегі құлыпты батырылған жағдайда ұстап тұрады, демек 8 автотіркеме тұтасқан жағдайда 3 сіңіру аппараты дүм сияқты жұмыс істейтін болады, ал тіркелу болмайды.

Толық жиналған автотіркеме құрылғысында тарту қамытымен біріккен 8 автотіркеменің басы адамның қолының күшімен аспалы маятникте ортадағы жағдайдан соңғы жағдайға ауытқуы және өз салмағының әсерімен ортадағы жағдайға оралуы қажет.

Масылдарды орнату (5.1. сурет). Тепловозға берілген салмаққа жету және тепловоз секциясының арбашық үсті құрылысының салмағын арбашықтарға таратуды жақсарту үшін тепловоз иінтірегінің секциясының сол және оң жақтарында 2,3 масылдар орнатылған, олардың орналасуы мен салмағы тепловоздың өлшем есебімен олардың түпкілікті орналасуын есепке ала отырып анықталады. Масыл ретінде бекіту тақтайшасы дәнекерленетін бұрыштары құрыштан құйылған сұр құймалар пайдаланылады.

Салмақты екі жаққа теңестіру үшін масылдардың негізгі салмағы иінтіректің сол жағына орналасады. 16 обнос швеллерінде салмағы 12 кг 28 масыл орнатылған. Масыл швеллерге орнықты жағдайға келгенше салынады, одан кейін тақтайшаны швеллердің сөресіне және бұрышқа дәнекерлейді. Аса ауыр және рабайсыз, салмағы 252 кг масылдар 15 жоталы арқалықтың ішкі жағына бекітіледі. Екі жалғастырушы бұрандамен масыл қос тавролы арқалықтың тік сөресіне қысылған және қосымша 12 жоталы арқалықтың күшейту кесіндісіне дәнекерленген. Оң жағында осындай екі масыл бекітілген, орналасуы бойынша олар 25 мм жіңішке, салмақтары 208 кг.

Тепловоздың шанағы(5.3 сурет). Ол бір-біріне біріктірілген екі бөлімнен: 1 машинисің кабинасынан, 2 қондырма(аппарат камераларының үстіндегі шанақтың бөлігі), дизель-генераторының үстіндегі 5 шанақтан, 6 мұздатқыш камерасынан тұрады.

5.3.сурет. 2ТЭ10М магистарльді тепловозының шанағы:

1-машинистің кабинасы; 2-қондырма, 3, 8,9,10-люктердің қақпағы; 4-есік; 5-дизель-генераторының үстіндегі шанақ;6-мұздатқыш камера; 7-өтпе тамбуры; 11-бұрыштық; 12,15-қаптау табақтары; 13-иінтіректің обносной швеллері;14-бұранда; 16-аралық төсем; 17-таспа; 18-ішкі жиектеу табағы;19-өзі кесетін шуруп; 20,24-бұрандалық қосылулар; 21-бойлық зиг; 22-реттеуші шайба; 23-кенепті төсем; 25-сыртқы жиектеу тақтайшасы; 26-тақтайша;27-қаптау тақтайшалары; 28- бұрыштық; 29-қаптама.

Тепловоздың иінтірегіне 1 кабинаны орнатар алдында кабина мен қондырманың блогын құрып дәнекерлеу жігімен 2 проставкаға қосады. Кабина мен қондырманың блогы сыртқы контурмен тепловоздың 13 иінтірегінің обносный швеллерінедәнекерленген, осылайша 6 мұздатқыш камерасына дәнекерленен.

Дизель-генератордың үстіндегі 5 шанақ арнайы 16 төсемдерге (Б-Б киылысуы) орнатылған, олардың жиынтығымен 2 қондырма және 6 мұздатқыш камерасының биіктігімен бірдей шатырдың жоғарғы кескінінің биіктігі қамтамасыз етіледі. 16 төсем тепловоздың иінтірегіне және 5 шанаққа дәнекерленген. Иінтіректің және оған орнатылған шанақтың бөлшектерінің ұзындығының айырмашалығын теңеу үшін (берілгенін есепке ала) 5 шанақтың 6 мұздатқыш камерасымен түйіскен жерінде 5 шанақтың түсірілетін бөлігін алуға арналған 22 реттеу шайбасын орнату ескерілген, төменгі бөлігіндегі саңылауды 28 бұрыштаманы ішінен, 25 тақтайшаны сыртынан дәнекерлеу арқылы жабады. Шанақтың ішінде бұл түйісулер 29 қаптамамен, ал сыртында 27 тақтайшамен жабылған. 5 шанақтың алынбалы бөлігінің жоғарғы жағында 27 тақтайшаның астында шанақ саңылаусыз болуы үшін 23 кенеп төсемдер төселген. 5 шанақтың төменгі бөлігі мен 13 иінтіректің обносный швеллерінің арасындағы саңылауды болырмау үшін 18 құрыш таспасы дәнекерленген. Тепловоз толық құрастырылып болғаннан кейін түйіскен жерлер қаптама тақтайшалармен жабылады.

Шанақ- иілген құрыштан және соғылған профильден дәнекерленген қаңқа, ішінен ол қалыңдығы 1,5-2,5 мм құрыш табақтармен, ал ішінен шанақтың қаңқасына 19 шуруппен бекітілген қалыңдығы 1мм 18 алынбалы құрыш табақтармен жиектелген. Дизель-генераторды орнату және шешіп алу үшін шанақтың жоғарғы бөлігі шатыр мен бүйірдегі қабырғаларды қоса алынбалы болып жасалған. Бүйір қабырғаларының көлденең алынбасы тепловоздың иінтірегінен 1010мм биікте орналоасқан.Шанақтың алынбалы бөлігі 20 бұрандамен бекітілген. Шанақтың шатырында сыртынан қақпақпен жабылатын люктер ескерілген. 8,10 шатырларда аккумулятор батареяларын алу үшін дизель бөлмесінен ашылатын қақпағы бар 9 люк бар. Қызмет көрсетуші құрам шатырға шықпауы үшін люктер төменгі жағынан алынбалы тормен жабдықталған. Торлар құрастыру және бұзу жұмыстары кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде алынады. Люктердің қақпағы резеңке нығыздағышқа қойылады, бұрандалар тартылғаннан кейін олар тығыз жабылатын болады. Шатырдың саңылаусыздығы мен люктердің тығыз жабылуы су құйып тексеріледі, судың ағуына жол берілмейді.

Тепловоздың ішінде орналасқан құралдарды жарықтандыру үшін шанақтың қабырғасында және есікте контуры бойынша резеңке жиекпен нығыздалған, қалыңдығы 5мм шыңдалған тегіс әйнекпен шыныланған терезелер орнатылған. Шанақтың оң және сол жақ қабырғаларындағы екі терезе қайырмалы топсаға орнатылған. Терезе шанақты желдеткен кезде ашылады. Қарлы немесе шаңды боранда қайырмалы есік ашылғанда шанаққа түсетін ауаны сүзу үшін оймаға торлар жиынтығынан таспа орнатылады. Басқа уақытта таспа арнайы жерде мұздатқыш камерасының шахтасының еденінің қалқанының астындағы біліктің төсеміне салынып қойылады. Терезенің рамасында қаңқалы қатырма қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын сым тұтқалар ескерілген. Қалқандар мұздатқыш камераның сол жақ қабырғасына бекітілген арнайы қалтаға салынған. Шанақтың бүйір қабырғаларына дизельдің ауа тазартқышының сору арналарына, тарту генераторының суыту желдеткіштеріне және тартым электр қозғалтқыштарына, сондай-ақ жарық номерлерге және аккумулятор бөлігін желдетуге ойма жасалған.

Тепловозға кіретін 4 есік 2 қондырманыңсол жақ және оң жақ қабырғаларында ескерілген. Осындай құрылысты есіктер кабинаға (немесе тамбурға) кіруге арналған.

Локомотив бригадалары кез келген секцияға тепловоздан шықпай мұздатқыш камерасының артқы қабырғасындағы, тамбурдың алдыңғы (ортаңғы секциядағы) қабырғасындағы есіктер, және тамбуры бар секцияаралық өтпе алаңдары арқылы өте алады. Барлық есіктер шудан оқшауланған. Есіктің үстіңгі жағында қос шынылы терезе бар. Шанақты шудан оқшаулау үшін сыртқы табақтардың ішкі жақтары қалыңдығы 3 мм кем емес шуға қарсы битумды мастикамен жабылған.

Дизель бөлмесінде және мұздатқыш камерасының шахтасында еден ескерілген. Еденнің қалқандары алынады, төменгі жағында тірек резеңке бәсеңдеткіш орнатылған бедерлі құрыш табақтан жасалған. Қалқан орнатылатын еденнің қаңқасы иінтіректің төсеміне дәнекерленген платиктерге бекітілетін алынабалы тағаннан, сондай-ақ шанақтың жоғарғы бүйіріне, мұздатқышың шахтасына және тепловоздың басқа тораптарына дәнекерленген бұрыштар мен тақтайшалардан жасалаған.

Шанақты желдету. Тепловоз жүріп келе жатқанда қайырылма терезелер мен люктар ашық тұрғанда жақсы табиғи желдету қамтамасыз етіледі. Тұрақтарда және депода қосымша желдеткіш қажет, ол үшін люктің қақпағының бас жағына сығымдағыштың үстіне талаптарға сәйкес дизель бөлмесінде ауаның он бес реттен кем емес ауысуын қамтамасыз етуші желдеткіш орнатылған.

Машинистің кабинасы (5.4. сурет). Бригадаларды, сондай-ақ тепловозды және пойызды жүргізуге қажетті құралдар мен саймандарды орналастыруға арналған. Кабина аэродинамика талаптарын ескеріп қызмет көрсетуші құрамға ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс талаптарына сай жасалған. Алдыңғы жағында симметрияға тік осьте прожектор орнатылған, күндізгі құрыш тілмелер бекітілген, күндізгі флюоресциялы эмальмен сырланған құрыш тілмелер бекітілген, тұтқыштар, баспалдақтар, сондай-ақ қызмет көрсетуші құрамға мойынтесік арқалы алдыңғы бункерлерді құммен жарақтауға мүмкіндік беруші аяққа арналған қуыс ескерілген.

5.4. сурет. 3ТЭ10М тепловозы машинисінің кабинасында құралдардың орналасуы:

1-тұрмыстық тоңазытқыш; 2-құралдар тақтайшасы; 3-ұстағыш;4-радио станцияы және хабарласу құрылғысы пульті; 5-құрамды шолу айнасы; 6-пердеше; 7-прожектордың сыртқы есігі; 8-кесте ұстағыш; 9-басқару пульті; 10-жылдамдық өлшегіш шкаласына жарық беру шамы;11-жылдамдық өлшеуіш; 12-машинист краны, 13-белгі беру шамдары тақтайшасы; 14-күл салғыш; 15-шалқаймалы орындық; 16-машинистің креслосы.

Алдыңғы жағында жылыту-желдету агрегатының сору арнасы үшін жалюздер мен тепловоздың эмаль жалатқан номері орнатылған. Кабинаның ішкі көлемі және орналасқан құралдар машинистің, машинистің көмекшісінің және машинист-конструктордың бір мезгілде болуларына есептелген. Машинист пен оның көмекшісіне екі ыңғайлы кресло мен аяқ қоятын қуыс ескерілген. Артқы қабырғада машинист-конструктор үшін шалқаймалы орындық бекітілген. Кабинаның терезесі жолдың, жол белгілерінің, көрші жолдар мен құрамдардың көрінуін қамтамасыз етеді. Алдыңғы терезеге жарқыншақсыз, көп қабатты, аса берік, қалыңдығы 15 мм әйнектер қойылған. Алдыңғы терезелердің ішкі жағына әйнек тазалағыштар мен әйнек жуу құрылғысы орнатылған. Ішкі жағынан терезенің көлденеңіне ұзындығы реттелетін, бетті күн сәулесінен қорғайтын 6 перделер ілінген. Қажет болғанда алдыңғы терезелер жылы ауамен жылыту-желдету агрегатынан жылытылуы мүмкін.

Кабинаның бүйір терезелері машинист жағынан да, көмекшісі жағынан да терезенің жылжымалы секциясын тұтқасынан алға қозғап ашуға болатындай жасалған, сонымен қатар жылжымалы секцияда машинисті (немесе оның көмекшісін) қарсы желден қорғайтын терезе тепловоздың ішкі жағына қарай шамамен 90 градусқа ашылуы мүмкін. Жабық жағдайда бұру бөлігі астынан және үстінен екі қысқышпен орнатылады, ал ашық жағдайда тақтайшаға бекітілген шалқаймалы шынтақ таянышпен орнатылады. Контуры бойынша терезелердің саңылауы арнайы резеңке нығыздауыш профильмен, ал кей жерлерінде П-тәрізді терезе таспасымен бекітіледі. Бүйір терезелерге қалыңдығы 5 мм шыңдалған жайпақ әйнек қойылған. Ішкі жағынан ашылатын терезенің төменгі жағына жұмсақ шынтақ таяныш, ішке қайырылатын кабиналар орнатылады.

Кабинаның қаңқасы бір-бірімен электр дәнекерлегішпен дәнекерленіп құрыштан құйылған және иілген профильден жасалған. Кабина сыртынан қаңқаға дәнекерленген қалыңдығы 2,5мм құрыш табақтармен көмкерілген, ал ішінен қаңқаға өзі кескіш шуруптармен бекітілген қалыңдығы 2мм аллюминий перфорарлы табақтармен көмкерілген. Машинистің кабинасын шудан және жылудан жақсы оқшаулау үшін ішкі көмкерме табақтардың ішкі беті мен қаңқа қалыңдығы 3 мм кем емес шуға қарсы мастикамен жабылған, ал ішкі және сыртқы көмкерме табақтарының арасына қаңқаға полиамид қабыршығымен қапталған шыны тақтадан жасалған тақталар, сондай-ақ ішінде синтетикалық мақтасы бар шыны талшықтан жасалған мат орнатылады. Бұл материалдар жанбайды, салмағы жеңіл және тепловозға берілген +40 градустан -50 градус температурада шу және жылудан оқшаулау талаптарын қанағаттандырады. Перфорарлы табақтарға шудан оқшаулау толтырғыш жағынан шыны мата жапсырылған, ал қаңқаға осы табақтардың астына мастикаға жылудан, шудан оқшаулау қатырма қағаздардың кесіндісі төселген. Машинистің кабинасының еденінің астында орналасқан құбырлар мен құралдарға қызмет көрсету үшін еденнің пультпен және машинистің көмекшісінің столымен жабылмаған бөлігі алынатын жеке қалқандардан жасалған. Қалқандардың қалыңдығы 100мм, ішкі жағынан шудан оқшауланған, оның жоғарғы табағының қалыңдығы 20мм қаңылтырданжасалған. Пульттің және столдың астында,ы еден алынбайды.

Машинистің кабинасына құралдар орнату. Кабинада тепловоз бен пойызды жүргізуге, сондай-ақ локомотив бригадасына қолайлы жағдайлар тудыруға қажетті құралдар (5.4. сурет); тепловоз және бақылау құралдары органдарын басқару 9 пульт, 11 жылдамдық өлшеуіш, 12 кран машинисі және басқа тежеу құралдары, радиостанция мен хаьарласу құрылғысы пульті, жылыту-желдету агрегаты, тұрмыстыө тоңазытқыш, 6 күн сәулесінен қорғайтын пердешелер, тұрмыстық электр құралдары (электр ұстара, электр плитка) мен басқа да құралдарды іске қосуға «75В» тақташасымен розетка орналасқан.

Еңбекті қорғау талаптары бойынша күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдерде терезе мен есік жабық тұрғанда машинистің кабинасының орташа ауа температурасы 20 градустан төмен болмауы тиіс, солай бола тұрса да еденнен 150 және 1500 мм биіктікте ауа температурасының айырмашылығы 5 градустан аспауы керек. Желдету кезінде кабина ауасында зиянды заттардың болуын шектеу және 100 текше м/с сыртқы ауаның берілуін қамтамасыз ету қажет. Бұл талапты жылыту-желдету агрегатынан (ЖЖА), сору арнасынан, жылытылған ауаны алдыңғы терезеге және басқару пультіндегі машинист пен машинистің көмекшісінің аяғын жылытуға арналған қуысқа жеткізуші сығымдағыш арналардан тұратын арнайы жылыту және желдету жүйесі орындайды. Берілген температураны қолмен (тумблердің оқтын-оқтын ЖЖА іске қосу) және автоматты түрде ұстауға болады.

Алдыңғы терезе сумен жуылады, оны шыны тазалағыш аймақтарына сыйымдылығы 6л сауыттан және ауаны тежеу жүйесінің қоректендіру магистралінен сауытқа беру үшін ажыратқыш шүмектері мен ауа апару құбырынан тұратын құрылғы жеткізеді.

9 басқару пультіне тепловозды жүргізуга қажетті құралдар, аппарттар мен лампалар қойылған. Ол оң жақтағы кабинетте машинистің жұмыс орнында орналасқан. Белгі беру шамдарының бір бөлігі машинистің кабинасының оң жақ қабырғасында бүйір терезенің үстінде орналасқан жеке тақтайшаға шығарылған. Шеткі секциялардағы машинистердің кабиналары біркелкі басқару пультімен, ал ортаңғы секцияның тамбуры реостаттық сынаулар жүргізуге және депо жолдарымен жүргенде ортаңғы секцияның ауысуын басқаруға мүмкіндік беретін жеңілдетілген пультпен жабдықталған. Басқару және тумблер тақтайшалары тумблердің тұтқасын пайдалануға қолайлы болу үшін машиниске көлденең жазықтықтан 10 градус бұрышқа көлбеу орналасқан, ал құралдар мен аппараттар тақтайшалары (ақпарат тақтайшасы) құралдарды байқауға қолайлы болу үшін тік жазықтықтан 30-40 градус бұрышта орналасқан. Барлық құралдардың, шамдардың, тумблерлердің астына олардың қандай мақсатта пайдаланылатындығы көрсетілген кестелер бекітілген. Басқару тақтайшасында контроллердің штурвалы мен реверсордың тұтқасы орналасқан, олар машистің жұмыс орынан жеңіл қол жеткізуге болатын жерде орналасқан. Бұрын электр термометр тақтайшасы сол жақта, ал амперметрлер, электрмонтерлер тақтайшасы пульттің ортасында орналасты, соңғы шығарылған тепловоздарда құралдардың көрсетуін байқауды жақсарту үшін олардың орындарын ауыстырды.Шеткі сециялардың пульттарында әр үш секциядағы негізгі параметрлерді бақылауға қажетті құралдар орналасқан. Бірақ екі және үш секцияға ортақ құралдар мен шамдар да бар. Көрсеткіштер қажетті секциядан сәйкес тумблерді ауыстыру арқылы алынады. Осылайша ортаңғы немесе шеткі жетекші секциядағы майдың қысымын электр монтермен бақылау үшін тумблермен қажет секцияны қосу қажет. Тумблерлерді ауыстыру арқылы бұзылған және өрт сигналы іске қосылған секция анықталады. Ортаңғы және шеткі жетекші секциялардағы дизельдер жұмыс істеп тұрғанда өрт сигналы шамы үнемі жанып тұрады, ал қалған шамдар тепловоз жұмысы бұзылған кезде жанады.

Жылдамдық өлшеуіш және оның жетегі. Тепловоздың шеткі секцияларының алдыңғы арбашықтарында локомотивтің қозғалыс режимін бақылауға арналған жылдамдық өлшеуіш орнатылған. Жылдамдық өлшеуіш өзінен-өзі локомотивтің алдыңғы қос доңғалағынан жүреді. Ол үшін қос доңғалақтың ортаңғы тесігіне төлке престелген, оған квадратты қима сағасымен білікше кіргізіледі, ал екіншісі иірмекті редуктордың білігімен жалғасады. Жылдамдық өлшеуіштің көрсеткіші дұрыс болу үшін оның жетекші білігінің айналу жиілігін жылдамдық өлшеуішті іске қосушы локомотивтің қос доңғалағының айналу жиілігімен қатаң келістіру қажет.

Мысалы,жылдамдық өлшеуіштің шкаласында 100 км/сағ көрсету үшін білік минутына 50 рет айналу керек, ал тепловоздың диаметрі 1010мм доңғалағы (бұл диаметр тозуына қарай жылдамдық көрсеткішінің олқылығын азайту үшін диаметрі 1050 мм жаңа құрсаудың орташа тозуы жағдайына қабылданған) мұндай жылдамдықта минутына 525 рет айналады. Сондықтан жылдамдық өлшеуіштің жетегімен айналу жиілігін 10,5 есеге азайтуды қамтамасыз ету керек, сондықтан иірмелі редуктор 10,5 өткізу санымен қабылданған. Жылдамдық өлшеуіштің жетекші білігіне жетектің айналу бағытына қарамастан (локомотив алға неме артқа қозғаалғанда) негізгі осьтің бір жақты айналуы үшін реверсиялық құрылғы қойылған.

Рама мен шанақты есептеу. Рама мен шанақты есептеу әдісі ретімен орындалатын бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысында салмақ түсетін жүйенің қасиеттерінің бір бөлігі ескеріледі. Мұнда кезеңмен жеке элементтердің кернеуі мен формаларының өзгеруі нақтыланады. Мұндай құрамды есепке деген қажеттілік локомотивтің шанағының жазықтық құрылымының күрделілігімен келісілген. Салмақ түсетін жүйенің түрлі жерлерінде орналасқан түрлі пішінді үлкен және кіші ойықтар болғанда бұл қиындық арта түседі. Өзекті негізбен қатар (қаңқа, ферма) жұмысқа шанақтың ішін қаптаған тақтайшалар да қатысады. Өзек пен тақтаның орнықтылығын жоғалтып алу мүмкіндігі мұндай құрылыстарға тән ерекшелік. Бұл жағдай бойлық қиманың геомертиялық сипаттамасын анықтаған кезде редукциялық коэффициент енгізіліп, есептеу ескеріледі.

Жобалау процесінде есептің екі тобы орындалады. Біріншіден, жеке элементтер мен құрылыстардың тораптарының орнықтылығын бағалап жалпы төзімділік есебін жүргізеді. Екіншіден, шанақты қирату жүктемесіне тексеру есебін жүргізеді. Бірінші топтың есебін қиманың геометриялық формаларын пайдаланып редукциялық коэффициентсіз орындайды. Шиеленіскен жағдай туралы алынған мәліметтерді мүмкін және қиын жағдаймен салыстырады және жеке тақтайшалардың, тораптардың және жалпы жүйенің төзімділігі мен беріктігі жөнінде қорытынды шығарады. Екінші топтың есебін редукциялық коэффициентті ескеріп алынған қиманың геометриялық формаларын пайдаланып орындайды. Шанақ пен рамаға барлық қызмет ету мерзімінде құралдар мен металды құрылыстардың салмағынан тік жүктеме, сонымен қатар көлденең бойлық және ұзына жүктемелер әсер етеді. Бірлесіп олар әсер ету ұзақтығы әр түрлі ауыспалы мөлшерлі күрделі жүйені құрайды. Сондықтан жобалау кезінде шанақты жобалау мен әзірлеуге арнайы техникалық талаптарда айтылған төзімділікті қамтамасыз етуде аса маңызды есептік жүктемелер ғана есепке алынады. Бұл жүктемелерге жататындар:

1 )Салмақ (брутто) отынның, судың және т.б. салмағымен қоса. Мұнда шанақтың а)арбашыққа; б)домкратқа; в)локомотив апатты жағдайда көтерілгенде автотіркемеге сүйенуі қаралады. Шанақтың арбашыққа сүйенуі жағдайында реакцияның шанақтың тіреуіне 30 пайыз айырмашылықпен бір келкі емес бөлінуінен туындаған қиғаш симметриялы жүктеменің есебі жүргізіледі;

2 )қосарланып тарту режиміндегі тарту күші (ең үлкен): а)орнынан қозғалғанда;б)конструкциялық жылдамдық қозғалысында. Кейбір жылдамдықта нақты резонанстық тербелістер туралы мәліметтер болса, онда тартым күшінің есебі нақ осы жылдамдыққа жүргізіледі.

3)автотіркеуіштің білігін бойлай созу және қысу кезіндегі бойлық күш салу . Бүл күштер 2,45МН жүк және 1,96МН жолаушы тепловоздары үшін бірдей қабылданады;

4)Локомотивтің конструкциялық немесерезонанстық жылдамдықпен қозғалысында пайда болушы динамикалық тік жүктемелер.

Бұл жүктемелердің қосымша сұлбалары салмақ әрекеті сұлбасына сәйкес келеді. Бұл жүктемелерді статикалық жүктемені динамика коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды.Оны анықтау үшін жуық эмпирикалық формуланы пайдаланады.

, (5.1)

Мұнда –конструкциялық жылдамдық, км/сағ;

-рессорлық аспаның жалпы статикалық имегі, мм.

нақты мағынасы локомотивтерді динамикалық сынау процесінде анықталады;

5)жылдамдығы 5-7км/сағ локомотивтің өзара соғылуынан шанаққа жүктеме. Олар автотіркеменің білігіне бағытталған және жүк локомотивері үшін 2,45МН , жолаушы локоомтивтері үшін 1,96МН тең бойлық күштерден және шанаққа бекітілген арбашықтар мен агрегаттардың салмағы мен жылдамдығына сайма-сай күштен құралады. Жылдамдық есептемелері шанақтарды жобалау мен әзірлеуге техникалық талаптарда ескеріледі. Әдетте оларды бойлық инертті жүктемелерді тікелей қабылдаушы шанақтың құрылысының тораптарын (шүберін арқалықтары, шүберін, тартымдар, агрегаттардың рамаға бекітілуі және т.б.)есептеуде 3 g тең қабылдайды, мұнда g-9,81 шаршы метрге тең ауырлық күшінің жылдамдығы.

Жүктеменің есептік режимі пайдануда бір мезгілде әсер етуші жоғарыда аталған жүктемелермен келісілген.Статикалық төзімділігі келесі режимде есептейді: орнынан қозғалу;тартым режимінде қозғалу; ұзыннан созылу және сығу; апатта жөндеу.

Шанақтың және бас раманың салмақ түсетін элементтерінің төзімділігі мен тұрақтылығы мүмкінді есептеуде алынған көрсеткіштерді салыстыра отырып бағалайды.Статикалық төзімділікті есептеу кезінде жүктеме режиміне байланысты келесі мүмкін кернеу алынады: орынан қозғалу және тарту режимінде қозғалу ;ұзыннан созылу және апатта жөндеу , мұнде -материалдың ағу шегі.

Қажуға шыдамдылық қор коэффициенті бойынша анықталады

, (5.2)

Мұнда -симметриялық циклдағы шыдамдылық үлгісінің шегі;

К-тетіктің шыдамдылық шегінің төмендеуін сипаттайтын коэффициент;

-материалдың цикл ассиметриясына сезімталдығын сипаттайтын коэффициент;

және -амплитуда және жүктеме циклындағы кернеудің орташа мәні.

Табақтарға, дәнекерленген қосылмаларға қабылдау ұсынылады. Сығымда жұмыс істейтін талшықтар үшін коэффициент . циклы кернеуінің орташа мәні жүктемелер 1, а және 2,б пункттеріне әсер еткендегі статикалық кернеудің сомасы сияқты есептейді. амплитудасын шамамен динамика коэффициенті арқылы анықтайды.

Төзімдік қоры коэффицинтін тарту күштерін беруші шүберік тораптар, буферлі білеулерүшін тарту режиміндегі қозғалыс режимінде есептейді (мұнда тарту режимі нөлдік):

, (5.3)

Бір-біріне соғылысу режимінде:

, (5.4)

Мұндағы -тарту күштерінен болған кернеу;

-тік статикалық жүктемеден болған кернеу;

- бір-біріне соғылысудан болған кернеу.

Салмақ түсетін жұқа қаптама бекіту өзектерімен бірлесіп сыртқы жүктеменің ықпалындағы бірыңғай жүйені құрайды.Сығушы кернеулер қаптама мен бекіту өзектерінің төзімділігінің жоғалуын тудыруы мүмкін.Тақтайшаның ортаңғы тегістігінде әрекет етуші жанама кернеулер де төзімдіктің жоғалуын тудыруы мүмкін. Бұл құбылыс шанақтың үстіндегі сәйкес телімдердің қаңсуына апарады. Бұл кезде ішкі күштер қайта бөлінеді, күткендегідей пайдалану да нашарлайды.

Қаптау үшін төзімділіктің жоғалуына сәйкес келетін және ауыспалы кернеулері жүктеу сипатына, табақты көлденең қию формасына тәуелді.

 


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кернеу реттегіштері | ТЭП70 жолаушы тепловозы

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 2166; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.016 сек.