Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Кернеу реттегіштері

 

Кернеу реттегіштері қосалқы генератордың (стартер-генератор) мөлшерін барлық жұмыс диапазонында дизельдің айналу жиілігін өзгертуде, сондай-ақ қосалқы генератордың (стартер-генератор) тогының жүктемесі аз мәннен көп мәнге дейін өзгергенде ұстап тұрады. Реттегіштер әсер ету ұстанымы бойынша діріл типті аппараттар (ЧМЭ3 типті тепловоздар), түйіспесіз (тиристорлы немесе транзисторлы), дискретті элементте орындалған , басқарудың микропроцессорлы жүйесінің құрамдас бөлігі және реттеу болуы мүмкін, қосалқы генератордың ( стартер-генератордың) кернеуін реттеу бағдарламалы әдіспен жүзеге асырылады. Әсер ету ұстанымы бойынша тұрақты кернеуді ұстап тұрады, қосалқы генератордың қоздырғыш орамындағы тізбектің қажетті мөлшердегі тогы реттегішпен қойылады.

Кернеудің түйіспесіз реттегіші БРН-3В (4.20 сурет) 2ТЭ10М, ТЭМ2 тепловоздарына орнатылады. Ол қосалқы генератордың кернеуін 75±1В шегіне дейін ұстап тұруға қызмет етеді. Блокты конструкцияның кернеу реттегіші желдеткіш саңылаулы металл қаптамамен жабылған. Саңылау арқылы реттегіш қаптамасында кернеу потенциометрмен түзетіледі. Бір тақтайшаға күш элементтері: тиристорлар, конденсаттар, диодтар, дросселдер орналасқан. Басқа тақтайшаға өлшеу органының элементтері (баспа тақшасында): транзистор, стабилитрон, кедергілер, конденсаторлар, диодтар орналасқан. Негізінде кедергілер, өту жалғамалары, екі тақтайша реттегіштің қалған элементтерімен жалғанатын, өз арасында жалғамалармен, реттегіш тепловоздың тізбегімен жалғанады.

Функциональды қызметі бойынша реттегіште шартты түрде өлшегіш және реттегіш органдарды бөлуге болады. Өлшегіш орган қосалқы генератордың кернеуі жоғарыда көрсетілген мөлшерден ауытқымау үшін қолданылады. Реттегіш орган қосалқы генератордың қоздырғыш орамындағы токтың өту ұзақтығын реттеу үшін кернеудің мөлшеріне тәуелділігіне арналған.

Дизель іске қосылғаннан кейін қосалқы генератордың кернеуі қоздырғыш тогының орташа мәнінің өзгеруімен реттеледі, Т1 тиристорының іске қосылған уақытына тербелістер процессі кезеңі ішінде тәуелді болатын. Қосалқы генератордың айналу жиілігінің азаюымен Т2 тиристорының іске қосылу жағдайы көбейеді, жоғарылағанда айналу жиілігі төмендейді.

Кернеудің тиристорлы реттегіші РНТ-6 2ТЭ116 тепловоздарына қойылған және стартер-генератордың кернеуін берілген мөлшерде ұстау үшін генератор режимінде оның айналу жиілігі мен жүктемесінің өзгерген кезінде пайдалануға арналған. РНТ-6 реттегішінің ұстаным сызбасы БРН-3В сызбасымен ұқсас, бірақ қосалқы генератордың қоздырғышының орамына әсер ету орнына мұнда стартер-генератордың қоздырғыш орамдары әсерге ұшырайды.

Функциональды қызметі бойынша реттегіш өлшегіш және реттегіш органдар болып бөлінеді. Өлшегіш органда реттелген кернеуді эталонмен салыстыру өтеді. Реттегіш орган тиристорлардан, коммутирлі конденсатордан және балласты кедергіден тұрады.

Реттегіш орган өлшегіш органнан түсетін белгіні импульстар сериясына түрлендіреді, толтыру коэффициенті бұл белгінің мәніне пропорционал болады.

Осы себептен, стартер-генератордың орнатылған кернеуінде тиристорлардағы кішкентай діріл тербеліс жиілігімен орнықты автотербелістер режимі орнығады, стартер-генератордың қоздыру тізбектеріндегі параметрлер мен кернеу реттегішін анықтайтын. Стартергенератордың қоздырғышындағы токтың орташа мәні тиристордың жабылуы мен ашылу жағдайының ұзақтығына байланысты. Тиристор қанша уақыт ашық болса, қоздырғыштың тогы сонша үлкен.Стартер-генератордың айналу жиілігі көбеюімен тиристордың ашылу ұзақтығы азаяды, қоздырғыш тогының орташа мәні де азаяды.

 

4.9. Электрлік тартым берілісін реттеудің ұстанымы

және оны дизель жұмысымен келісімдеу

 

Тепловоздардың электрлік тартым берілісін реттеу жүйесін

екі белгісі бойынша бөлуге болады:

1) элементтік базасы бойынша: электрмашиналы, аппаратты.

ТЭМ2 және ЧМЭ3 типті тепловоздарда негізі арнаулы конструкцияның қоздырғышы болып табылатын, электрлік тартым берілісін реттеудің электрмашиналы жүйесі қолданылады. 2ТЭ116, 2ТЭ10, М62, ТЭП70, ТЭМ7 тепловоздарында жалпы пайдалануға болатын, арнайы орындалатын жеке тораптар мен аппараттан салынған жүйе, реттеудің аппараттық жүйесі қолданылады. Соңғы уақытта тепловоздар реттеудің электронды және микропроцессорлы жүйесімен жабдықталады. Микропроцессорлы жүйенің аппараттық жүйенің автоматты реттеуінен айырмашылығы сонда, реттеу алгоритмі бағдарламамен орындалады.

2) әсер ету ұстанымы бойынша: ажыратылған жүйелер және

кері байланыс жүйелері.

Тепловоздарда электр берілісін реттеудің ажыратылған жүйесі қолданылмайды, апаттық режимде электр берілісінің реттеу жүйесін тепловоздардың жіберілген үлесінде ажыратылған деп есептеуге болады. Реттеудің электрмашиналы жүйесі ауытқудың әсері бойынша кері байланыстың жүйесі болып табылады, аталған жағдайда генератор тартымы тогының жүктемесі бойынша. Дизельдің мүмкіндіктерін және тартымдық электр-жабдықтарын толық қолдану үшін, тепловозды басқаруды жеңілдету үшінбарлық қазіргі заманғы тепловоздарда тек жабық реттеу жүйесі қолданылады.

Электрлік тартым берілісінің жабық реттеу жүйесінің салыну ұстанымын толық қарастырамыз, тартым генераторының қуатын дизельдің еркін қуатымен толық келісімдеу қажет болғанда (дизель-генератордың біріктірілген реттеуі деп аталатын). Сонда дизельдің тиімді жүктемесі қамтамасыз етіледі, тепловоз экономикалық режимде жұмыс істейді, дизельдің ресурсы артады.

Дизель-генератордың біріктірілген реттеу ұстанымын жалпы жағдайда келесі түрде елестетуге болады.

4.21 сурет. Дизельдің жүктеме сипаттамасы:

һр.з – жоғары қысымды отын насосының рейкаларының берілген жағдайы

(CD желісі); Nдиз- дизельдің қуаты(АВ желісі); пдиз-дизельдің иінді білігі-

нің айналу жиілігі

 

1. Машинист контроллерімен (МК) дизельдің иінді білігінің

айналу жиілігі wдиз электрмагнитпен, электрпневматикалық вентильмен, сервоэлектрқозғалтқышпен бүкілрежимдік серіппенің (БС) ұзаққа созылуының өзгеруімен беріледі.

2. Берілген мөлшерді wдиз келісімдеуге сәйкес және айналу

жилігінің өлшенген мәні wос (айналған жүктерімен) дизельдің иінді білігінің айналу жилігінің реттегіші (АЖР) көбейеді және рейкалы механизмге отынның берілуін азайтады һр , дизельдің айналу мезетін өзгертеді Мдиз.

Дизельдің жұмысын аса экономикалық режимде қамтамасыз ету үшін оның жүктеме сипаттамасын белгілі зонада ұстау қажет.4.21. суретте дизельдің жүктеме сипаттамасы және оған жеткізілген отын шығынына тәуелділігі көрсетілген.

Сонымен, дизель жұмысын экономикалық зонада сақтау үшін дизель жүктемесінің АВ (4.21. сурет) желісіне сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін немесе осындай жоғары қысымды отын насосы рейкаларының берілген жағдайына Һрз дизельдің иінді білігінің айналу жиілігіне тәуелділігін пдиз қамтамасыз етеді. Дизельдің кедергісі сәтінде дизельдің өзінде бірінші екі құрамдық жасалған және оның жұмысының қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін және тепловоздың басқа көмекші жабдықтарының жұмысын қаматамасыз етуге қажетті. Бұл қосымша жүктемеге шығындар, дизельдің салқындауын қаматамасыз ететін, подшивник бөлшектердің қажалуына кеткен шығындарды, электр машиналарын желдету шығындары, тежегіш компрессордың жетегіне және т.б.кеткен шығындар. Осыдан дизельдің жұмыс нүктесін ұстаудың бір әдісі тиімді жүктеме сипаттамасында генератордың қуатын реттеу болып табылады. (кедергі сәті)

Біріктірілген реттеудің штаттық сызбасында (4.22. сурет) екі элементті бөлуге болады: селективті қуаттың берілген блогы (селективті торап СТ), тоқ анықтағыштары және кернеу Дт және Дн, көптік қондырғы Қ, тахометрикалық блок ТБ және басқа тораптар, 4.22. суретінде көрсетілмеген; коррекция блогы қосылу тораптарынан тұратын, индуктивті анықтағыш ИА, дизельдің реттегішіне қондырғы түрінде қойылған.

Біріншіден, жүйе тепе-теңдікте орналасқан, яғни Мдиз = Мкед . Дизельдің кедергісінің арту сәтінде (мысалы, тежегіш комрессорының жетегінің қосылған кезінде) дизель білігінің айналу жилігі азаяды. Реттегіштің айналу жиілігі РАЖ кірісінде көрсетілмегендіктен, оны жиілігін төмендетуге мәжбүр етеді. Бұл жоғарғы қысымды отын насосының Һр рейкасында ғана жүзеге асады. Сол себептен, дизельдің айналу сәтін көбейте отырып, отынның берілуі өседі.

Бірақ отынның берілуінің көбеюі һр және осыған сәйкес дизельдің сәті рейканың берілген жағдайына һр.з. сәйкес емес, тиімді жүктеме сипаттамсының жағдайынан таңдалып алынған. Бұл сәйкессіздіктің пайда болуын индуктивті анықтағыштың сервоматорының кірісінде (СМ ИА) оның порщенінің жылжуына мәжбүр етеді және осыған сәйкес индуктивті анықтағыштың өзегін белгні төмендеу жағына ығыстырады. Uид. Бұл белгі, тартым генераторы қуатының жалпы тапсырма белгісінің құрамына кіріп,тартым генераторының қуатын азайтады.

4.22. сурет Дизель генератордың бірккен реттегіш жүйесінің

жеңілдетілген структуралы сызбасы:

МК – машинист контроллері; МР1-МР4 – дизельдің электрмагнитті реттегіші; БС –бүкіл режімді серіппе; АЖР – айналу жиілігінің реттегіші; ҮЭ - корректордың үрлегіші бойынша желілі емес элементі; ГК - үрлегіш бойынша гидрокүшейткіш корректоры; БМ – беріліс механизмі; Диз – дизель; ЖЭ3 –қуаттың біріккен ретегішінің желілі емес элементі; ИА СМ - Индуктивті анықтағыштың сервомоторы; Қ –қоздырғыш; Г-генератор; СТ- селективті торап; Ат, Ак- тартым генераторының анықтағыш тогы мен кернеуі; Мдиз- дизельдің моменті; Мкед- кедергі моменті; Мconst – тұрақты жүктемелер; Мvar – айнымалы жүктемелер; Мген – генератор моменті; Iгос,Uгос, Pгос –Генера тор қуаты мен кернеуінің тоқ бойынша кері байланыс белгілері; Қ – көпттік қондырғы; ☻- реттегіш параметрі; ТБ- тахометриялық блок; Рк – ауа қысымы; БЖА- иінді біліктің айналу жилігінің анықтағышы; Іг –генератор тогы; Uг –генератор кернеуі; Һр.3-рейканың берілген жағдайы; Һр – рейканың жалпы жағдайы; Δһ – рейканың берілген жағдайдан ауытқуы; Uи.а-индуктивті анықтағыштың белгісі; Wд – иінді біліктің берілген айналу жиілігі; Wдиз - иінді біліктің айналу жиілігі; ☻Wо.с.- иінді біліктің айналу жиілігі бойыншакері байланысы; 1- салыстыру торабы; 2- қосынды; 1/ІР – дизельдің айналатын массасының инерциясының есептеу коэффиценті; 3- үрлегіш бойнша отынның беріліс корректоры; 4- көбейткіш;

4.23. сурет. Үрлегіш бойынша корректорды шектеу сипаттамасы:

Һр.огр – отынның берілісін шектеу; Рк-үрлегіш қысымы; І- отын берілісі бойынша шектелген сипаттама; 2- генератор қуаты бойынша шектелген сипаттама.

 

Тартым генераторының кедергі моменті біріккен реттеу жүйесінде тепе-теңдік барлық арна бойынша орнатылмағанға дейін төмендейді, яғни Wдиз= Wо.с.және Һр.3 = Һр. Осылай кедергі моментінің азаю кезеңі жүреді. Индуктивті анықтағыштың әсер ету зонасы былай таңдалады, тартым генераторының қуаты өзгеруіне сәйкес қосымша және басқа жүктеменің тербелістерінің барлық мөлшерін жабуға болады. 7РС2 реттегішінде түтінді азайту үшін отынның беріліс корректоры дизель ресиверелерінде үрлегіш ауаның қысымы бойынша орнатылады. 4.22.суретінде бұл гидро күшейткіш ГК желілік емес шығыста және сәйкес байланыстарымен көрсетілген. Дизельдің ресиверінен қысым бойынша ауа дизель ретегішіне мембранаға беріледі. Осыдан кейін мембрананың қозғалысы гидрокүшейткішпен ГК күшейеді.

4.23. суретінде шектеудің сипаттамасы үрлегіштің қысымына тәуелділігіне көрсетілген. Осымен жұмыс нүктесінің сипаттамаға түсуі тартым генраторы қуатының мәжбүрленген селективтікке төмендеуіне дейін әкеледі. (индуктивті анықтағыш минимумға қойылады) Осы сипттамаға сәйкес, сипаттамаға келуі физикалық түрде отынның берілісінің мөлшерін шектейді.

Сонымен, дизель генераторының біріктірілген реттегішінің штаттық сызбасында орындалады: отын насосының рейкаларының берілген жағдайды ұстауы дизель жүктемесінің тиімді сипаттмасына сәйкес; отынның берілуін үрленетін ауаның қысымына тәуелділігіне қарай шектеу.

Осылай реттеудің кемшіліктері:

1) – реттеу мен бағытаудың үлкен саны (☻ суретінде осы белгі көрсетілген.

2) – геометриялық мөлшерінің өзгеруіне қарай реттеудің пайдаланылған орнықсыздығы, жұмыс сұйығының сапасымен саны; реттеудің өзара тәуелділігі; гидровикалық жүйе арналарының бітелуі;

3) – күйге келтірудің пайдаланғандағы қиындығы, қызмет көрсететін жоғары біліктілікті талап ететін;

4) – бағыттау арнасының бұзылуы үрлегіш бойынша отынның берілісін шектеу тепловоздардың толық істен шығуына әкеледі немесе оның жұмыс сапасының төмендеуі;

5) - реттеу жүйесінің негізінде дизельдің еркін қуатын кез келген

режимде толық пайдалану ұстанымы керек, яғни жүйе өте тез әсер ететін, осылай сыртқы жүктеменің өзгеруінде іске қосылады. Кейде мысалы кертайғы кезінде бұл қасиеті тура зиян әкеледі, кез-келген кертайғы тасқындалуға өтеді. Сондықтан осы құбылыстан қорғану үшін қосымша шара қолдану талап етіледі (қатты динамикалық сипаттама, теңестіргіштер, кернеудің динамикалық реттегіші және т.б.),бірақ бұл күрес енді себеппен емес, із қалдырумен болады.

 

4.10. Тепловоздардағы микропроцессорлы жүйелер

 

Тепловоз жүйесінің автоматты реттегішінде ақпаратты өңдеуге аналогты тәсіл қолданылады. Соныдықтан мөлшердің айнымалы мәнінің арасында өндеуде қолданылатын желілік және желілік емес тәуелділіктің байланысы жүзеге асады, бұл операциялар жұйенің барлық элементтерімен үздіксіз және қатар қосыла жүреді.

Микропроцессорлы техниканың реттегіш жүйесінің салынуында қолданылуы ақпаратты өңдеудің сандық әдісін қолдануды жетілдіреді, барлық физикалық мөлшерлер реттегіш процессіне қатысатын санды форматқа түрленеді, ал үздіксіз және қатар қосылатын процесс осы және басқа мөлшерді көбейтуді үздіксіз операцияларды уақыт кезінде үзбей орындалатын мөлшермен ауыстырады.

Автоматты реттегіштің микропоцессорлы жүйесі (АРМЖ) өзіне үш негізгі құрамдық бөлікті (жүйе астында: есептегіш бөлік интерфейсті бөлік және электр қоректенгіштік жүйенің асты).Автоматты реттегіштің микропроцессорлы жүйесінің апараты анықтағыштардан және бұйрық беретін қондырғының ақпараттарын шығаруды іске асырады. Осы ақпараттың берілген тізбегімен логикалық өңдеу және алынған нәтиженің орндаушы қондырғыға шығауына негіз болады. Әрбір қысқа қондырғымен шешілетін тапсырмалар оның жұмысының алгоритмін анықтайды, яғни әсер етудің ретке келтірілген тізбегімен операцияның соңғы санына дейін белгілі нәтиженің алынуына әкеледі. Операцияның орындалу тізбегі (жұмыс бағдарламасы) бағдарламалық және аппараттық ортаның арасындағы байланыстың: электрондық және электромеханикалық элементтерімен жүйенің құрамына кіретін электрлік сызбаның структурасына салынады. Микропроцессорлы автоматты жүйенің практикада жасалуы олардың арнайы модуль түрінде мақсатты орындалуын, функция мен алгоритмдердің, тапсырманың берілген рамкасында бірден айқындайтын түрде болады. Берілген жағдайда модулдің асты деп констуктивті аяқталған қондырғы аталады, берілген класс тапсырмаларын көбейтілген және басқарылған тапсырмаларын өзінше шешетін немесе басқа модульдармен бірге шешеді. Осы саптық жүйенің мінездемелік айырмашылығы олардың шешетін тапсырмаларына қарамастан электор сызбасы және функциональды модуль жиынтығы тұрақты болып қалуы мүмкін. Айырмашылығы берілген алгоритмдерді басқаруды жүзеге асырады.

Барлық тепловоздарда жасалған тепловоздарды автоматтандырудың бірыңғайланған жүйесін, автоматты ретегтіштің микропроцессорлы жүйесінде тамаша мысал болатынын қарастырайық. Конструктивті жүйе РВ анықтағыштардың модульді конструкциясы орындалған, саны жүйенің орындау нұсқасына және жалғама сымдарға тәуелді болатын реттеу блогы түрінде орындалған.Жүйенің көбейту бөлігі басқару компьютері орналасқан процессорлы модулімен берілген. Ол сандық ақпаратты өңдеу үшін реттегіш объектінің жағдайы туралы және қажетті басқару әсерлерінің объектыда анықталуына арналған. Жүйенің интэрфейсті бөлігіне анолгты белгі ортасының келуін, дискретті үзілмейтін белгінің, белгінің жилігін, дискрейтті басқару белгілерінің ортасының шығуы мен анолгты белгілерді басқару ортасының шығуы кіреді. Ол бес модулмен берілген: аналогтты – санды түрлендіргіш модуімен АСТ, дискрейтті белгілердің кіру модульімен шығару кілтерінің модулімен енді импульсті модуляторды басқару модулімен және күш кілттерінің модулімен көбейту бөлігі жүйесінің реттегіш объектімен байланысын қамтамасыз етуге арналған. Интерфейсті бөлік жүйесіне, тепловоздың дизельдік генераторының қондырғысы жұмысының режимін сипатайтын бірінші түрлендіргіштердің аналогты белгілерінің анықтағышы жатады.

Интерфейсті бөлік негізгі міндеттерді атқарады: ажыратылған белгілердің голбаникалық аналогты көбейту бөлігіне кіру, реттегіш объектінің жағыдайын сипаттайтын параметрлердің мәні (мысалы мынандай, тоқ, генератор кернеуі дизельдің жоғары қысым отын насосының рейкаларының шығуы және т.б.) Жилік белгілердің көбейту бөлігіне енуі, реттегіш объектісінде қалайда бір процесстің қайталану жилігін сипаттайтын (мысалы дизельдің иінді білігінің айналу жилігі) шешілген голбаникалық белгілердің көбейту дискретті көбейту бөлігіне енуі.(релелі) және қосылу немесе кезкелген қондырғымен апараттың қосылмауы фактысы үшін қолданылатын көбейту қондырғысынан берілістің голбаникалық шешілген аналогты басқару белгіленген объектсына реттеу, ақырын (үздіксіз) басқару объектісі үшін қолданылатын (мысалы, генератордың қоздырғыш тогын реттеу үшін көбейту апаратынан берілістің дискретті (релелі) басқару белгілерін реттеу объектсына, кез-келген апаратты немесе механизмді қосу мен ажыратуға пайдаланылатын (контактор мен реленің қосылуы мен ажыратылуы) Жоғары вольтті және төмен вольтты тізбектердің голбаникалы ажыратылуы кернеудің соңғы қалдықтарымен зақымдануын жоюға арналған, әрқашан тізбектерде болатын, индуктивті жүктеменің жіберетін (реле ораушы, контакторлар мен электро пнимматикалық тректер) Бұл шешім көбейту қондырғысының сенімді жұмысының қажетті шарты болып табылады.

Жоғары волтті аналогтты электор белгілерімен жұмыс істегенде (мысалы тепловоздың тартым генераторының кернеу мен тогы) оның голбаникалық байланысы сондай-ақ (деңгейдің төмендеуіне пропорционал) белгінің бірінші масштабтау қажет кезінде арнайы қондырғыларда анықтағыштарда жүзеге асырылады электрлық емес шамаларда өлшеу кезінде (мысалы дизельдің жоғары қысымды отын насосының рейкалырының шығуы, ауаның қысымы және басқалар) анықтағыштар белгінің табиғи физикалық табиғилығын түрлендіреді (мысалы рейкалардың орын ауыстырылуы электр кернеуінде масштабтты коэфицентпен интерфейсті бөліктің кірісіне сәйкес түрленеді.

Электр қоректенгіштердің жүйесі барлық құрамды бөліктердің жұмысына қажет болуы үшін кернеуді қалыптастыруға арналған. Жұмыс логикасы, яғни оның реттегіш объектімен өзара әсер ету тәртібі, толығымен көбейтудің басқару бағдарламалы жүйесінің бөлігімен анықталады. Басқарушы бағдарлама циклмен ашылмайтын, операцияны үздіксіз тізбекпен орындайтын көбейту жүйесі бөлігінің микропроцессорлы жүйенің реттегіш өзара әсер ету белгілі тәртібін реттегіш объектімен қамтамасыз етеді. Әсер ету тәртібі басқарушы бағдарламамен жүзеге асатын, жүйе жұмысының алгоритмі деп аталады. Реттегіш блок тепловоз сызбасынан оған түсетін кіріс белгілерін өңдейді және басқару бағдарламасына сәйкес басқару әрекетіне белгі береді. Аралық процессордың модулі бір кристалды микроконтроллердің базасына салынған және бағдарламаны басқарудың ұстанымы негізінде ақпаратты логикалық және арифметикалық өңдеуге арналған.

Микропроцессордың (микроконтроллердің) негізгі мінездемесіне:

сөздің ұзындығы (бір код комбинациясының бит саны), сан және ішкі регистрдың ұйымдастыру сызбасына; ақпараттың кіруі мен шығуы үшін айлақтар санын; бұйрықтар жиынтығы; тез әрекет жасау (операциялар саны). Көрсетілген сипаттамалар неғұрлым жоғары болса, соғұрлым микропроцессордың мүмкіндігі үлкен.

Микропроцессорлы автоматық жүйенің үйлесімді жұмысы- бұл берілген операцияларды орындау үшін оның барлық бөліктерінің дәл уақытша келісілген жұмысы. Уақыттың аз бөлігінде, микроконтроллердің белгі тактісінің жүйесі кезеңінде орнатылған, бір микрооперацияның орындалу уақытына сәйкес келеді, машинаның тез әрекет жасауының аса үлкен мүмкіндігін анықтайтын ақпаратты элементарлы қатынасы бойынша түрлендіру жүзеге асады. Жүйелік такт белгілері микропроцессорлы жүйенің барлық құрылғысына осы және басқа түрде түседі.

Үйлесімдеу жүйесінің қысқаша орналасуы автоматты реттегіштің

микропроцессорлы жүйесінің элементті базасы мен жеке қондырғысының бөліктеріне өте байланысты. Бұл жүйеде үйлесімділік тура бұрышты такт импульстарының модуляциясының 10м ГЦ жиілігімен жүзеге асады.

Микропроцессорлы автоматық жүйеде сыртқы қондырғының әр түрлі мәліметтерін ауыстыру ортасы қажетті. Периферлі жабдықтың сипаттамасы мен қысқаша қолданылу шартына тәуелділігіне қарай мәліметтер қатар және тізбекті түрде беріледі, кіріс-шығыс функцияларының ұқсастығы периферлі бейімдеуіштің интегралды микросызбаның дайын жоспарына мүмкіндік жасады, оның ішіне бағдарламалы иілетін аспаптар, тек ғана ақпаратты кіргізіп-шығаруға арналған. Бұл көпшілік жағдайларда микропроцессорлы жүйеде (кезекпен немесе бір уақытта жұмыс істейтін), стандартты емес сыртқы қондырғылардың аздаған санын қосуды қалайды. Көп зарядты контроллер қатар қосылған екі бағытты желілік ауыстырудың басқару сөзінің өзгеруімен сыртқы қондырғының әр түрлі бір уақытта қиысуына әзір болады. Кіріс-шығыс функцияларының қарастырылған автоматты жүйесінде КМ1821РУ55 типті қатар қосылған ауыстыру бағдарламалы конроллер орындайды. Олардың әрбіреуі сегіз сиректетілген айлақты деректерді ауыстыруды үш бойынша орнықтырады, бірге немесе бөлек бірнеше ретпен жұмыс істейтін. Бейімдеуіштің жұмыс режимі басқару сөзінің кодымен анықталады, микропроцессормен контроллерді басқару регистріне жүктелген.

Ақпараттың берілуі реттегіш блогынан жойылған объектілерге (15м дейін арнайы өңдеусіз) және кері тізбекті кодпен жүзеге асырылады, қатар қосылған код комбинацияларында түрленгішпен алынған тізбекті арнайы буферлі сызбамен немесе ішкі микроЭВМ (мысалы, тізбекті порт RS-232) алады. Интерфейс RS-232 қолдану үшін қажетті шарттар: компьютерден ақпаратты ауыстырудың ауыстыру объектісін салыстырмалы өшіру жалпы контурды жерлендіру кезінде мәліметтерді ауыстыру жылдамдығының салыстырмалы жоғары емес (максималды мүмкін қашықтық берілген стандартты тізбекті айлақта 115 200бит/с) стандартты интерфейстің қолданылуы басқару құрылғысын қосу үшін сыртқы жалғанудың таңдау процесін қысқартады және жұмыс тиімділігін жоғарылатады, ары қарай импульстардың түрленген сериясы екісымды байланыс желісіне түседі. МикроЭВМ – да кодттың салынуының басы мен соңында тану жүзеге асырылады, битердің қабылдау беріліс үйлесімдігі, тізбекті код комбинацияларының қатар қосылып түрленуі, қателердің көп болуын төмендетуі және операцияны орындауға дайындығы туралы хабарлауы.

Тізбекті айлақтың мәліметтерін қабылдау - беру үшін қарапайым жағдайда ешқандай қосымша құрылғы талап етілмейді, белгі деңгейінің кіріс шектеуінен басқа. Осы сызба магистрал ұзындығы бойынша белгілердің өшуі және жоғалуына байланысты істен шығуы мүмкін. Аса таралған шешім арнайы микросызба деңгейі түрлендіргішін пайдалану болып табылады. Ол ақпаратты беруге және қабылдауға дайын жағдайда, оның дайындығының бағдарламалы сауалнамасын ұйымдастыру қажет болмағанда, әрбір периферлі құрылғы процессорға белгіні беруі мүмкін.

Осы белгі үзілу INT деп аталады. Осы белгіні алып, процессор негізгі бағдарламаның орындалуын тоқтатады, бағдарламаның үзілуін өңдеуді орындауға өтеді.

Үзілуде берілген кейбір белгі, көбейткіш құрылғыны жүріп жатқан бағдарламаны тоқтатуға мәжбүр ететін және басқасына қосатын, аса маңызды және шұғыл бағдарламаны, бағдарламада үзілуге қызмет ететін белгі деп қабылдау керек. Көбейткіш құрылғының үзілуге негізгі дұрыс шарты бұрынғы бағдарламадан ауытқу болмаған сияқты болып табылады. Үзілу еркін уақыт мезетінде қайта шығуы мүмкін. Ізінше, үн қата отырып, көбейткіш құрылғы уақытша бағдарламадағы орынды есте сақтауы тиіс. Үзілудің қызмет көрсетуі аяқталғанда, есте қалған мәндер қайта орнына түседі және бағдарлама үзілген кезеңінен бастап орындалады.

Кез келген автоматты жүйеге негізгі талап басқарудың үзілмеуі болып табылады, яғни режимді қалпына келтіру, басқару құрылғысы басқару объектісінің жұмыс режимін бақылайтын жағдайда емес. Мұндай бағдарламаны орындауды тоқтату кезінде мүмкін болады немесе оның орын-

далуы бөгеттер мен сыртқы әсерлерден жаңылысуынан болады.

Сыртқы құрылғыдан түсетін шыққан ақпарат, тек дискретті ғана емес, аналогты түрде тұрақты ток кернеуінің бірнеше диапазонына түсуі мүмкін.

Тұрақты токтың процесті жинауы және белгілерді өңдеуі бірнеше кезеңнен тұрады, белгілерді келісімдеуден бастап және оларды санды кодқа түрлендіруге дейін. Тұрақты токтың белгілерді өңдеу операциясы реттегіштің берілген сапасының талаптарын қамтамасыз етумен анықталады.

Тұрақты токтың кернеу түріндегі кіріс белгілері модульдің кірісіне түседі. Талап етілген реттеу сапасын қамтамасыз ету кіру белгілерінің сапасымен тығыз байланысты, бөгеттер әсер еткен жағдайда

RC- сүзгіштермен алдын алу сүзгішінен өтеді, атқаратын қызметі- кірістегі

бөгеттерді басу. Сондықтан анықтағыштың пайдалы белгісінде бөгет белгісінде жиіліктің әр түрлі диапазондары ұсынылады.

Жиіліктің диапазоны, пайдалы белгі сүзгіш арқылы өтетін, өткізу жолақтары деп атайды, ал бөгет белгілерін басу – басу жолақтары деп аталады. Сүзгіштен өткізілген кіріс белгілері интегральды коммутаторлардың

сәйкес келетін кірістеріне қосылады және ары қарай аналогсанды онсирек-

теткіш түрлендіргіштің микросхемасына қосылады АСТ.Алтысиректетілген

шығу кодының комбинациясы процессор мәліметтерінің шинасына қосылады.

Енді-импульсты модулятордың жұмысын басқаруда уақытша

белгілерді құрастыру үшін екі бағдарламалы таймер қызмет етеді.

Дискретті белгілердің кіріс модулы дискретті белгілердің 16 біркелкі арнасын іске қосады және локомотивтің электр сызбасынан салыстырмалы қоректендірудің жоғары кернеуімен және көбейткіш бөліктің микропроцессорлы жүйесінің 5В кернеуімен белгінің берілуін қамтамасыз

етуге арналған. Белгілерді келісімдеу үшін гальваникалық ажыратудың

(тізбектерді бөлу) , яғни жоғарывольтті және төменгівольтты тізбектердің

арасында тізбекті емес түйіспелердің жойылуы.

Дискретті белгілердің кері модулының тапсырмасын шығыс кілттерінің алтыарналы модулы орындайды: басқару белгілерін беруді локомотивтің электр сызбасында электр аппараттарын іске қосуды жүзеге асырады.

Электр аппараттарының орауыштарын минусты шина бойынша біріктіру қажет, плюсті шинаның коммутациясы бойынша реттегіш блоктың

шығару кілттері арқылы өтеді, жалғамаларға жалғанған.

Атқарушы электраппараттармен бағдарламалы басқару (шығару кілттерін қосу / ажырату) әрбір 0,1 с өтеді.

Енді-импульсты модулятордың басқару кілттерінің модулы күш транзисторларының басқару белгілерін құрастыру үшін қызмет етеді, үйлесімді қоздырғыштың қоздыру орамындағы токты реттеуді жүзеге асыратын және стартер-генератордың ( тепловоздар үшін айнымалы-тұрақты

токтың берілісімен) немесе қоздырғыштың және көмекші генератордың (тепловоздар үшін тұрақты токтың берілісімен) екі өте біртекті сызбасымен мазмұндалады.

Тартымдық электрберілісі және көмекші генератордың кернеуі (стартер-генератордың) екіарналы енді-импульсты модулятормен ЕИМ реттеледі, көмекші генератордың (стартер-генератордың) тартым генераторының қоздырғышының қоздыру орамындағы осы тізбектер бойынша өтетін токтың әсер ету мәнін өзгертеді. Екі арна да тізбекті басқару бойынша бір-бірінен және сыртқы тізбектің реттегіш блогынан бөлінген. Электр машиналарының қоздырғыш орамдарын минус шиналар бойынша біріктіру керек.

Электр машиналарының қоздырғыш орамындағы ток енді-импульсты модуляцияның ЕИМ жүргізілген кернеуімен реттеледі. Импульсты жүйеліліктің жиілігі 100Гц құрайды және бағдарламалы түрде беріледі. ЕИМ– белгілері АЦП модулында құралады. АЦП модулынан бұл белгілер ЕИМ басқару модуліне түседі және түрлендіргіштен кейін ЕИМ кілттер модулына түседі. Микроконтроллер орташа токты өзгерте отырып, қоздырғыш орамы арқылы өтетін импульстар енін басқарады.

Микропроцессорлы жүйені басқару жұмысын басқару жүйесінің мысалында қарастырайық және 2ТЭ116 тепловозын реттеуді ,үздіксіз циклды орындауға операциялар жүйелілігі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйелілік жүйенің көбейткіш бөлігінің басқару бағдарламасымен қойылады, оның орталық процессорының тұрақты есте сақтайтын құрылғысына (ТЕҚ) жазылған, модульдің тақшасында МТ орналасқан. Алгоритм жұмысының жүйе сызбасының фрагменті берілген. Тартым генераторының реттеу жүйесі тапсырмаларды шешеді:

1) генератордың гиперболалық ішкі сипаттамасын құрастыру,

қуатты шектеудің меншікті гиперболалық бөлігінен басқа, ток пен кернеуді

шектеудің туражелілік бөлігін де қосады;

2) дизельдің барлық еркін қуатын тартымға пайдалану;

3) ТЭҚ алаңдарының әлсізденуін контакторлармен басқару;

4) кертайғыны жою;

5) ТЭҚ ажыратқан кезде генератор қуатын шектеу.

Тепловоздың дизель-генераторының жұмыс режимі тепловоздың қозғалыс режимімен және машинистің контроллер позициясымен анықталады, салыстырмалы ақырын өзгеретін, генератор тартымының қоздырғыш тогы сияқты, берілген кернеудің мәнін жиі түзетудің қажеті жоқ. Осыған байланысты алгоритмнің барлық қалған операцияларын 10 рет жылдам орындалады, яғни 1 с 10 рет.

2М62, 2ТЭ10, ТЭП70 тепловоздарында және басқаларында УСТА жүйесінің аппарат бөлігінің жүйесінде осылай жұмыс істейді. Негізгі айырмашылығы тартым генераторының ішкі сипаттамасының мөлшерін бағыттаудың өзгерісіне әкеледі, тепловоздың әрбір сериясын пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген.

4.11.Тепловоздардағы диагностика жүйесі

Тепловоздарды пайдалану сенімділігін арттыру жолдарының

бірі болып ернеулі диагностикалық құрылғы болып табылады. Диагностикалық ернеулі жүйе 2ТЭ10, ЧМЭ3, ТЭМ2, 2ТЭ116 типті теловоздарда “ күрделі жөндеудің қызмет ету мерзімін ұзартуда” (КЖМ) деп аталатын жүйе қойылады.

Статистикалық жөндеу деректерінен белгілі болғанындай, тепловоз жабдықтарының кенеттен істен шығуының көпшілік бөлігі механикалық зақымдалумен байланысты (сынуы, жарықшақтануы, айырылуы және т.б.). Бірақ ернеулі диагностикалық жүйе тапсырмаларының алдында осындай кенеттен істен шығуды тануы мақсатты емес, біріншіден олардың аяқ астынан күшіне; екіншіден, тіпті локомотив бригадаларының диагностикаларында істен шығуы белгілі болғанда, ереже бойынша,себептерін анықтау мүмкіндігі жоқ, уақытша шаралардың қолданылуы локомотив қозғалысын поездбен жалғастыру.

Тепловоздарды пайдалануда ақаулы болуы локомотив

жабдықтарының келесі кенеттен істен шығуы мүмкін болады: температура режимінің бақыланбай бұзылуы, әр түрлі жабдықтардың құрылым сапасының төмендеуі, оның ішінде отын шығындарының өсуі тартым жұмыстарының дизель бірлігімен жүргізілуі. Тепловоз жабдықтарының кенеттен істен шығу саның (бірінші кезекте бұл дизельге қатысты) ернеулі диагностикалық жүйенің бұл жабдықтың жұмысын жетуге болатын қосымша көрсеткіштерін үнемі бақылаумен азайтуға болады.

Істен шығу себептері электржабдықтары элементтерінің және локомотивтің басқа жабдықтарының (мақсаттылықтың бұзылуы және электр

тізбектерінің сапасы, релелі-түйіспелі аппараттардың және т.б. зақымдануы)

бұзылуы болуы мүмкін.Осындай істен шығудың салдары осы және басқа дәрежеде локомотив бигадалары орната алуы мүмкін бірақ жабдықтардың қалыпты жұмысының бұзылу себептері толық табылмай,яғни оларды іздеу үшін бақылаудың арнайы алгоритимі қажет(тексеру).

Локомотив бригадалары іздестіру жолдарында тепловоз жабдықтарының ақауымен, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулармен бетбе-бет келуі мүмкін. Осындай жағдайларда оған қауіп қатердің жақындауы туралы білу манызды, өйткені мүмкіндігінше ақаулықтың тез күшейюін және поезд қозғалысын мезгілінен тыс тоқтату мүмкін болады. Доңғалақты маторлы блоктарда үйкелістерді тораптардың диогностикасында, техникалық жағдайы қозғалыс қауіпсіздігімен анықталатын, деполарда арнайы құралдармен мақсатты жүргізілетін локомотив қозғалысы кезінде.

Энергетикалық тиімділікті графиктік және қаіпсіз маршрут бойынша жүріп өтуін анықтауға болады.

Ернеулі диагностика локомотив бригадаларының еңбек шартын жақсартады локомотив жабдықтарының жұмысында негізгі көрсеткіштерін бақылауда локомотив қозғалыс уақытында тепловоздың апат жағдайының мүмкін бағаларын құрылғыларда, бақылауда солай аталатын негізгі кезекші көрсеткіш жұмысының оның жабдықтарының, кенейтілген деректердің мәндерін бақылау, машинистің кабинасынан тыс аспаптардың штаты бойынша бағаланатын.

Ернеулі құрылғыны бағалауға және анықтауға болады: дизельдің отын жүйесімен май сүзгіш агрегатының ластану дәрежесі; шатунды, түпкілікті тозудың мөлшерін және дизельдің иінді білігінің сәйкес келетін мойнағы; дизель цилиндрінде жұмыс процесінің жалпы сапасы; турбо компрессордың жалпы жағдайы;дизелдің иінді білігінң айналу жиелігінң реттегішіндегі ақаулықтар; жалпы дизельді-генераторлы қондырғының энергетикалық тиімділігі; түзеткіш қондырғының жағдайы; электр сызбасының жоғарғы вольтті және төменгі вольтті тізбектерінің оқшаулағыш кедергісі; аккумулятор батареяларының қалған сыйымдылығы; тартым двигателі бойынша токты тарату; тартым және қосалқы генераторлардың қоздырғыш жүйесінде және тізбектерінде ақаулықтар; электрқозғалтқыш тізбектерінің ақаулықтары және тежегіш компрессорды басқару; тайғақ подшипниктердің жағдайы; автоматты реттегіш жүйесінде температураның, судың және майдың ақаулықтары, салқындату жүйесінде кенейтілген бактағы судың деңгейі, оның кету жылдамдығы бактын толық толуымен болжам мезетімен; салқындату контурінің гидравликалық сипаттамасы; салқындату контурінің радиаторларының жылу жұтқыш қасиеті; апатты- ескерту белгілерінің іске қосылу себептері.

Бірақ диагностиканың ернеулі жүйесінің мүмкіндіктерін кенейту мен терендету өлшегіш түрлендіргіштердің санының артуына әкеледі, байланыс желісі, коммутация элементтері, яғни жүйенің ұстауына, олардың сенімділігінің төмендеуіне және пайдалану бойынша қатар жүретін шығындардың көбейюіне әкеледі.Бұл үшін 50-ден аса белгілерді анықтау талап етіледі және 80-нен аса электрлік, жылу физикалық пен жабдықтын 4 жиелік мөлшерін өлшеу керек.

Ернеулі диагностикалық қондырғылар негізгі тапсырмаларды шешеді:орынды оперативті іздеу және тепловоз жабдықтарының бақылауын істен шығу себептерінің мүмкіндіктерін анықтау локомотив бригадаларының шараларымен тез жөндеу үшін, сонын ішінде уақытша, тепловоз қозғалысын поездбен қуып жету бойынша тіпті күш қондфырғысының қуатының төмендеуі кезінде; тепловоз жабдығының жалпы техникалық жағдайдың бақыланатын кесек бағасы; ақпараттық базаны дайындау шешім қабылдау үшін локомотивтің тереңдетілген диагностикасының қажеттілігі туралы депо жағдайында стационарлы диагностикалық қондырғымен немесе техникалық диагностиканың арнайы құралдарымен; диагностикалық ақпаратты жинақтау, сақтау және беру стационарлы құралдар диагностикасына қалған ресурстарды болжау үшін; өзарақозғалыстың стационарлы диагностика жүйесіне оның өлшеу станцияларының сапасын бақылайды. Тепловоздардың аппарат құралдарының ернеулі диагностика жүйесінің ішіне жатады: ақпаратты өңдеудің құрылғысы (орталық микропроцессорлы блок); энергияғатәуелсіз есте сақтайтын құрылғы; температура өлшегіш; дисплейлі модуль(әрбір кабинаға бірден); анықтағыштар комплектісі және өлшегіш түрлендіргіштер; бөгетқорғағыш кабельдер жиынтығы. Жеке құрылғылар ақпаратпен тізбекті байланыс арнасымен коректенумен тепловоздың ернеу торынан ауысады (тұрақты токтың 110 және 75 В кернеуімен).

Энергияға тәуелсіз есте сақтайтын құрылғы диагностикалық ақпаратты жазу мен сақтау үшін арналған. Ол алынбалы энергияға тәуелсіз жинақтау мен ернеулі қабылдау-түйіспелі құрылғыдан тұрады. Температура өлшегіш термоэдс түрлендіргіш үшін және жылу кедергісінің санды кодқа айналуына арналған. Дисплейлі модуль диагностикалық ақпараттың алфавитті-санды және графикалық түрде көпқұрамды клавиатурадан қажетті командаларды кіргізу үшін арналған. Қысымның, токтың, кернеудің өлшегіш түрлендіргіштерінің жиынтығы өлшенген физикалық мәнді унифицирланған электр белгісіне 5мА( 5В).

Техникалық жағдайды бағалау әдістерін дамыту қалған ресурстарды болжауға бағытталған. Болжаудың нәтижесі қызмет ететін персоналға жай диагноздан гөрі, аса маңызды ақпараттық жүктемені береді. Тепловоздың техникалық жағдайын болжаусыз жабдықтардың жағдайы бойынша тиімді жөндеу жүйесін құруға болмайды. Жөндеудің осы жүйесінде қазіргі жағдайын бағалау маңызды, ал осы жағдайдың “қоры” жете ме, егер жөндеу қозғалысын жазылған ережемен келесі жөндеуді өткізу мезетіне дейін осындай жөндеу жұмыстарымен жүзеге асырмаса.

2ТЭ10М тепловозының диагностика жүйесін мысал ретінде қарастырамыз, “жөндеу жұмыстарының қызмет ету мерзімін ұзартумен” (ЖҚМ) өтуі кезінде қойылған.

Диагностика жүйесі машинистің дисплейлі модулынан, жинау құрылғысынан, ақпаратты өңдеуден (ЖАӨ), температура өлшегіштен (ТӨ), өлшегіш кернеу мен токтың түрлендіргішінің наборынан, қысымды анықтағыш комплектіден, жылутүрлендіргіш кедергіден, айналу жиілігінің анықтағышынан, желілік жылжытудың анықтағышынан және функцияларды

орындауды қамтамасыз етеді: локомотивтің электр сызбасынан дискретті белгілерді жинау мен өңдеу, бірінші түрлендіргіштер мен анықтағыштардан аналогты кіріс белгілерін жинау мен өңдеу, анықтағыштардан кіру белгілерін жинау мен өңдеу, температура анықтағыштарынан диагностикалық ақпаратты қабылдау мен өңдеу, диагностика алгоритмін орындау, машинистің дисплей пультіне диагностика нәтижесін беру.

Машинист пультіндегі дисплейлі модуль (ДМ) түрлі түсті дисплейлі тақтайшадан және біртақшалы микроЭЕМ тұрады, байланыспен диагностика жүйесін диспетчерлік құрылғымен қамтамасыз етеді, түскен диагностикалық ақпаратты өңдеуге, диагностиканың алгоритмін жүзеге асыруға, берілген кезеңділікті басқаруға,диагностика нәтижесін дисплейлі тақтайшаға беруге (санды, графикалы және мәтінді түрде), диагностикалық ақпаратты басқару жүйесімен бейнелеу, диагностикалық ақпаратты секция арасында ауыстыру.

Ақпаратты жинау мен өңдеу құрылғысы арналған: түрлендіру үшін дискретті кіріс белгілерін гальваникалық ажырату тепловоздың кернеу торының деңгейімен стандартты ТТЛ(транзистор-транзисторлы логика) оналты арна бойынша деңгейі, Аналогты электр белгілерінің (0-5В, 0-5мА) анықтағыштардан, бірінші түрлендіргіштерден онразрядты санды код онбес арна бойынша; кіріс белгілерінің жиілік түрленуі диапазонда 10-5000 Гц амплитудамен 5-30 В цифрлы код екі арна бойынша; жүйелік арна байланысы бойынша басқа абоненттермен айғай-шусыз ақпаратпен алмасу.

Температура өлшегіш қамтамасыз етеді: жылукедергісінен белгілерді қабылдау мен өңдеу, төртсымды сызба бойынша жиырма төрт арна бойынша қосылған; жылубуы бойынша белгілерді қабылдау мен өңдеу жиырма төрт арна бойынша; машинист контроллерінің дисплейлі модулы бойынша ақпаратпен шусыз алмасу байланыстың жүйелі арнасы бойынша.

Диагностика жүйесі диагностика объектісінің анықтағышымен бірінші түрлендіргіштерімен байланысқан.

УОИ тепловоздың ернеу торынан қоректенеді. УОИ блогы анықтағыштардың кернеуін, тогын, анықтағыштардың қоректендіру кернеуін,отын насостарының рейкаларының анықтағыштарының кернеуін орындайды. Тепловоздың сызба жағдайын анықтау үшін блокқа УОИ дискретті белгілер басқару органдарынан келеді (электр автоматтары, машинистің пультінен белгілер) және электрапараттары (реле түйіспесі, электрпневматикалық желбезектер) он бес арна бойынша.

Дискретті арналардың сауалнамасы бағдарламалы әрбір 0,1 с өтеді. Түйіспелердің тиімділігін қалпына келтіру үшін бағдарламалы сүзгіш ақпараттар қарастырылған. Аналогты арналардың сауалнамасы бағдарламалы әрбір 0,01 с өтеді. Қосылғаннан кейін машинистің пультінің дисплейлі тақтасында “негізгі” кадр виртуальды аспаптармен (1.6 сурет), алсол жақ жоғарғы бұрышта машинист контроллерінің позициясының нөмірі

шығады, кішкене төмен – реверсордың жағдайы. Экранның жоғарғы жартысы комплексті локомотивті қауіпсіздік құрылғысын ақпаратты бейнелеуге арналған.

Локомотив секциясы сәйкес келетін белгі көрсеткішімен таңдалады. Дисплейлі модуль ДМ сенсорлы клавиатурамен жабдықталған, іске қосу үшін ара қашықтығы 0,5-1 см сәйкес келетін дисплейлі тақтайшаның саусағы немесе кез келген басқа нәрсе (қалам, қарындаш). Экранға қол тигізу талап етілмейді.

Меню жүйесінде екі деңгей бар. Бірінші деңгейде пайдаланушы тепловоз жабдығының оны қызықтыратын типін таңдауына болады (мысалы,

дизельді немесе электрлі). Екінші деңгейге шығу меню белгісіне сәйкес келетін сілтеумен жүзеге асады.

Дизель жабдықтарын таңдауда диагностикалық кадрлерге қол жетеді, дизель жұмысының көрсеткішін бейнелейтін, дизельдің май жүйесінің жағдайы, дизельдің отын жүйесі, ауамен қамту жүйесі.

Диагностикалық кадр “Дизельдің жалпы парметрлері” бейнелейді: дизельдің иінді білігінің айналу жиілігі (F), дизельді-генераторлы қондырғының шартты таратылған тиімді коэффициенті (ДГҚШТТК), цилиндр бойынша жүрілген газ температурасы және турбокомпрессордың кірісінде. “Т” әрпі тарату коэффициентінің орын мәнінде тест өтіп жатқанын анықтайды. Тепловоз жұмысынан кейін ДГҚТҚ санды мәнінде кезекпен тартым режимінің контроллерінің барлық позициясында 10 с кем емес ішінде

әрбір позицияда.

Подшипниктердің тозуы пайдалану процесінде бағаланады. Тепловоз тозуының санды мәнін алу үшін контроллердің барлық позициясында 5 с кем емес жұмыс істеу керек. Тозу бағаланбағанға дейін сандық мәннің орнына “Т” әрпі шығады, тест тапсыруды анықтайды.

Дизель жабдықтарының кез келген менюінен шығу үшін оң жақтағы төменгі “Шығу” түймешігін басу қажет. Электржабдықтарының параметрлерін көру үшін қайтадан тепловоздың қажет секциясын таңдау керек, сонан кейін осы белгіні көрсету керек.

Пайда болған менюде екінші деңгейдегі электржабдықтарында диагностикалық кадрларға жететін болады: ернеу торы; қоздырғыш жүйесі; тартымдық электрқозғалтқыш; қуат реттегіші.

Диагностикалық кадрде “Ернеу торы”тепловоздың аккумулятор батареяларымен, қосалқы генератормен, кернеу реттегішімен электр сызбасының үзінділері берілген. Сызба үзіндісінде бақыланатын параметрлер

бейнеленген: батареядағы кернеу, басқару тізбектерінің плюс және минус оқшаулағыш кедергісі, ернеу торы кернеуінің реттегішінің дұрыстығы.

Диагностикалық кадрде “Қоздыру жүйесі” тартым генераторының қоздырғыш реттегіш жүйесінің қысқартылған сызба жүйесінде бейнеленген және бақыланатын параметрлер: басқару бұрышының ШИМ-кілт коды; генератор қоздырғышының тогы; генератор кернеуі; генератор тогы; қоздырғыш контакторының жағдайы; дискретті шығудың және ШИМ-кілттердің УОИ жүйесінің дұрыстығы.

Диагностикалық кадр “Қуат реттегіші” көруге мүмкіндік береді: дизельдің моторесурсы мен мотосағаты, қуат деңгейі (толық және селективті). Шкалада отын насосының шартты бірліктермен берілген және өлшенген рейкалардың жағдайы көрінеді. Шкала қуат реттегішінің жұмысын бақылау үшін отын насосының рейкаларының жағдайы бойынша арналған. Дизельмен бірге көрінеді: дизель білігінің айналу жиілігі (F), тартым генераторының клеммасындағы қуат, үрлегіш ауаның қысымы (Н).

Кез келген менюден шығу үшін оң жақтағы төменгі түймешікті “Выход” басу керек.

Диагностика жүйесінің ақаулығын анықтау кезінде бақылау жүйесінің машинист дисплейінде дабылды хабарға сәйкес жазылады. Хабарды анықтау үшін оның алаңында көрсету қажет. Мнемобелгі, жүйеге сәйкес, ақаулығы табылған, қызыл түске боялады. Мнемобелгі, тепловоз секциясына сәйкес, жиі қызыл түске боялады.

Негізгі кадрде ақпарат дисплейінде бейнелеу үшін тартым генераторының ток пен кернеуі туралы алаңда санды түрде көрсету керек, виртуальды аспаптың төменгі бөлігінде орналасқан. Қайталау әрекеті санды ақпараттың жоғалуына әкеледі.

4.12. Тепловоздардың электрлік сызбалары.

Локомотивтердің барлық электр жабдықтарының сызуында электр жалқамаларының кескінің тепловоздың электрлік сызбасы деп атайды. Қызметі бойынша пайдалану үшін электр сызбаларының үш түрі болады: 1. Монтажды сызбалар электр машиналарының, аппараттардың, клемма қорабтарының, кабельдердің, өткізгіштердің, аспабтардың тығыз орналасу бөлігін анықтайды. Кабальдер мен өткізгіштерде маркасынан басқа олардың типтері, талшықтың саны және өткізгіштер мен қисық қиылысу. Мұндай сызбалар жинау жұмыстарына арналған. 2.Ұстанымды сызбаларда электр машиналары, аппараттары, аспабтары өзара кабель мен өткізгішке жалғанған шартты кескіні бар. Өту клеммалары, клеммаларды жинау,маркасы (нөмірлеу) өткізгіштер мен кабельдердікі көрсетілмейді. Мұндай сызбалар аса қарапайым олардың қозғалыс ұстанымын көрнекті түсіндіреді.3. Қозғалыс ұстанымын түсіну үшін электр жабдықтарының практикалық тексеру мен нысау сызбасын орындаушы деп атайды. Ұстанымдыдан айырмашылығы оған өту клеммалары салынған,клемманы жинау,өткізгіштер мен клемма, кабельдер маркасы (нөмірлеу) көрсетілген. Бірақ сызба электр жабдықтарының және олардың механикалық байланыстарының шындығында тығыз орналасқан бөліктерін көрсетпейді.

Электр машиналары мен аппараттарының жартылай монтажды сызбаларында тоғынан айрылған жағдайда көрсетілген. Сондықтан осы және басқа аппараттардың бөліктері (орамдары, жұмыс және кертайғы түйіспелер жә


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 14 страница | Электрлік тежегіштер

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 2348; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.016 сек.