Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 14 страница

Жаңа тепловоздарды жасау кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеу кезінде және пайдаланылған тепловоздарды жаңартуда жартылайөткізгішті құрылғы, яғни күштік тораптар мен агрегаттар (сондай-ақ,түзеткіш қондырғылар мен құрал-жабдықтар түрлендіргіштері ), әр түрлі аз қуатты электрондық қондырғылар қолданылады. Көп таралған типтік элементтерді қарастырайық.

Тепловоздарда айнымалы-тұрақты токтың берілуімен бұрамамен бір шкафтан тұратын кремнилі лавалы бұрамада түзеткіш құрылғылар қолданылады. Түзеткіш құрылғының (ТҚ) электрлік сызбасында синхронды генератордан (СГ) қоректенетін статорлық орамдар 30 электрлік градусқа жылжытылған, екі қатар қосылған үшфазалы көпірмен байланысқан құрылғылар кіреді.

2ТЭ116 типті тепловоздардың түзеткіш құрылғыларының негізгі мәліметтері:

 

Нақтылы қуат, кВт 4200

Нақтылы түзеткіш ток, А 5700

Токтың асқын жүктемесі 5 мин ішінде аспағанда, А 8700

Нақтылы түзеткіш кернеу аспағанда , В 750 Қысқа мерзімді шақтамалы түзеткіш кернеу,В 850

Қоректендіргіш желінің жиілігі, Гц 30-дан133 дейін

Қоректендіргіш генератор кернеуі, В 575/350 Пәк (Кпд) % 99,3

Салқындату ауалы,мәжбүрленген

Габариттер,мм:

биіктігі 1165

ұзындығы 1250

ені 700

Массасы, кг 650

 

ТҚ құрылымы екіжақты қызмет көрсетуге жіберіледі. ТҚ әр жағында бір үшфазалы көпір орналасқан. Бұрамалар жеке блокқа салқындатқыштармен бірге жиналған. Барлық блоктар алынбалы, бұл ауа арнасын тазартуға және салқындатқыштарды ауыстыруға мүмкіндік береді.

Жартылайөткізгішті блоктардың көптеген саны электрберілісінің сызбасында сүзгіштерді тегістейтін, тізбектерді тұрақтандыратын және т.б. түзеткіш көпір ретінде қолданылады. Осыған тағы мына элементтерді, типі КТБ кремнилі түзеткіш блогын жатқызуға болады. Блоктар жартылайөткізгішті диодтармен жабылған радиатор орнатылған оқшаулағыш тақтадан тұрады. Тақта элементтерімен бірге корпусқа орнатылған алынбалы кассетаның бұрышына бекітілген. Жартылайөткізгішті диодтардан өткізгіштер штепсельді жалғамалар қалыптарының түйіспелеріне жапсырылған сымдармен жүргізілген.

2ТЭ10М, 2ТЭ116, ТЭП70 типті тепловоздарда және т.б. диодтардың салыстырмалы блоктары қолданылады. Блоктың міндеті – тартымдық электрқозғалтқыштардың тепловоздың қатты динамикалық сипаттама сызбасында кертайғы және кертайғы емес жұптардың өте көп белгі беруі. Блоктың құрамына көпірлі алтыфазалы сызба бойынша жалғанған және жалпы жүктемеге қызмет ететін түзеткіштердің наборы кіреді. Блоктың тарқатылатын металл құрылымы түбінен, қақпағынан және екі бекітетін бұрандадан тұрады. Түбіне оқшаулағыш тақта блок диодтарының салыстырмалы сызба әлементтерімен орнатылады. Тепловоздың электр тізбектеріне блоктар штепсельді жалғамаларымен жалғанады.

Тепловоздарда қолданылатын жартылайөткізгішті элементтер арасында мерзім аралық жөндеу жағдайында басқару түзеткіштері (БТТ) орналасады, ол тепловоздың генератор тартымының қоздырғыш орамдарын қоректендіруді басқару үшін арналған. Блоктың құрамына ішіне жартылай басқарылатын түзеткіш пен диод батареяларының зарядтары орналасқан металл шкаф кіреді. Блок алынбалы тұтқасымен бірге есігі құлыппен жабылатын корпустан тұрады. Корпустың ішіне оқшаулағыш тақтаға күшті диодтар мен тиристорлар орнатылған. Диодтар мен тиристорлардың радиаторлары блок корпусының ауалы арнасында орналасқан. БТТ техникалық мәліметтері: түзету кернеуі (орташа) 200 В, түзету тогы (орташа) 220 А. Блоктың қалыпты жұмысы керекті салқындату кезінде ауаның жылдамдығы 10м/с кем болмаған кезде жүзеге асады.

Тепловоздарда жартылай басқарылатын түзеткіштерді басқару үшін импульстарды құрастыруды тиристорлармен басқаруды жүзеге асыратын арнайы басқару блогы қолданылады. Бұл корпус металл корпусына орналасқан екі біртекті секциядан тұрады.Оның сызбасы 4.16 суретте көрсетілген. Блок жалғамалардан: үйлесімділік тізбектерінен 1(ҮТ); жетектегі түрлендіргіш кернеуінен 2 (ТК); енді-импульстік модуляторынан 3 (ЕИМ); бөліп таратқыш тізбектерден 4 (БТТ); блокинг- генераторлардан 5,6 (БГ1, БГ2) тұрады.

Блоктың әрбір секциясы екі тақтадан тұрады. Барлық жартылай өткізгішті элементтер, кедергілер, конденсаторлар мөрлік тақшасында (жоғары тақтада) жиналған, төменгі тақтада магниттік күшейткіштер, блокинг-генераторлардың екі трансформаторы және түзету кернеуінің трансформаторы орнатылған.

4.16 сурет. Блокты басқару сызбасы:

1 - үйлесімділік тізбектері; 2- түрлендіргіш кернеуі; 3-енді-импульстік

модулятор; 4- бөліп таратқыш тізбектері; 5;6- блокинг-генераторлар;

Uүйлес – үйлесімділік кернеуі; DU – басқару кернеуі; Uшығ1, Uшығ2- шығару

импульстары

Айнымалы токтың кіру кернеуі таратқыш трансформатордың орамдарынан үйлесімділік тізбегіне ҮТ беріледі, транзисторлар түрлендіргіштер кернеуін ТК жартылайөткізгішті түзеткіштің күш тізбектерінің қоректендіру кернеуінің жиілігімен үйлесімді іске қосады.

Енді-импульстік модулятор ЕИМ ТК қоректенеді және таратқыш тізбек ТТ арқылы кезекпен берілген ұзақтықтың және кернеудің импульстарын қалыптастыратын БГ1 және БГ2 блокинг-генераторларды өткізеді. Блокинг-генераторлардан импульстар жартылайөткізгішті түзеткішдердің тиристорларының басқару тізбегіне беріледі.

Тепловоздарда қолданылатын электрондық құрылғыға жартылай өткізгішті реленің уақыты жатады,тепловоздың осы және басқа аппараттарында іске қосылу және ажырату кезінде уақытша ұстау үшін қызмет етеді. Май айдайтын насостың контакторын басқару үшін қолданылатын біреуін (4.17 сурет) қарастырайық . Электронды реленің уақытында уақыт ұстамынсыз қайта қосылатын бір түйіспе бар, біреуі тұйықталатын және біреуі уақыт ұстамымен ажыратылатын түйіспе. Реленің құрылымы уақыт ұстамын қабығынсыз қамтамасыз етеді. Уақыт ұстамы қоректендіру кернеуінің берілген сәтінен бастап саналады. Түйіспелерге 1 және 2 кернеу берілген кезде Р1 релесі іске қосылады. Р2 релесі токтан ажыратылған кезде Т триггері осы жағдайға қойылады. Конденсатор кедергі арқылы R заряд алады да, уақытты санау басталады.

Конденсатордағы кернеу тіректің кернеуінің деңгейіне жеткенде, бөлгіштен алынған R1 және R2 кедергідегі Д диод ашылады, генератор импульстары ГИ Т триггердің кірісінен өтеді және оны Р2 релесіне кернеу берілетін жағдайға келтіреді. Р2 релесі іске қосылады және шығу түйіспелерін қайта қосады. Уақыт ұстамы аяқталады. Қоректендіру кернеуін алып тастағанда реле бастапқы қалпына келеді. Уақыт ұстамы кедергі R өлшемінің өзгеруімен сатылы түрде реттеледі.

Шарттылықтың белгіленген дәрежесінде электрондыға жатқызуға болатын құрылғыны қарастырайық , олар тепловоздың әр типінде осы уақытқа дейін қолданылады. Бұл қоздыру амплистаты 2ТЭ10М және М62 типті тепловоздарында тахометрлік блок пен қоздырғыштың қоздыру тогын реттеу үшін керек.

Қоздыру амплистатына ішкі кері байланыспен магниттік күшейткіш енеді. Амплистаттың жұмыс орамдары жеке өзекшеге орнатылған, өйткені олар тізбекті түрде және кездесіп жалғанған, ал басқару орамдары өзекшемен бірге қосылып екіге оралады.

4.17 сурет. Реленің электронды уақыты:

Р1, Р2- электрмагниттік релелер; Т- триггер; R1, R2- кедергілер;

С1, С2- конденсаторлар; ГИ- генератор импульстары; Д1, Д2- диодтар

Амплистаттың шығу кернеуі түзеткіш арқылы тұрақты токтың қоздырғышының қоздыру орамдарына қосылады. Амплистат қоздырғышының міндеті – басқару белгілерінің күшеюі және кері байланыс пен қоздырғыштың қоздыру тогының осыған сәйкес реттелуі басқару тізбектері мен қоздыру тізбектерінің гальваникалық айырылымын бір уақытта қамтамасыз ету.

Тахометрикалық блок белгі алу үшін қолданылады, дизель білігінің айналу жиілігіне пропорциональ, болашақта тапсырма белгілерін құрастыру үшін, қуатты шектеу үшін, кернеуді және генератор тартымының тогын шектеу үшін пайдаланылады. Қоздырғыштың астынан кернеу трансформатордың бірінші орамасына беріледі. Шығару кернеуінің кіру кернеуінің жиілігіне қатты тәуелді болуын қамтамасыз ету үшін сызбаға қосымша трансформатор енгізілген, өйткені оның бірінші орамы бірінші трансформатордың бірінші орамына сәйкес қосылған, ал екіншісі - бірінші трансформатордың шығару орамына кездесіп қосылған.

 

4.7. Өлшегіштер және өлшегіш түрлендіргіштер

 

Электрмашиналарының тартымында және аккумулятор батареяларының жұмыс режимін бақылау үшін, су мен майдың температурасын бақылау, майдың қысымы, отын мен ауаның қысымын бақылау үшінмашинистің басқару пультінің тақтасына вольтметрлер, амперметрлер, дистанционды электрлік термометрлер мен манометрлер және басқа аспаптар орналастырылған. Жұмыс кезінде өзара байланысы мен пайдалану жиілігіне қарай аспаптар, батырмалар, белгі шамдары пультта маңыздылығы бойынша топталады.

Амперметрлер мен вольтметрлер. Тепловоздарда кернеуді және токты өлшеу үшін магниттіэлектрлік жүйенің аспаптары қолданылады. Бұл аспаптардың әсер ету ұстанымы осы рамка орналасқан, тұрақты магниттің магнит ағынымен жылжымалы рамканың өткізгіштері бойынша өтетін өлшенетін токтың өзара әсер етуіне негізделген. Рамкаға әсер ететін айналу сәті спираль серіппелердің қарама-қарсы әсер ететін сәтінде реттеледі. Магниттіэлектрлік жүйенің аспаптары аса дәл, олардың межелігі түзу, межеліктің барлық созылуында біркелкі сезгіштік пен көрсеткіштердің дәлдігін қамтамасыз етеді. Магниттіэлектрлік аспаптардың қасиеті сонда, олардың асыра жүктемеге орнықтылығы жақсы, меншікті қуатты пайдалануы

аз, айналу мезеті үлкен (жоғары сезімталдық).

Магниттіэлектрлік аспаптарда токты ( амперметрлер) және кернеуді (вольтметрлер) өлшеуге біркелкі өлшегіш механизмдер қолданылады (тұрақты магнит алаңында айналатын рамка). Аспаптарды қосу әдістерінің айырмашылығы бар. Амперметр тізбекке жүйелі қосылады, яғни одан барлық өлшейтін ток өтуі тиіс. Амперметрдің меншікті кедергісін онда кернеудің төмендеу мүмкіндігі аз болуы үшін, аз іріктейді. Вольтметрді кернеуді қажет кезінде өлшеу үшін, тізбектің теліміне қатарлап қосады. Өлшенген кернеу өзгерген кезде оған пропорциональ вольтметрдің тізбектегі тогы да, ізінше, оның көрсеткіші де өзгереді. Осы себептен, вольтметр әсер ету ұстанымы бойынша межелігі вольтпен өлшемденетін миллиамперметрге айналады. Вольтметрдің меншікті кедергісі үлкен таңдалады, өйткені ол тізбектегі токтың шамасына әсерін тигізбеуі үшін және энергия көзіне қосымша жүктеме жасамауы тиіс.

Магниттіэлектрлік аспаптардың рамасының өткізгіштерінің қиылысуы аз, сондықтан олар рақылы аздаған ток өткізуге болады: амперметрлерден- 5-тен 30 мА дейін, вольтметрлерден – 3-тен 10 мА дейін. Өлшеудің шегін кеңейту үшін шунттар мен үстеме кедергілер қолданылады.

Шунт- бұл амперметрмен қатар қосылған өте аз шаманың салмақтанған кедергісі. Ток тармақтардың кедергісіне кері пропорциональ болып таралады, өлшенетін токтың көп бөлігі шунт арқылы және тек аздаған бөлігі амперметрдің рамкасы арқылы өтеді. Шунттың кедергісі неғұрлым аз болғанда, соғұрлым оның көмегімен көп токты өлшеуге болады.

Үстеме кедергіні вольтметрмен жүйелі түрде қосады. Сол себептен кедергі мөлшері рамка кедергісінің мөлшерінен көптеген есе артық болады. Сондықтан өлшенетін кернеудің негізгі бөлігі үстеме кедергіге келеді, ал аспаптың ішкі кедергісінің мәніне пропорциональ аз ғана бөлігі вольтметрге келеді. Өлшенетін кернеудің мәні үлкен болған сайын, сонша үстеме кернеудің мәні үлкен таңдалады.

Электрлік дистанционды манометрлер ЭДМУ май жүйесіндегі (дизельге кірісінде) және отынның (толық тазалайтын сүзгіштен кейін) артық қысымын дистанционды өлшеу үшін қолданылады. Манометр машинистің басқару пультіне орнатылған қысым қабылдағыштан және электрлік нұсқағыштан тұрады. Қысым қабылдағыш және нұсқағыш сымдармен жалғанған.

Егер манометрдің қоректендіру көзі ажыратылған болса (рамкадағы ток нөлге тең), жылжымалы магнит және аппараттың стрелкасы еркін жағдайда болады.

Кедергінің электрлік термометрлерімен тепловоздың жетектегі және жетекші секцияларындағы дизель майы мен судың температурасын өлшейді. Бұл термометрлердің әсер ету ұстанымы өткізгіштердің сипаттары мен жартылайөткізгіштердің электрлік кедергісін температураға тәуелділігіне қарай өзгертуіне негізделген. Кедергінің мәніне байланысты ортаның температурасы туралы айтылады, қабылдағыш сезімтал элементімен (өткізгішпен немесе жартылай өткізгішпен) орналасқан. Барлық тепловоздарда ТУЭ-3А нұсқағышы мен ПП-2 қабылдағыштан тұратын кедергінің жартылайөткізгішті термометрлері ТП-2 орнатылады.ТП-2 термометрлерімен температураны өлшеу диапазоны 0о 120оС дейін.

ТП-2 термометрінің жылусезгіш элементі болып жартылайөткізгішті терморезистор табылады. Термометр қабылдағышын оған салынған терморезистормен бірге температураны өлшейтін орынға орнатады.

Трасформаторлар ток пен кернеудің мөлшерін өзгерту үшін, әр түрлі тізбектерді қоректендіру үшін қолданылады. Атқаратын қызметіне қарай оларды өлшегіш, таратқыш және тұрақтандырғыш деп бөлуге болады.

Тұрақты токтың трансформаторлары (ТТТ) тартымдық электрқозғалтқыштар тогын өзгерту үшін және тартымдық генератор тогына пропорциональ амплистаттың басқару орамдарына белгі беруге қызмет етеді.

Тұрақты ток трансформаторы кері байланыссыз магниттік күшейткіштен тұрады. Жұмыс орамдарының индуктивті кедергісі басқару орамдарының магниттелуі әсерінен өзгереді (тепловоздарда басқару орамдары күшті кабельдер болып табылады, тартымдық элетрқозғалтқыштар тогы өтетін ). Тартымдық электрқозғалтқыштарда токтың көбеюі кезінде өзекшелердің қанықтыру дәрежесі жоғарылайды, жұмыс орамдарының индуктивті кедергісі төмендейді, ал ток трансформатордың жұмыс тізбектерінде көбейеді, яғни тұрақты токтың трансформаторының жұмыс тізбектеріндегі ток тартымдық электрқозғалтқыштардың тогына пропорционал болады.

ТПТ-23 және ТПТ-24 трансформаторлары ТПТ-10 трансформаторынан айырмашылығы сонда, болат массалар мен сыртқары күшті дәл кабельдермен жасалған бөгеттердің әсерін төмендету үшін ,олардың жұмыс орамдары өзара қатар байланысқан төрт секциядан тұрады.

Тұрақты кернеудің трансформаторлары (ТКТ) тартым генераторының кернеуін өлшеу үшін қызмет етеді.

ТПТ трансформаторы әрбіреуіне жұмыс орамдары оралған темірникельді қорытпадан жасалған екі өзекшеден тұрады. Жұмыс орамдары өзара кездесіп жалғанған. Трансформатордың орталық ауқымы арқылы жүргізілген күшті кабельдер басқару орамдары болып қызмет етеді. Трансформатордың өзекшесі орамдарымен және бұрамасұқпаларымен эпоксидті компаундпен құйылады. Жұмыс орамдары кездесіп жалғанған. Басқарушы орам екі өзекшеге оралған. Орамдар, өзекшелер және бұрамасұқпалар эпоксидті компаундпен құйылған.

Тұрақты кернеудің трансформаторының жұмыс ұстанымы жұмыс орамдарының индуктивті кедергісі басқару орамдарының магниттелуі әсерінен өзгеруіне негізделген. Тартым генераторының кернеуі көбейген кезде өзекшелердің қанығу дәрежесі артады, жұмыс орамдарының индуктивті кедергісі төмендейді, ал ток жұмыс орамдарында көбейеді. Ізінше, тұрақты токтың трансформаторының жұмыс тізбектеріндегі ток тартым генераторының кернеуіне пропорциональ.

Таратқыш трансформаторлар тұрақты кернеуді тарату мен түрлендіру үшін және әр түрлі тізбектерді қоректендіруге арналған. 2ТЭ10Л тепловоздарында осы тізбектер үшін ТР-5 трансформаторлары, 2ТЭ116-ТР-4 және ТР-70 немесе ТР-21 мен ТР-26 тепловоздарында, 2ТЭ10М-ТР-23 тепловоздарында қолданылады.

ТР-4, ТР-5,ТР-70 трансформаторлары брон типті трансформаторлардан және магнитөткізгіштен, орауыштан тұрады. Магнитөткізгіш электротехникалық болаттың бетіне бұрамасұқпалармен және бұрыштамалармен тартылған. Орауышта бес орам бар: бір бірінші, төрт екінші.

Орауыш қаңқалы емес, эпоксидті компаундпен құйылған және қаптамамен қапталған. Орамдардың шығыстары екі пластмассалы тақтаға орналасқан.

ТР-20( ТР-21,ТР-23,ТР-26) трансформаторлары электртехникалық болат лентасының сақинасына оралған өзекшеден, өзекшеге орналасқан орамнан тұрады. Орамның соңы оқшаулағыш тақтаға бекітілген шығыстарға жапсырылған. Орамның өзекшесі және тақта эпоксидті смоланың негізінде компаундпен құйылған.

Индуктивті өлшегіштермагнитөткізгіштен, корпустан, фланцтан, зәкірден тұрады. Магнитөткізгішке жаншымаланған қаңқаға оралған орауыш орнатылған. Орауыштардың шығыстары штепсельді жалғамалардың түйіспелеріне дәнекерленген. Зәкір дизельдің біріктірілген реттегішіне сервомотордың штогымен жалғанған. Дизельдің жүктемесі көбейген кезде сервомотордың поршені біріктірілген реттегішті жылжытады, индуктивті өлшегіштің зәкірі орауышқа қозғалады. Нәтижесінде индуктивті өлшегіштің толық кедергісі көбейеді, амплистаттың реттегіш орамының тізбегіндегі ток азаяды. Дизель жүктемесінің төмендеуі кезінде сервомотордың поршені біріктірілген реттегішті жылжытқаны сондай, индуктивті өлшегіштің зәкірі орауыштан шығады, қорытындысында индуктивті өлшегіштің толық кедергісі төмендейді.

Жылжытудың өлшегіш анықтағышы.Түрлендіргіштен берілген белгі біріктірілген реттегішпен тепловоздардың дизельді-генераторлы қондырғыларында Д49 типті дизельмен және басқарудың микропроцессорлы жүйесінде қолданылады. Жылжытудың өлшегіш түрлендіргішінің құралымы жылжытудың трансформатор типті желілік анықтағышы мен электронды блоктан тұрады, аналогты белгіні түрлендіріп, жылжытудың желілік анықтағыштарынан санды белгіге оның келесі түрленуімен тұрақты токтың 0-ден 5мА белгісіне дейін және тізбекті интерфейстің RS232 белгісін қамтамасыз етеді.

Жылжытудың өлшегіш түрлендіргіштерінің блок-схемасы 4.18 суретте берілген. Желілік жылжытудың анықтағышы 1 орауыштың қоздырғыш орамынан және екі секциялы шығару орамынан тұрады. Орауыштың ішінде 79 НМ қорытпадан құйылған шток еркін қозғалады, ол жоғары магнит өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Анықтағыштың қоздырғыш орамының 1 желілік жылжытуы түзупішінді импульстармен күшейткіш арқылы 2 микроконтроллердің портынан 8 белгі бойынша қоректенеді. Күшейткішке 2 транзистордағы ток көзі кіреді. Анықтағыштың шығуымен 1 белгі штоктың жылжуына тәуелділігіне салыстырмалы түрде орауыштың орамдарының ортасына қоректендіру импульстарымен үйлесімді кіреді. RC cүзгіштері арқылы 4 және 5 анықтағыштың 1 орауышының екі секциясындағы белгілер аналогты белгілердің коммутаторына 6 және ары қарай аналогты санды түрлендіргішке 7 түседі.

Жылжыту түрлендіргішінің өлшейтін бөлігі (анықтағыш 1) (4.19 сурет) дизельдің жоғары қысымды отын насосының басқару механизміне реттегіш пен ажырату механизмінің цилиндрлер бөлшегінің арасындағы бөлікке орналастырылады. Басқару механизмінің тіректеріне өзінің кескіш бөлігімен 2 датчиктің корпусына 1 бұрылатын, кескіш саңылаумен қатты кронштейн 3 орналасады. Жалғамалы білікке 8 бөлгіш иінтірек 6 орналасады, орнатқан кезде механизмді тазалауды қажет етпейді. Анықтағыштың жылжымалы штогы 1 иінтірекпен 6 шығыршықпен 5 байланысады. Шығыршыққа 5 арнаулы металдыфторпластолды сфералды подшипниктер орналасады, қиғаштықты тегістейтін, люфтыны қалпына келтіретін және май байланысын қажет етпейтін. Анықтағыштың жағдайы 1 дизель лоткасымен қатты бекітіледі. Осыған кронштейнді 3 басқару механизмінің тіректеріне кронштейннің штифтармен бекітілген жағдайына 3 және иінтірекке 6 салыстырмалы тіректер мен білікті 8 орнатқанда ғана жетеді. Анықтағыш реттелген жағдайынан кейін 1 контргайкамен бекітіледі, контргайка мен кронштейн 3 сымдармен байланады және пломбыланады.

4.18 сурет. Жылжытудың өлшегіш түрлендіргішінің блок-схемасы:

1- анықтағыш; 2- күшейткіш; 3,4- сүзгіштер; 5- қоректендіру блогы;

6- коммутатор; 7-аналогсанды түрлендіргіш; 8- микроконтроллер;

9- сандыаналогты түрлендіргіш; 10-энергияғатәуелсіз есте қалатын

құрылғы; 11- деңгей түрлендіргіші; 12- кернеу түрлендіргіші.

 

4.19 сурет. Жылжытудың өлшегіш түрлендіргішінің қондырғысы:

1- желілік жылжытудың анықтағышы; 2,4- кескіш бөлік; 3-кронштейн;

5- шығыршық; 6-иінтірек; 7-тіректер; 8-отын насосын басқарудың жал-

ғамалы біліктері


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 13 страница | Кернеу реттегіштері

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 867; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.