Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 13 страница

Түйісу серіппесінің түйіскіштердің алғашқы кедергі нүктесіндегі күш түсіруі алғашқы күш түсірудеп аталады.Түйістіргіш серіппелердің жанасу нүктесіндегі соңғы күш түсіруі (түйістіргіштер іске толық қосылған кезде) соңғы күш түсіру деп аталады. Бастапқы және соңғы басу түйіскіштердің шағылысу кезіндегі бастапқы және соңғы түйісу кедергісі мәнін анықтайды.

Соңғы және алғашқы күш түсіру түйіспелі кедергілердің басында және соңында тұйықталудың мәнін анықтайды. Бастапқы аз күш түсіруде түйіспелердің жанасуы кезінде олардың кедергісі артады, бұл бастапқы күш түсірудің күшеюінен олардың қызуына әкеледі, жылжымалы түйіспелер аралық жағдайда тұрып қалуы мүмкін.Соңғы күш түсіру түйіспелердің тұйықталу жағдайында олардың кедергісінің мәнін анықтайды,

сонымен бірге түйіспелер температураның қызуын анықтайды. Ерітінді-жылжымалы және жылжымайтын түйіспелер бетінің ажыратылған жағдайда аралықтағы аздаған қашықтық.Ол түйіспелер арасында қажетті оқшаулағыш аралық жасайды. Аз ерітінді түйіспелер арасын жауып тастауы мүмкін, ал көп ерітінді уақытты көбейтеді және қажетті күш түсіруді қамтамасыз етпеуі мүмкін.

Түйіспелерді іске қосу кезінде олардың тайғанақтауы және домалауы мүмкін. Бұл қабыршақ бетін бұзады және түйіспелердің іске қосылу, ажырату жұмыс нүктелерін бұзады. Бірігіп тайғанақтау және домалау кедергі

нүктесінен бастап соңғы жұмыс жағдайына дейін түйіспелерді ысқылау деп аталады.Түйіспені ысқылау ойықпен қамтамасыз етіледі. Ойық – бұл жылжымалы түйіспенің жылжымайтын түйіспемен жанасуы кезіндегі жылжымайтын түйіспені алып тастағандағы ара қашықтық. Күш тізбегі аппаратының түйіспелерінде тізбек үзілген кезде электр доғасы пайда болады. Бұл былай түсіндіріледі. Түйіспенің ажыратылуы алдында күш түсіру бірден төмендейді ,түйіспелер кедергісі жоғарылайды , бұл түйіспелер кедергісі бетінің қатты қызуына әкеледі. Қоршаған ауа қызады және ионданады , яғни өткізгішке айналады , сондықтан түйіспелер арасында олар жанаспайды , тізбек тұйықталмаған , ток біраз уақыт бойы ионды ауа арқылы өтеді . Доға температурасы 300о С-қа дейін жетеді , оның жануы кезінде түйіспенің балқып пісуі болуы мүмкін , металдың орнын ауыстыруы, яғни доға аппаратының мерзімінен бұрын істен шығып қалуын туғызады. Доға түйіспелерінің ажыратылуы кезінде зиянды әсерлерді жою үшін доғаөшіргіш құрылғысы қолданылады , ол орауыш пен өзекшеден тұратын, екі жағынан болат үйегі доғаөшіргіш жөкемен және доғаөшіргіш камерамен қосылады.

Доға өшіру магнит өрісінің доғаөшіргіш құрылғысының магнит өрісімен әсер ету заңына негізделген. Доға – бұл электрондардың бағытталған қозғалысы , әрине, доғаның айналасында магнит өрісі бар.Бұл өріс доғаөшіргіш орауыштың жасалған өрісімен бірге әсер етеді, яғни доға-өшіргіш жөкенің бағыты бойынша доғаны итеріп шығарады. Итеріп шығару кезінде доға жанып кеткенге дейін ұзарады. Доғаның өшірілуін тездету үшін доғаөшіргіш камераның тепловоз контакторларында бөліп тұратын қалқа жасайды. Доғаөшіргіш электрлік доғаның жақын орналасқан металл бөліктерін шарпуына жағдай жасайды. Доғаөшіргіш камераны асбоцементтен жасайды, жылуды сақтау қасиеті жоғары және оқшаулау қасиеті жақсы.

Түйіспенің тұйықталуы және ажыратылуы кезінде олардың орын ауыстыруы жылжымалы түйіспені қозғалысқа келтіретін құрылғы жетек деп аталады . Жетектер тұтқалы, электрмагниттік, электрпневматикалық және электрдвигательді болып бөлінеді. Жетектер машинист контроллерінде, шаппалы қосқыштарда , ажыратқыштарда және т.б. қолданылады.

Электрмагниттік жетекте жылжымалы жүйенің орын ауыстыруы зәкірді электромагниттің өзекшесіне жылжыту арқылы жасалады (4.8 сурет). Магнит ағыны орауыштан 2 токтың өтуі кезінде жасалатын мойынтұрықтан 1 өткенде тұйықталатын , өзекше 3 , зәкір 4 және ауа саңылауынан х тұрады. Орауыштың тізбегі үзілген кезде зәкір серіппені 5 бастапқы (ажыратылған) қалпына жылжытады .Электрмагниттік өткізгіш қарапайымдылығы мен жұмыстың сенімділігіне қарай электр аппаратында көп таралған, жылжымалы жүйенің аздаған жүрісі мен аз күшті қажет етеді.

4.8 сурет. Электрмагниттік контакторлар жетегі:

1- мойынтұрық; 2-орауыш; 3-өзекше; 4-зәкір; 5-ажыратқыш серіппе;

х- ауа саңылауы.

4.9 сурет. Контакторлардың пневматикалық жетегі:

1-жұмыс камерасы; 2-қақпақ; 3-диафрагма; 4-корпус; 5-шток; 6-цилиндр;

7-серіппе; 8-поршень; 9-манжета.

Көп күш түсіру қажет болғанда , орнынан көп ауыстыру кезінде пневматикалық өткізгіштер қолданылады (4.9 сурет ). 50 мм-ге дейін жылжыту кезінде диафрагмалық өткізгіштер қолданылады, жылжыту көп кезінде – поршенді өткізгіштер қолданылады. Пневматикалық өткізгіштердің жұмыс істеу ұстанымы: ауаның жұмыс камерасынан 1өтуі кезінде поршень 8 штокты 5 жылжытады (немесе диафрагма 3 иіледі, штокты 5 жылжытады), аппараттың жылжымалы түйіспесімен байланысқан, поршеннің 8 жүрісінің соңында тұйықталу жағдайында тұрады. Серіппенің 7 әсерінен ауаны шығару кезінде поршень 8 штокпен бірге бастапқы қалпына орын ауыстырады (ажыратылған), жылжымалы түйіспе тізбекті ажыратады. Реверсорда, екі позициялы тежегіштің ауыстырғышында, яғни екі орнықтырғыш жағдайда болады. Жұмыс камерасынан ауаның шығуы бұл аппараттың жағдайын өзгертпейді, басқа жағдайға ауысу тек екінші жұмыс камерасына ауа берілген кезде ғана мүмкін болады .

Электрмагниттік контакторлар дизельдің қосылуы кезінде тізбекте қолданылады, ол генератор тартымының қозуын, қоздырғыштың қозуын, көмекші генератордың, электрдвигательдің май айдайтын сорғысының тізбегі, электрдвигательдің май айдайтын сорғысы, электродвигательдің сығымдағыш тізбегі және тепловоздарда көмекші машинаны айнымалы токпен қосуды айнымалы - тұрақты токтың берілуін қамтамасыз етеді .

Электрпневматикалық контакторлар (4.10сурет) электрдвигательдің тарту күшін генератордың тарту күшіне жалғауға арналған . Электрпневматикалық контактордың ПК-753 тақтасына 1 ұстамтірек (крон-штейн) 2 құймамен бекітіледі . Оған доға өшіргіш орауыш 3 және қозғалмай-

тын түйіспе 4 орнатылған . Тақтаның төменгі бөлігіне 1электрпневматикалық

жетектің цилиндрі 16 бекітілген . Цилиндрде 16 поршень 15 штокпен 13 бірге

орнатылған . Поршень сол жақ шеткі жағдайға ажыратылған серіппе 14 арқылы қысылады . Жетектің штогы 13 топсамен иінтірекке 9 байланысқан, оқшаулағыш қалып 10 жылжымалы көмекші түйіспемен 5 бекітіледі .

Жылжымалы түйіспе 5 ысқылайтын серіппемен бірге 8 иінтірекпен 9 топсалы байланысқан. Жылжымалы 5 және жылжымайтын 4 күштік түйіспелер доғаөшіргіш камераның 7 үйегімен бірге 6 жабылған .

4.10 сурет.Электрпневматикалық контактор:

1 - тақта; 2-ұстамтірек; 3-доғаөшіргіш орауыш; 4- жылжымайтын түйіспе;

5- жылжымалы түйіспе; 6-үйек; 7- доғаөшіргіш камера; 8-ысқылайтын серіппе; 9- иінтірек; 10-оқшаулағыш қалып; 11-көмекші түйіспелер;

12-ию шунты; 13- шток; 14-ажыратқыш серіппе; 15-поршень; 16-цилиндр;

17-электрпневматикалық вентиль.

 

Орнықтырғыш доғаөшіргіш камерада 7 серіппелі тақтайша доғаөшіргіш жөкемен аяқталады. Орауышқа кернеудің берілу кезінде электрпневматикалық вентиль 17 іске қосылады, сығымдалған ауа резервуардан цилиндрге 16 түседі. Сығымдалған ауаның әсерінен поршень 15, серіппенің 14 қатты қысуына қарамастан, оң жақтан штокпен 13 қосылады. Штоктың соңында 13 ұзын иінтірек 9 оған бекітілген жылжымалы түйіспелермен бірге 5 айналады. Қалай күшті түйіспелер 4 және 5 түйіседі , жылжымалы түйіспенің ұстатқышы ысқылайтын серіппені 8 өз білікшесін айналдыра түйіспелердің бетін ысқылайды. Иінтіректің 9 айналуы кезінде жылжымалы түйіспемен (тілімшемен) бекітілген қалып 10 жылжиды да, көмекші түйіспелер 11 тұйықталады. Орауыштың вентилінің тізбегі 17 үзілген кезде енгізу желбезегі (клапаны) жабылады, шығару желбезегі және цилиндр 16 атмос- ферамен бірігеді. Шығару серіппелерінің 14 әсерінен поршень 15 штокпен бірге 13 бастапқы қалпына келеді, ал негізгі 4 және көмекші 5 түйіспелер тұйықталады.

Топтық электрпневматикалық контакторлар (4.11 сурет) 2ТЭ10М, М62, 2ТЭ116 тепловоздарында двигательдің тарту күшін қоздырғыш орамасына қатар қосу үшін қоздырғыш кедергісін әлсіретуге қолданылады.

Негізгі түйіспе топтық электрпневматикалық контакторларда ұзақ токқа

4.11 сурет. Топтық электрпневматикалық контакторлар:

1- электрпневматикалық вентиль; 2-жылжымалы түйіспелердің түйіспе-

ұстағышы; 3-тіреу; 4-ажыратқыш серіппе; 5-жылжымайтын түйіспелер;

6- жылжымалы түйіспелер; 7- серіппе; 8-шток; 9-диафрагма.

450 А-ге есептелген, ал көмекші түйіспелер – 2 А токқа, оларға күш түсіру 1,1- 1,3 Н тең. Топтық электрпневматикалық контактор корпусына электр-пневматикалық вентиль бекітілген жетектен тұрады . Корпустың ішкі көлемі диафрагмамен 9 екіге бөлінеді , төменгісіне электрпневматикалық вентильдің 11 ауасы кіреді, жоғарғысына шток 8 орналасқан, шетіне диафрагма 9 асылған. Штокқа 8 көпір типті жылжымалы түйіспемен 6 түйіспе ұстағыштар 2 бекітілген. Жылжымайтын түйіспелер 5 пластмассалы оқшаулағыш түйіспе ұстағыштар 2 арқылы тірекке 3 орнатылады. Электрпневматикалық вентиль 1 іске қосылғанда ауа диафрагманың 9 астына келеді, иіледі және штокты 8 ығыстырады, ол жоғары жылжиды, жылжымалы түйіспелер 6 жылжымайтын түйіспелермен 5 тұйықталады. Түйіспеге күш түсіру серіппемен 7 жүзеге асады, осы сәтте ажыратқыш серіппе 4 сығылады. Электрпневматикалық вентиль 1 ажыратылған кезде диафрагманың астындағы көлем 9 атмосферамен қосылады және ажыратқыш серіппенің әсерінен 4 шток 8 төмен түседі, ал жылжымалы түйіспелер 6 бұрын тұйықталған тізбекпен тұйықталады.

Тепловоздардың қозғалыс бағытын ауыстыру үшін двигатель тартымының қоздырғыш орамасындағы токтың бағытын өзгертуге реверсорлар қолданылады. Қозғалыстың бағытын өзгерту тепловоз тоқтаған кезде жүзеге асырылады, яғни токтан айырылған тізбекте, сондықтан негізгі түйіспелер реверсорда доғаөшіргішсіз болады. Тепловоздарда реверсорлардың жұдырықшалы және барабанды екі түрі қолданылады.

Тепловоздың электр берілісін дистанционды басқару үшін (қозғалыс бағытының өзгеруі және дизельді-генераторлы құрылымның позиция бойынша қуатын реттеу) машинист контроллері қолданылады. 2ТЭ116, 2ТЭ10М тепловоздарында контроллер штурвалмен бірге және көпір типті түйіспелермен бірге орнатылған. ТЭМ2 тепловоздарында машинистердің көмекшісіз қызмет көрсетуіне арналған контроллерлер электрпневматикалық жетегімен және тұтқасымен орнатылады.

Бұл контроллердің құрылысы мен жұмысын КВ-1552 контроллерінің мысалында қарастырамыз (4.12 сурет).

Контроллердің үстіңгі қақпағы мен корпусының түбі 3 екі бұрышпен өз арасында қатты байланысқан. Корпуста 3 негізгі білік 6 орнатылған, бір жағы түбіне жалғанған, екіншісі қақпақ арқылы өтеді. Біліктің жоғарғы жағында 6 негізгі тұтқа (штурвал) сапталған. Біліктің төменгі бөлігінің квадрат қиылысында пластмасса тығырықтың шеңбер бойынша ойық наборынан тұратын негізгі барабан орналасқан. Біліктің жоғарғы бөлігіне төлкеден және мықты сапталған екі тығырықтан тұратын кері айналым барабаны 4 кигізілген.

4.12 сурет. Машинист контроллері:

1- кері айналым тұтқасы; 2- негізгі тұтқа; 3-корпус; 4- кері айналым барабаны; 5- жұдырықшалы тығырықтар; 6- тығырықтармен бірге негізгі білік; 7- түйіспе элементтері; 8,11,15- серіппелер; 9,10- фиксаторлар;

12-қырылдақ (храповик); 13-түйіспе элементінің иінтірегі; 14-түйіспелер

бұрандамалары; 16-жылжымалы түйіспелер; 17-пластмассалы оқшаулағыш.

Кері айналым барабаны 4 негізгі білікте 6 еркін айналады, кері айналым білігінен тартыммен және иінтірекпен беріледі. Кері айналым білігінің жоғарғы жағы қақпақтың астынан жүргізілген .Оған ойығына кері айналым тұтқасы 1 қойылған кері айналым білігінің бастиегі кигізілген. Кері айналым білігінің төменгі жағы контроллер корпусына 3 жылжымайтын болып бекітілген кронштейн саңылауын айналады. Негізгі тұтқада 2 тоғыз түрлі жағдай бар: 8 жұмыс жүрісі мен зая жүріс. Ол негізгі барабанның тығырығын ғана айналдырады және дизель білігінің айналу жиілігін өзгерту үшін қызмет етеді. Негізгі тұтқаның 2 бұрылыс бұрышында нөлдік жағдайдан біріншіге дейін 17о, ал әрбір келесісі – 10о.

Кері айналым тұтқасында 1 үш жағдай бар: “Алға”, “Артқа” және “Бейтарап”. Ол тепловоз жүрісінің бағытын өзгертуге арналған. Кері айналым тұтқаның бұрылыс бұрышы 1 “Бейтараптан” “Алға” немесе “Артқа” жағдайда 30о -қа тең. Барабанның оң және сол жағынан оқшаулағыш тіректер қойылған. Сол жақ тірекке болат тақтайшалар мен күміс тілімшелерден тұратын жылжымайтын түйіспелер 7 бекітілген. Оң жақ тіректің жылжымалы түйіспелері 16 бұрыштамадан және оған топсалы бекітілген иінтіректен 10 тұрады, соңында күміс тілімшелермен түйіспелер бекітілген .

Иінтіректің ортаңғы бөлігінде 10 оське аунақша (ролик) орнатылған. Иінтірек пен 10 серіппенің әсерінен 11 барабанның тығырығы аунақ- шамен қысылады. Жылжымалы түйіспедегі ток бұрыштаманың түйіспе бұрамасынан иіліп байланысады. Негізгі тұтқаның бұрылысы кезінде 2 тығырықтың пішіні бойынша аунақша кері домалайды. Егер аунақша тығырықтың кесілмеген бөлігінде болса, онда түйіспелер ажыратылған және жылжымалы түйіспе 16 серіппемен 15 иінтірекке 10 қысылады. Аунақша иінтіректің 10 тығырығының ойығына түсуі кезінде серіппемен бұрыштамаға қысылады, жылжымалы түйіспе 16 жылжымайтын түйіспемен қосылады және иінтіректен 10 ажырайды. Түйіспеге күш түсіру 16 ысқылайтын серіппемен жүзеге асады. Негізгі барабан түйіспелерінің тізбекті тұйықталуы негізгі тұтқаның орын ауыстыруы кезінде 2 тепловоз сызбасын анықтайтын бір тығырының түйіспесі тек “Алға”жағдайында, ал екіншісі – тек “Артқа” жағдайында тұйықталады. Негізгі барабан әр жағдайда негізгі біліктің 6 қырылдағымен (храповиком) 12 бекітіледі. Қырылдақтың ойымына 12 айналмайтын осьтен бұрылатын екі бекіткішке 9 және 10 бекітілген болат аунақшалар кіреді.

Басқару, қорғау, өлшеу және басқа тізбектерде әр түрлі функцияны орындау үшін реле қолданылады. Бұл құрылғының қалыпты жұмыс режимін бақылайтын және демеп ұстайтын, оның бұзылған жағдайында белгі беретін және электр тізбектерінде автоматты ауыстырып қосуды жүзеге асыратын электр аппараты болып табылады. Оларды әсер ету ұстанымы бойынша (электрмагниттік, механикалық), өлшенетін шамаға үн қатуы бойынша (жермен қосу, майдың қысымы); тағайындау бойынша (басқару, қорғау, автоматика, реле-өлшегіштер, реле- реттеуіштер, арнайы); баланстағылар (өту, кері ток) деп бөлуге болады.

ТРПУ-1 басқару релесі (4.13 сурет) тепловоздарды басқару тізбектерінде қолданылады және қапсырмадан (магнит өткізгіш) 9, орауыш 7 өзекшесімен 8, зәкірден 6,тұйықталған 1 және ажыратылған 2 түйіспелерден тұрады. Орауыш бойынша 7 токтың өтуі кезінде зәкір 6 өзекшеге 8 тартылады және түйіспелер траверс арқылы ажыратылады немесе тұйықталады. Кернеу алынғаннан кейін серіппе 11 зәкірді 6 бастапқы қалпына келтіреді, өйткені тұйықталған түйіспелер 1 ажыратылады. Зәкірдің жүрісі бұрыштамамен 5 шектеледі.

4.13 сурет. ТРПУ-1 басқару релесі:

1 - тұйықталатын түйіспенің жылжымалы тілімшесі; 2- ажыратылған

түйіспенің жылжымалы тілімшесі; 3- түйіспелердің жылжымайтын тілім-

шесі; 4-траверса; 5- бұрыштама; 6- зәкір; 7- орауыш; 8-өзекше; 9-қапсырма;

10- қаптама; 11-серіппе; 12-бұрандама; 13 - пластмассалы корпус.

4.14 сурет. РД – 3010 дифференциальды релесі:

1 - бұрандама; 2- мойынтұрық; 3 – кернеу орауышы; 4,7- өзекшелер;

5- зәкір; 6- магнитті емес напайка; 8- ток орауышы; 9- ось; 10- түйіспе

қысқышы; 11- оқшаулағыш тақта; 12- қаптама; 13- оқшаулағыш қалып;

14- жылжымайтын түйіспелер; 15- жылжымалы түйіспелер; 16- түйіспе

серіппесі; 17- толтырғыш; 18- бұрама; 19, 20 –тіректер; 21- түйіспеұста-

ғыш; 22-бұрамасұқпа; 23- серіппе.

 

РД-3010 дифференциальды релесі (4.14 сурет) түзеткіш құрылғының немесе генератор тартымының қысқышындағы кернеу мен токтың тәуелділігін электрдвигательдердің тартымының қоздырғыш контакторларының босаңсуынан автоматты түрде басқарады. Реленің магнит жүйесі мойынтұрықтан 2, қапсырма түріндегі өзекшелерден 4,7, осьті 9 айнала бұрылатын, тірекке орнатылған 19 зәкірден 5 тұрады. Зәкір 5 орауыш токтан айырылған кезде серіппемен 23 түйіспеұстағыштардың 21 қатты бұрамасына 18 қысылады. Мойынтұрықтың 2 төменгі бөлігінде кернеулік орауыш, жоғарғысында- токтық 8 орнатылған. Токтық орауышқа 8 генератор тартымының тогына пропорциональ белгі, кернеулік орауышқа 3 генератор тартымының кернеуіне пропорциональ белгі беріледі . Реледе екі рет ажыратылған бір тұйықталған түйіспе, зәкірге орнатылған жылжымалы түйіспелер 15, жылжымайтын түйіспелер 14(оқшаулағыш қалыпта 13) бар. Түйіспе жүйесі мөлдір қаптамамен 12 жабылған. Реле серіппе 23 мен токтық орауыштың 8 қарсы тұратын күшінен кернеулік орауыш 3 тудыратын электрмагниттік күштің әсерінен іске қосылады. Осыған сәйкес кернеулік орауышта 3 токтың азаюы және токтық орауышта 8 токтың көбеюі кезінде белгілі мөлшерге дейін зәкір 5 төмендейді де , түйіспелер тұйықталады.

Ток шамасын шектеу релесі ТЭМ2 маневрлік тепловоздарға орнатылады және генератор тартымының тогын шектеу үшін қызмет етеді. Оқшаулағыш тақтада екі басқышты кедергімен және жоғары қайтарым коэффициентімен электрмагнитті реле орнатылған. Реледе өзекшеге кигізілген кернеулік және токтық екі орауыш бар. Кернеулік орауыш тақтайшаға бекітілген. Токтық орауыш соңы массалы мыс шықпасымен жапсырылған, оқшаулағыш тақтайшаға бекітілген, мыс шинасынан бір орам түрінде жасалған.

Реленің жылжымалы жүйесі магнитті емес тақтайшамен жеңілдетілген иінтіректен және плунжерлі зәкірден тұрады. Реледе қатты екі жақты жылжымалы түйіспе бар.

Түйіспелер жұмысын жеңілдету үшін резисторлар мен екі конденсатордан тұратын доғаөшіргіш нобай қолданылады. Генератор тартымының тогы максимальды кезінде токтық орауышта ток аса үлкен, оның күші серіппеніңкүшін баса отырып, қозғалмайтын осьтің айналасында иінтіректі бұрады, түйіспелерді ажыратады. Реле орауышында токтың қатынасына тәуелді болуына қарай жылжымалы түйіспе ток қоздырғышымен реттелетін, мүмкін жағдайдың бесеуінен біреуін орындайды.

Реле кертайғысы тепловоздардың тартымдық электрқозғалтқыштарын әр түрлі кертайғыдан автоматты түрде қорғауға арналған.

2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздарында кертайғы релесі (КР) кертайғы блогы деген аты бар бір блокқа біріктірілген. Кертайғы блогы КБ-320А (4.15 сурет) бұрамасұқпамен бірге бекітілген, тақтайша арқылы өткізілген 3, қаптамамен жабылған РК-221 релесі мен РК-231 релесінен тұрады, реленің қойылуынан кейін және олардың жұмысын тексергеннен кейін пломбамен жабылады. РК-221 релесі ажыратылған магниттік жүйемен орындалған, плунжер типті электрмагнитті аппараттан тұрады.

Тартым зәкірі (плунжер) 9 магнитті емес материалдан бұрылыстағы иінтірекке 6 бекітілген. Реленің түйіспе жүйесінде перекид типті бір ажыратылған 4 және бір тұйықталған 5 түйіспелер бар. Реленің жоғары сезгіштігіне кертайғының бас кезінде іске қосылу үшін қажетті массаның жеңілдеуімен, үйкелістің азаюымен, жылжымалы жүйенің мұқият теңгергіштігімен, сондай-ақ реттегіш серіппенің күшінің азаюымен жетуге болады 8. Зәкірдің 9 дер кезінде төмендеуі реле кертайғысының тоқтауынан кейін тепловоздың тартым күшінің азаюы үлкен болуы үшін қайтарымның жоғары коэффициентімен қамтамасыз етіледі (ажыратылған токтың іске қосылған токқа қатынасы). 0,8- 0,85-ке тең болатын қайтарым коэффициенті, зәкір 9 мен мойынтұрық 7 арасында кішкентай ауалы саңылаумен алынған реле құрылымын магнит ағынынан жалпы ауалы жолдың өтуімен салыстырғанда, реле іске қосылған кезде магнит ағыны соншалықты көбеймейді және ізінше, зәкірдің 9 тартылыс күші де жоғарыламайды.

4.15 сурет. Кертайғы блогы:

1-РК-221 релесі; 2-РК-231 релесі; 3-тақта; 4-ажыратылған түйіспе;

5- тұйықталған түйіспе; 6- иінтірек; 7-мойынтұрық; 8-реттегіш серіппе;

9- зәкір; 10- тартатын орауыш

Сондықтан зәкірдің 9 төмендеуі үшін оның орауышындағы токтың аз ғана төмендеуі жеткілікті.

Кертайғы блогы тартымдық электрқозғалтқыштардың қосымша үйектерінің қысқыштарымен байланысқан алтыфазалы түзеткіштің диагоналына қосылады. Реле іске қосылған кезде КР өзінің түйіспелерімен контактор ВВ орамының қоректендіру тізбегін үзеді немесе генератор тартымының қоздырғышының төмендеуіне белгі береді.

 

4.6. Электрондық құрылғы


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 12 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 14 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 813; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.