Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 12 страница

Блок жинақталғаннан кейін аккумулятордың оң және теріс зарядты тақтайшалары қышқылға төзімді материалдан жасалған ( эбониттен немесе қауырсыннан жасалған) бак немесе банкі деп аталатын сауытқа батырылады. Электролит шашырамау үшін аккумулятор банкісінің қақпағы жабық тұрады. Қақпақтағы саңылау арқылы сыртқа аккумулятордың түйістіргіш істікті өткізгіштерішығып тұрады. Қорғасынды аккумуляторларда электролит ретінде тазартылған судағы таза күкірт қышқылының ерітіндісі (Н2 SO4) қызмет етеді. Күкірт қышықылының тығыздығы 1,83г/м3, судың тығыздығы 1г/м3 Сондықтан электролиттің тығыздығы 1г/м3 жоғары көтеріледі, әдетте ол 1,2-1,4г/м3

Электролитпен толтырылған аккумулятор, оған қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес, күш алу үшін электр қуаты көздеріне қосылады. Нәтижесінде оң зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары қорғасын асқын тотығына PbO2 айналатын, жаңа аккумулятордың алғашқы арнайы зарядын қалыптастырғыш деп атайды. Теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары кеуекті қоспадеп аталатын саңылаулары бар таза қорғасынға ауысады. Бұл процесте электролиттің тығыздығын арттыратын күкірт қышқылы (Н2 SO4) бөлінеді.

Егер аккумулятор химиялық процестен алынған энергияны қайта беретін болса, онда оң және теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары қорғасын сульфаты (PbSO4) деп аталатын күкірт қышқылды қорғасынға айналады. Осы кезде су бөлінеді, сондықтан электролиттің тығыздығы төмендейді.

Аккумулятор қысқышындағы кернеудің бәсеңдеуі бастапқыда 2,1-2В тең болады. Аккумулятордың кернеуі волтьметрі бар арнайы күш түсіруші ашаның күш түсіруі кезінде өлшенеді.

Бәсеңдеу кезінде кернеу 1,7В азаяды, сол кезде процесті тоқтату керек, өйткені аккумулятор күшінің түпкілікті бәсеңдеуі тақтайшалардың сульфатациялану салдарынан оларға өздерін жоя отырып тартылады, қорғасын сульфатының түзілуі үстіңгі бетінде болса да аккумулятордың оң және теріс зарядты тақтайшаларының жылдам әсер етуші қоспаларындағы саңылаулар, оның бәсеңдеуі кезінде, нәтижесінде электр қуатының берілуі пайда болатын табиғи химиялық процесс болып табылады.

Аккумулятор күші бәсеңдеген бірінші кезеңде қорғасын султфатының ұсақ кристалдары түзіліп, тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспаларының саңылауларын бекітіп тастамайды, бірақ аккумулятордың келесі күш алуы кезінде оң зарядты тақтайшаларда олар қорғасын қос тотығына (двуоксь), теріс зарядты тақтайшаларда кеуекті қорғасынға толық айналады. Аккумулятор күшінің түпкілікті бәсеңдеуі, жүйелі түрде күш ала алмауы, электролиттің ластануы, аккумулятордың зарядталмаған күйінде сақталуы салдарынан және басқа да себептерден қорғасын сульфаты қайтадан кристалданады және ірі кристалды құрамға ие болады.

Сульфат түзіледі, яғни тақтайшалар тоқ өткізгіштігі нашар ірі кристалды қорғасын сульфатының ақ қабаттарымен жабылады.

Қорғасын сульфатының кристалдары тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспаларының саңылауларын бекітіп тастайды. Тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспаларының ішкі қабаттарына электролит жіберілу тоқтатылады, аккумулятрдың ішкі кедергісі азаяды, оның сыйымдылығы төмендейді. Ірі кристалды сульфат ісініп, қаншалықты үлкен көлемді орын алатын болса, жылдам әсер етуші қоспа шамадан тыс ісінеді және түсіп қалады. Аккумулятор күш алған кезде ірі кристалды сульфат, тақтайшаның бастапқы жылдам әсер етуші қоспасына жәймен және толық айналады. Міне, неліктен аккумуляторға уақытымен күш беріп тұру қажет. Зарядқа қосқаннан кейін акумулятордың сыртқа шығарылған өткізгіштеріндегі кернеу 1,7-1,8-ден 2,1-2,2-ге дейін жылдам көтеріледі, ал одан кейін 2,3В дейін өте ақырын көтеріледі. Зарядталу соңында кернеудің 2,6-2,8В дейін көтерілуі байқалады және аккумулятордың «қайнауы» басталады, яғни судың электр тоғымен іруі салдарынан қарқынды газ (сутегі және оттегі) бөлінеді. Кернеудің кенеттен көтерілуі және аккумулятордың «қайнауы» зарядтың аяқталуын білдіреді. Аккумуляторды электр қуаты көздерінен ажыратқаннан кейін оның кернеуі шамамен бірден 2,1В түседі.

Аккумуляторлардың басқа жұмыс тәртіптемелері кезінде аз қарқынды болса да сутегі және оттегі бөлінеді. Сутегі мен оттегінің жарылғыш күркіреуік газ деп аталатын қоспа түзетіндігі белгілі. Сондықтан аккумулятор тұрған ғимаратқа отпен кіруге тыйым салынады.

Қуаттың бір бөлігі электролитті қыздыруға және әр түрлі химиялық процестерге жұмсалатын болғандықтан, аккумулятор күш алу кезінен қарағанда күшінің бәсеңдеуі кезінде электр қуатын аз береді. Аккумулятордың бәсеңдеуі кезінде (сыйымдылығы) қайта берілген ампер және сағатпен өлшенетін электр қуаты санының, күш алу кезінде алынған электр қуатына сандық қатынасы аккумулятордың сыйымдылық бойынша қайтарым коэффициенті деп аталады. Қышқылды аккумуляторларда ол 90-95% тең. Аккумулятордың энергиябойынша қайтарым коэффициенті, яғни пайдалы әсер ету коэффициенті деп бәсеңдеу кезінде қайтарып берілген киловатт-сағатпен өлшенетін энергияның аккумулятордың күш алуы кезінде жұмсалған энергия санына қатынасы аталады, қышқылды аккумулятордың пайдалы әсер ету коэффициенті 70-80 % тең.

Сілтілі аккумулятор никель мен болаттан жасалған сауыттан, оң және теріс зарядты тақтайшалардан және электролиттен тұрады. Сілтілі аккумуляторда электролит ретінде тазартылған судағы сілті ерітіндісі, яғни күйдіргіш калий КОН қызмет етеді. Аккумулятордың тақтайшалары никельденген болаттан жасалған жұқа пакет түрінде дайындалған және жылдам әсер етуші қоспалармен толтырылған. Жылдам әсер етуші қоспалар электролиттермен жақсы жанасу үшін пакеттің қабырғаларында көптеген саңылаулар жасалған. Теріс зарядты тақтайшалар оң зарядты тақтайшалардың арасында орналастырылған және бір-бірінен ажыратқыштармен (төсемдермен) бөлінген. Теріс зарядты тақтайшаларының жылдам әсер етуші қоспаларының құрамына қарай сілітілі аккумулятор екі түрге бөлінеді: темірникельді және кадмиеникельді.

Аккумулятор күш алмай тұрғанда, жылдам әсер етуші қоспа ұсақ графит қоспасынан алынған никель шала тотығы гидратынан Ni(OH)2 тұрады, ал теріс зарядты тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспасы – темірникельді аккумуляторда темір шала тотығы гидратынан Fe(OH)2 немесе кадмиеникельді аккумуляторда темір шала тотығы гидратынан алынған кадмия шала тотығы гидратынан Cd(OH)2 тұрады. Аккумулятор күш алған кезде оң зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы тотығады, никель шала тотығы гидраты никель окисі гидратына ауысады Ni(OH)3. Теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы темір Fе (кеуек) ұнтағы түрінде қайта қалпына келеді немесе темір.. және кадмия .. қоспасы кеуек күйінде қайта қалпына келеді. Аккумулятор күшінің бәсеңдеуі процесінде тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспаларының құрамы бастапқы қалпына қайтадан келеді: оң зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы никель шала тотығы гидратына айналады, ал теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы сәйкесінше темір шала тотығы гидратына немесе кадмия шала тотығы гидратына айналады.

Теріс зарядты тақтайшаларды толық қолдану үшін, сілтілі аккумулятордың оң зарядты тақтайшаларында жылдам әсер етуші қоспа екі есе көп түзілуі керек. Ол үшін оң зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалы пакеттері, теріс зарядты тақтайшаға қарағанда қалыңдау болып жасалады және аккумулятордағы оң зарядты тақтайшалардың біреуі артық болады. Күш алу кезінде аккумулятордың кернеуі алғашқыда 1,6В дейін тез өседі, ал одан кейін күш алудың соңына қарай 1,8-1,85 В-қа дейін ұлғаяды, тоқ көзінен ажыратылғаннан кейін толық күш алған аккумулятордың қозғалыс күшінің энергиясы 1,45В тең болады, яғни сілтілі аккумулятордан қарағанда елеулі төмен. Сілтілі аккумулятор күшінің бәсеңдеуі кезіндегі кернеу, аса жоғары кедергі әсерінен 1,3-1,1В тең болады. Аккумулятор кернеуі 1-1,1В тең болғанда, күшті бәсеңдетуді тоқтату керек.

Сілтілі аккукумлятордың қышқылды аккумулятордан артықшылығы: жоғары механикалық төзімділік, тоқ күшін сезінуінің төмендігі, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы және қызмет көрсету түрінің қарапайымдылығы. Дегенмен сілтілі аккумулятордың сыйымдылық бойынша (70-71%) және энергия бойынша (55-60%) қайтарым коэффициенттері төмен, элементінің кернеуі аз (орташа алғанда 1,2 В-тың орнына қышқылды аккумуляторда 2В), көлемі және салмағы үлкен. Егер сілтілі аккумуляторларды сыртқы температура төмен болған кезде жылы ұстамаса, онда олардың сыйымдылығы кенеттен төмендейді, сілітілі немесе қышқылды бір аккумулятордың қозғалыс күшінің энергиясы және ізінше оларға қайта берілген қуаты тым аз болады. Сондықтан тепловоздарда бірнеше аккумулятордан тұратын белгілі бір сызбамен қосылған аккумулятор батареялары орналастырылады.

Тепловоздардың аккумулятордан тұратын типі 32ТН-450, қорғасынды аккумулятор батареялары қолданылады. Әріптер, оның тепловоздарға (Т) арналғанын, ал тақтайшаның жылдам әсер ету қоспасы майланғандығын (Н) білдіреді. Батареяның сыйымдылығы 450 А/сағ.

Аккумулятордың 6,8 (4.6-сурет) тақтайшалары қорғасындысуьрма қорытпасынан құйылған. Сурьманың қосылуы тақтайшаның беріктілігін жоғарлатады. Тақтайшалардағы ұяшықтар қоймалжың сұйықтық түріндегі жедел әсер етуші қорытпамен толтырады.Теріс зарядты блокта 20 тақтайша, оң зарядты болкта-19тақтайша бар. Әрбір блокта аккумуляторды ішкі тоқ тізбегімен қосу үшін екі сыртқа шығарылған өткізгіш (түйістіргіш істіктің) 15 бар.

Аккумулятордың 32ТН-450 типті батареясы үшін тақтайшалар арасындағы төсем ретінде мипласты ажаратқыштар 7, әйнек желімденген киіз ажыратқыштар 9 және полихлорвинилді тесікті тақтайшалар қолданылған. Қатпарланған ажыратқыштар 6,8 тек ғана тақтайшаларды бөліп тұрмайды, сонымен қатар олардың дірілін де жояды.

4.6. сурет. Тепловоздың 32ТН-450 түріндегі қышқылды қорғасынды аккумуляторы:

1- резеңке амортизаторлар (бәсеңдеткіш); 2- екі қырлы сауыт; 3- бак; 4- оқшауландырғыш; 5- полихлровивнивді ажыатқыш; 6- оң зарядты тақтайша; 9- әйнек желімденген киіз; 10- сақтандырғыш қалқан; 11- асбестті сым; 12-мастик (қою желім); 13-қақпақ; 14-тығын; 15- сыртқа шығарылған өткізгіш.

Ажыратқыштардың жоғарғы жағына электролиттің шашырауын және тақтайшаға басқа да заттардың түсуін екертетін сақтандарғыш қалқан 10 төселеді.

Тепловоз аккумуляторлары үшін эбониттен жасалған бактар қолданылады, бұл материалдың (эбонит) механикалық беріктілігі мен электроқшауландығыштығы жақсы, ал бактар мүжілмейді, жеңіл, арзан. Аккумулятордың оң және теріс зарядты тақтайшалары 11 бактың түбінде болып табылатын екі қырлы сауытқа қойылады, бак эбонитті қақпақпен жабылады, ал қақпақ пен ыдыстың қосылған жері асбестті сыммен оралып және қышқылға төзімді қою желіммен (мастикпен) мұқият тығыздалады. Әрбір блок тақтайшаларының қақпақ арқалы өтуге арналған тесіктердегі істіктері резеңке сақиналармен тығыздалады. Қақпақтағы құю тесіктері аккумуляторда түзілген газдарды шығару үшін, ішкі арналары бар арнайы тығынмен жабылады. Қышқылға төзімді жылтыр сырмен боялған ағаш жәшіктерге төрт аккумулятор қойылады. Жәшіктер тасымалдауға ыңғайлы болу үшін аспалы тұтқалармен жабдықталған.

Тепловоз аккумулятор батареялары аккумуляторлары тізбектелген ұстатқыштармен қосылған, соның арқасында олардың кернеулері жинақталады. 32ТН-450 батареясының нақты кернеуі 64В-қа тең. Аккумулятордың үшінші секциясынан 24В кернеу алу үшін арнайы сыртқа шығарылатын өткізгіш жасалған. Бұл кернеу локомотивтің өлшеуіш құралдарын қоректендіру үшін қажет. Аккумулятор батареялары дизель жіберілген кезде 1700-2000А қысқа мерзімді тоқ береді, оның сыйымдылық бойынша қайта берілуі 80%, пайдалы әсер коэффициенті - 65%. Күш алған батарея электролитінің тығыздығы 1,24-1,25 г/см3, тығыздықтың көтерілуімен электролиттің қатып қалу температурасы кенеттен төмендейтін болғандықтан ал қыс айларында оны 1,26 г/см3 дейін көтерген жөн.

Отандық 2ТЭ116, ТЭП70, ТЭ121 және тепловоздарда басқару тізбегіндегі кернеу және жпрық 110В-қа дейін көтеріңкі, сондықтан олар үшін 48ТН-450 қышқылды аккумулятор батареясын дайындайды. Батареядағы аккумулятор саны 48-ге дейін көбейген, оның нақты кернеуі 96В, сыйымдылығы 450А/сағ.

Отандық электротехникалық өнеркәсіпте қорғасынды үнемдеу үшін тепловоздық темірникельді сілтілі аккумулятор батареясы 46ТПЖН-550 (4.7. сурет) құрылған, олар ТЭ10 түріндегі және басқа да сыйымдылығы 550А/сағ тепловоздарға арналған. Аккумулятордағы батареялар саны, осы тепловоздарға арналған қышқылды батареялармен салыстырғанда 46 дейін көбейтілген, қышқылды аккумулятордағы батареялар саны – 32, яғни сілтілі аккумулятордың қозғалыс күші энергиясы төмен.

Аккумулятор 36 оң және 34 теріс зарядты тақтайшалардан 11 тұрады. Оң зарядты тақтайшалар болаттан жасалған, саңылаулары бар, никель таспасымен бүркемеленген жалпақ қорап тәрізді болады, ол тоқ өткізгіштігін арттыру үшін ұсақталған графит қосылған никель гидрототығымен тотырылған. Теріс зарядты тақтайшалардың болат қораптары кеуекті (ұнтақпен) темірмен толтырылған. Теріс зарядты тақтайшалар оң зарядтылар аралығына қойылған және шағылысудан қатпарланған қалып түріндегі полихлорвинилденген саңылаулы ажыратқыштармен сақтандырылған.

4.7. сурет. 46ТПЖН-550 темірникельді сілтілі аккумулятор:

1-тақтайшалар блогы; 2- сыртқа шығарылған өткізгіштер; 3-тығын; 4-сауыттың қақпағы; 5-оқшауландырғын сақина; 6-сауыт; 7-оқшауландырғын төсем; 8-сақина; 9-аша; 10-түйістіргіш планка; 11-тақтайшалар; 12-ажыратқыш; 13-оқшаулындырғын қынап.

Тақтайшалар оларға дәнекерленген түйістіргіш жұқа тақтайшалар 10, тегірмен тартылған өзекше 9 арқылы екі блокқа біріктірілген. Әрбір блокта борна деп аталатын, қақпақтағы тесіктер арқылы сыртқа шығарылған екі өткізгіш бар 2 және одан, электроиттің төгілуін ескертетін винилденген тақтайшалармен және резеңке сақиналармен оқшауландырылған.

Тақтайша блоктары бәктің түбіндегі болаттан жасалған екі қырлы сауытқа қойылады. Көрші аккумуляторлардың ұстатқыштарымен жалғасу үшін сыртқа шығарылған екі өткізгіштің 2 жоғарғы жағында бұрама оймасы және бар. Қақпақтағы құю мойындығы, желөкізгішті ішкі арналары бар қауырсын тығынмен 3 жабылады. Электролит ретінде, аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзартатын литий моногидраты қосылған күйдіргіш калийдің судағы ерітіндісі қолданылады. Аккумулятор батареяларының күш алу және олардың күшінің бәсеңдеу поцестері кезінде электролиттің тығыздығы (1,19-1,21г/см3) өзгермейді. Әрбір аккумуляторға оқшауландырғыш резеңке қынап 13 кигізіледі. Аккумулятор қаңылтыр болаттан жасалған төрт жәшікке орналастырылады, олардан ағаш білеулермен тағы да қосымша оқшауландырылады. Тепловоздарда аккумулятор жәшіктері шанақтың (кузовтың) орта бөлігінде еденнің астында дизельдің екі жағынан орналастырылады. 46ТПЖН-550 аккумулятор батареясының нақты кернеуі 57,5В тең, бәсеңдеу (кідірмелі) тоғын 2700А дейін жеткізуге болады.

Темірникельді аккумулятор батареясына ұзақ мерзімді қызмет ету, жоғары механикалық беріктілік, үлкен күш алу тоғын ұстап тұру қабілеті тән. Оларда қорғасынды аккумулятордағыдай сульфатациялану салдарынан жедел әсер ету қосындыларын істен шығаратын химиялық процестер болмайды. Тепловоздың қорғасынды аккумулятор батареясынан қарағанда темірникельді аккумулятор батареясының салмағы шамамен 1,5 есе көп.

Дизель жіберілгеннен кейін аккумулятор батареясы қосалқы генераторлардан тоқ күшін алады. Тоқ күшінің мөлшері амперметр бойынша бақыланады.

Жоғары сыйымды жинағыштың басты қызметі түйістіргіш бетіндегі аса жоғары саңылаулы көміртегі электродының екі еселенген электр тоғы қабатында тікелей күш жинауға негізделген. Олардағы күштің шұғыл бәсеңдеуінің жинақталған энергиясы мен қуатының тығыздығы басқа конденсаторлар мен аккумулятор батареяларының сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда асып түседі. Бұндай конденсаторлар қысқа уақыт аралығында (0,1 – ден 10 с-қа дейін) шұғыл энергия бөлу талап етілетін жерлерде пайдалы. Дәл осы қасиеті құрамдастырылған тоқпен от алдыру (электростартер) жүйесін құру кезінде, дизельдік поездар мен тепловоздардың ернеулі аккумулятор батареяларының пайдалану тәртіптемесін жақсарту үшін қолданылған.

Дизель жіберілген мезетте жинағыш желіде күштің бәсеңдеуіне қажетті кернеуді және қуатты қамтамасыз ете отырып, от алдырғыш айналысының негізгі энергетикалық күшін өзіне алады. Жіберілгеннен кейін шамамен 5с аралығында аккумулятор батареясынан немесе өндіргіштен қайтадан күш алады, осыдан кейін қайтадан жұмысқа қосылуға дайын болады. Күш алу мерзімінің сақталуы бірнеше жүздеген сағатқа дейін болған кезде, іске қосу және қайта күш алу циклінің жұмыс саны шектелмейді. Дегенмен жоғарысыйымды жинағыштар пайдалануға қолданған кезде барлық уақытта күтілген нәтижеге сай бола бермейді.

 

4.5. Коммутациялық аппараттар

Коммутациялық аппараттар электртізбектерін қайтадан қосу үшін арналған. Коммутациялық аппараттарға жатады: поездық түйстіргіштер, кері айналдырғыштар, қайта қосушы тежегіштер, қозуды әлсірететін түйістіргіштер, реле, батареяларды сөндіргіштер және т.б.. Жылжымалы құрамда электр аппараттары діріл мен шытынауға душар болудан, температураның елеулі түрде өзгеріп отыруынан және ылғалдың, шаңның, майдың әсерінен өте ауыр жағдайда болып табылады. Бұндай жағдай, аппаратты пайдалану кезінде оның құрылымында жоғары дәрежелі сенімділік, аппараттың өздігінен іске қосылуын болдырмау, олардың барлық құрамды бөліктерінің тотықтануға қарсылық қасиеттеріне талаптың жоғары болуы керектігін көрсетеді.

Аппараттардағы зиянды әсерлерді азайту үшін, оларды арнайы камерларға орналастырады, кейбіреулерін амортизаторға қояды, сезгіштігі мен дәлдігі жоғарырақтарын қаптамамен жабады, мыс немесе мыс қорытпасынан жасалған бөлшектерді қалайымен жабады, жылтыр сырмен және эмальмен сырлайды. Қара металлдардан жасалған бөлшектерді мырыштайды немесе сырлайды.

Электрлік түйісу деп тоқтың бір бөлшектен екінші бөлшекке ауысуын айтады, ал бөлшектердің өздері түйістіргіштер немесе түйістіргіш-жалғағыштар деп аталады. Түйістіргіштер жылжымалы және жылжымайтын болып бөлінеді. Жылжымайтын түйістіргіш-жалғағыштарға оларды пайдалану кезінде (шиндарды, кабельдердің, сымдардың ұштарын, қысқыштардағы сымдарды және т.б. қосу) ажыратылып кетпейтін түйістіргіш-жалғағыштар жатады. Жылжымалы түйістіргіш-жалғағыштарға оларды пайдалану процесінде жылжымайтын түйістіргіш-жалғағыштардан ажыратылып кететін аппараттардың түйісулері жатады. Түйістіргіштер қызмет етуіне қарай, тізбекті тұйықтандырып немесе ажыратып, олардағы тоқ ағымын басқаратын күш беруші (басқарушы) түйістіргіштержәне қосалқы түйістіргіштер болып бөлінеді. Қосалқы түйістіргіштер басқа аппараттар мен тізбектерді оларды сызбаларға сәйкес бір-бірімен түйістіре отырып іске қосылуын немесе сөндірілуін қажетінше жалғастыруды, сондай-ақ тізбектерді сөндіру және іске қосу туралы белгі беруді қамтамасыз етеді. Әсер ету әдісіне қарай түйістіргіштер тұйықтандырушы түйістіргіштер және тарқатушы түйістіргіштер болып бөлінеді.

Аппарат орамасы нүктеленбеген кезде тұйықтандырушы түйістіргіштер тарқатулы, ал тарқатушы түйістіргіштер тұйықтаулы болады. Бетінің жанасу үлгісіне қарай түйістіргіштер: жанасу бір нүктеде немесе аз көлемді бетте өтетін болса сыналы; тіке сызық бойыша немесе өте жіңішке бетте жанасатын болса, сызықтық; үстіңгіболып бөлінеді.

Тепловоздар аппараттарында әртүрлі түйістіргіштер қолданылады. Сыналы түйістіргіштер шаппалы қосқыштарда (рубильниктерде), қайта қосқыштарда және қалыпты сақтандырғыштарды берік ұстауға қолданылады. Шаппалы қосқыштың пышағы немесе сақтандырғыштың металл қалпақшасы серпінділігі түйісулерді тығыздандыратын серіппелі тұғырға кіреді. Г әрпі тәріздес болып келетін сызықтық түйістіргіштер күш түскен кезде тізбекті тұйықтандыру және тарқату үшін қолданылады. Мостиктипті, екі айырымды тізбегі бар қыспалы түйістіргіштер, бір айырымды қайта қосқыштар типті түйістіргіштер релеге қолданылады, штепсельдік түйістіргіштер көптеген бірліктер өлшемі бойынша жұмыс істейтін тепловоздардың басқару тізбегі үшін қолданылады.

Жылжымалы түйітіргіш-жалғағыштар сипатталады: түйісу кедергісі, бастапқы басу, соңғы басу, ерітінді (айырымымен), құлау, қиюластыру. Түйістіргіш-жалғағыштың күйі ауыспалы кедергімен және үстіңгі бетінің ақаулығымен анықталады. Ауыспалы кедергі түйіскіші материалдардың физикалық қасиеттерімен үстіңгі бетінің күйімен, түйісу тәсілімен және қысымымен аныталады. Үстіңгі бетінің ақаулық кедергісінің шамасына түйісуші материалдардың химиялық реакцияға қатынасы, температура, атмосфера құрамы әсер етеді, тұйықталу түрінде беткі қабыршақтар пайда болады.Түйісу кезіндегі кедергі жұмсалған токтың мәнімен анықталады. Жұмсалған тоттың мәні үлкен болған кезінде түйіскіштер қызады, түйісу кезіндегі кедергі кенеттен көтеріледі, бұл олардың балқуына әкеп соқтыруы мүмкін.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 11 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 13 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 789; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.006 сек.