Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Арба рамалары

Арба рамаларының беріктігі олардың бірнеше құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Бұл арбаның оның рамаларына әсер ететін күш жүйесін анықтайтын ең таңдаулы негізгі (түпкі) сызбасы; рамалардың негізгі элементтерінің құрылымдық орындалуы және осы элементтердің бір-бірімен жалғасу торабы, кернеу шоғырлану деңгейін бір шама анықтайды. Белгілі себептерге дайындаушы заводтың технологиялық мәдениет деңгейін, технология тұрақтылығын, әсіресе дәнекерлеу жұмыстарында дайындаушының озық тәжірибелер қолдануын жатқызуға болады.

Арба рамасы серіппегіш іліктіргіштері бар доңғалақты–моторлы блокты арбаүсті құрылысының тіректік қондырғыларын және тепловоз шанағына тартым күшінің берілу механизмін, тежеуді орындайтын жабдықтарды орналастырылуға арналған. Арба рамаларын пайдалану кезінде жабдықтарымен шанақ салмағынан түсетін тұрақты күштен басқасы, тартым күші (тежелу) және ТЭҚ әсері, тігінен және көлденеңінен түсетін үлкен динамикалық күшке душар қылады. Сондықтан арба рамаларының құрылымына негізгі элементтері бойынша беріктілік қоры коэффициенті 2,0 кем емес және материал ағымдығын тексерген кездегі 3g дейінгі көлденең шапшаңдықпен соғылу материалдардың ағымдық шегі бойынша 1,2 болып салынады.

Тепловоздардың екінші топтағы дәнекерлік құрылымды арба рамасы (6.6. сурет) көрсетілген. Раманың негізін бойлық арқалықтармен 7,8 және 10 нығыз байланысқан екі жақ бүйірі 12 және 15, алдыңғы бекітпенің соңы 14 және шүберіндік арқалық құрайды. Бүйірлер, бүйірлік қалыңдығы 10 мм, жоғарғы қалыңдығы 14 мм, төменгі қалыңдығы 22 мм болатын болаттан құйылған табақшалардан дәнекерленіп жасалған, қорапты қиманың тұйық бөлігі тәрізді болып келеді. Бүйірлердің жоғарғы жағынан тірек платиктар 13 орналастырылған, төменгі жағына серіппелерге арналған төсемдер дәнекерленген, букс тізгіндерін бекіту және серіппе тіреуін орналастыру үшін трапеция түріндегі өзегі бар құйылған кронштейндер 3 және 1 қондырылған.

6.6. сурет. Жүк тепловозының жақсыз арбасының рамасы:

1,3,4,5 –кронштейндер; 2-сөндіргіш корпусы; 6-бүйірлердің қуыс қондырғысы;7,8,10- ендік арқалықтар; 9-шүберіндік арқалық; 11-төселетін табақ; 12,15-бүйірлер; 13-тірек платиктері; 14-шеттік беку.

Беркіктіліктің әлсіреуін көтеру үшін бүйірлердің төменгі табақтарына көлденең қырлары парабола үлгісіндегі сынамен айқастырылған, кронштейндер 1,3,4,5 дәнекерленген. Кронштейндер дәнекерленгеннен кейін дәнекерлеу сызықтарының негізгі аймағы мығымдап бекітіледі. Бүйірлердің ішінде жанасу орындарында рамаарлық бекіту арқалығының қаттылық қимасын ұлғайтуға арналған бүйірлік табақтарға дәнекерленген диафрагмалар орналастырылған. Бүйірлердің тік табақтарының сыртынан төсем арқылы тербелісті дыбыссыз бәсеңдететін корпус, тежегіш цилиндрдің кронштейндері 4 дәнекерлеген. Бүйірлерде тежегіш иінді беріліс келдені көлденеңінен өту үшін қуысты қондырғымен 6 күшейтілген бейтарап білектер бойынша тесіп өтетін сопақша тесіктер жасалған.

Рамааралық бекітетін дәнекерлік құрылымды ендік арқалықтар 7,8, және 10 қалыңдығы 14 мм болат табақтан тұйық қорапша үлгісінде жасалған және бүйірлерді өз ара нығыз байланыстырады. Ендік арқалықтар өздерінің тік қырларымен ішкі бүйірлік табақтарға және бүйірлердің төменгі табақтарының арнайы шығыңқыларымен дәнекерленген. Ендік арқалықтардың төменгі табақтарына ТЭҚ тірегіне арналған құйылған кронштейндер 5 дәнекерленген.

Рамааралық бекіністің ортаңғы арқалығында раманың бойлық білігіне жоғарғы жағынан электр тоғымен дәнекерлеу арқылы болаттан құйылған 20ЛП ГОСТ 977-75 бойлық шүберіндік арқалық 9 орналастырылған және бекітілген. Арқалықтың шүберіндік орта бөлігінде массивтік шүберіндік ұяшық қондырылған, арқалық пен шүберін арқылы тепловоз рамасына тартым күші берілетіндіктен, шеттерінде бекіну қаттылығын жоғарлататын көлденең сөрелер болады. Шүберін ұяшықтарында арбаның көлденең бағытта қозғалатын шүберін торабы орналастырылады, ал ұяшықтардың бүйірлік қабырғаларында шүберін торабының серпінді бекіну серіппелері жинағын қондыру үшін тесіктер жасалған.

Алдыңғы ұшындағы арқалық 14 дәнекерленіп жасалған, қорапшалық қима, алынбайтын, бірақ өздігінен іліктіргіш дыбыссыз аппаратты алуға ыңғайлы болу үшін орта бөлігінен иілген. Арқалық өз бүйірі арқылы бүйірлермен, оларды қаттылық беру үшін байланыстыра отырып электр тоғымен дәнекерленген және арбаның тежегіш иінді беріліс кронштейндерін өзіне алады.

Арба рамаларының негізгі құрамдық жинаушы бірліктері (бүйірлер, рамааралық бекініс, соңғы арқалықтар) болаттан Вст. 3сп. 5ГОСТ 380-71 жасалған және дәнекерлеу кезінде кернеуден босату үшін күйдірілген. Жиналған және дәнекерленген рамаға шүберіндік арқалық 9, тербелісті дыбыссыз бәсеңдететін корпус 2, тежеу цилиндрінің кронштейндері 4 және платиктің 13 шанақ тірегіне арналған тежегіш иінді беріліс ілгіші орнатылады және дәнекерленеді. Бұдан кейін рамаларға 1 және 3 кронштейндер, букс тізгіндерінің бекуі және трапеция түріндегі өзекті тартымы бар серіппе тірек, және шанақ тірегін қондыруға арналған платиктар 13 бойынша механикалық өңдеу жасайды.

Әрбір түпкілікті дайын болған арба рамасына дәнекерлену тігісі және олардың құрылысы, металл сапасы, құрастыру-орналастыру мөлшерлерін орындауы көрсетілген құжат дайындалады. Дайындау сапасын ГОСТ 15467-79 және тепловоздың дәнекерлік құрылымын дайындауға арналған ТУ 24-4-419-70 техникалық талаптары бойынша бақылайды. Негізгі дәнекерлік қосылыс ақаутапқыштармен (ультрадыбыстық, рентгендік) тексеріледі. Жоғары динамикалық күш түсу жағдайларында барлық қызмет ету мерзімі аралығында қозғалыс қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге арналған арба рамаларын пайдалану үшін аса қауіпті дәнекерлік ақаулықтарға (сызат, толық пісірілмеу, шұңқырлар, тігістің толық болмауы) жол берілмейді.

Арба рамасына әсер ететін, күштерді тарату үшін бірден бір үздік құрылым, шанақтан тігінен түсетін күш рама бүйірлерінде орналасқан төрт тірек арқылы берілетін, тепловоздың бірінші топтағы арбасының үшбілікті құрылымы болып табылады (2ТЭ10Л және т.б.). Арба рамасына жоғарыдан және төменнен түсетін күштер, олардың рамаға әсер ететін, иілу мезетін азайтуға әкеп соқтыратын, күш түсу аймағында теңеседі. Бұл кезде ендік арқалықтар тігінен иілу мезетімен, ал бүйірлері – айналу мезетімен жүктелмеген. Тепловоздардың екінші топтағы жақсыз арбаларына арба рамасына шанақтан берілетін тігінен түсетін күштің берілу сызбасы шамамен осындай, бірақ серіппегіштік іліктірме теңгестірілмей орындалған.

Арба рамасының бүйірлері бірнеше ұлғайтылған иілу мезетімен жүктелген.

ТЭМ7 тепловозында екі білікті арба рамасына аралық рамалар жағынан тігінен түсетін күш кронштейндер арқылы бүйірлердің бойлық біліктеріне қатысты 373 мм иінде беріледі. Нәтижесінде бұл бүйірлер, иілуіден басқа, айналу мезетімен жүктелген, ал арба рамасының ендік арқалықтары – қосымша иілу мезетімен жүктелген. Арбаның таңдалған сызбасында салмағы мен көлеміне зор әсер негізгі салмақ түсетін тораптар құрылымын таңдау екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі локомоивтерде дәнекерленген және дәнекерлеп-құйылған арба рамаларын қолдану кеңінен тараған. Тігісті аргонды-доғалық еріту сияқты өңдеудің алдыңғы қатарлы әдісімен қатар алғанда дәнекерлеудің жаңа технологиясын қолдану жаңа локомотивтердің арба рамаларының салмағын елеулі түрде азайтады.

Арба рамаларының негізгі күш түсіру элементтері әдетте дәнекерленген жұқа қабырғалы тікбұрышты кесінді арқалық түрінде жасалады. Көптеген жағдайларда арқалықтың көлденең кесіндісі екі тік және екі көлденең, өз ара көлденең тігіс арқылы дәнекерленген табақтардан құралады (ТЭ3, 2ТЭ10Л, 1ТЭ10В, 2ТЭ116, ТЭМ7, ТЭП75 және т.б.). ТЭП60 тепловозында арба рамаларының негізгі күш түсіру арқалықтары, жоғарғы және төменгі белдемшелері бойынша көлденең тігіспен қосылған екі науа тәрізді профильден дәнекерленген. Бұндай құрылымдар беріктілік тұрғысынан қарағанда жоғары бағаланады, дегенмен оларды дайындау өте күрделі болғандықтан кеңінен таралмаған.

Рамалардың бүйірлерінің салмағын анықтайтын негізгі шама – оның биіктігі мен ені арасындағы қатынас. Көптеген құрылымда бүйірдің биіктігі 350-450 мм тең, ал бүйірлердің көлденең кесінді биіктігінің оның еніне қатынасы 1,5-2,0 аралығында жатады, бұл қабылданған арба рамаларының тік және көлденең жазықтықтағы иілу мезеттерінің қатынасына сәйкес келеді. Ендік арқалықтардың ені, керісінше, бұл арқалықтар негізінен көлденең түсетін күшпен жүктелетін болғандықтан қағида бойынша олардың биіктігінен үлкен.

Әдетте арба рамалары бүйірлерінің төменгі белдемшесінде тартатын күш, жоғарғы белдемшесінде бәсеңдететін күш әсер етеді. Сондықтан 2ТЭ10Л, 1ТЭ10В ТЭМ7 тепловоздарының арба бүйірлерінің төменгі табақтары жоғарғысынан қарағанда қалыңдау болып жасалған, бұл көлденең кесіндінің күш түсу ортасының төменгі жағын жылжытады және кесіндінің төменгі белдемше бойынша кедергі мезетін көбейтеді.

Көлденең арқалықтардың бүйірлермен қиылысу аймағы – арба рамаларының бірден бір жауапты торабы. Бұл тораптарға күш түсу жағдайы тік және көлденең күштердің бірігіп әсер етуімен анықталады. Бұнда күш түсу деңгейі барлық уақытта өте жоғары. Сондықтан ендік арқалықтардың бүйірлермен қосылуы кернеу жиынтығының аз болуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Бұл үшін көлденең күш әсерінен бойлық және ендік арқалықтардың қиылысу аймағындағы күш түсуді 2 есе азайтатын соңғы арқалық арналған. Бойлық және ендік арқалықтардың төменгі табақтарын біріктірудің үш нысанын қарастырамыз: айқасу, дәнекерлеу тігісінің бүйір шеттерін бойлап орналасуы арқылы түйісуі, сондай-ақ түйісу, бірақ дәнекерлеу тігісінің ендік арқалыққа шығып тұруы және осы аймақта ауысу радиусы бар болғанда 150 мм кем емес. Бірінші нысан бойынша беріктілігі аз қосылыс. Күш жинағының теориялық коэффициентінің aт мәні бұнда 2,05-2,8 жетеді. Біріктірудің екінші нысанында жинақ коэффициенті жоғары: aт = 2,2,-2,5. Үшінші нысанда ол 1,4-1,7 аспайды. Төменгі табақтардың қиылысуының ең аз радиусы бүйірдің енінен 0,25 аз емес, яғни 70-80 мм болуы тиіс. Күш түсіру жиынтығы болып табылатын түіспелі дәнекерлеу тігісі үшінші нұсқада ендік арқалыққа тігінен түсетін күштің ең аз күш түсу аймағына енгізілген.

Пайдалану кезінде айнымалы кернеудің әсері тиген арба рамаларының беріктік қажуы есепке алынады. Бұндай баға беру үшін әсер етуші тұрақты және динамикалық күштің және заттың төзімділік шегі мәндері болуы қажет. Арба рамасы сияқты бұндай торап үшін есептеудің бас үлгісі - беріктілік қоры коэффициентін анықтаумен байланысты тексеру есептеулер.

Тұрқаты күш күш түсудің барлық негізгі тәртіптемелерімен анықталады: шанақ салмағы қондырылған жабдығымен бірге, ирекке кіру кезіндегі тартымдық және тежегіштік күш алу. Ілінген доңғалақ жұптарының және т.б. қозғалыстары кезіндегі, тепловоздардың соғылу кезіндегі арба рамаларындағы күш түсуді табады. Арба рамалары бұндай есептер кезінде басты жүйе түрінде көрсетіледі.

ВНИКТИ және ВНИИЖТ-те беріктікті бағалаудың есептеу-тәжірибе жасау әдісі қолданылады. Күштің тұрақты және динамикалық әсер ету мәні тепловоздардың пайдалану жағдайын сынау кезінде тәжірибемен анықталады. Заттың төзімділік шегі жалпы машина құрылысы анықтағышы мәліметтері бойынша қабылданған және тәжірибе жүзінде бөліп анықталған төзімділіктің төмендеу коффициентінің (үлгі жиынтығының коэффициенті)көмегімен материалдың төзімділік шегін қайта есептеу кезінде табылады.

6.3.Тіректі –қайтарымды қондырғы және тартым күшінің берілісі

Шанақтың арбамен тіреулік байланысы мынаған арналған: арбаға шанақтан тігінен түсетін күштің берілісі; тепловоздың тіке жүру теліміндегі қозғалыс тұрақтылығын, арбаның айналма жолдарда жүруін, яғни арба жүрісінің шанақтың орташа жүрісі қалпына қайтып оралуын қамтамасыз ету; бұлғақтау және көлденең тербелісі кезінде арбаның шанаққа бүйірлік әсер етуін төмендету және тербелісті бәсеңдету. Барлық жүк тепловоздарында шанақтың салмағы үш білікті арбаға арба рамасының бүйірлеріне шеңберлей орналасқан ортасы арбаның айналу ортасы болып табылатын төрт аунақшалы тірек арқылы беріледі. Корпустың 1 ішінде сфералық ұяшықтан 4, жоғарғы тірек плитасынан 3 және цилиндірлік аунақшалардан тұратын тіректің қозғалғыш механизмі орналастырылған. (6.7. сурет). Аунақшалардың құйыршықтары домалау кезінде олардың параллель орналасуын қамтамасыз ететін құрсау 5 тесігіне екі жағынан кіргізілген. Жоғарғы 3 және төменгі 6 тірек плиталарының жұмысшы беттері көлбеу жазықтық тәрізді болады. Корпустың ішкі қуысы білік майымен толтырылған.

Тепловоздармен қисық жол телімдерінен өткен кезде арба бұрылады және тірек плиталары беттерінің еңкеюі нәтижесінде арбаны алғашқы қалпына қайта келтіруге тырысатын көлденең күш түсу туындайды. Арба шүберіні ортасының айналасындағы шеңбері бойынша бұрылады, ал аунақшалар түзу жылжи отырып көлбеу бет бойынша айналады. Нәтижесінде сфералық ұяшық 4 жоғарғы тірек плитасы бойынша сырғанайды. Егер тірек біліктерін ол орналасқан шеңбер радиусына қатысты бұратын болса, онда сфералық ұяшықтардың тірек плиталар бойынша жылжуы көбейеді және үйкеліс жұмысы артады. Тепловоз астындағы арбаның қалыпты жағдайда болуына және экипаждың ирекке баяу енуіне қажетті қайтарым күші мен үйкеліс мезетін алу үшін тірек плиталарының көлбеу бұрышы 2о, жоспар бойынша тіректің бұрылу бұрышы 5о. 2ТЭ10Л және ТЭ3 тепловоздарының тіреулері жоспарда арбаның шанаққа қатысты бұрылуына ғана жол береді және көлденең жылжуға жол бермейді. Шанақ рамасына арбадан түсетін бойлық және ендік көлденең күштер шүберін арқылы беріледі.

Арбалы локомотивтердің түзу жол телімдері бойынша үлкен жылдамдықпен қозғалуы экипаждың бұлғақтауымен жүреді. Бұлғақтауды жою үшін арба және шанақ салмағын өлшеу салыстырмалы көлденең жылжуды қамтамасыз ететін серпінді қозғалғыш элеметтер (серіппе, резеңкеметаллдан элеметтері бар плита, ілгішек және т.б.) қолдану арқылы бөлінеді. Бұл қисық жол телімдерінде сондай-ақ түзу жол телімдерінде жоспар бойынша тегіс емес жолдар бар болған кезде және бандаждардың шошақтануынан және рельстің ішкі қырлары мен доңғалақ қалыптары арасында саңылау болуынан туындаған доңғалақ жұптарының қисық қозғалысы салдарынан бүйірлік күшті азайту үшін қажет. Іліктіру жүйесі шанақтың тербеліс жиілігі мен амплитуда мәнінің аздығымен жүрістің баяулығын, сондай-ақ оның жол ортасындағы ауытқуды азайту үшін таңдап алынады.

6.7. сурет. ТЭ3, ТЭ7, ТЭ10 және 2ТЭ10Л тепловоздарының тіректі –қайтарымды қондырғысы:

1-тірек корпусы; 2-аунақша; 3-жоғарғы тірек плитасы; 4- тіректің сфералық ұяшығы; 5- аунақша құрсауы; 6-төменгі тірек плитасы; 7-брезентен жасалған қап.

Екінші топтағы біржақты үйлестірілген арбалардың тіректі-қайтарымды қондырғылары барлық арбаүсті салмағын қабылдай береді, арбаның тепловоз астындағы қозғалысы кезінде тұрақты қалыпта болуын қамтамасыз етеді. Ол ирек жолдарға баяу енуге қабілеттендіреді және түзу жолдардағы қозғалыс кезінде арбаның алғашқы қалпына қайтып келуі үшін күш береді.

Басты рама тірегі мен арба тірегінің өз ара орналасуы 6.8. суретте көрсетілген. Рельске арба доңғалақтар жұптарынан түсетін күшті теңстіру үшін алдыңғы тіреу шүберін маңайына 1632 мм радиус, артқы тіреу 1232 мм радиус бойынша орналастырылған. Тепловоздың арбаүсті құрылысы арба рамасына әрқайсысы екі сатыдан тұратын жинақталған төрт тірек арқылы сүйенеді (6.9. сурет): төменгі қатты саты – тербелістің аунақшалық тірегі, жоғарғы қарыспалы – резеңкеметалл 7 элементі бар блок (РМБ).

6.8. сурет 2ТЭ116 арба рамасындағы тіректің орналасуы:

1-жинақталған тірек; 2- шүберіндік торап; А- доңғалақ жұптарының шүберінге қатысты орналасуы.

Аунақшалы тіректің 1 құйылған корпусы арба рамасының бүйірінде төменгі тірек плитаның тербеліс тірегіне арбаның бұрылу радисуына қатысы бойынша қондырылған. Аунақшалар 3 өз ара құрсаулармен байланысқан және аунақшалар үшін айналшық болып табылатын металл емес төлкелерде 4 айналады. Тіректің барлық қозғалу жүйесі (құрсаулы аунақшалар мен жоғарғы тірек плитасы) жылжу кезінде копустың бүйір қабырғаларына дәнекерленген тозуға төзімді жапсырмамен 5 бағытталады. Аунақшалардың және тірек плитасының беттерінде тербеліс кезінде жоғары түйісу кернеуі болады, сондықтан аунақшалар 40х болаттан жасалған және НRC 54-60 қаттылыққа дейін 1,5-3 мм тереңдікте шыңдалған. Тірек плиталарын алдын-ала цементтейді, одан кейін олардың беттерін НRC 56 қаттылыққа дейін шыңдайды.

Тірек плиталарының тербелу беті көлбеу болып жасалаған, көлбеу бұрышы 2о тең. Тіке жол телімдерінде аунақшалар көлбеу жазықтық арасында орташа жағдайда болады. Арбалар шанаққа қатысты бұрылған кезде аунақшалар тіректің көлбеу бетінде домаланады. Осы кезде тірек радиусында қайтарым мезетін құратын көлденең күш пайда болады. Арба бұрылған кезде қайтарымды күштен басқа, тіректе арбаның бұлғақтау тербелісін азайтуға қабілеттендіретін үйкеліс күші және үйкеліс мезеті туындайды.

6.9.сурет. 2ТЭ116 тепловозы шанағының құралымды тірегі:

1- аунақшалық тіректің корпусы; 2,б – төменгі және жоғарғы тірек плиталары; 3-аунақша; 4-төлке; 5-тозуға төзімді жапсырма; 7-қақпақ; 8-бұранда; 9,12- тіректік сақиналар; 10-болаттан жасалған жұқа тақтайшаның сақиналық ілігіші; 11-қарыспа элемент; 13-реттегіш төсемдер; 14-конус тәрізді стакан; 15,16-қамыт; 17-қынап; 18-тығын; 19-құрсау; 20-ағызғыш тығын; 21-арба рамасы.

Құрамдалған тіректің қарсыпалы сатысы арбадағы аунақша қондырғысының тірек сақинасы 9 және тепловоз шанағының тірек сақинасы 12 арасында орналасқан жеті қарсыпалы элементті құрайды. Қарсыпалы жинақ тепловозбен радиусы 125 м қисықпен өту кезінде болып өтететін көлденең тірелуінің ең жоғарғы шамасынан асатын саңылауды жоя отырып конус тәрізді сақинамен шектелген. Қарыспалы элемент болаттан жасалған жалпақ тақтайшаға пісіріп жапсырылған 11 резеңке шайба тәрізді болады. Бұл жалпақ тақтайшаларда жинақтағы элементтер мен тірек плиталардың жылжуын боыдырмайтын мөр тәрізді жасалған сақина ілгек 10 бар. Қарсыпалы элементтердің материалдары – 7-ИРП-1347 резеңке, қаттылығы 47-57 шартты бірлік. Әрбір РМЭ жинағында құрамдастырылған тірек қабырғада динамикалық күшті қоса алғанда 140 кН тең күш түсу кезінде оның биіктігі анықталады. (мөлшері К). Бір арбада жинақ биіктігінің ауытқуы 1 мм кем емес, бірақ шанақтың тірек бөлігі астында 13 төсем арқылы реттеледі.

Әрбір құрамдастырылған тірек арбаның бұрылу ортасына қатынасы бойынша аунақшалық бөлікпен арбаның бұрылу және қайтарым мезеті қамтамасыз етілетіндей болып орнасатырылған, ал шанақтың көлденең жылжуы әрбір РМ жинағының көлденең жылжуымен орындалады. Шанақтың қарыспалы тірелуі серіппелік ілікітіргішті қосымша майыстырады, бұл тепловоз экипажының жүріс бөлігіндегі динамикалық беріктілікті жақсартады. Шүберін арбаның көлденең жазықтықтағы бұрылу білігі болып табылады.

Тартым күші арбадан шанаққа +14 мм еркін-серпінді қозғалыстағы шүберіндік қондырғымен беріледі. Бұл тепловоздың қозғалуы кезінде енуді және көлденең динамиканы жақсартады, сондай-ақ жолға рамадан түсетін күшті және арба салмағының шанаққа кері әсер етуін азайтады.

Шүберін8 (6.10. сурет) тепловоздың бас рамасына 3 дәнекерленген. Тепловоздың арбаүсті құрылысының арбаға орналастырылуы кезінде шүберіннің төменгі бөлігі болаттан дәнекерленген төлкемен 9 сырғыма 6 төлкесіне 7 жеңілжүрісті көшетпен кіреді. Сырғыманың бес жағында ( арбаның төменгі, жоғарғы, перендикуляр және паралель біліктері) 60Г болаттан жасалған және ыстық өңдеуден өткен жұқа тақтайшалар 5, 12, 16 дәнекерленген. Сырғыма арба рамасының 13 құйылған шүберіндік арқалық ұяшығына жапсарланған. Шүберінді арқалық ұяшығының ішкі беттерінде арбаның көлденең білігіне перпендикуляр және түбіне 60Г болаттан жасалған, термоөңдеуден өткен арасына сырғыма қондырылған (саңылауы 0,14-1,42 мм), ұяшықта әр жағына 40 мм көлденең бағытта ауысатын жұқа тақтайшалар 14 және 15 дәнекерленген.

Шүберіннің көлденең жылжуы кезінде сырғыма ұяшықта жанышталған және өз бұрғысы арқылы серіппені қысатын, төлке ішінде айналып тұратын тірекке 4 тіреледі. Серіппе 2 шүберіндік арқалық ұяшығына сыртынан бекітілген бүйірлік цилиндрлік стақанда 1 орналастырылған. Шүберінді арқалық ұяшығының қарама-қарсы бетінде тіректі-қайтарымды шүберіндік қондырғы орналастырылған.

Тепловоз біліктері бойынша түсетін күшті анықтау және өлшеу кезінде қажетті шанақтың арбаға қатысты көлденең орталықтануын жүргізу үшін стақан 1 шетінде шанақпен бірге орташа қалыпқа түсетін технологиялық бұранда арқылы сырғыманы 6 орналастыратын М36 ойық тесік қарастырылған. Өлшегеннен кейін технологияық бұранданы алып тастайды, ал сатқандағы тесік тығынмен 18 жабылады.

Жылжу кезде 20 мм дейін қайтарым тиімділігі құрамдастырылған тіректің резеңкеметалл элементтері жинағының көлденең жылжуы есебінен тепловоз қисық жол телімдеріне енген кезде шүберін бір жағына және басқа жағына 40 мм көлденең бағытта жылжиды, ал одан әрі шүберінді тораптың серіппелерімен ұлғаяды. Шүберіннің 40 мм жылжуы кезінде (серіппенің қысуы 20 мм) серіппенің қайтарым күші 80 кН тең. Шүберінді серіппенің жалпы қайтарым күші және РМЭ көлденең жылжу кезінде 80+32= 112 кН тең.

6.10 сурет. 2ТЭ116 тепловозы жақсыз арбасының шүберіндік торабы:

а- ендік қима; б-арба білігі бойынша бойлық қима; 1-стақан; 2-серіппе; 3-тепловоз рамасы; 4- қарыспа; 5,12,14,15,16 – жұқа тақтайша; 6-сырғыма; 7-сырғыманың төлкесі; 8-шүберін; 9-шүберін төлкесі; 10-жылжымалы қақпақ; 11-қозғалмайтын қақпақ; 13-шүберін арқалығы; 17-қарыспа төлкесі; 18-тығын; А –шүберін білігі.

Шанақтың арбамен бұндай ендік шүберін арқылы байланысы құрамдастырылған тірекпен үйлескен, сондай-ақ қатты тірегі бар және шанақ пен арба салмағын еркін-серпінді бөлгіші жоқ 2ТЭ10Л тепловозымен салыстырғанда доңғалақ жұптарының арбамен шымыр байланысуынан рельске бүйірден түсетін қысым және арба салмағының шанаққа әсері азаяды.

Өткізілген динамикалық сынау және жолға әсер ету жөнінде жасалған сынау нәтижелерінде алынды: рельстік шпалдар торының ұсақ тастар масылы 0,4 – тен аспайтын көлденең жылжу тұрақтылығы жағдайлары бойынша көлденең динамиканың ең жоғарғы коэффициенті 0,26; жаңа локомоивтер үшін ең аз деп берілген мәннен (0,35) тік динамиканың ең жоғарғы коэффициенті 0,3.

 

 


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТЭП70 жолаушы тепловозы | Серіппегіш іліктіргіш

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1255; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.