Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Серіппегіш іліктіргіш

 

Тепловоздың серпінделмеген бөлігі және жолдың жоғарғы құрылысының өз ара әсері кезінде олардың екпін күшіне сәйкес 10-15g көп елеулі жылдамдық туындайды. Тепловоздардың көпшілігінде серпінделген бөлігінің жылдамдығы 0,3-0,4g аспайды. Жоғарыда іліктіргіш жүйесінің әр түрлі айрықша белгілері айтылды.

Отандық магистральды және маневрлі (ТЭ10Л, ТЭМ2, ТГМ3, ТГМ6 және т.б.) тепловоздарда табақша серіппе және ирек серіппелерден тұратын бір сатылы теңгестірілген серіппегіш іліктіргіш қолданылады, (6.1.) суретті қараймыз. Теңгестірілген іліктіргіштер тобына арба рамасынан түсетін күш екі шеткі серіппеге 8, доңғалақ жұптарының арасында орналасқан серіппегіштері 3 бар серіппенің екі жинағына 4 беріледі. Табақша серіппегіштер ілгіштермен және теңгергіштермен 2 шеткі серіппелер арқылы біріктірілген. Теңгергіштер күшті топсалар арқылы букс тораптарына 5 береді.

Теңгестірілген серіппегіш іліктіргіштер тегіс емес жолдан аз жылдамдықпен өткен кездегі доңғалақ жұптары арасындағы күшті теңестіреді. Жылдамдықтың өсуімен теңгергіш бұрылысының екпін күші және топсадағы үйкеліс ұлғаяды, соның салдарынан өз ара теңгестірілген доңғалақ жұптарында күштің толық түрде қайта бөлінуі болмайды. Пайдаланудың бұндай жүйесі көптеген топсалық бірігудің (бір секцияға 48 білік және төлке жинағы) қызмет көрсетуін және жөндеу жұмыстарын талап етеді. Табақша серіппегіштер табақшалар арасындағы әсер ету күшінің белгісіздігімен және тұрақсыздығымен ерекшеленеді.

Осыған байланысты әрбір доңғалақ үшін бір бұрамалы серіппесі бар дара серіппегіш іліктіргіштер (көп қайталанатын статикалық белгісіз сепімді күш) кең қолданыс тапты. Бұндай ілігу біржақты арбаға арналған, (6.2. суретті қараймыз). Тепловоз арбасының серіппегіш іліктіргіші әрқайсысы екі бірдей серіппе жинағынан құралған, букс корпусы лықсымасы және арба рамасы кронштейндері арасында орналасқан алты топтан тұрады.

Серіппе жинағы диаметрлері әр түрлі үш серіппеден тұрады (сыртқы, ішкі, және ортаңғы). Серіппе материалы – 60С2А, термоөңдеуден кейінгі қаттылығы НRС3 42-48 кем емес, олардың ұзаққа төзімділігін жоғарлату үшін оларды бытыра шегесімен тартып бекітеді. Тұрақты күш үш серіппе жиынтығына мынадай қатынаспен бөлінеді: 65,23 және 12%. Жиынтыққа түсетін ең жоғарғы күш ( орам толық ілінгенге дейін) 63 кН тең, бұдан кернеу серіппе материалдарының ағымдық шегінің бұралуын (750 МПа) жоғарлатпайды. Тұрақты күш түсуден болатын кернеу 500МПа артық болмайды. Серпінделген массаның тербелісін сөндіру үшін әрбір серіппе жинағына параллель букс корпусы мен арба рамасы арасында дыбыссыз толастатқыштар орналастырылған.

Арба рамасына дыбыссыз толастатқыш корпусы бекітілген: тетік бір жақ ұшынан резеңкеметалл топса арқылы букс кронштейнімен қосылған, басқа шетімен осындай топса арқылы дыбыссыздандыратын материалдан жасалған жапсырмасы бар ішпектер арасында серіппемен қысылған поршеньмен жалғасқан. Серіппелердің тарылуымен үйкеліс күші реттеледі, таңдап алынған үйкеліс күші 4,6-5,2 кН, яғни серіппегіштен келетін буксқа күш 5-5,5%.

Дара серіппегіш іліктіргіштің сипатталған жүйесінде салмақ 3 есе аз, топсалық қосылыстың тозуға шалдығуын болдырмау үшін қайта-қайта майлау қажет емес. Мұнымен қатар бұл жүйеде қосылатын тораптар мен доңғалақтар арасына түсетін тұрақты күшті теңестіретін бөлшектердің жасалуына үлкен дәлдік талап етіледі.Серіппелердің қаттылығына және олардың күш түсіп тұрған кездегі биіктігіне талап күшейеді. Осы мақсатта серіппелерді қаттылығы мен биіктігі бойынша үш топқа бөледі. Серіппе жиынтығы тобының нөмірі тепловоз құжатында көрсетілген.

Серіппегіш іліктіргіште резеңкеметалл элементтер - серппеленбеген бөлікті жиілігі жоғары дірілден қорғауға арналған дірілоқшауландырғыштар кең қолданыс тауып отыр. ТЭ10М тепловозының дара серіппегіш іліктіргішінде серіппе астында резеңкеден жасалған дөңгелек (сақина) жұқа тақтайша түріндегі дірілоқшауландырғыш қондырылған. ТЭП60 тепловозында тігінен түсетін күшті арбадан шанаққа беретін, сондай-ақ шүберіндік тірек және қайтарым қондырғыларының элементтері болып табылатын қуысты резеңке конус қолданылған.

Серіппегіш іліктіргіштің күш беру әсері үйкеліс күшінен және букс тізгіндерінің қаттылығынан ұлғаяды. Букстің және арба рамаларының тігінен қатысты жылжуы кезінде резеңкеметалл элементтердің тізгіндері қосымша кедергі жасай отырып бұралады. Букс сатысына гидравликалық толастатқыш орнатылған жағдайда тегіс емес жолдағы қозғалыс кезінде кедергі үйкеліс күші Fт салдарынан ұлғаяды. Сондықтан қағида бойынша гидротоластатқыш букс сатыларында қолданылмайды, ал олар орнатылған жағдайда арнайы дірілқорғау шаралары немесе үйкеліс күшін шектейтін клапандар қолданылады. Fт шамасы серіппегіш іліктіргіштің басты сипаттамасы болып табылады: артық үйкеліс болдырмау керектігі, ал жұмсартқыштың жетіспеушілігі қандай да бір тербелістің дамуына әкеп соқтыратындығы жоғарыда айтылды.

Серіппегіш іліктіргіштің басқа маңызды сипаттамасы – тұрақты иілу шамасы fс; ол неғұрлым жоғары болса, тепловоздың жолға әсері соғұрлым аз болады. Бір сатылы іліктіру кезінде fс = 120 140 мм болып қабылданады. Жылжымалы құрамның габариті бойынша fс ұлғаюы мүмкін емес. Сондықтан теплово құрастыру тәжірибесінде, бірінші кезекте жолаушы тепловоздарында екі сатылы іліктіргіш қолданылады.

6.5. суретінде ТЭП70 жолаушы тепловозының біржақты үйлестірілген арбасына бірінші және екінші сатыларында серіпелері бар дара серіппегіш іліктіргіштер қолданылған. Жалпы тұрақты иілу fо = 180 мм дейін ұлғайтылған, иілудің үлкен бөлігі екінші сатыда болады (120мм). Иілуді сатылар бойынша бұлай бөлу кезінде екінші сатыға толастатқыш орнатқан кезде ғана тербелісті тиімді сөндіруге болады. Бірінші сатыда серпінделмеген бөліктерді тербелістен тиімді дірілқорғағыш жүзеге асыратын болғандықтан, мұнымен толастатқыштардың сенімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалады. ТЭП70 тепловозының серпінді іліктіргішінің екі сатылы жүйесінде шанақ пен арба арасындағы шымыр байланыстың көлденең бағытта жылжуы екінші сатыдағы серіппенің иілуімен және шүберін торабында жүзеге асырылған.

 

6.5. Доңғалақ жұптары және букстер

Доңғалақ жұптары тік бағытта да, көлденең бағыттада жолдың тегіс болмауынан соқтығуларға ұшырайды және өзі де жолға қатты әсер етеді. Поездар қозғалысы қауіпсіздігі доңғалақ жұптары жағдайына тәуелді, сондықтан доңғалақ жұптарын қалыптастыратын және оның бөлек элементтерін дайындайтын материалдарды таңдау кезінде ерекше талаптар қойылады. Пайдалану жағдайында доңғалақ жұптарының жай-күйіне мұқият күтім, оларды мерзімімен қарау және жөндеу керек. Доңғалақ жұптарына оларды жөндеген, қалыптастырған және куәландырған кезде доңғалақ жұптарын жөндеу және қалыптастыру, куәландыру жөніндегі нұсқаулық талап етіледі.

Доңғалақ жұптарын тартым қозғалтқыштарының іліну әдісі бойынша айырады. Тартым электрқозғалтқыштарының тірек-рамалы доңғалақ жұптарындағы айналу мезеті серпінді доңғалақ жұптарына доңғалақ жұптарын және тартым қозғалтқышын жылжыта алатын белдіренмен беріледі. Бұндай құрылымдарда алынған тістегершік доңғалақ жұптары біліктерімен байланыспаған. Тіректі-рамалы ілінісу кезінде үлкен тісті доңғалақ доңғалақ жұптарының білігіне немесе доңғалақ ортасының ұзартылған күпшегіне тікелей нығыздалып басылған.

Электрлік берілісті тепловоздарда біржақты тік тісті тісті берілісті модулі 10мм доңғалақтар қолданылады. Тепловоздың екінші топтағы доңғалақ жұптары рельске шанақтан және арбадан барлық жабдықтарымен түсетін салмақты, сондай-ақ тікелей доңғалақ жұптарына орнатылған бөлшектермен жеке серпінделмеген салмақты қабылдайды және береді. Тепловоз қозғалған кезде доңғалақ жұптары рельс табанымен өз ара әсер етіп жолдың тегіс еместігінен соқтығу алады, өз кезегінде жолға қатты әсер етеді. Бұдан басқа доңғалақ жұптарымен тартым элетрқозғалтқышының айналу мезеті беріледі, доңғалақтың рельспен түйісу орынында тартым күші мен тежеу өндіріледі. Тұрақты және динамикалық күштің әсер ету мәні мен сипаты қозғалыс жағдайына және рельс жолдары жағдайына, тепловоздың жүріс бөлігінің құрылымы мен сапасына байланысты болады. (2ТЭМ10М, 2ТЭ116, 2ТЭ10В, 2М62 жақсыз арбалармен) тепловоздарының біржақты үйлестірілген доңғалақ жұптары 6.11. суретте көрсетілген. Доңғалақ жұптарының білігі 1 біліктік болаттан жасалған. Білік беттерінде айырылады: букс айналшықтарын қондыру үшін букстік мойыншалар; буксті нығыздайтын лабиринттік сақина орнату үшін қызмет ететін алдыңғы күпшекасты бөлігі; доңғалақ ортасын және тісті доңғалақты нығыздайтын 2 күпшекасты бөлігі 3; орта бөлік және моторлы-біліктік айналшық мойыншығы. Біліктің бір диаметрден екінші диаметрге ауысуы кернеу жиытығын болдырмау үшін радиусы 20-60 мм бұдырлығы Rа ≤ 0,63 ерітінді галтелдермен орындалады. Сырт беттері қабаттарында қысу кернеуі қалдықтарын құру үшін, біліктің қозғалмайтын көшеттер аймағында төзімділік шегін 1,5-2 есе жоғарлататын біліктің барлық сырт беттері болат аунақшалармен домалату арқылы нығыздалады және біліктің кернеу жиынтығын сезінуін азайтады. Нығыздалған қабаттың домалаудан кейінгі тереңдігі 6-7 мм жетеді, металл бетінің қаттылығы 25-30% көтеріледі. Білік мойыны сфералық аунашықтармен домаланады, одан кейін беттерін тегістеу үшін цицлиндр аунақшалармен өңделеді немесе тегістеледі. Білік ұштарында жасалған: аунақша буксінің айналшық ішіндегі сақинасының айналшық мойынынан сырғып кетпеуін сақтандыратын стопор сақинасын қондыратын дөңгелек бұнақ; 8320 үлгісіндегі айналшық сақинасын нығыздайтын букстің тірек білігі бунағы; білік бүйірлерінде доңғалақ жұптары бандаждары пішінін қалпына келтіру кезінде доңғалақты қайтауға станокқа қондыру және жылдамдықөлшегіш (қиылыс С-С) жетегінің ішпек-төлкесін орналастыру үшін орталық тесіртер жасалған. Білік бүйірінің белінде орталық тесіктің бунақ пен жүзі аралығындағы қуысқа маркалық белгілер және доңғалақ жұптарының ГОСТ 11018-76 сәйкес белгіленген таңбалары енгізілген.

 

6.11. сурет. Қолданылатын тартым электрқозғалтқышына байланысты доңғалақ жұптары:

а- ЭД-118А; б-ЭД-118Б, ЭД-125Б: 1-білік; 2-доңғалақ ортасы; 3-тісті доңғалақ; 4-банждаж сақинасы; 5-бандаж; 6-төлке; 7-сорғыш жетегі доңғалағының жалғалмалы тәжі; 8-лабиринт сақинасы.

Тартым жетегінің тісті доңғалағы 3 білікке күпшектің температурасы 170 Со жоғары емес, 0,16-0,22 мм тартыммен қыздырылған күйде отырғызылған. Отырғызу беттерінің тотығуын ескерту үшін оларды ВД4-3 жылтыр сырымен немесе ГЭН150 эластомермен жабады.

Моторлы-білік майымен майлау айналымының сорғышы жетегінің тісті доңғалақ тәжін бекіту үшін тартым электрқозғалтқыштары ЭД-118Б, ЭД125Б астындағы доңғалақ жұптары біліктерінің орта бөлігі қалың болып жасалған. ЭД-118А тартым электрқозғалтқыштың доңғалақ жұптарында 215 мм орынына моторлы-білікасты айналшықтарының мойынының диаметрі 210 мм болып жасалған. Мойыншықтың шыға берісінде моторлы-білік айналшықтарын майлау жүйесін тығыздайтын лабринттік сақина 8 нығыздап орнатылған. Біржақты үйлестірілген доңғалақ жұптары ГОСТ 977-75 бойынша 20Л-111немесе 25Л-111 құйындысынан дайындалған және күпшектен, тоғыннан және дискден тұрады. Ортаның материалдары мен техникалық мәліметтері ГОСТ 4491-75 сәйкес келеді. Құйынды орта металлдың бір тегіс және ұсақдақылды құрылысын алу үшін және ішкі кернеуді жою үшін күйдіріледі.

Доңғалақ ортасы білікке бандаж сұғылған кезде 1100-1500 кН және бандаж сұғылмаған кезде 950-1400 кН күшпен нығыздалады. Отырғызу беттері арасындағы тартым 950-1400 кН. Нақты тартым және нығыздалған қосылыс сапасы нығыздалу кезінде жойылатын күштің диаграммасы арқылы анықталады. Нығыздалған доңғалақ ортасы арнайы болаттан жасалады. Нығыздалып жасалған доңғалақ ортасы термоөңдеуден өтеді. Нығыздалған доңғалақ ортасын қолдану серіппегіш асты күшін әрбір ортада 45 кг дейін азайтады, және өз кезегінде рельс жолдарына түсетін динмикалық күшті азайтады.

Бандаждардоңғалақтың рельске тікелей өз ара әсер ететін бөлігі болып табылады. Бандаждың түйісу алаңына 150 кН дейін тігінен түсетін күш беріледі; іліктірудің бойлық күші 45 кН дейін және нығыздалу бетінде ендік 30 кН дейін және 60-80 кН дейін қалыпқа. Бандаж материалы пайдалану кезінде созылуға, қысылуға, жылжуға және мыжылуға, ыстық әсеріне, ал доңғалақ сырғанаған кезде – тез тозуға ұшырайды. Осыған байланысты бандаж материалына тозуға және мыжылуға қатты беріктілік, сондай-ақ соқтығыстан берілетін күшке кедергі болатын тұтқырлық қажет. Бандаждардың материалдары мен техникалық сипаттамасы ГОСТ398-81 анықталады. Біржақты үйлестірілген доңғалақ жұптары үшін қышқылсыздандырылған маркасы 2 матернов 60 болаттан жасалған қалыңдығы 75 мм бандаж қолданылады. Бұл болаттың химиялық құрамы: көміртек 0,57-0,65 %: кремний 0,20-0,42%; марганец 0,60-0,90%; күкрт және фосфор 0,04- және 0,035% кем емес; никель және хром 0,25 және 0,20% әрқайсысы; ванадий 0,10 % ; мыс 0,30% кем емес.

Бандаждар бөлек қыздыру арқылы шыңдалып термоөңдеуден өтеді. Термоөңдеуден өткен бандаждардың механикалық қасиеті : 950-1130 МПа жыртылуға уақытша қарсылығы; салыстырмалы созылуы 10,0 %; салыстырмалы тарылуы 14%; қаттылығы ИВ 260; 20 Со соғу тұтқырлығы – 0,25 МДж/м2. Бір қабылдағанда тежеу цилиндріндегі қысымды 147 кПа дейінгіден аз емес көтеру керек болатын көмекші тежегішті қолдану кезінде еспелі қалыптардың өз ара әсері кезінде сызат болдырмау үшін маркасы 2 матернов 60 болаттан жасалған бандаждың қалыптағы қаттылығы НВ≤ 317 болады.

Доңғалақ ортасының сыртқы диаметріне бандаждар жылыту әдісімен 1,1-1,45 мм тартыммен сұғындырылады. Бандажды қыздыру температурасы 250-320 Со. Қыздыру кезінде бандаждың әр бөлігіндегі температура айырмашылығы 50оС көп болмайды. Ортадан жылжып кепеуі үшін бандаждарды сақиналармен бекітеді. Бандаж сақиналары бандаждың температурасы 200 Со төмен болмаған кезде арнайы сырғып басудан өтеді және бандаждың ішкі шеттері арнайы станоктарда аунақшамен сақиналар толық бекітілгенге дейін нығыздалады. Жиналған доңғалақ жұбында бандаждың қаттылығы Бринел бойынша 20 бірліктен аспайды.

Бандаждар суығаннан кейін оның доңғалақ жұптарына отырғызылу тығыздығын дыбыс арқылы тексереді. Доңғалақ жұптары бандаждарының доңғалақ ортасына қатысты бұрылуы болмауын бақылау үшін тепловоздарды пайдалану кезінде бандаждар мен доңғалақ ортасына кернение және бақылау тәукелділік жасайды.

Бандаждар сұғындырылғаннан кейін пішіні бойынша соңғы рет қайралады. Тепловоздың доңғалақ жұптарына пішін және техникалық талап ГОСТ-қа сәйкес орындалады. Бір доңғалақ жұбы үшін нығыздалу шеңбері бойынша доңғалақтар диаметрінің айырмашылығы 0,5 мм аспайды. Нығыздалу шеңберінің сопақтығы және кіндіксіздігі білік мойыншығына қатысты 0,5 мм көп болмайды.

Қозғалыс қауіпсіздігін және тепловоздың жүріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бетті нығыздаудың шектеулік шамасы 7 мм аспайды. Қалыптың тозуы – 8 мм (қалыңдығы 25 мм) және доңғалақ жұптарының нығыздалу шеңбері бойынша ең аз қалыңдығы 36 мм. Нығыздалу екпінінің түзілуі 104 шқм. жүріске тозумен ( мм-д) сипатталады және қуатты пайдалануға, жол пішініне, доңғалақ жұптарынан түсетін күшке және басқа да себептерге байланысты болады.

Пайдалану тәжірибесі тепловоз доңғалақтарының орташа желу жағдайлары үшін нығыздалу екпіні 104 шқм. жүріске 0,38 мм тең. Пайдалану теліміндегі қисықтың ұзындығына байланысты қалыптың тозуы шамамен 50% 104 шқм. жүрісте 0,8 мм тең . Бұл қалыптың тозуына байланысты бандаж пішіндерін қалпына келтіру үшін доңғалақтарды мезгілсіз қайрау қажеттігін тудырады. Қалыптың тозуы бойынша анықталған қайралынған металл қабатының қалыңдығы нығыздалу бетінің пішінін қалпына келтіру үшін талап етілгеннен әлдеқайда үлкен.

Бандаж қалыптарының тозуын азайту үшін және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін ВНИИЖТ доңғалақ жұптарының рельс табандарында кез келген жағдайда орналасуы кезінде рельс пен доңғалақ жұптары арасында бірнүктелік жанасудың жаңа пішінін ұсынады. Бірнүктелік түйісу пішіні стандарттағыдан ауысу қисықтығының радиусы 70 мм қалыптың жигімен жалғасқан конустығы 1:50 тік сызықты телімінің 20 мм ерекшеленді, доңғалақ жұптарының табандағы салыстырмалы көлденеңінен еркін жылжуы және бірнүктелік түйісу осылай өтеді.

Қалып жиегіне түйісу қысымын азайтуды қамтамасыз етіу үшін қалып жиегінің рельс инесінің шеңберлену радиусына сәйкес болатын радиусы 15 мм. Қалыптың көлбеу бұрышы 65о деп алынған, бұл орташажелілі рельстің ине пішініне сәйкес болады және құламалы қисық жолдар теліміндегі түйісуді жеңілдетуді қамтамасыз етеді. Бірнүктелік түйісу бандаждарында қалыптың тозуы аз, біржақты тозған және нығыздалған доңғалақ жұптарының саны 15-20% азаяды. Бұл пішін сатылық нығыздалу мүмкіндігін азайтады. Бұл пішінде бандаждың нығыздалу екпіні бұрынғы деңгейде сақталады.

Букстердоңғалақ жұптары мен арба рамасы арасындағы тігінен және көлденеңінен түсетін күштерді (тартым және тежеу, рельске жүрістен көлденең) береді, доңғалақ жұптарының арба рамасына қатысты ұзынынан және көлдеңінен жылжуын шектейді. Букске тігінен түсетін тұрақты күш 94-100 кН жетеді, теплово зқозғалған кезде ол 1,3-1,5 есе өседі. Букс тораптына көлденең тартым және тежеу күші 20-25 кН, буксты жылдамдататын (7-25g) түйісу кезіндегі доңғалақтың соғуы, рама күші 50-75кН дейін әсер етеді. Осы әсер етуші күштердің жиынтығымен қозғалыс қауіпсізідігін, айналшақтардың 2,5, шқм. жүрсітен кем емес ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін букс торабының құрылымы анықталады.

Букс корпусы 7 (6.12. сурет) екі тізгін арқылы 23 арба рамасымен жалғасқан. Тізгінбіліктері букс корпусымен бірге және арба рамасымен сыналық байланыс арқылы бекітіледі. Арбаның серппегіш іліктіргіштер серіппелерін орналстыру үшін және тігінен түсетін күшті қабылдау үшін букстің құйылған 7 корпусында екі бүйірлік тіректік кронштейн 11 қарастырылған. Букс корпусында артқы және алдыңғы қақпақтар арасындағы кеңістікте 9 арақашықтық сақиналары бар 8 екі аунақшалық айналшықтардан 30-32532 Л1М (160х290х80мм) және олардың арасында 9 тұратын блок орналасқан. Айналшықтардың қызмет ету ету мерзімін ұзарту үшін бір букс торабында радиалды саңылау айырмашылығын 0,03 мм көп емес етіп орналастырады. Букс корпусының төбесі жоғарғы жағынан ұлғайтылған қалыңдықпен айналмалы кесінді күмбез тәрізді жасалған, бұл тек аунақшалар арасындағы күшті тең бөліп ғана қоймай, сонымен қатар жұмыс аймағында болып табылатын аунақшалар санын да көбейтеді.

Біліктің күпшек астының алдыңғы жақ бөлігіне жіктақтайшаға тірелгенге дейін тартымды лабиринттік сақина 1 кигізіледі. Сақинаның қызу температурасы 120-150 Со . Артқы қақпақтағы лабиринттік сақина 4 букстердің төрт камералы лабиринттік тығыздалуын түзеді. Айналшықтардың 0,035-0,065 мм тартымды ішкі сақиналары білік мойыншықтарына арақашықтық сақиналарымен бірге 9 индустриялық маймен 100-120 Со температурада қыздырып отырғызылады. Олардың отырғызылуы әлсіреген жағдайда аунақшалыайналшақтардың ішкі сақиналарының білік мойыншықтарынан тайып кетуінің алдын алу үшін білікке стопор сақинасы 10 бекітілген.

Алдыңғы қақпақта 15 біржақты әсер ету тербелісінің біліктік қарыспасы қарыспалы айналшық арқылы 8020 (100х170х55 мм) орнатылады, бір сақинасы біліктің бүйірлік бунағына, ал екіншісі – 0,003-0,016 мм тартыммен 17 қарыспада орналастырылған. Қарыспа айналшақтың ашылуын болдырмау үшін ол үнемі серіппенің 16 қарыспасы арқылы доңғалақ жұптары білігінің бүйіріне 2 кН күшпен қысылады. Біліктік қарыспа қақпақшада 15 (ол ашылған кезде) стопор сақинасы 12 арқылы берік ұсталып тұрады. Қарыспа мен қақпақша арасында оларға қыздырып жапсарланған резеңке элементті, қалыңдығы 2 мм екі металл пластинкасы бар амортизатор 14 орналасқан. Ортаңғы доңғалақ букстеріне амортизатор қойылмайды, бұл доңғалақ жұптарының букстегі біліктік еркін екпіні + 14 мм қамтамасыз етілген (амортизатордың қалыңдығына тең). Алдыңғы қақапақта тербелісті өшіруге жалғастыру үшін кронштейн 11 дәнекерленген.

 

6.12. сурет 2ТЭ116 теповозының букстік торабы:

а- артқы доңғалақ жұптарының біліктік қарыспасы; б- ортаңғы доңғалақ жұптарының біліктік қарыспасы; 1-лабиринттік сақина, 2-стопорлық сақина; 3-шайба; 4-артқы қақапақ; 5,20- жібек шнурлар; 6-аунақшалық айналшық; 7- букс корпусы; 8,9-арақашықтық сақина, 10,12-стопорлық сақиналар; 11-кронштейн; 13-қарыспа айналшық, 14-амортизатор, 15-алдыңғы қақапақ, 16-серіппе, 17-қарыспа; 18-бұнақ сымы; 19,22-бұранда; 21-конус тәрізді тығын; 23-тізгін.

Ортаңғы және артқы доңғалақ жұптарын айыру үшін букстің қақапағына соңғысы үшін «КР», ортаңғысы үшін «СР» деген белгілер енгізіледі. Артқы қақпақта стопорлық бұранда орналасқан 2, ол тербетілген доңғалақ жұптары біліктерінің мойыншықтарынан букстің шығып кетпеуін болдырмайды.

Букс тораптарын майлау үшін бірыңғай жұмсартылған май қолданылады. Жинақтау кезінде букске айналшақтарды және алдыңғы қапақтың біліктік қарыспасын, артқы қапақты лабиринттік нығыздау үшін 2,5 кг ЖРО ТУ 32ЦТ-520-83 май құйылады. Пайдалану кезінде букс торабына май толтыру букстің астыңғы жағында орналасқан конус тәрізді тығыны бар 12 тесік арқылы нығыздаумен жүзеге асырылады.

Тізгін.Букс тізгіндері (6.13. сурет) біреуі қысқа, екіншісі ұзын білікте қалыптасқан амортизаторды 0,06-0,16 мм тартыммен жаныштайтын цилиндрлік екі кеулей жону инесі бар корпустан 7 тұрады. Қысқа букс білігінде 8 12 және13 төлкеден шығатын бір резеңкеметалл амортизатор. Екі ұзын рамалық білікте 5 2 және 3 төлкеден шығатын оларды екі жарты сақинаға 1 бөліп тұратын екі резеңкеметалл амортизатор.

Амортизаторлар біліктерге жанышталып қалыптастырылады. Жанышталу алдында резеңке төлкелер және оған жанасатын барлық беттер 30% кастор майынан және 70% этил спиртінен тұратын қоспамен майланады. Резеңкенің металлмен ілігуінің релаксациялық процессін аяқтау үшін және жанышталу кернеуін жою үшін қалыптастырылған тізгін 10 тәулік ішінде 15-30Со температурада күш түсірілмей және жарықсыз ұсталады.

6.13. сурет. Жақсыз арбаның букс тізгіні:

1-жартысақина; 2,13-металл төлкелер; 3,12-резеңке төлкелер; 4-мық; 5-рамалық білік; 6-жартысақина; 7-корпус; 8-букс арқалығы; 9-шайба; 10-резеңке элемент; 11-сақина.

Біліктерде трапеция түріндегі ( сына түріндегі) құйрықшалар, оларды букс корпусына және арба рамасының сәйкес жігіне орналастыру үшін жасалған. Құйрықшаларды М20х80, бұрандамен бекітеді, тарту мезеті 150 Н м кем емес. Біліктердің құйрықшаларына сақинадан 11, шайбадан 9 және оларға қыздырып жапсарластырылған резеңке элементтен 10 тұратын тартымды бүйірлік амортизаторлар орналастырылған. Амортизаторлар біліктің тігісіне тұрғызылған кесілген жарты сақиналармен 6 бекітілген. Олар тізгіндермен мыққа 4 жалғасқан, сондықтан тізгіннің тік жазықтықта бұрылуы кезінде бүйірлік амортизатрлардың резеңке элементтері жылжуға жұмыс істейді. Жоғарғы тізгіннің ұзын және қысқа біліктердің сына түріндегі құйыршықтары қарама-қарсы бағытталған, төменгі тізгінде – бір бағытқа жолай бағытталған.

Бір букс тізгінінің қаттылық коэффициенті көлденең бағытта 35 105 Н.м, ал ұзындығынан -235.105 Н.м. Доңғалақпен арба рамасының арасындағы бұндай серпінді көлденең байланыс біржақты әсер ету кезінде букстік біліктік қарысумен бірге тепловоздың көлденең динамикасын жақсатады.

Айналшықты букстің негізгі артықшылығы қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы, жоғары сенімділік, тепловоз қозғалысына кедергіні азайтуы, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына шығынды қысқарту және т.б.. Букс корпусының лықсымасы доңғалақ жұптарының көлденең жылжуын шектейді. Буксті әртүрлі цилиндрлік немесе сфералық аунақшалы айналшақтардан жинақтайды. М62, ТЭП10, ТЭП10Л, 2ТЭ10Л тепловоздарының доңғалақ жұптары жақты букстермен жабдықталған. Жақты букстің букс корпусы мен букстік бағыттандыратын арба рамалары арасындағы саңылау айтарлықтай кемшік болып табылады, сонының салдарынан арбаның түзу жол телімдеріндегі бұлғаққа ауытқуы ұлғайып доңғалақ жұптары көлденең және бойлық бағыттарда өз бетімен жылжуы мүмкін.

2ТЭ10Л тепловоздарының букс торабында шағын габариттерден тігінен күш түсетін арқалық жүктелу айналшақтары қолднылады. Айналшақтардың майлануы қою құйылу, букстердің артқы қақапақшаларының лабиинтті тығыздалуы қолданылады. Білікте айналшықтардың бүйірлік бекітілуі жеңілдетілген. ТЭ3 тепловозының букс торабының 268 кг тең салмағымен салыстырғанда 2ТЭ10Л тепловозының жаңартылған букс торабының салмағы 180кг. Құрылымды жеңілдету қатарында сұйықтық орынына жұмсақ май құю қызмет көрсету кезіндегі шығындарды азайтады.

 

6.6. Доңғалақты-моторлы блок және тартым жетегі

Доңғалақты-моторлы блок (ДМБ) доңғалақ жұптары мен электрқозғалтқыш (ТЭҚ) арасындағы кинематикалық және күштік байланысты жүзеге асырады. Оның доңғалақтың механикалық жұмысы кезінде ТЭҚ электр қуатын қайта құруын қамтамасыз ететін тартымды бәсеңдеткіші бар.

Тепловоздың тартым жетегінің де (механикалық жүйе сияқты) ТЭҚ, тартымды бәсеңдеткіші және берілісті механизмі бар. Ол серпінделмеген доңғалақ жұптары мен серіппегішасты құрылысы арасындағы тізбекті маңызды байланыстыратын экипаждың жауапкершілігі көбірек торабы болып табылады. Серпінделмеген доңғалақ жұптарына түсетін барлық динамикалық күштер арба рамасына одан кейін серіппегіш іліктіргіш және татым жетегі арқылы шанаққа беріледі. Тартымды бәсеңдеткіш және берілісті механизм әсерінен корпус қозғалтқышының жылдамдығы 40g жететін және одан да көп болатын жоғары жиілікті динамикалық күштің қосымша қуат көздері болып табылады. Бұл локомотивтің тартым жетегінің құрылымына және оның динамикалық сапасын зерттеуге көңіл бөлу керектігімен түсіндіріледі.

Барлық тартым жетектерді сапасының жоғарлау ретіне қарай үш топқа бөлуге болады: 1) тіректі-біліктік; 2) тіректі-рамалық серппеленбеген бәсеңдеткішімен; 3) тіректі-рамалы серппеленген бәсеңдеткішті. Жүк тепловоздарында тіректі-біліктік жетекті пайдалану оның тіректі-біліктік ілігу кезінде ең аз ортааралық қашықтық алуға болатындығымен және аралық тісті доңғалақтарды қолданбай-ақ білікке түсетін 40 кН көп тартым күшін өндіру мүмкіндігімен түсіндіріледі. Барлық магистральді тепловоздардың тартым жетегі цилиндрлік біржақты бәсеңдеткішімен дараланады. 6.14. суретте тепловоздардың екінші топтағы татым жетегі көрсетілген. Барлық ДМБ тораптарының қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін тартым жетегінде қарыспалы өздігінен орнатылатын тісті беріліс (СОТБ) қолданылады. Тартымды электрқозғалтқыш 1 моторлы-біліктік айналшықтар арқылы бір жағынан доңғалақ жұптарының 4 білігіне, ал екінші жағынан – тіректі 9 лықсыммен қарысып серіппегіш іліктіргіш арқылы 7 арба рамасына қатты тіреледі. Бұндай ілігуде ТЭҚ салмағының жартысы доңғалақ жұптарының серпінделмеген салмағымен қатты байланысты және бір ДМБ –да 4250 кг құрайды.

ТЭҚ айналу мезеті доңғалақ жұптарына бір сатылы тісті беріліс арқылы беріледі: зәкір білігіне жанышталған және доңғалақ жұптарының 5 серпінді тісті берілісіне үнемі ілігіп тұратын тістегершікпен 3. Тістегершік және тісті доңғалақ ТЭҚ корпусына үш нүктеде бекітілген қаппен жабылған 2. Дымқылдан және шаң түсуден моторлы-біліктік айналшықтардың бүйірлері ТЭҚ жинағышы жағынан қамытпен жабылған.

Моторлы-біліктік айналшық (МБП). (6.15.сурет) тартымды элетрқозғалтқыштың ЭД-118А моторлы-біліктік айналшығы ОЦС 4-4-17 бронзадан жасалған 1 және 4 жалғаспалы ішпектен тұрады. Ішпектің ТЭҚ корпусындағы орналасуы металл сынамен орнықтырылған. Жоғарғы ішпектер 1 қозғалтқыштың корпусына салынған, төменгісі 4 180х60 мм тілікпен тізгінді майлау үшін камерасында майлағыш польстерлік қондырғы орналасқан айналшық корпустарымен 12 қысылған.

6.14. сурет 2ТЭ116 тепловозының доңғалақты-моторлы блогы:

1-тартымды электрқозғалтқыш, 2-тартымды бәсеңдеткіштің қабы; 3- тістегершік; 1-доңғалақ жұбы; 5-қарыспалы тісті доңғалақ; 6- тығыздандыру қамыты; 7- серіппелік ілгіш; 8-моторлы-білікті айналшық; 9-тіректі лықсыма.

МБА ішпектері ТЭҚ –тің оң және сол жағында өз ара ауыстырылады. Доңғалақ жұптары білігінің иілуінен ішпектер бойынша қысымның шетке көтерілуін болдырмау үшін ішпектің ішкі беттерінің кеуелей жонуы гипербола бойынша орындалады. Ішпектің жұмысшы беттерінің шеттеріндегі және ортаңғы бөлігіндегі кеуелей жону гиперболалық диамертрлерінің айырмашылығы 1 мм. МБА құрылыстық диамертлік саңылауы гипербола төбесі бойынша 0,5,-0,89 мм. Пайдалану кезінде бұл саңылауды 1,8 мм дейін ұлғайтуға болады, одан кейін ішпектерді ауыстыру керек.

6.15. сурет. ЭД-118А электрқозғалтқышының моторлы-білікті айналшығы:

1-жоғарғы ішпек; 2-тетік; 3-жылжымалы қорапша; 4-төменгі ішпек; 5-польстер қондырғысы корпусы; 6,7-біліктер; 8-иінтірек; 9-бұрамалы серіппе; 10-серіппелі орнықтырғыш; 11-қақпақ; 12-айналшық корпусы; 13-польстер пакеті; 14-ағызғыш тығын; 15-бұранда.

МБА польстерлік қондырғымен майланады. Үйкеліс торабына майды беретін элемент польстерлік пакет 13 болып табылады. Ол киіз тақтайшалардан және олардың арасына салынған он екі мақтамата фитилден жиналған. Польстерлік пакет 13 жылжығыш қорапшада 3 қорапша шеттеріне қатысты пакеттің жұмысшы бүйірінен 16+1 мм шығыңқы бекітілген.

Қорапша бағыттағыш корпуста оның қиылыссыз және кідіріссіз жылжуы үшін астынан екі, үстінен екі төрт тақтайша серіппемен серіппеленген. Әрбір тақтайша серіппе бір жақ ұшынан қорапшаға бектілген және қорапша корпусының ойындысы бойынша оның иілуі кезінде еркін жылжиды. Польстерлік пакеті бар қорапша корпусты 5 бағыттандыратын бұрамалық серіппемен иінтіректің 8 қатысуымен ішпектегі терезе арқылы 4 доңғалақ жұптары білігінің мойындығына 9 үнемі 40-60 Н күшпен қысылады. Польстер пакетінің 13 оймасымен байланысты жұмыстар жүргізу кезінде иінтіректі көтеріңкі қалыпта ұстау үшін, білікке 7 иінтіректе 8 жұмысқа жіберілмеген кезде ол айналшық корпусына 12 қақпақ қоюға мүмкіндік бермейді, бос ұшы сондай есептегі ұзындық пен үлгіде жасалған серіппелі орнықтырғыш 10 орнатылған.

Айналшық корпусының майлы ваннасының төменгі бөлігінде конденсатқа арналған тұндырғыш бар. Май құятын ванна жыл мезгілдеріне қарай Л, З және С білік майларымен тотырылады. Айналшық корпусының оның тартым бәсеңдеткішінің қабына ағуынан майға толып кетпеуі үшін, май құю тесігінің жиектері 6л сәйкес болатын ең жоғарғы майлау деңгейін белгілейді. Майлаудың ең төменгі деңгейі біліктік айналшықтың польстер камерасының май құю тесігін жауып тұратын майкөрсеткіштерінде тәуекелмен бақыланады. Майлау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін және МБА жұмыс қабілетін жоғарлату үшін, әсіресе локомотивтерді температурасы төмен аудандарда пайдалану кезінде, тепловоздар ЭД-118А –дан баббит құйындысы бар ішпектерімен және жонбасы 215 мм емес, ал 210 мм, МБА майымен, айналмалы май сорғышты жетегімен жабдықталған білікті доңғалақ жұбымен және жақсартылған тығыздағыш қондырғысымен ерекшеленетін ЭД-118Б электрқозғалтқышымен жабдықталған. МБА ЭД-118Б мен ЭД-118А тепловоз арбаларында өзара ауыстырылады.

МБА майлау жүйесі. ЭД-118БэлектрқозғалтқышыныңМБА майлау жүйесі ішпек арқылы МБА айналу бағытын өзгерте алатын май сорғышы бар айналмалы тұйық шеңбер тәрізді болады. Майдың айналу шеңбері екі польстерлік камерасы (әрбір МБП үшін бір бірден) және МБА жүйесі түтікшелері арқылы жалғасқан төменгі орта бөлігінде сыйымдылығы 35 л майжинағышы бар айналшық біліктері біріккен тартымды элетрқозғалтқышна қондырылып құрылған. Майжинағыштың қақапағында тістегершіктелген сорғыш бар, ол доңғалақ білігі әсерінен тістегершік және тісті доңғалақ арқылы іске қосылады. Шамамен 25 шқм/сағ жыдамдықпен қозғалу және жүру кезінде, сорғыш маймен жеткіліксіз қамтамасыз еткен кезде МБА майлау негізінен ЭД-118А тартымды электрқозғалтқышындағыдай польстерлік майлау қондырғысымен жүзеге асырылады.

Айналым шеңберінен майдың зая кетуін азайту үшін және оған тартымды тісті беріліс майының, сондай-ақ ауадан шаң мен ылғал түсу мүмкіндігін болдырмау үшін, ішпектер бірбүтін түйіскішті-лабиринтті құрамдастырылған тығыздалумен жасалған. ЭД-118А электрқозғалтқышынан айырмашылығы доңғалақ жұптары білігінің мойыншықтарын жырудан сақтау үшін және жақсы өнімділік үшін, ішпектер бронзалық негізде баббитті құйындысы бар биметалдық болып орындалған. Ішпектің ішкі беттерінің кеулей жонуы гипербола бойынша, бірақ биметалдық ішпек қаттылығын сақтау үшін бронзалық ішпектер ЭД-118А деңгейінде диаметрі 210 мм мойыншықтар астында өндіріледі.

Тартымды бәсеңдеткіш тепловоздардың берілген созылмалы және құрылымдық қозғалыс жылдамдығын қаматамсыз ету, доңғалақ жұптарының айналу мезеті берілісі үшін арналған.

Бір сатылы тартымды бәсеңдеткіш тістегершіктерден, серпінді тісті доңғалақтан және қаптан тұрады.

ТЭҚ тіректі-біліктік ілігісуі кезінде тісті беріліс қиын жағдайда жұмыс істейді. динамикалық күш түсу, зәкір білігінен және біліктің майысуынан тісті доңғалақтарының қисаюы, сондай-ақ пайдалану кезінде 2 мм жететін және одан да көп болатын МБА саңылауы салдарынан ТЭҚ сүйегінің қисаюы.

Бәсеңдеткіштің ауыр жұмыс жағдайы салдарынан тісті берілісті қарсыпалы доңғалақтың өздігінен қондырылатын тісті тәжі және қосындыланған болаттан жасалған жетекші тістегершік құрайды.

Тістегершік 20х2НЧА болаттан жасалған. Тістерінің жүзі және тегершіктерінің оймасы 1,6,-1,9 мм тереңдікке цементтеледі ( тегістелгеннен кейін) және қаттылығы НСК 59 дейін шыңдалады; тіс ортасы және тоғын қаттылығы НКС 35. Тістегершіктердің иілу қажу беріктілігін жоғарлату үшін тістердің бастапқы ойма пішінін шеңберлеп жасайды (протуберанцтармен) және тегістемейді.

Тістегершік тістерінде көлденең қисықтар жоқ, ал қисықтың әсер етуі қарыспалы доңғалақтың өздігінен қондырылатын тісті тәжімен орнына келтіріледі. Шыңдалғаннан және тегістелгеннен кейін тіс пішіндері және тістегершіктің оймалары магнитті ақаутапқыштармен тексеріледі.

Тістегершіктер 170Со температураға дейін қыздырылған күйінде ТЭҚ зәкір білігінің конус тәрізді (конустығы 1.10) құйыршықтарына 1,3-1,45 мм тартыммен сұғындырылады. Тістегершіктерді біліктерге сұғындырмастан бұрын олардың бірігетін отырғызу беттері жабысуға сыр бойынша (жабысу 75% аз емес) тексеріледі. Тістегершіктерді гидронығыздалудан босатып алу үшін ТЭҚ білігі бүйірінде гидронығыздау қондырғысы астында бірігетін отырғызу бетіне шығатын бұрандалы тесік қарастырылған. ТЭҚ тістегершіктің білігіне конустан сырғып кетпеу үшін қыздырылған күйде 500 Н тарту мезетімен қосымша тегір бекітілген және майыспайтын шайбамен бекітілген.

Тісті доңғалақта (6.16. сурет) серпінді элеметтер 23 және 24 (әрқайсысы сегізден) тарелка 17, аймақталған төлкелер 2, бұранда 9 және тегірмен 1жалғасқан күпшекпен 18 біріктірілген тісті тәж бар 4 және ол күпшектің сферикалық беті бойынша аунақшалар 8 арқылы қатты ортаға келтірілген. Тарелканы күпшекке бекіту кезіндегі бұранданың тарту мезеті 80-90 Н.м. Жинақталған тісті доңғалақ күпшек арқылы доңғалақ жұбының білігіне 0,16-0,22 мм тартыммен сұғындырылған. Тісті тәж 45хН болаттан жасалған, тістің жұмысшы беттері рұқсат етілген жоғары жиіліктегі тоқпен (секторлық шыңдау) және оларды келесіде тегістемей аунақшаларды домалатумен ойманы міндетті жеңілдетумен шыңдалған. Тәж тістерін жеңілдеткеннен кейін: шыңдалған қабаттың -өңделгеннен кейінгі қалыңдығы + 14 мм; шыңдалған бетінің қаттылығы НRC 51,5+ 3, тіс ортасының қаттылығы НВ 255; ойманың тегістелген бетінің қаттылығы және шыңдалған қабаттан шығу аймағы бастапқысынан 10% жоғары. Дайын магниттік ақаутапқышпен тексеріледі.

Тісті доңғалақтан берілген серпінді алу үшінсерпіндіэлемнттің екі түрі жасалған екі түрі жасалған. Сегіз элемент 24 қаттылығы (1250-1350) 103 Н м (қаттылығы аз) сырғанағыш көшет бойынша (диаметрі 70 мм) тарелка және тісті тәждің тесігіне қондырылған. Олар сыртқы пішіндік бетіне резеңке амортизатор 21 және 22 отырғызылған, алдын ала металл төлкелерге 3,5, және 6 қойылған саусақтардан 20 тұрады.

Олар бойынша тәждің біржақты еркін біліктік жылжуына кедергі болатын 3 және 6 төлкелер шектегіш белдемеден жасалған. Сондықтан тісті тәждің әрбір жағында төртеуден қалыптастырылған серпінді элемент 24 орнатылған. Тарелкадағы және тәждегі серпінді элементтер сақинаның стопорлық серіппесімен 19 бекітілген.

Қаттылығы (1250-1350) 103 Н м сегіз қарсыпа элемент 23 сырғымалы көшет бойынша тарелканың тесігіне, ал тәждің тесігіне радиальдық 4 ммсаңылаумен орнатылған. Қарсыпа элемент те 23 шетіне резеңке амортизатор 15 жапсарластырылған, алдын ала металл 14 және16 төлкелерге қойылған пішіндік саусақ 13 тәрізді болып көрінеді.

6.16. сурет 2ТЭ116 тепловозының тартым бәсеңдеткішінің тісті доңғалағы:

1-тегір; 2- аймақталған төлкелер; 3,5,6,14,16-төлкелер; 4-тісті тәж; 7-шетегіш сақина; 8-аунақша; 9-бұранда; 10- шағылдырғыш сақина; 11-шайба; 12-жартысақина; 13,20 –саусақтар; 15,21,22-амортизаторлар; 17-тарелка; 18-күпшек; 19-серпінді сақина; 23,24-қарсыпа элементтер;І- тістердің жиілігі жоғары тоқпен (ЖЖТ) секторлық шыңдалуы; ІІ-тістердің ЖЖТ контурлық шыңдалуы.

Төлкелер 14 сырғып кетпеу үшін шектегіш белдеме және тоғын, ал төлкеде 16 стопорлы серіппелі сақина астында екі тоғын қарастырылған. Саусақтың резеңкеленбеген беті бөшке (радиусы 270 мм) тәрізді орындалған

Қарыспалы тісті доңғалақты жинау кезінде тәж бен күпшек арасына тістесіп ілігу кезіндегі қарыспа элементтердің радиалдық күштерінен жеңілденуі және олардың ортаға қатты келуі үшін тәж бен күпшек тербеліс денесі арқылы қарсы айналуы үшін көлемі 15х25 мм 90 аунақша 8 орналастырады. Тісті тәждің өздігінен орналасуы үшін аунақшалар астындағы күпшек беттері радиусы 300 мм болып жасалған, қарыспа элементтер төлкелердің шектегіш белдемесі арасындағы саңылауы 5 мм дейінгі қалыпқа келтірілген. Аунақшалар астындағы тәж бен күпшек беттері НRC 48 қаттылықа дейін термоөңдеуден өткен. Екі түрлі қаттылық әр түрлі қарыспа элементтері бар тісті доңғалақтың айналу мезетінің берілуі екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқыда айналыс аз болған кезде жұмысқа қаттылығы аз қарыспа элементтер 24 кіріседі, айналу мезетінің ұлғаюы (қозғалған кезде) кезінде тәж бұрылады және бұрылу бұрышы 1 градус шамасында жұмысқа қаттырақ қарыспа элементтер 23 кіріседі. Сонымен тісті доңғалақтың берілген қарыспа қаттылығы алынады.

Тартымды бәсеңдеткіште қарыспалы тісті доңғалақтарды қолдану тепловоз қозғалғанда ілігу кезінде туындайтын динамикалық күшті 40-50% азайтады, бұл тартымды қозғалтқыштардың, қаптаманың зақымдалуын азайтады және тістегершік пен тісті доңғалақтың ұзақмерзімділігін жоғарлатады.

Тартым бәсеңдеткішінің қаптамасытісті доңғалақ пен тістегершік ортасында алып-салу сызығы бар дәнекерленгенқұрылымның алмалы-салмалы екі жартысынан тұрады.

Тартымды бәсеңдеткіштің тісті берілісі тісті доңғалақ қаптаманың төменгі жағынан алған майымен малу арқылы майланады және тістегергіш тістерімен ілігетін жұмыс бөлігіне береді. Қаптаманың төменгі бөлігіне 5 кг СТП-3 майын құяды. Осымен доңғалақ тістері майға шұңқыр шеңберіннен шығарылмай батырылады. Май өзінің тұтқырлық көрсеткіштерінің жоғарлылығы арқасында тістердің жүзінде үзілмейтін май қабатын түзеді және қаптаманың төменгі жағына ағады. СТП-3 майы ылғалға және тотығуға төзімді және төменгі температурада да (-50Со) қанағаттанарлықтай майлайды. Қаптамада аяққапты ауамен жалғастыратын сапунболады. Пайдалану кезінде майлау деңгейін бақылау: доңғалақ тістерін қарау және майлауды тығынмен жабылған мойынтірек арқылы жүзеге асырады. Майлау деңгейі май құятын мойынтіректің төменгі жиегімен шектеледі.

ТЭҚ іліктіргіші (6.17.сурет) арба рамасына қарыспалы және ДМБ-ні толық төмен түсіретіндей және оны тепловоздың астынан арбаны сырғанатпай алып шығуға мүмкіндік беретіндей болып жасалған. Бұндай іліктіргіштікті траверсті деп атайды. Тартқыш бұрандамен 5 алдын ала шамамен 40-50 кН күшпен тартылған траверсті іліктіргіш, арба рамасы ендік білігінің кронштейнінің тіректі лықсымасы 9 арасында орнатылады және кронштейннің тесігінен өткізілген бағыттағыш стерженнің 1, траверс арқалықшасының 3 және 6 құлап кетуінен сақтайды.

6.17. сурет ТЭҚ -тің жүк тепловоздарының арба рамасына ілігуі:

1-бағыттағыш арқау; 2,7-жапсырма; 3,6-жоғарғы және төменгі арқалықшалар; 4-серіппе; 5-тартқыш бұранда; 8-тартымды электрқозғалтқыш; 9- арба рамасының кронштейні; 10-құбырлы шығыңқы;1-білік; В-жапсырманың жұмысшы беті.

Қозғалыс кезінде элетрқозғалтқыштың тіректі бөлігі траверс арқалықшалары бойынша (әсіресе ортаңғы доңғалақ жұптары) бойлық және ендік бағытта жылжиды Бұның бәрі барлық үйкелетін бөлшектердің қозғалтқыш пен траверс жарсырмасының, 400 шқм жүрістен кейін ауыстыру керек болатын немесе қайта қалпына келтіру үшін жөндеуден өткен арба кронштейндерінің тез тозуына әкеп соғады.

Бұл қажеті жоқ құбылысты азайту, ілгішке ілігудің ұзақмерзімділігін жоғарлату үшін қаттылығы ұзындықсыз өсетін қарыспа элементтер қолданылады. (көбінесе «сырға» түріндегі маятниктік ілгішке резекеметаллды төлке). Жүк тепловоздары үшін тіректі рамалы тартым жетегін құру бір мезгілде ДМБ габаритін, локомотивтің татым күшін ұлғайту және экипаж бөлігін толық қайта жобалау талап етілетін болғандықтан өте күрделі мәселе. Қуаты 2940 кВт біліктік күші 245 кН 2ТЭ121 тепловозында екінші топтағы тіректі-рамалық жетекті орналастыру үшін доңғалақтың диаметрі 1250 мм дейін, ал ДМБ салмағы 1800 кг жуық көтерілген.Бұл үлкен ара қашықтықта (2ТЭ 10Л тепловозымен 468,8 мм салыстырғанда 2ТЭ116 тепловозында 595 мм) ұзақ тартым күшін 49 кН алуға мүмкіндік береді.

6.18 суретте 2ТЭ121тепловозының жетек сызбасы көрсетілген. ТЭҚ-тан айналу мезеті тісті белдірен 1 арқылы зәкірдің полом білігінде орналасқан торсионнықбілікке, одан кейін резеңкекендірлі 3 белдірен арқылы тістегершікке, қарыспалы тәжі бар тісті доңғалаққа және доңғлақ жұбына беріледі.

Білікті бәсеңдеткіш 4 бір жақ ұшымен аунақшалық айналшықтар арқылы доңғалақ жұпары білігіне тіреледі, басқа жағымен қарыспалы топсалары реактивтік тартымды 5 арба рамасына ілінеді.

Бәсеңдеткіштің құйылған корпусы ТЭҚ-тің зәкір айналшықтарын радикалдық күш түсуден босата отырып ілігу кезінде айналу мезетінен алынған күшті қабылдайды. Басқалармен салыстырғандағы берілген тіректі-рама сызбасының басты ерекшелігі осында.

ЭД 126 эектрқозғалтқышы бар біліктен түсетін тартым күші 58,8 кН 2ТЭ121 тепловозының жетегі үшін беріліс механизмін құру кезінде белдіренді бәсеңдеткіш пен тартым электрқозғалтқышы арасына орналастыру үшін шектелген біліктік шамаларға байланысты (мөшерлермен) техникалық қиынышылықтар туындады. Жалпақ резеңкекендір элементтері бар арнайы белдірен құру қажеттігі міне осы жағдайға байланысты болды.

Белдірен (6.19. сурет) бос тұру кезіндегі шамасы 640х320 мм, кенеп матасының алты қабатымен (армирленген)торланған екі резеңкекендір 1 элементтен тұрады.

6.18.сурет. Торсионды буынды білігікті 2ТЭ121 тепловозының тіректі-рамалы тартым жетегінің сызбасы:

1-тісті белдірен; 2-торсиондық білік; 3-резеңкебуындықбелдірен; α- бәсеңдеткіш корпусының доңғалақжұбына қатысты бұрылу бұрышы; х- доңғалақ жұбы білігінен бәсеңдеткіш корпусының күш түсу ортасына дейінгі арақашықтығы; l- доңғалақ жұбы білігінен бәсеңдеткіш ілгішінің білігіне дейінгі арақашықтығы.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Арба рамалары | ТЭМ2 маневр тепловозы

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1920; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.014 сек.