Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




ТЭМ2 маневр тепловозы

 

ТЭМ2 маневр тепловозы (7.7 сурет) оған дейін шығарылған ТЭМ1 сияқты ауыр маневрлік жұмыстарды орындауға арналған, бірақ та магистральдық қызметте де пайдалануға болады. ТЭМ1 мен ТЭМ2 тепловоздарының конструкциялары және компоненттері бірдей, бірақ та айырмашылықтары да бар. ТЭМ1 тепловозының қуаты 735 кВт-ға (1000 ат күші), ал ТЭМ2 – 882 кВт (1200 а.к.) тең. Қуатының арттырылуы дизельдің ауа үрлеуін турбокомпрессормен салқындату арқылы қол жеткізілді, яғни, цилиндрге түсетін салмақ заряды ұлғайды. Электр схемасы, дизельдің сұйықтықты салқындатуын автоматты реттеу жүйесі неғұрлым жетілдіруі ТЭМ2 тепловозының жоғары пайдалану көрсеткіштерін ТЭМ1-ге қарағанда арттыра түсті. Жабдықтар бас рамаға орналасқан, ол екі үш осьті арбашаларға 41 тіреледі, барлық осьтер жетекші. Әрбір арбаша төрт тірек арқылы бас раманың тік жүктемесін қабылдайды. Көлденең күш екі орталық шүберін 33 арқылы беріледі. Алдыңғы және артқы арбашалар бірдей конструкциялы, тек арты арбашаның ортаңғы осінің оң жақ буксына жылдамдық өлшеуіш сым тартылған.

Тепловоз шанағы қақпақ типті бес негізгі бөліктерден тұрады: тоңазытқыш камера, дизель бөлмесінің бөлігі, аппараттық камера (жоғарывольтті) үстіндегі бөлік, машинст кабинасы және аккумулятор бөлмесінің бөлігі. Шанақтың бөлігі қозғалтқышпен камера аппаратының үстіне орнатылған алып-салмалы, оның астындағы ойықтан ірі жабдықтарды алуға мүмкіндік береді. Қораптың қалған бөлігі бас рамаға бекітілген, онда жанындағы есіктер және төбеде қақпақтар бар.

Шанақтың қозғалтқышы үстінде болып жылу өткізбеуі және машинист кабинасы төмен температураларда жағдайында (- 500С) және қалыпты температурада машинист кабинасында төменгі және сыртқы жоғары температураларда, сондай-ақ тепловоз жабыдықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

7.7 сурет.ТЭМ2 маневр тепловозы:

1 – буфер шамы; 2 – тоңазытқыш бөлімінің желдеткіш редукторы; 3 – бүйірлік жапқыш; 4-прожектор; 5-алдыңғы құм салғыш; 6-тоңазытқыш бөлімі; 7-жапқыш; 8-тоназытқыштың ауа желдеткіші; 9-май сүзгіштері; 10-су багі; 11-май багі; 12-дизель-генератор; 13-турбосығымдағыш; 14-сығымдағыш; 15-жоғарғы вольтті (аппаратты)бөлімі; 16- дыбыс сигналы; 17-екі машиналы агрегар; 18-басқару пуьті; 19-машинист кабинасы; 20-аккумулятор бөлімшесі; 21-антенна; 22-артрқы құм салғыш; 23-қабылдау таратқышы; 24-аккумулятор барареясы; 25-түрлендіргіш; 26-радиостанция қоректендіру блогі; 27-автотіркегіш; 28-электро қозғалтқыш; 29-қол тежегіш; 30-калолифер; 31-машинист краны; 32-контроллер; 33-шүберін; 34-артқы арбашаның электрқозғалтқышының тартуының суытатын желдеткіші; 35-редуктор қаптамасы; 36-отын багі; 37-дизельдің (ауа сүзгіш) ауатазалағышы; 38-отын сүзгішінің қатал тазалауышы; 39-бас қоржинағыш; 40-тепловоздың бас рамасы; 41-арба; 42-алдыңғы арбашаның электрқозғалтқышының тартуының суытатын желдеткіші; 43-май және отындық сорғысы; 44-отынжылтқыш; 45-май суытатын секция; 46-рама тірегі; 47-су суытатын секция; 48-жол тазарту; 49-ауаны суытып үрлейтін су сорғысының контуры; 50- ауа үрлейтін суытқыш су секциясы;

 

Машина бөлмелерін, аппараттық камераны және аккумулятор бөлмелерін желдету үшін есіктерге жоғарғы және төменгі бөліктерінде таңылаулар жасалған, олар сырттағы ауаның төмен температурасында арнайы қалқаншалармен жабылады.

Дизель бөлмесінде дизель-генератор 12 , сығымдағыш 14 және басқа механизмдер орналастырылған. Дизель-генератор қондырғы тұрақты тоқтың көзі болып табылады.

Электр схемасы тартпа электр қозғалтқыштарының 28 екі параллель топтарға үш қозғалтқыштан қосады, әрқайсында және екі бәсеңдету басқышы бар. Бас генератор дизельді оталдыруға да қолданылады. Генератор электр қозғалтқышы тәртібінде жұмыс жасап тұрғанда аккумуляторлық батереядан 24 қоректенеді. Аккумуляторлық батарея 24 тепловоз тұрғанда жарық беруге де қолданылады. Бас генератордың білігінен арнайы пластинкалық (пакеттік) муфта арқылы айналыс тежеуіш сығымдағышына 14, беріледі, ол генератордың артында орналасқан және клиноремендік екімашиналық агрегатқа 17 және желдеткішке 34 электр қозғалтқыштарының артқы арбашаларын суытуды жүзеге асырады.

Тоңазытқыш камерада салқындататын секциялар қондырылған: 22-сі су үшін 47 және алтауы май үшін 45, оның ішінде 16 секция дизельді салқындатуға арналған алты секция 50 (бөлек жабық жүйе) – турбосыққыштан кейін үрлемелі ауаны салқындату үшін. Су бұл жүйеден ортадан тепкіш сорғы арқылы сорылады, ол тоңазытқыш камераның ішіне орналасқан

Пульттің маңында машинист краны бар, локомотив тежегішінің краны және тифон клапандары; құм салғыштарды басқаратын басқыш еденде отырғыштың алдында орналасқан. Кабинаның сол жағында машинистің көмекшісінің отырғышы орналасқан. Кабинаның артқы кабинасында 19 қолдан басқарылатын тежегіш жетек 29 және аспаптар жәшігі бар. Кабинада 19 екі өрт сөндіргіш, дизель бөлмесінде тағы екі өрт сөндіргіш орнатылған. Кабинаны жылыту 19 үшін калорифер 30 және машинистің аяғын жылытатын батарея қойылған.

Бас раманың астында 36 отын бөшкесі және майлайтын қор сақтауға арналған бөшке бар. Осында төрт басты тежегіш қоржинағыш 39 бекітілген. Барлық электр жетектері арнайы тұрба құбырына салынған, олар рамада және ішінара тепловоз шанағына орналастырылған. Құм төрт бункерде сақталады, ол қос қостан тепловоздың алдында және артында сақталған 5 және 22.

Тепловоз радиостансамен жабдықталған. Радио қабылдайтын передатчик 23 тепловоздың артындағы құм салынған көрпустар арасындағы қуысқа ораналсқан. Қуыстар есікпен жабылған. Радиостансаны басқару пульті машинистің кабинасында.

Машинистің кабинасы (7.8 сурет) іші жылу және дыбыс өткізбейтіндей қымталған. Кабинаға кіретін шуды азайту үшін оның каркасы шуға қарсы қалыңдығы 4-6 см мастикамен қымталған.

Кабинаның қабырғалары пакеттермен және қатты ағаш-талшығы плиталарымен қапталған. Бұдан басқа кабинадағы шудың деңгейін азайту үшін кабина төбесіне және оның қарсы бөлігі капрон талшығы матасымен жабылып, перфорациялық алюмин табақтармен қапталған. Еден төсемі 25 мм алыңдықтағы фанер плитамен және қалыңдығы 16 мм қатты ағашталшықты плитамен қалыңдатылған. Щит контуры орналасқан жерде металл конструкға қалыңдығы 8 мм резина жапсырылған. Кабинаның барлық терезелері жалаң қабат. Машинистің кеабинасы пультінде қолсапты контроллер және басқару приборлары, сондай-ақ күш бетеінқондырғылардың бақылау-өлшеу құралддары бар. Қарсы беттегі және жанындағы терезелер кабинаның қалывпты жарық болуын және алдынан және артынан сондай-ақ екі жағынан айнала жақсы өкрінетіндей етілген. Терезе маркасы сталинит қалыңдығы 5 мм, контуры бойынша профильдік резинамен тығыздалған. Ортаңғы жанындағы терезелер ысырмалы.

Машинист кабинасында үш есік бар, екеуі тепловоздың алаңшасына және біреуі жоғарывольтті камераға шығады.

Кабинадан алдыңғы және артқы алаңқайларға шығуға болады. Кірме есік контуры бойынша күшейтіліп, металл табақшамен және терезе ойығымен жабылған. Есіктің астыңғы бөлігінде арматурамен, ағашпен қапталып, металл табақшамен қорғалған.

Апаттық камерада қызмет істеу үшін қабырғаның қарама қарсы жағында есік бар 20, онда киім үшін шкаф, азық-түлік сақтайтын қуыс есікпен жабылған. Екі есік те кілттенеді. Аппарат камерасының есігі қоршаумен қоршалған, оны ашқанда арнайы сөндіргішпен генератор жүктемесі айырылады. Кабинаның сол жағында (тепловоз жүрісі бойынша) басқару постысы бар, онда басқару пульті , контроллер, машинис краны 22 және қосалқы кран бар 26. Кабина пультінде басқару приборлары, бақылау-өлшеу құралдары бар 23.

7.8.сурет. ТЭМ2тепловозындағы машинист кабинасының құралжабдықтауының орналасуы:

1- орындық; 2-шынтақша; 3-желдеткіш; 4-өртсөндіргіш; 5-дабылдатқыш батырмасы(кнопка); 6-жарықшам; 7- бағдаршам; 8-ДТКБ қызу көрсеткіші; 9-қозғалым; 10-жасыл түсті жарықшам; 11-сандық; 12-жазылмалы терезе;13-көлеңкелі қалқанша;14-радиостанция басқару пункті;15-параван;16 - электрлік сызба;17-қағазұстауыш;18-жылдамдық өлшеуіш(скоростемер);19-еден ашқыш;тақтайша;20-аппараттық камераға баратын есік;21-аппараттық камера есігінің қоршау ойықы;22-машинис краны;23-басқару пульті;24-құм салғыш өшіргіші;25-тасымалды пульті;26-,29-қосымша тежегіш краны;27-күлсалғыш;28-ауажылтқыш;30-дыбыс клапаны;31-ЭПК-150СБ электрлі-пневматикалық клапан;32-қол тежеуіш штурвалы;33-айна;34-машинаис стөлі;35-әйнек тазалағыш;

Жасанды жарық жалпы және бір ортаға жасалған. Кабинаның ішкі бояуы бригаданың қолайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Машинист кабинасының қорабы үстіндлек аккумулятор бар дәнекерлерленген алып-салмалы торап бар, ол тепловоз рамасына жалпақ резина амортизаторларына қондырылған.

Аккумулятор үстіндегі қорап бұрышты сортты прокаттан жасалған бұрыштардан металл конструцияларынан жасалған. Қорапта екі ярус аккумулятор астына қойылған элементтер орналасқан.

Қозғалтқыш үстіндегі қорап каркасы швеллерден, бұрыштамалардан, майыстырлылған пішіндердендерден және сыртынан металл табақпен қапталған. Шанақтың сол жағында қозғалтқыштың үстінде алдыңғы арбашаның тарту электр қозғалтқыштар салқындататын желдеткіш алдында жалюздер бар. Турбосығымдағыш үстінде қақпақ бар ол дизелдің ауасын салқындатқышқа қол жетімділік үшін жасалған. Су бөшкесіне жету үшін қорапта қақпақ ойластырылған ол алмалы металл тақтайшалармен қапталған.

Тоңазытқыш камераның шанағы бойлай төменгі арқалықтардан, артқы қабырғадан, құмсалғыш алдындағы корпустан, желдеткіш тіреуішінен және редуктор рамасынан тұрады. Өзара дәнекерленген олар біртұтас конструкция құрайды, олардың үсті және жаны метал тақтаймен көмкөрілген.

Тоңазытқыш камера өз алдына дербес технологиялық бірлік болып табылады, онда жинайды, топаптық жинауда тексереді, содан кейін қондырып, тепловоз рамасыфна дәнекерлейді. Тоңазытқыш камераға құмсалғыштың корпусының алджыңғы жағымен ораналсқан. тоңазытқыш камера қорабын дизель бөлмесінен бөліп тұратын артқы қабырғада тоңазытқыш редукторының жетек білігі өтетін труба ға арналған тесік бар.

Басты рама жабдықтарды бекітуге және орнатуға қызмет етеді, сондай-ақ тарту және тежеу күштерінің автотіркеуі арқылы береді. Рама бойлық с 2500 кН тұрғандағы жүктемеге және барлық онда орналастырылған жабдықтардың тік жүктемесіне есептелген, және динамикалық жүктеме де ескерілген.

Раманың негізгі көтеретін элементтері екі бойлық арқалық, олар төменнен және жоғарыдан қалыңдығы 22 мм болат белдеумен күшейтілген. .Бойлық арқалықтар көлденең элементтермен өзара байланысқан, шкворня мен шар тіректері дәнекерлегенген екі белдіктен тұрады. Бойлық белдіктерге дизель-генератор бекітілген. Дизель-генератор орнатылған жерде белдіктер қатты қабырғалықпен күшейтілген. Рамалардың жанджарына №16 швелелер дәнекерленген, олар штампалы кронштейндерді жондық белдіктермен жалғастырады.

Раманың жаны мен ұштары сыртынан бұдырланған табақ металдармен жабылған. Раманың ұшындағы жәшіктер қақпақты, ол жабдықтар мен аспаптарды орналастьыруға арналыған.

Бас раманың салмағының күші онда орналастырылған жабдықтармен бірге екі үш осьті арбашаларға алты шар тіректері арқылы беріледі. Тарту күштерін беру үшін рамада диаметрі 300 мм екі шүберін орналасқан.

Рамада тепловозды домкратпен көтеретін тіреулер бар. Сырт жағына белдік ағашқа отын дағын бекітетін кронштейн дар дәнекерленген. Ал төменгі жағында жанындағы ұстамтірек бар, олар тежегіш мен электр жабдықтарын бекіту үшін қолдап отырады.

Арбалардың конструкцияларын бүлінуден сақтау үшін және басқа төмен орнатылған жабыдқатрды және жолдан бөтен заттарды сыапырып тастау үшін жол тазартқыштар рамаға бектіледі.

Локомотивті пойызға, вагондарға немесе локомотив тепловозын алдынан және артынан тіркеу үшін соқлылы-тарту приборлары жабдықталған. Олар СА-3 автотіркемелерінен тұрады.

Автотіркемені ағыту үшін буфер брусында арнайы кроншетйіндер бар. Иінтірек ұшында шынжыр бекітілген, олар автотіркеменің құлпымен жалғасқан. Автотіркемені қолдан басқарумен қатар, бұл жұмысты машинистік кабинасынан басқаруға болады. Кнопканы басқанда ауа электр пневматикалық вентильден цилиндрге келіп түседі.

Тепловозда бірінші топтағы жақтаулы екі үш осьті арбашалар бар. Олардың әрқайсысына бөлек рессорлы аспа бар. Арбашалардың барлық осі жетекші. Олар тарту электр двигательдерін тісті берілістермен қозғалысқа келтіреді.

Дөңгелек жұптары роликті подшипниктері бар букстармен жабдықталған. Арбашалардың барлық остері тежеуішті. Тежеу бір жақты, әрбір арбашада орнатылған екі ауа цилиндрлары арқылы жүзеге асырылады.

ТЭМ-2 тепловозы ТЭМ-1-ден жұмсақ рессорлы аспалармен және шағын габаритті букстармен ерекшеленеді.

Арбаша рамалары (7.9 сурет) дәнеркерленген конструкциялардлан тұрады. Олардың екі жақтауы 1 және екі рамааралық қорап түріндегі бекітетін жерлері 4, екі ұштық белдіктері және шүберін белдіктері 3 бар.

Арба рамалары екі бүйіршеден 1 және коробкалы қима түріндегі екі рамааралық бекітілген 4 екі соңғы аралықтан 10 және шүберін аралығынан 3 құралатын дәнекерленген құрылым құрылымнан тұрады.Букс жақтары 6 және 8 болаттан құйылып ,бүйіршелерге пісірілген .Букс жақтарының жұмыс үстіне жақты бұзудан сақтау үшін термоөңделген болаттан ауыстырмалы наличники пісірілген .

Шүберін арқалығы 3 рамааралық бекіткіштерге пісірілген 4. Арқалықты тозудан сақтау үшін шүберін ұясына 13 термоөңделген болаттан төлке жаншымалау.Соңғы аралықтар автотіркеуіш жағынан рама аралықтарымен шекті бұрандамаларымен бекітілген,ал отын бағы жағынан электрлі доғал дәнекермен пісірілген .

Соңғы арқалықтарға шекті шекті бұрандамалармен тіректер бекітілген және құмды құбырларды бекітуге арналған қапсырмаларпісірілген.Рамааралық бекіткіштерге электрлі тартым қозғалтқыштарын асып қою үшін болаттан құйылған тіректер 7 және 9 астынан пісірілген және қосымша екі бақылау бұрандамаларымен бекітілген.

Тежеуішті келдек арқылыберу тік және көлденен тегершіктерді және де тежеуіш цилиндірлерін арба рамаларына орнату үшін тіректер ,ал құм және ауа құбырлары үшін қапсырмалар пісірілген.

Жақтарға астынын букс ішектесі 5 екі бұрандамалармен бекітілген,оның 1:12 екісімен орындалған қамтытын шығындылықтары бар .Ішекшелер 25л 11 болатынан құйылады және екі бұрандамалармен бекітіледі.Пішін өзгертуін болдырмау үшін арба рамаларының бүйіршелері мен рамааралық бекіткіштер термоөнделеді,бұл ішкі кернеулерді.

7.9.сурет.ТЭМ2 тепловозының арба рамасы:

1-рама бүйіршесі; 2-тірек; 3-шүберінарқалығы; 4-рамааралық бекіткіш;5-букс ішекшесі;6- соңғы букс жағы;7,9- тартым қозғалтқыштарының асып қою тіректері:8-ортаңғы букс жағы;10-соңғы арқалық;11-тірек табақшасы;12-тежеуіш цилиндірлерінбекіті үшін тірек;13-шүберін ұясы

 

ТЭМ2 тепловоздарының жұп доңғалақтары оське отырғызылған тісті доңғалақтарымен бандажды доңғалақ орталықтарынан тұрады.

Остің электрлі тартым қозғалтқыштың доңғалақша айналмалы дөңгелектерге және моторлы – осьті айналма дөңгелектерге арналған мойындары бар.Ось маңдайшаларында орталық қуыстар тесілген.Орта ось мандайшасында (жетектегі тістеріш жағыран)жылдамдық өлшеуіш жерінің соңына төртбұрышты қуысымен втулка престелген тереңдету жасалынған.Осьті тазалап өндеуден кеін шаршау төзімділік пен ұзақтұрулығынан жоғарылату үшін роликпен орайды.Букс мойындары осьтің күпшек асты бөлшегі,моторлы-осьті мойындар мен галтерлер орауға ұшырайды.Ораудан кеін үстін тегістейді.Доңғалақ орталығын престеуалдында дайын осьті ультрадыбыстық ақау жапқышпен тексереді.Оське қондырғы үшін доңғалақ орталығы күпшесінің қуысы конус түрінде ұшталған(кіру конустары)оларды престеу кезінде осьтердің задира ескерту және осьтің күпше маңдайшадағы кернеу шоғырлануын шеттеу үшін.Осы мақсаттар үшін осьта да кіру конустары жасалынды.Доңғалақжұп орталығының күпшелерінде доңғалақ орталығының престеу кезінде ось пен орталықтың жанасу үстінде қысым май жіберу үшін оймалы қуыстар жасалынған.Жетектегі тісті доңғалақ 45ХН болатынан жасалынған,тістері пішін бойы 2-5 мм тереңдікте жоғары жиілікті тогімен шындалады.

Шындалғаннан кейін тісті доңғалақты.Жарықтың бар жоғын магнитті бақылаумен тексереді. Доңғалақ орталығындағыдай доңғалақ жұп тісті доңғалағында маслосьем үшін оймалы қуыс бар.Ось доңғалақ орталығына салқын күйінде бандаждалған жағдайда доңғалақ орталығының 1100-1500кН, бандаждалмаған жағдайда доңғалақ орталығының 950-1414тс күшпен престеледі.Осьті престеуде күш диограммасын басады.Ось пен орталықтың отыру үстінің аралық керілісі 0,18-0,30мм-гетең.Бандажда орталыққа бүртігімен дейін 1,1-1,45мм керіліспен қондырады.Қондыру алдында бандажды 250-320 ыстықтыққа дейін қыздырады .Қондырғаннан кейін бандаж қуысына200с –дан кем емес ыстықта бекітетін болат сақинаны кірзеді,содан соң бандаждың ішкі бүртігін арнайы станогта немесе ауалы болғамен қысады.Оське тісті доңғалақты 0,12-0,16мм керіліспен ыстық күйінде қондырады қыздыруды 200 с көп емес.Доңғалақты қондырады алдында күпшек бөлшегінде тожықты бұзылуды азайтуды үшін осьтің отыру бетін ГЭН -150эластомермен немесе ВДУ-3 лагымен жабады.Әр қалпына келтіргендоңғалақ жұбына ГОСТ 1113-75 және «доңғалақ жұптарын қуәландыру жөндеу және қалпына келтіру бойынша нұсқауға сәйкес таңбалау белгілерін және таңбаларды түстіреді.

Доңғалақша букса (7.10сурет) ішінде қысқа цилиндрлік доңғалақшаларымен екі айналма тіректері бар тұрқыдан құрылады.Ось мойнында айналма тіректер лабиринтік сақиналармен 10,ара қашықтықтың сақиналармен 7,8 бекітілген.Букс тұрқысының дүшіне буксадан май ағуынан сақтайтын тығыздығымен артқы қақпақ 9 бекітілген .Букс тұрқысының сыртқы дүм жазықтығына 5 төселгіштерінде,осьтік тіреуі бар алдыңғы қақпа бекітілген.Артқы арбаның орта алдыңғы қақпа бекітілген Артқы арбаның орта осінің остік тіреу қақпағында оң жағында жылдамдық өлшеуіш жетектің өтуі үшін орталық сақылау бар ,ал қалған буксаларда остік тіреулер сақылау бар,ал қалған буксаларда остік тіреу қақпағында оң жағында жылдамдық өлшеуіш жетектің өтуі үшін орталық саңылау бар.ал қалған буксаларда остік тіреулер саңылаусыз қақпақтармен жабық.

7.10 сурет.ТЭМ2 тепловозының доңғалақша буксасы:

1-жігерлі осьтітірек;2-реттеуіш төселгіштер;3-қақпақ;4-білте;5- букса тұрқасы;6-пикоподшипник;7-сыртқы ара қашықтық сақтна8-ішкі ара қашықтық сақына;9-артқы қақпақ;10-лабиринтік сақина;11- аспа;12-теңгерім тірегі.

Арбаның шеткі осьтерінің букс аларында сертпелерменжігерлі тіректер 1 бар.Осьті тіректің дум бетінеішкі жағынан ОЦС4-4-17қолдан бекемдету балқытылған.Осьті тіректің төменгі бөлігінде төртбұрышты саңылауға бос ұшы буксаның май ваннасына түсірілген білте 4 қойылған.Алдыңғы қақпаның бұйір жағында тығынмен жабылатын,буксаны маймен толтыру үшін саңылау бар,төменгі жағында –оны төгу сақылауы.Буксаның ішкі жақ пен маңдай бөлігіне қарам бойы электр тойтарма мен узу жіктерімен 60Гболатынан наличники дәнекерленген наличниктердің жұмыс бетінің орта бөлігінде тегіс емес жолды жүрген кезде буксаны тік жазықтыққа жылжыту үшін алаң мен етек жағында қиякестіктер бар.Тепловоз арбаларының динамикалық сапалары пайдалануға доңғалақ жұп екпіндеу молшерлер талабының сақтауынан байланысты.Арбада доңғалақ жұп екпіндеуі букс жағының наличник аралық саңылаулардан және арбарамасы наличнигімен және де буксаның осьтік тіреу мен ось дүмінің арасынан қосылады.№15-ке дейін ТЭМ2 тепловоздарында ТЭМ1 тепловоздарындағыдай доңғалақша буксалар орнатылатын.№15-тен бастап аркалы жүктемемен ось тіректерінің консистентті май және сұйық маймен доңғалақша буксалар орнатылады.Буксада екі бірдей доңғалақша айналма тіректер 6,артқы қақпада ТЭМ1 тепловозында қолданған севант нығыздығының орнына лабиринт нығыздығы 10 орнатылған.Букс наличниктерін майлау үшін майсауыттары жабық түрде.Доңғалақ жұптың оң және сол бандаж жолдарын бірдей емес тозуын азайту үшін доңғалақ жүптың бос екпіндеуінреттеу алдында арба рамасының ұзындығы.көрсетілген осьіне қатысты олардың беттеспеліксіз орналасуын жояды.Бұл үшін доңғалақ жұп осьіне бандаждың ішкі қырларынан бірдей қашықтықта буксалар орнатады.ТЭМ 2 тепловоздарында доңғалақ осьінің зэктр білігінен айналмалы сәттегі бірбетті беріліспен электрлі тартым қозғалтқыштарын тірек –осьті аспасы қолданылды(6,14,6,17сурет),суреттеуі 6.6 пунктінде берілген.Осьте электрлі тартым қозғалтқыштың қалпы доңғалақ орталығының күпшек дүмдері мен жетектегі тістегершіктермен реттеледі.Доңғалақ жұптағы электрлі тартым қозғалтқыштың осьті екпіндеуі жаңа айналма тіректер жағдайда 1-2,6мм,пайдалануда 5мм-ге дейін екпіндеуді үлкейтуге рұқсат етіледі.Электрлі тартым қозғалтқыштың жаңа моторлы –осьті айналма тіректерінде диаметрлі саңылау 0,5-1,2 мм пайдалануда бірдей доңғалақ жұп айналма тіректерінің 0,3мм-ден көп емес саңылау айырмашылығы рұқсат етіледі.

Серіптегіштік іліну (7.11)арбаның әр жағында бөлек топқа (нүктеге)теңестірілген.Арбадағы тік жүктеме рәзеңке бәсендеткіштер 8 арқылы төменгі бүйір белдеуіне сүйенетін сегіз қабықты төрт серіпегіштермен 1 қабылданады.Арбаның соңдарында тағы рәзеңке бәсендеткіштер арқылы жүктеме цилиндрлі спиральді серіппелермен 6 қабылданады.Әр буксада екі теңгергіш екі теңгеріш 3 орнатылған (арбарамасының ішкі және сыртқы бүйір жағынан) теңгергіштер мен серіппегіштераспа және тіректермен білікшелеомен қосылған.

Серіпелі аспа майлау клапаны 11арқылы майланады білікшенің сыртқы дүмінде орналасқан.Рәзеңке бәсендеткіштер 8 жоғарғы жиілік тәрбелестерін сөндіреді. 1961 жылға дейін ТЭМ1 тепловоздарында он сегіз қабатты рәзеңкесіз бәсендеткіштер серіппелі бәсендеткіштер серіпплі бәсендеткіш қолданылған ТЭМ -2 серіпегіш аспа тепловозы ТЭМ1 серіпегіш аспа тепловозынан қосымша цилиндрлі серпелермен ажыратылады.Қабықты серіпегіш 1 бірінің үстіне бірі қойылған бірте бірте қысқаратын 8 қабықтан тұрады.Қамыт арқылы бір бүтінге байланған ыстық күйде оларға кигізілетін.Серіпедегі бірдей ұзындықты екі үстіңгі қабықтар тұрғылықты деп аталады.Үстіңгі тұрғылықты қабықта тиісті шығыншылықпен серіппегішті тірекке бекітуге бағыталған саңылаулы ойық тесілген.Серіпегіштер 55С2 (ГОСТ 1459-69)арнайы жалпақ арналы серіппегіш болаттан дайындайды.Серіппегіш қабықтар НВ 363-432 майында қатайғанға дейін жатады.Қалыптар Ст3 болатынан соғылған немесе дайындалады.Серіппегіш қабықтарының қажалатың беттері графикті маймен жағылған.серіппені 40 мм диаметрлі домалақ прокаттан жасйды.Серіппе материалы – 60С2ГОСТ 2052-53 болатты.Бәсендеткіштерді 8 120С(ТУ ШУ 33-54)рәзеңкелер немесе (МРТУ 38-5-1166-64)6 тобы бойынша 2462 маркалы рәзеңке қоспасынан жасайды.бәсендеткіштердің екі жағынан да вулканизация рәзеңкесіне бекітілген 2мм қалыңдықты болат тақшалар бар.

7.11.сурет.ТЭМ(а)және ТЭМ(б) тепловоздарының аспа серіпегіштігі:

1-серіппегіштер; 2-серіппегішаспасы; 3-теңгергіш; 4-аспалы серіппе; 5,14,15-тіректер; 6-серіппе; 7-тәрелке; 8-рәзеңке бәсендеткіш; 9-төсем; 10,13,16-білікшелер; 11-майлау клапаны; 12-серіпегіштің тірегі

Тепловоздың әр арбасы жұмыс жүктемесі асты иінге байланысты бір топты серіппегіштерменжинақталады.Осылай рәзеңке бәсендеткіштер де теріледі.

ТЭМ2тепловозында бас раманың 4 жылжымалы тіректер (7.12сурет)орнатылған.Олар жүк тепловоздарының бірінші және екінші топтағы (6.8)дәл сондай орындарда орналасқан.Жылжымалы тіректер шүберінге қатысты үйкеліс сәтін құрайды,бірақ орталандыратын міндеттерді орындамайды.Олар арбаны бастапқы қалыпқа қайтармайды және де релістерді біріне жабысып ылғи біршама қисаюмен қозғалады.Жылжымалы тірек корпустан 4 құралады,арба рамасына дәнекерленген тірек дискісінің сақылауына өзінің цилиндірліл сағасымен кіреді.Тірек корпусы рамаға төрт бұрандамалармен бекітілген. Болат тірек тақтасы 5 өзінің цилиндрлік сағасымен корпус ортасындағы шұңқырға кіреді. Бұрылыстан сақтану саға штифпен қосымша штифпен 7 орнықтырылады. Ұя 2 күмбезді шұнқырмен орындалған.Күмбездішұңқырдың үстіне бас раманың тірегі тіреледі.тепловоз қозғалған кезде ұя сағының тірек бетінен жылжиды.Үйкеліс бетін майлау үшін тірек корпусына «жаздық»немесе «қыстық»тірек майын құяды.Жылжу сағасы 5 мен ұя2 беттерін жақсы майлау үшін саға бетінде жыралар жасалынған.Пайдалаеуға тірек сағасы 5 мен ұяның 2 жылжымалы беттерінің кетіктері болды.сондықтан ұя жылжу бетін алдымен ОЦС 4-4-17 қоламен,ал содан кейін спиральді кетіктерді қиюмен ЦАТ -9-1,5 қоспасымен бекемдеу еңгізілді.Тірек корпусы 2511болатынан құйылады саға тірелетін корпустың шығынқы бетері бір жазықтықта қатал өндеоген тірек сағасы цементтеу мен шынықтыру 20болатынан ,шарлы ұя -45 болатынан орындалған.

Тежеуішті иінтірек арқылы берутежеуіш цилиндерлерде дамитын жігерді тежеуіш қалыптарына береді. Арбаның тежеуішті иінтірек арқылы беруі №507Б екі тежеуіш цилиндрлермен әрекетке келеді. Цилиндрлер арба рамасының оң және сол жақта орналасқан тіректеріне бекітіледі.Арбаның барлық осьтері тежеуішті.Бірбетті тежеу.Тежеуіш қалыптарының аспасы білікшемен бекітілетін табандықты бар дәл аспадан және де оның дұрыс қалпын қамтамасыз ететін қондырғыан құралады.

7.12.сурет.ТЭМ2 тепловоздың бас рамасының тірегі:

1-қақпан; 2-бекемделген ұя; 3-төселгіш; 4-корпус; 5-тірек саласы, 6-тығын; 7-штифт

Доңғалақ бандажына қатысты (көлденең бағытты)табандықтың дұрыс қалпы арба рамасына бекітілген тіректер қалып орнатылады.Тепловоздар үшін қатты салғылармен шойын жалды тежегіш қалыптар қолданылған.

Тегершікті берудің күтімі тежегіш цилиндрлардың соташық шығуын кезең сайын ретеуде жатады.

Максимальды ауа қысымында соташық шығуы 75-100мм-ге тең.Тік тегергіш пен тірек жиегі ара қашықтығыда тексеріледі.Реттеуде алдымен 70 +10мм-ге тең,содан соң тежегіш цилиндрның соташық шығуы ,75+ 5 мм-ге тең қашықтық орнатылады.

Тоқтатылған күйде тежегіш қалыптың жағдайы бандаж айналу бетіне қатысты орнықтырғышпен реттеледі сонымен бандаж бен қалып арасының саңылауы 7мм-ге тең қалып бойымен біркелкі орнатылады.

Пайдалануда тежегіш қалыптың ең төменгі қалыңдық 15 мм-ге рұқсат етіледі.Тепловоздар пневматикалық тежегіштен басқа арба соңындағы екі алдыңғы осьтарының тек қана бір доңғалығын қалыпты басумен тежегіне қол тежегішпен жабдықталған.Қол тежегішінің жетегі сермерден,фрикциалық және қырылдақ механизмдер тісті беріліңстен құрылады.Шынжырдың бір үшы тісті беріліс жетегінің жұлдызшасымен ,ал екінші ұшы аша арқылы –тежегіштің тегершікті берілісімен жалғанады.Штурвал айналған кезде айналу сәті механизм жетегі арқылы тегершікті беріліс пен тежегіш қалыптарына беріледі.

 


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Серіппегіш іліктіргіш | ЧМЭЗ типті маневрлік тепловоздар

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1669; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.